Математика


«Математика» пәнін оқыту үдерісінеқойылатын ұйымдастырушылық талаптары



бет2/6
Дата13.12.2016
өлшемі0,65 Mb.
#3680
1   2   3   4   5   6


Математика» пәнін оқыту үдерісінеқойылатын ұйымдастырушылық талаптары


Бағдарламадағы әр сыныпқа арналған сағат саны:


Сынып

Апталық жүктеме

Жылдық жүктеме

1

4 сағат

132 сағат

2

4 сағат

136сағат

3

5сағат

  170 сағат

4

5сағат

  170 сағат


Сыныптағы жиһаздардың орналасуы оқушыларды топтарға бөлуге мүмкіндік беруі тиіс. Бұл дифференциалды әдіс-тәсілдерді қолдануға және оқушылармен жеке жұмыс жасауына қажетті жағдайлар жасайды.

4-сыныпта күрделі есептеу операцияларын орындау үшін қажетті жағдайда калькуляторлар берілуі керек.

Математика кабинетіне қажетті құрал-жабдықтар:

  • оқулықтар,дидактикалық материалдар, анықтамалықтар, энциклопедиялармен жабдықталғанкітапхана;

  • мұғалімдер үшін анықтамалықтар және әдістемелік әдебиеттер картотекасы;

  • жеке және топтық тапсырмалары бар оқушыларға арналған тақырыптық каталог;

  • түрлі программалық ортада жұмыс жасауға арналғанжаңартылып тұратын компьютерлік бағдарламалармен жасақталған ноутбуктер;

  • ойындарды әзірлеуге және модельдеуге арналған жүйелері үшін бағдарламалық құралдардың толық жиынтығы;

  • коммуникациялар желісі;

  • проектор және экран;

  • магниттік және қабырғалық маркерлік тақталар;

  • кеңселік жабдықтар (принтер, сканер және тағы басқалар);

  • кеңістіктік фигураларды жобалау үшін қажетті материалдар жиынтығы (жиналмалы материал, жіптер және тағы басқалар);

  • түрлі модельдерді құрастыру және тәжірибелер жасау үшін қажетті материалдар: (түрлі-түсті қағаздар, картон, пластилин, қайшы, ұзындықтарыәр түрлі жіптер, түрлі-түсті шарлар, домино, таяқшалар, өлшеуге арналған материалдар және т.б.);

  • сөрелері бар кітап шкафы;

  • оқушылардың жұмыстарына арналған көрме сөрелері;

  • санауға арналған материалдар (бұршақтар, тиындар, фишкалар, геометриялық фигуралар);

  • магниттік фигуралар және белгілер;

  • жеке маркерлік тақталар, геометриялық фигураларды құруға арналған изометриялық тақталар;

  • баспа материалы (көбейту кестесі, есепшот, өлшем бірліктер кестесі және т.б.);

  • демонстрацияжасауға арналған жабдық (сағат циферблаты, таразы, түрлі сұйықтықты өлшеуге арналған ыдыстар, геометриялық денелер жиынтығы, дөңгелекбөліктерінің жиынтығы және тағы басқалар);

  • өлшеуге арналған жабдықтардың толық жиынтығы;

  • мультимедиялық құралдар (компакт дискілер, бейнефильмдер);

  • калькуляторлар.


5«Математика» пәнін оқытуда қолданылатын педагогикалық әдіс-тәсілдер
Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдары «қалай білім алу керектігін білетін», дербес, ынталы, қызығушылығы жоғары, сенімді, жауапты, ой-өрісі дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған қағиданы ұстанады.

Мұғалімдер оқушылардың бойында бұл қасиеттерді қалыптастыружәне дамытуда оқытудың түрлі стратегияларын қолданады.

Атап айтқанда:


  • оқушылардың жеке пікірін тыңдай білу, олардың бұған дейін алған білімдері мен қалыптасқан түсініктерін одан әрі дамыту үшін оларды қолданудың маңыздылығын құптау;

  • оқытуда жеке және дифференциалды тәсілді қолдану;оқушыларға түсінікті проблемаларды шешудің әдіс-тәсілдерінқұрастыру ;

  • оқушылардың жетістіктерін бағалау арқылы олардың оқытуына қолдау жасау;

  • оқушылардың зерттеу іс-әрекеттерінің негізінде белсенді оқуға ынталандыру ;

  • оқушылардың сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту;

  • оқушылардың жеке, топтық және сыныптық жұмыс түрлерін ұйымдастыру.

«Математика» пәнін оқытудағы стратегиялар мысалдары:

  • оқушылардың ойын әрекетін, шығармашылық және жобалық жұмыстарын ұйымдастыру;

  • АКТ-ның мүмкіндіктерін пайдалану ;

  • таңдалып алынған тапсырмалар мен іс –әрекеттер арқылы оқушылардың оқуын ынталандыру және дамыту;

  • оқушылардың өзіндік іс-әрекетін ұйымдастыру: жеке және топтық жұмыс;

  • өзара оқыту (сынып ішінде және сыныптар арасында);

  • есептерді шығарудатүрлі дерек көздерінен ақпарат жинақтау;

  • математиканың практикада қолданылуын пайдалана отырып оқушылардың іс әрекетін ұйымдастыру;

  • оқушылардың өз жұмысын талдауын дәлелдеу және түзету (рефлексия)


Үштілділік саясатына сәйкес оқушылардың тілдік дағдыларын дамытуды қолдау
Мұғалімдер оқушылардың тілдік дағдыларын дамыту арқылы үштілділік саясатының жүзеге асуына үлес қосады.

Пән мазмұнын оқытуды қолдау үшін пән мұғалімдері, пәнге қатысты оқушылардың ғылыми тілді меңгеруіне назар аударады. Мұғалім әр сабаққа арналған тілдік мақсаттарды анықтайды. Пән мұғалімдері оқушылардың ғылыми тілді пайдалануына назар аударуы және олардың тілдік жетістіктерін бағалауына қолдау көрсетуі тиіс. Оқушылардың пән мазмұны мен тілді қолдануын дамыту мақсатында оларды жүйелі және ұйымдастырылған түрде диалог пен жазылымға қажетті сөз тіркестерімен қамтамасыз ету керек.



6 Мәдениет пен көзқарастардыңалуан түрлілігінедегенқұрмет сезімін қалыптастыру
Түрлі мәдениет пен көзқарастарға құрмет сезімі жеке тұлғалық, тұлғааралық және мәдениетаралық құзыреттіліктердің ажырамас бөлігі болып табылады.

Оқушыларға тиісті мінез-құлық ережелерін үйрету олардың жылдан-жылға көпмәдениетті болып келе жатқан қоғамның әлеуметтік және еңбек өміріне белсенді әрі тиімді қатысуына мүмкіндік береді.

«Математика» пәні бойынша оқу бағдарламасында мыналар қамтылған:


  • оқи білу, өз бетімен ақпаратты табу, жағдаятты талдау, жаңа жағдаяттарға бейімделу, проблемаларды қою және шешім қабылдау, командада жұмыс істеу, өз жұмысының сапасына жауап беру, өз уақытын ұйымдастыра білу;

  • қоршаған ортаның проблемаларын білу және түсіну, басқалардың көзқарасын қабылдау, сынды дұрыс қабылдап үйрену, топтағы жұмыс дағдыларын дамыту, ұжымда түрлі рөлдерді орындау;

  • оқушыларға математика тарихын таныстыру: сан және геометриялық фигура тұжырымдамаларын дамыту; арифметикалық операцияларды ойлап табу; нөлді тану;Қазақстанжәне басқа елдердеежелден қолданыста болған өлшемдермен танысу; ұлы математиктердің өмірбаяны және шығармашылығмен танысу.


7Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану құзыреттiлiгі
Математикада сандықтехнологияларды қолдану құзыреттілігі оқушылардың жұмыс барысында, бос уақытында технологияларды сенімділікпен және шығармашылықпен пайдалануын қамтиды. Бұл АКТ-ны пайдаланудыңбастапқы дағдылары арқылы қалыптасады.

Оқушылар білім беру бағдарламасындағы барлық пәндерді оқу барысында ақпаратты іздестіру, құрастыру және басқару, мәліметтер және идеялармен бөлісу, бірлесіп әрекет ету, түрлі жабдықтар мен қосымшаларды пайдалану арқылы өз жұмысын бағалай және жетілдіре отырып АКТ-ны қолдану дағдыларын дамытады.

«Математика» пәнін оқу бағдарламасы төмендегідей мәселелерді қамтиды:


  • оқушыларға базалық технологияларды пайдалануды үйрету;

  • ақпаратты іздестіру және оны таңдауға байланысты өздігіненжұмыс істеу дағдысын дамыту;

  • математиканың түрлі бөлімдерін оқу кезінде презентациялар құру үшін керекті компьютерлік бағдарламаны қолдану (мысалы, геометрияда GeoGebra бағдарламасын қолданады);

  • интернет-олимпиадаларға қатысу арқылы оқушылардың математикалық қабілеттіліктер мен шығармашылық белсенділігін дамыту;

  • математикалық тапсырманы орындау үдерісі туралы бейнекөрініс жасау (геометриялық фигураларды жасау);

  • арнайы бағдарламалар көмегімен мәндерді табу;

  • өз бетінше жоспар мен графиктер құру;

  • презентация слайдтарын құру;

  • тақырыптарды оқу үдерісінде СD құралдарды пайдалану.


8Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту
Оқу бағдарламасының мақсаттарының бірі ─ түрлі әлеуметтік қауымдастыққа сәйкес тіл табысуға қабілетті азаматтарды тәрбиелеу. Осы мақсатқа жетуге қажетті дағдыларды дамыту үшін ынталандырушы және қолдаушы орта құру керек. Құндылықтардың бірі коммуникацияның түрлі формаларын қолдану болып саналатын мұндай ортада оқушылар өз пікірін еркін білдіре алады.

Білім беру бағдарламасы аясында оқушылардың коммуникациялық дағдыларын дамыту үшін сыныптастарымен, мұғалімдермен және көпшілікпен ауызша және жазбаша қарым-қатынасқа БАҚ арқылы және басқада коммуникациялық құралдар арқылы түседі және «Математика» пәнінің ғылыми тілін сауатты қолданады.



Математиканы оқытуда оқушылардың тыңдалым және айтылым дағдыларын дамытуға ықпал ететін жұмыс үлгілері:

  • топтық және сыныптық жұмыстар (түсіндіру, ойларын айту);

  • жобалардың презентациясынжасау;

  • талқылауларға қатысу;

  • сұрақтар құрастыру және сұрақтарға жауап іздеу;

  • мұғалімдермен және оқушылармен диалогке қатысу.

Математиканы оқытуда оқушылардың оқылым дағдыларын дамытуға ықпал ететін жұмыс үлгілері:

  • мәтінде тірек сөздерді белгілеу;

  • ғылыми мәтіндермен жұмыс, семантикалық құрамын анықтау.

Математиканы оқыту үрдісінде оқушыларда жазылым дағдыларын дамытуға ықпал ететін жұмыс үлгілері:

  • тапсырмаларды орындау үшін нұсқаулықтарды, алгоритмдерді құру;

  • математикалық есептерді ауызша және жазбаша шешу тәсілдерін сипаттау және түсіндіру;

  • тапсырманы орындау үдерісіне талдау жасау(ауызша және жазбаша).


9«Математика» пәнін оқыту нәтижелерін бағалау тәсілдері
«Математика» пәнінде бағалау нәтижесі критериалды бағалау жолымен жүзеге асырылады.

Критериалды бағалау – оқушылардың оқу жетістіктерін нақты айқындалған, бірге даярланған, оқу үдерісінің барлық қатысушыларына (оқушылар, білім беру ұйымдарының әкімшіліктері, педагогикалық кадрлар, ата-аналар және басқа да заңды өкілдер) алдын-ала белгілі, бастауыш білім берудің мақсаттары мен мазмұнына сай критерийлермен салыстыруға негізделген бағалау үдерісі.

Критериалды бағалау оқыту, білім алу және бағалаудың өзара байланысына негізделген.

Критериалды бағалаудың нәтижесі оқыту үдерісін тиімді жоспарлау мен ұйымдастыру үшін қолданылады.

Бастауыш мектептегі критериалды бағалау жүйесі формативті (ағымдық) бағалау (ФБ) және ішкі жиынтық бағалауды (ІЖБ) қамтиды.

Формативті (ағымдық) бағалау сабақтағы және/не үйдегі күнделікті жұмыс барысындағы білім мен дағдыларды меңгерудің ағымдық деңгейін айқындайды.Сонымен қатар оқыту кезінде оқушы мен педагог арасында жедел өзара байланысты жүзеге асырады, оқушыларға жаңа материалды меңгеру кезеңінде тапсырманы қаншалықты дұрыс орындап, оқу мақсатына қол жеткізгендігін түсінуге мүмкіндік береді;

Ішкі жиынтық бағалау – сынып бойынша оқу материалдарының үлкен тарауын не бөлімін оқығаннан кейінгі меңгерілген білім мен қалыптасқан дағдылар деңгейін айқындайды;

Ішкі жиынтық бағалау білім беру ұйымының педагогтары тарапынан жүзеге асырылады. Жиынтық жұмыстар үшін қойылған бағалар есептік оқу кезеңдері үшін қорытынды бағаларды анықтауға негіз болып табылады.

1-сыныпта оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып, тек қана формативті бағалау қолданылады. 3-4 тоқсандарда тоқсандық бағалар қойылады.

1-сыныпта жылдық баға формативті бағалаудың нәтижесі бойынша қойылады.

2-сыныпта ішкі жиынтық бағалау енгізіледі. 1-4 тоқсандардың тоқсандық қорытынды бағалары формативті бағалаудың нәтижесі бойынша қойылады. Оқу жылының соңында ішкі жиынтық бағалау жүргізіледі.

Жылдық баға формативті және ішкі жиынтық бағалаулардың белгіленген пайыздық арақатынасының есебімен қойылады.

3-4 сыныптарда оқушылардың оқу нәтижесі:


  • формативті және ішкі жиынтық бағалаудың нәтижесі бойынша белгіленген пайыздық арақатынастың есебімен әр тоқсанның соңында қойылатын тоқсандық баға;

  • төрт тоқсандағы формативті және ішкі жиынтық бағалаудың нәтижесіндебелгіленген пайыздық арақатынастың есебінен пән бойынша жылдық баға түрінде көрсетіледі.




Каталог: download -> 778
download -> Бағдарламасы 5-9 сыныптар Астана 2010 Қазақстан республикасы білім және ғылым инистрлігі
download -> Ғалымдардың ең ежелгі адамды атауы
download -> П. М. Кольцов т.ғ. д., профессор, Қалмақ мемлекеттік д и. н., профессор, Калмыцкий
778 -> ДҮниетану оқу бағдарламасы
778 -> Сауат ашу оқу бағдарламасы
778 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым минист
778 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім академиясы
778 -> ЕҢбекке баулу оқу бағдарламасы
778 -> Дене шынықтыру оқу бағдарламасы
778 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым минист


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет