Мақта шротын алу үшін мақта дақылын өсіру технологиясы



бет9/15
Дата07.02.2022
өлшемі68,28 Kb.
#82272
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15
Байланысты:
қоза баптау жүйесі кітабі (1)
қоза баптау жүйесі кітабі (1), Жаратылыстану
Талшық. Талшық шиттің қабығының сыртқы бөлігіндегі клеткалардан өсіп шығып дамиды. Әр талшық күшті өсіп шыққан бір клетка болып табылады. Талшықтың өсіп дамуы шиттің өсіп дамуымен қатар жүреді. Сондықтан да талшықтың өсіп жетілу кезеңі басталғаннан (гүл пайда болған күннен) бастап және оның әбден пісіп жетілгеніне дейінгі аралық орта есеппен аліанда 50-60 күн болады.
Талшықтың пісіп жетілу барысы екі кезеңге бөлінеді.
Бірінші кезеңнің барысында әр талшық ұзарып өседі және өзінің толық ұзындығына жетеді. Мұның өзі өсіп жетілудің нақты жағдайларына байланысты қозаның әрбір сортына өзінше тән болып келеді.
Екінші кезеңнің барысында талшық неғұрлым жуандай түседі. Талшықтың жуандау оның ішкі қабатындағы өсіп-жетілу барысында пайда болады.
Талшықтың өсіп-жетілуінің екінші кезеңі аяқталғаннан кейін ол шитпен және тұтас алғанда бүкіл көсекпен бірге дегдіп, кебе бастайды.
Пісіп жетілмеген талшық жуандап жарытпайды және оның жұқа қабаттарыда жеткілікті дамымайды. Ал, тіпті өсіп-жетілмей қалған шала талшық өте нәзік, жіңішке келеді. Мұндай талшықтар кепкен кезде жөнді ширатылмайды немесе селкеу тартып тұрады.
Талшықтың пісіп жетілуінің әртүрлі дәрежеде болуы оның мықтылығына және басқа да қасиеттеріне ықпалын тигізеді.
Шит бүршігінің құрылысы мен дамуы талшықтың құрылысына ұқсас. Шит бүршігінің талшықтан айырмашылығы оның ұлпа талшығының негізгі салыстырғанда өте қысқа (2-5 миллиметр), ал жуандығы 1,5-2,0 есе артық болатындығында. Шит бүршігінің ұлпасы өте нәзік және тап сондықтан да өте осал келеді.
Шиттің мақтаны шаруашылық мақсаттқа пайдаланған кезде талшық сапасының және шитті мақтадан алынатын талшықтар мөлшерінің қаншалықты екендігі зор маңыз алады.
Талшықтың ұзындығы 5-6 миллиметрден 55-60 миллитерге жетеді, бірақ бізде егіліп жүрген сорттарда бұл көрсеткіш 28 миллиметрден 42 миллиметрге дейінгі аралықта жүр. Қысқа талшыұұа қарағанда ұзын талшық әлдеқайда жақсы, өйткені талшықтың ұзындығы артқан сайын одан иірілетін жіптің және тоқылатын кездеменің мықтылығыда арта түседі.сондай-ақ талшық неғұрлым жіңішке болса, ол соғұрлым сапалы әрі бағалы келеді.
Талшықтың мықтылығы әрбір жеке талшықты үзуге кететін жүктің салмағына қарай сипатталады. Талшықтың мықтылығы граммен өлшенеді. Талшықтың мықтылығы орташа алғанда 4-7 граммға тең болады.
Талшықтың түсімі деп оның таза талшық күйіндегі салмақ мөлшерін айтамыз. Бұл мөлшер шитті мақтаның 100 салмақ бірлігінен алынады, ал, талшықтың мұндай түсімі пайызбен белгіленеді. Әдетте талшықтың түсімі 31 пайыздан 39 пайыз аралығанда болады.
Талшық сапасының бүкіл көрсеткіштері қозаның сорттық ерекшеліктеріне ғана байланысты өзгермейді, сонымен қатар әр түп қозаның шеңберінде ондағы көсектердің қай орында болғандығына байланыстыда өзгереді.
Талшықтың сапасына сондай-ақ қозааның пісіп жетілу жағдай да, атап айтқанда, табиғи ауа райы мен агротехникалық шаралар да өз ықпалын тигізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет