Мақта шротын алу үшін мақта дақылын өсіру технологиясы


Әр түп қозаның жалпы өсіп-жетілу барысы



бет10/15
Дата07.02.2022
өлшемі68,28 Kb.
#82272
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
қоза баптау жүйесі кітабі (1)
қоза баптау жүйесі кітабі (1), Жаратылыстану
Әр түп қозаның жалпы өсіп-жетілу барысы. Қоза шит себілген күннен бастап әбден пісіп жетілгенге дейін дамудың бес түрлі кезеңінен өтеді: 1) шиттің өніп шығуы; 2) өскіндегі жапырақтың пайда болуы; 3) қозаның түйнектеуі; 4) гулдеуі; 5) пісіп жетілу немесе көсектердің ашылуы.
Қозаның өзекті сабағында 7-8-ші жапырақ пайда болған кезде олардың төменгі жағындағы қуыстан алғашқы өнімдік бұтақ өсіп шығады. Осы бұтақтың бас жағында түйін пайда болады.
Өнім беретін 9-10 бұтақ пайда болған кезде ондай алғашқы бұтақтың бірінші торабы гүл жарады.
Ал, гүлдің ашылуы өнім беретін бұтақ саны орта есеппен 17-18-ге жеткен кезде өнім беретін бұтақтың бірінші торабында алғашқы көсек ашыла бастайды.
Қозаның өсіп-жетілуінің бірінші кезеңінің басталуынан келесі кезеңнің басталуына дейінгі уақыттың ұзақтығы суармалы егіншілік жағдайында орта есеппен алғанда мынадай болады: егер ауаның температурасы мен топырақтың ылғалдылығы қолайлы болса, шиттің себілуі мен өніп шығуына 5-7 күн керек, ал, мұндай жағдай неғұрлым қолайсыз болса, оған 10-15, тіпті оданда көп күн кетеді; шиттің өніп шығуынан өсімдіктің алғашқы пайда болғанға дейін – 10 күн (8-12 күн) қажет болады; өсімдіктің алғашқы жапырағы пайда болғаннан түйін сала бастағанға дейін 25-30 күн, түйін салудың басталуынан қозаның гүлдеуіне дейін 25-30 күн, қозаның гүлдеуінен көсектің пісіп жетілуіне дейін – 50-60 күн керек. Сөйтіп шит себілген күннен бастап көсектің пісіп жетілуіне дейін шамамен алғанда 130-150 күн кетеді. Алайда кейбір сорттардың ерекшеліктеріне, сондай-ақ қозаның өсіп-өну жағдайларына байланысты бұл жалпы өсіп-өну кезеңінің ұзақтығы біршама өзгерістерге де ұшырайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет