Мақта шротын алу үшін мақта дақылын өсіру технологиясы



бет2/15
Дата07.02.2022
өлшемі68,28 Kb.
#82272
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
қоза баптау жүйесі кітабі (1)
қоза баптау жүйесі кітабі (1), Жаратылыстану
І. ҚОЗА ЖӘНЕ ОНЫҢ МАҢЫЗЫ

Қоза талшықты өсімдіктер тобына жатады. Оны құлқайыр тұқымдас өсімдіктердің қатарына қосуға болады. Бұл топқа сонымен қатар кендір, коньатник, құлқайыр сияқты басқа да өсімдіктер жатады. Талшықты өсімдіктер арасында қозаның алатын орны ерекше зор. Ол жіп иірілетін бүкіл шикізаттың 70-75 пайызын береді (1).


Қозаның шитті талшығы – шитті-мақта осы өсімдіктің беретін негізгі шикізаты болып табылады. Шитті мақтаны мақта тазартатын заводтарда шитінен ажырататын алғашқы өңдеу кезінде мақта талшығы, линт, мақта ұлпасы, шит бүршігі бірте-біірте бөліп алынады. Шитті мақтада 30-40 пайыз талшық және 60-70 пайыз шит болады, ал шитте 22-29 пайыз мақта майы мен шит бүршігі болады. Шитті мақта – халық шаруашылығының тоқыма өнеркәсібі, май өңдеу, гидролиз, химия және басқа да салалары үшін қажетті шикізат (2).
Шитті мақтадан және қозаның вегетациялық өсіп-жетілу барысындағы бөлігінен мынадай заттар жасап шығарылады: мақтамата кездемелері, жіптер, жасанды жібек және тері, корд, былғары, фетр, парашют жасалатын кездемелер, тазартылған май, сабын, лак, күнжара, мал азығы, балық аулайтын аулар мен арқандар, тұрмыстық тұтыну қағаздары мен картодар, тыңайтқыштар мен өсімдікті қорғау дәрі дәрмектері, спирт, тағамдық белок, химиялық заттар және басқалар.
1 килограмм мақта талшығынан 5 метр ақжаймалық материал, 12 метр шы немесе 20 метр бәтес, тігін машина жібінің 40-тан 140-қа дейінгі орамасын алуға болады.
1 килограмм шиттен 170 грамм май, 400 грамм күнжара, 300 грамм шит қабығын, 30 грамм линт алуға болады. Ал, линттен пластмасса, кино және фото пленкалары, линолеум, лак және басқа өнімдер жасалады. Шроттан таза азық-түліктік белок алынады, оны нан пісіргенде ұнға қосуға болады, малдың төлдерін азықтандыру үшін берілетін сүт ретінде де қолданылады. 1 тонна шиит қабығы 85 литр спирт. 300 килограмм құрылыс тақталарын (лигнолит), 28 килограмм көмір қышқылын, 20 килограмм сірке қышқылын және басқаларын береді. Мақта майы глицеридтерге бай. Оларды сабын қайнатуға, сондай-ақ олифа, лак, эмаль сияқты басқада қорғаушы сырлар алуға пайдаланады.
Қозапая, оның жапыақтары, қауашақтарының жарма құлақтары қозаның және басқада вегетациялық органдары бірқатар пайдалы заттарға бай. Мысалы, оның жасыл жапырақтарында 8-9 пайыз лимон және алма қышқылы бар.
Қозапаядан және өңделген ағаш қалдықтарынан ыстық тәсілмен сығымдау арқылы құрылыстық тақта материалдарын алуға болады. Олар құрылысқа және үй жиһаздарын жасауға кеңінен пайдаланылады (2).




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет