Математикалық сауаттылықты дамытуға арналған тапсырмалар 1-нұсқа Картадан үй тұрғызу



бет16/28
Дата05.12.2022
өлшемі5,56 Mb.
#161295
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   28
Байланысты:
Математика пәні, PISA тапсырмалары
Педагогика Нұрайым шт11, Педагогика Нұрайым шт11
5 ТАПСЫРМАЛАР ТОПТАМАСЫ


ТҰРҒЫН ҮЙ

Фото суретте пирамида тәріздес тұрғын үй шатыры көрсетілген. Төменде оқушыларға арналған шатырдың математикалық моделі және кейбір кесінділердің ұзындықтары берілген.

Берілген модельде шатырдың табаны - ABCD квадрат. Шатыр тірелетін өзектері, EFGHKLMN тік бұрышты параллелепипед тәріздес бетонды шығырдың жақтары болып табылады. E – AT қырының ортасы, F – BT ортасы, G – CT ортасы, H – DT ортасы. Пирамиданың барлық қырлары 12 м.


10 сұрақ: ТҰРҒЫН ҮЙ
ABCD квадрат – шатыр табанының ауданын есептеңдер.
ABCD квадрат – шатыр табанының ауданы = ______________ м².
Тапсырма орындалуын бағалау
Іс әрекеті:құзыреттіліктің бірінші деңгейі (қайта өңдеу,анықтау, есептеу)
мазмұны: тәуелділік пен байланыстар
Ситуация: ғылыми

Код 1: жауабы 144.
Код 0: басқа жауаптар

Тапсырма ерекшеліктерінің қысқаша сипаттамасы. Тапсырманың бағалауы – 492 ұпай (орташа деңгей). Оқушыларға математикалық модель берілді(кеңістікте бейнеленген) және обектінің математикалық сипаттамасы (пирамида түріндегі шатыр) оның табан ауданын есептеу керек. Оқушылардан кеңістіктегі фигураның ауызша сипаттамасы, квадрат ауданын еске түсіру, қырлары белгілі және сызба бойынша керекті ақпаратты анықтау. Осы квадраттың ауданын табу.


11 сұрақ : ТҰРҒЫН ҮЙ
Көлденең жатқан бетон қабырғасының –ЕF кесіндінің ұзындығын табыңдар? EF = ____________ м.
Тапсырманың орындалуын бағалау
Математикалық сала: екінші деңгейлік құзіреттілігі (есеп шығару үшін интеграция мәліметі және байланыс құрылымы)
Мәнмәтін: кеңістік және форма
Жағдай: мамандық
Код 1. жауабы 6
Код 0. Басқа жауаптар
Тапсырманың өзгешелігінің қысқа сипаттамасы.
Тапсырманың ұпайлық бағалауы 524 тең (орташа деңгейлік). Оқушыларға математикалық модель ұсынды (үш өлшемдік сызба түрінде) және математикалық тілде нақты объектінің төбесін сипаттау, пирамида түрінде берілген және іштей сызылған пирамидаға тік бұрышты параллепипедтің жоғарғы табанынының бір қырының ұзындығын анықтау керек. Есепті шығару үшін таныс геометриялық модельмен жұмыс істеу керек және мәлімет пен сызбаны байланыстыруға, мәтінді түрдегі сәйкестік символдарды қолдану керек. Оқушылар жазық үшбұрышты көру керек үш өлшемді фигурада және үшбұрыштардың ұқсастық қасиеттерін немесе үшбұрыштың орта сызығының қасиетін қолданып, керекті осы үшбұрыштың қабырғасын табуға.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   28




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет