Математика


II «Математика» пәнінің мазмұны және оқу мақсаттарының жүйесі



бет3/6
Дата13.12.2016
өлшемі0,65 Mb.
#3680
1   2   3   4   5   6

II «Математика» пәнінің мазмұны және оқу мақсаттарының жүйесі




  1. «Математика» пәнінің мазмұны

Пәннің мазмұны оқыту бөлімдерінен тұрады. Бұл бөлімдер сыныптарға арналған оқыту мақсаттары бойынша білім, біліктіжәне дағдыларды қалыптастыруға арналған бөлімшелерден тұрады. Бөлімшелердің ішіндегі оқу мақсаттары мұғалімге өз жұмысын жоспарлауға, оқушылардың жетістіктерін бағалауға, сонымен қатар оқушыларды келесі оқыту мақсаттарымен таныстыруға мүмкіндік береді.






  1. Бөлім

  1. Бөлімше



  1. 1

  1. Сандар және өлшемдер

  1. 1.1 Натурал және рационал сандар

  1. 1.2 Сандармен амалдарды орындау

  1. 1.3 Шамалар және олардың өлшем бірліктері

  1. 2

  1. Алгебра

  1. 2.1 Алгебралық өрнектер мен түрлендірулер

  1. 2.2 Теңдеулер мен теңсіздіктер

  1. 2.3 Тізбектер







  1. 2.4 Жиын және логика элементтері

  1. 2.5Комбинаторика негіздері: заттар мен сандардың комбинациялары

  1. 3

  1. Геометрия

  1. 3.1 Геометриялық фигуралар

  1. 3.2 Геометриялық фигуралардың өзара орналасуы

  1. 3.3 Нүктелер координаттары және қозғалыс бағыты

  1. 4

  1. Математикалық модельдеу

  1. 4.1 Математикалық тілжәне математикалық модель


Бағдарламадаоқу мақсаттарын қолдануға, мониторинг өткізуге тиімді болу үшін, төрт саннан тұратын кодтық белгі енгізілген. Кодтық белгідегі бірінші сан сыныпты, екінші сан бөлімді үшінші сан бөлімшенің ретін, төртінші сан оқу мақсатының реттік нөмерін көрсетеді. Мысалы, 1.2.1.4. кодында «1» - сынып, «2.1» - екінші бөлімнің бірінші бөлімшесі, «4» - оқу мақсатының реттік саны.


2.Оқу мақсаттарының жүйесі



1-бөлім:«Сандар және өлшемдер»


Бөлімше

1-сынып

2-сынып


3-сынып

4-сынып




1.1 Натурал және рационал сандар

1.1.1.1 Натурал сан және 0 саны туралы түсінігі болу; санның құрылу жолын мен құрамын білу, 10-ға дейінгі сандарды оқу, жазу

2.1.1.1 100-ге дейінгі сандардың құрылу жолын, сандар қатарындағы орнын білу, сандарды оқу, жазу

3.1.1.1 1000-ға дейінгі сандардың құрылу жолын, білу; сандарды оқу, жазу

4.1.1.1 Миллионға дейінгісандардың құрылу жолын білу, сандарды оқу, жазуу

1.1.1.2 10-ға; дейінгі сандарды тура және кері санау, олардың натурал сандар қатарындағы реттік нөмірін анықтау

2.1.1.2 100 көлеміндегі сандарды тура және кері санау, олардың натурал сандар қатарындағы реттік нөмірін анықтау

3.1.1.2 1000 көлеміндегі сандарды тура және кері санау, олардың натурал сандар қатарындағы реттік нөмірін анықтау

4.1.1.2 1000 000 көлеміндегі сандардың натурал сандар қатарындағы реттік нөмірін анықтау

1.1.1.3 11-ден 20-ға дейінгі сандарды тура және кері санау, олардың натурал сандар қатарындағы реттік нөмірін анықтау










1.1.1.4 20-ға дейінгі сандарды2-ден топтап тура және кері санау,20-ға дейінгі жұп/тақ сандарды білу

2.1.1.3 50-ге дейінгі сандарды3, 4, 5-тен топтап тура және кері санау; жұп/тақ сандарды ажырату

3.1.1.3 , 100 көлеміндегі сандарды 6, 7, 8, 9-дан топтап санау




1.1.1.5 11-ден 20-ға дейінгі сандарды оқу, жазу және олардың құрылу жолын білу

2.1.1.4 Рим цифрларын білу және қолдану







1.1.1.6 Санның жаңа бірлігі - ондық туралы түсінігі болу, 100-ге дейін толық ондықтармен санау

2.1.1.5 Санның жаңа бірлігі - жүздік туралы түсінігі болу, 1000-ға дейін жүздіктермен санау

3.1.1.4 Санның жаңа бірлігі – мыңдық туралы түсінігі болу, 1 000 000-ға дейін мыңдықтармен санау

4.1.1.3 Санның жаңа бірлігі – миллион туралы түсінігінің болуы

1.1.1.7 20 көлемінде сандардың разрядтық құрамын анықтау

2.1.1.6 100 көлеміндегі екі таңбалы сандардың разрядтық құрамын анықтау және разрядтық қосылғыштарға жіктеу

3.1.1.5 1000 көлеміндегі сандардың разрядтық және кластық құрамын анықтау жәнеразрядтық қосылғыштарға жіктеу

4.1.1.4 1 000 000 көлеміндегі сандардың разрядтық және кластық құрамын анықтау жәнеразрядтық қосылғыштарға жіктеу










4.1.1.5 Сандарды берілген разрядқа дейін дөңгелектеу

1.1.1.8 Біртаңбалы, екітаңбалы сандарды салыстыру

2.1.1.7 Екітаңбалы, үштаңбалы сандарды салыстыру

3.1.1.6 Үштаңбалы сандарды салыстыр

4.1.1.6 Көптаңбалы сандарды салыстыру

1.1.1.9 10-ға дейінгі жұп сандардың, 10мен20 сандарының жартысын заттар санын тең екі бөлікке бөлу арқылы табу




3.1.1.7 Өлшемдегі үлесті табу және өлшем мағынасы бойынша үлесті табу (жарты, үштен бірі, ширек және т.б.)


4.1.1.7 Пайыз туралы түсінігі болу; санның жартысын, төрттен бір бөлігін, оннан бір бөлігін, жүзден бір бөлігін пайыздық қатынаста өрнектеу







3.1.1.8 Бөлшек – бұл бүтін санның бір не бірнеше бөлігі екенін түсіну











3.1.1.9 Бөлімдері бірдей жай бөлшектерді кесінділердің көмегімен салыстыру

4.1.1.8 Жай бөлшектерді бөлшектің негізгі қасиетін қолданып салыстыру










4.1.1.9 Дұрыс /бұрыс бөлшектерді анықтау және оларды ажырату













4.1.1.10 Бөлшекті сан түзуінде өсу не кему ретімен орналастыру(мысалы, ½ бөлшегі ¼ және ¾ арасында орналасуы)













4.1.1.11 Аралас сандар туралы түсінігінің болуы

1.2 Сандармен амалдарды орындау

1.1.2.1 Қосу амалын заттар тобының бірігуі және сан түзуінде солдан оңға қарай қадамдап жылжу ретінде, азайту амалын кему және сан түзуінде оңнан солға қарай қадамдап жылжу ретінде түсіну; өзара кері амалдар

2.1.2.1 Көбейтуді бірдей қосылғаштарды қосу және бөлуді көбейтуге кері амал ретінде түсіну

3.1.2.1 Санның квадраты және кубын түсіну

4.1.2.1 Аралас санды бұрыс бөлшекке және бұрыс бөлшекті аралас санға айналдыруды орындау

1.1.2.2 Ондықтан аттамай біртаңбалы сандарды ауызша қосу тәсілдерін орындау және берілген амалға кері амалды орындау







4.1.2.2 Көптаңбалы сандарды ауызша қосу және азайтуды орындау

1.1.2.3 Санның өзге саннан қаншаға артық/кем екенін анықтау

2.1.2.2 Берілген санның басқа саннан «қанша есе артық/кем» екенін анықтау







1.1.2.4 Қосу және азайту амалдарының компоненттері мен нәтижелерінің арасында байланысты анықтау, белгісіз компоненттерін табу

2.1.2.3 Көбейту және бөлу амалдарының компоненттері мен нәтижелерінің арасында байланысты анықтау, белгісіз компоненттерін табу







1.1.2.5 Екі амалды жақшалы және жақшасыз өрнектің мәнін табу


2.1.2.4 Екі-үш амалды жақшалы және жақшасыз өрнектің мәнін табу

3.1.2.2 Төрт амалды жақшалы және жақшасыз өрнектерде амалдардың орындалу тәртібін анықтау және мәнін табу

4.1.2. 3 Төрт амалдан артық жақшалы және жақшасыз өрнектерде амалдарды орындалу тәртібін анықтау және олардың мәнін табу

1.1.2.6 Қосудың ауыстырымдылық қасиетін түсіну және қолдану

2.1.2.5 Қосудың ауыстырымдылық, терімділік қасиеттері және көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті негізінде есептеудің тиімді әдісін қолданып арифметикалық амалдарды орындау

3.1.2.3 Көбейтудің үлестірімділік, терімділік қасиеттерін қолданып, тиімді есептеу тәсілдерімен арифметикалық амалдарды орындау


4.1.2.4 Санды өрнектердің мәнін табу үшін қосу мен көбейтудің ауыстырымдылық, терімділік және үлестірімділік қасиеттерін қолдану

1.1.2.7 Санға 0-ді қосу және азайтуды білу




3.1.2.4 Санды 0 мен 1-ге көбейту және бөлу; нөл санын натурал санға бөлу; сандарды 1 санына бөлу; санды 0 санына бөлуге болмайтынын білу




1.1.2.8 20 көлемінде ондықтан аттамай қосу және азайту амалдарын орындау

2.1.2.6 Біртаңбалы сандарды ондықтан аттап ауызша қосу, берілген амалға кері амал орындау










2.1.2.7 Екітаңбалы сандарды ондықтан аттамай ауызша қосу және азайту тәсілдерін 40+17, 57-40; 35±12; 26+14, 40-14; 65+35, 100-35 түрінде орындау










2.1.2.8 Біртаңбалы сандарды ондықтан аттау арқылы қосу тәсілі туралы білімдерін 45±9,45±19 түріндегі өрнектерді ауызша қосу, азайту амалдарын орындауда қолдану







1.1.2.9 Толық ондықтарды қосу және азайтуды орындау

2.1.2.9 1000 көлеміндегі толық жүздіктерді қосу және азайту амалдарын орындау

3.1.2.5 Нөлмен аяқталатын сандарды көбейту және бөлу

4.1.2.5 10,100,1000 сандарына қалдықпен бөлу




2.1.2.10 Екітаңбалы сандарды қосу және азайтудың жазбаша тәсілдерін 34+ 23, 57-23; 27+34, 61-27; 47+33; 60-27 түріндегі өрнектерде орындау










2.1.2.11 Үштаңбалы сандарды ауызша қосу азайтуды 600+ 200, 800-200 (6 жүзд.+2 жүзд. , 8 жүзд. -2 жүзд.);

440+50, 750 ¬ 90 (44 онд.-9 онд., 75 онд-9 онд.); 120+780, 900 ¬120 (12 онд. + 78 онд.; 90 онд. – 12 онд.) санның ондық құрамы негізінде орындау









1.1.2.10 Біртаңбалы сандарды қосу кестесін құру және азайтудың сәйкес жағдайларын қолдану

2.1.2.12 2; 3; 4; 5 сандарына көбейту мен бөлу кестесін құру және қолдану

3.1.2.6 6; 7; 8; 9 сандарына көбейту мен бөлу кестесін құру және қолдану

4.1.2.6 Бүтін сандардың 2-ге, 5-ке, 10-ға бөлінгіштік белгілерін білу




2.1.2.13 Бөлудің мәнін тең бөліктерге бөлу және нысандарды топтастыру ретінде түсіну

3.1.2.7 Санның бөлігін және бөлігі бойынша санды табу: 100 көлеміндегі сандар мен толық жүздіктердің жарты, үштен бір, төрттен бір, оннан бір бөлігін табу

4.1.2.7 Бөлімдері бірдей жай бөлшектерді қосу және азайтуды орындай білу

+ = және


- =










4.1.2.8 Пайызды бөлшекке, бөлшекті пайызға түрлендіру










4.1.2.9Санды қосындының мәніне бөлуді білу







3.1.2. 8 Кестелік және кестеден тыс көбейту / бөлуді орындай білу, қалдықпен бөлуді орындау

4.1.2.10 Бөліндінің мәнінде нөл болған жағдайдаүштаңбалы санды біртаңбалы санға қалдықпен бөлуді орындау







3.1.2.9 100 көлеміндегі ауызша көбейтуді,қосындының мәнін және көбейтіндіні санға бөлуді орындау

4.1.2.11Екітаңбалы санға ауызша көбейтуде санның қосындысына көбейту ережесін қолдану







3.1.2.10 Екі/үштаңбалы сандарды біртаңбалы санға ауызша көбейту мен бөлу тәсілдерін білу және орындау

4.1.2.12 Екітаңбалы санға жазбаша көбейту және бөлуді орындау







3.1.2.11 Екітаңбалы санды екітаңбалы санға бөлуді орындау

4.1.2.13Үштаңбалы санға жазбаша көбейту және бөлуді орындау








3.1.2.12 Екі/үштаңбалы сандарды біртаңбалы санға ауызша көбейтуді білужәне орындау

4.1.2.14 Бөліндінің мәнінде нөл болғанда екітаңбалы санға жазбаша көбейту және бөлуді орындау











4.1.2.15 Үштаңбалы санға ауызша көбейтуде санның қосындысына көбейту ережесін қолдану







3.1.2.13 Екі/үштаңбалы сандарды біртаңбалы санға өрнектің 46:2, 246:2 ; 84:3, 538:2 түрлерін жазбаша бөлуді орындай білу

4.1.2.16 Бөліндінің мәнінде нөлдер болғанда екітаңбалы санға жазбаша көбейту/бөлуді орындай білу








3.1.2.1 4 Нөлмен аяқталатын үштаңбалы санды біртаңбалы санға жазбаша көбейту/бөлуді орындай білу

4.1.2.17Үштаңбалы санға жазбаша бөлуді орындау







3.1.2.15Үштаңбалы сандардың бір разряды нөлге аяқталған жағдайда бөлуді орындай білу

4.1.2.18Бөліндінің мәнінде нөл болған жағдайда көптаңбалы санды біртаңбалы санға бөлуді орындай білу










4.1.2.19 Микрокалькулятордың көмегімен есептей білу

1.1.2.11 1 тг, 2 тг,5 тг,10 тг, 20тгтеңгелік монеталарды тану, белгілі бір соманы монеталармен төлеу және айыра білу;

2.1.2.14 50 тг, 100тг теңгелік монеталарды, 200 тг, 500 тг купюраларды тану; төлем жасау және қалған ақшаны қайырып алу үшін қажетті соманы есептей білу

3.1.2.16 1000 тг, 2000 тг, 5000 тг купюраларды тану; төлем жасау және қалған ақшаны қайырып алу үшін қажетті соманы есептей білу

4.1.2.2010000 тг купюраны және түрлі мемлекеттің валюталарын (рубль, евро, доллар) тану; айырбастау, төлем жасау және қалған ақшаны қайырып алу үшін қажетті соманы түрлі валютада есептей білу

1.3 Шамалар және өлшем бірліктері

1.1.3.1 Ұзындық, масса, сыйымдылық және олардың өлшем бірліктері (см, дм, кг, л) туралы түсінігі болу және салыстыру

2.1.3.1 Ұзындық (см, дм, м, км), масса ( кг, ц), сыйымдылықтың (л) өлшем бірліктерін білу және салыстыру

3.1.3.1 Ұзындық (мм), масса (г, т), аудан (см2, дм2, м2, ), көлем (см3, дм3, м3) өлшем бірліктерін білу және салыстыру, өлшеу

4.1.3.1 Мәндерді салыстыру үшін ұзындық (мм, см, дм, м, км), масса (г, кг, ц, т), аудан (см2, дм2, м2 , а, га), көлем (см3, дм3, м3) өлшем бірліктерін салыстыру




1.1.3.2 Уақыт аралықтары туралы (минут, сағат, апта, ай) түсінігі болу, уақыттың өлшем бірліктерін қолдану

2.1.3.2 Уақыт аралықтары: секунд, тәулік, апта, жыл және салыстыру үшін шамалардың арасындағы қатынасты білу, уақыт аралығын бағдарлай білу

3.1.3.2 Уақыт аралығы, ғасыр және уақыт шамалары арасындағы қатынастарды білу

4.1.3.2 Уақыт аралығы мыңжылдықты және шамалар арасындағы қатынастарды білу




1.1.3.3 Уақытты циферблат арқылы анықтау: сағат

2.1.3.3 Уақытты циферблат арқылы анықтау: сағат және минут

3.1.3.3 Түрлі сағаттар бойынша уақытты анықтау: сағат және минут, жарты сағат 30мин.,15мин

4.1.3.3.Жай бөлшек түрінде берілген шамаларды түрлендіру: 1/60 сағ ═ 1 мин;

½ сағ ═ 30 мин;



1/30 ай= 1 күн




1.1.3.4 Өлшем бірліктерді (см, дм) түрлендіру және атаулы сандармен амалдар орындау (соның ішінде кг,л,сағ.)

2.1.3.4Ұзындық (см, дм, м), масса (кг, ц) өлшем бірліктерін түрлендіру және атаулы сандармен амалдар орындау

3.1.3.4 Ұзындық (мм, км), масса (г, т) өлшем бірліктерін түрлендіру және атаулы сандармен амалдар орындау

4.1.3.4 Өлшем бірліктерін (мм, см, дм, м, км, г, кг, ц, т, см2, дм2, м2,га, а, см3, дм3, м3, мин, сағ, жыл, ғасыр) түрлендіру,салыстыру жәнеатаулы сандармен амалдар орындау




1.1.3.5Өлшем бірліктері және құралдарды таңдау арқылы ұзындық/масса/сыйымдылықты анықтау және іс әрекетін түсіндіру

2.1.3.5Өлшем бірліктері және құралдарды таңдау арқылы ұзындық/масса/сыйымдылық/уақытты анықтау және іс әрекетін түсіндіру

3.1.3.5 Өлшем бірліктері және құралдарды таңдау арқылы ұзындық/масса/сыйымдылық/ уақыт/ауданын анықтау және іс әрекетін түсіндіру





Каталог: download -> 778
download -> Бағдарламасы 5-9 сыныптар Астана 2010 Қазақстан республикасы білім және ғылым инистрлігі
download -> Ғалымдардың ең ежелгі адамды атауы
download -> П. М. Кольцов т.ғ. д., профессор, Қалмақ мемлекеттік д и. н., профессор, Калмыцкий
778 -> ДҮниетану оқу бағдарламасы
778 -> Сауат ашу оқу бағдарламасы
778 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым минист
778 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім академиясы
778 -> ЕҢбекке баулу оқу бағдарламасы
778 -> Дене шынықтыру оқу бағдарламасы
778 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым минист


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет