Математиканы оқыту теориясы мен әдістемесі


§ 4. ОРТА АРНАУЛЫ КӘСІБИ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ



бет35/45
Дата25.12.2021
өлшемі1,03 Mb.
#105325
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   45
Байланысты:
Қасқатаева.МОТӘ. Оқу құралы
kenes-hattam-qis-nisan, Қасқатаева.МОТӘ. Оқу құралы, Қасқатаева.МОТӘ. Оқу құралы
§ 4. ОРТА АРНАУЛЫ КӘСІБИ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Орта арнаулы кәсіби оқу орындарында жалпы білім беретін орта мектептен өзгешелігі – оқушыларға IX-XI сыныптар көлемінде математикалық білім беру ісін кәсіби техникалық білім беру ісімен ұштастыру, яғни олардың теориялық және өндірістік даярлықтарын үйлестіру болып табылады.

Сондықтан орта арнаулы кәсіби оқу орындарында математикалық білім берудің басты міндеттері:

- оқушылардың жалпы математикалық мәдениетін көтеру;

- алған білімдерін практикада, мамандығына қолдану іскерлігін шыңдау;

- келешек мамандардың математикалық даярлықтарын жақсарту.

Әрбір оқушы келешек өз мамандығына даярлығы үрдісінде белгілі бір дәрежеде математика ілімімен қарулануы тиіс. Адам тұлғасын дамытуда, оның дүниетанымдық көзқарасы мен адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруда, ойлау қабілетін жетілдіруде математиканың алар орны ерекше екені мәлім. Арнаулы кәсіби оқу орындарындағы студенттердің математикалық білімі олардың келешектегі мамандығы бойынша атқаратын қызметіне, жалпы мәдени дамуына және жалпы білімдік даярлығына, арнайы кәсіптік мамандыққа ие болатын даярлығы яғни кәсіби іс-әрәкетінің жоғары болуына әсерін тигізеді

Осы мақсаттарға қол жеткізу математикалық білімдерді меңгеруді қамтамасыз етіп қана қоймайды, сонымен бірге математиканы меңгеру барысында математикалық іс-әрекеттерді орындауды да қалыптастырады.

Орта кәсіптік оқу орындардында студенттер меңгеретін математикалық білімнің ерекшеліктері мыналар болып табылады:

- математиканы оқып-үйрену мен қолданудың үздіксіз-дігі;

- математикалық білімнің келешек кәсіби мамандығына бағыттылығы;

- математикалық білімнің барлық мамандықтар үшін бірдей тең құндылығы;

- математикалық даярлықтың дәрежесін басқа орта оқу орындарына ауыса алуына лайықтылығы.

Математика курсы орта кәсіптік оқу орындарында оның арнайы дайындық пен кәсіби іс-әрекетінің жоғары дәрежеде қалыптасуына тигізген әсері болып табылады. Мұғалім математика курсының қолданбалы бағытын және оның басқа пәндермен пәнаралық байланысын жүзеге асыруды үнемі басшылыққа алып отырады.

Математикалық білімнің кәсіби мамандыққа бағыттылығын қамтамасыз ету бағытында төмендегідей жұмыстар жүргізіледі:

1) әртүрлі пәндерді курстық және дипломдық жобаларды оқып үйренетін, көрініс пен үрдістерді тиянақтайтын математикалық модельдер қорын құру;

2) модельдерді зерттеуге қажет білім мен билікті математиканы оқыту барысында қалыптастыру;

3) студенттерді шынайы көрініс пен үрдістердің қарапайым математикалық модельдерін құру мен зерттеуге үйрету және бұл зерттеу нәтижелерінен қорытынды жасауға баулу.

Математикалық білімнің кәсіби мамандыққа бағыттылығы жоғары математикалық мәдениетті қалыптастыру жұмысын толықтырып отырады. Математика курсының кәсіби бағыттылығы келешекте үздіксіз білімді қамтамасыз етуге жол ашады.

Әртүрлі типтегі орта кәсіптік оқу орындарында математикалық даярлықты жүзеге асыру үшін мына мәселелерге назар аударылады:

- математика курсының тоғыз жылдық мектептегі мате-матика курсының жалғасы ретінде орта кәсіптік оқу орындарына сай құрылуы;

- студенттердің жалпы мәдени дамуына қажетті белгілі дәрежедегі математикалық даярлығын қамтамасыз ету.

Кәзіргі кезде орта кәсіптік оқу орындарындағы жалпы білім беретін пәндерінің мазмұны айқындалды, одан оқытудың мынадай маңызды принциптері туындайды:

- мазмұнның ғылымилығы;

- мазмұнның кәсіби бағыттылығы;

- мазмұнның политехникалық бағыттылығы;

- мазмұнның оқушылардың қабылдауына қолайлылығы;

- тұлғаны жан-жақты дамытуға оқытудың бағыттылығы;

- орта кәсіптік оқу орындары студенттері үшін мазмұнды игерудің лайықтылығы.

Бұл принциптердің ішіндегі маңыздысы пән мазмұнының ғылымилығы болып табылады.

Орта кәсіптік оқу орындарындағы жалпы білім беретін пәндер мазмұнында политехникалық ұстанымды жүзеге асыру үшін әртүрлі машина мен механизмдер және оның бөлшектерінің құрылымын, ұстанымдары мен ғылыми негіздерін пән мазмұнына енгізудің маңызы зор.

Орта буын мамандардың кәсіптік және математикалық дайындықтарының өзара байланыс мақсаттылығын жалпы және кәсіптік білімнің өзара байланыс ретінде үздіксіз білім берудің тұтқасы деп қарастыруға болады.

Орта кәсіптік оқу орындарында студенттердің математикалық және мамандық бойынша дайындықтарының арасындағы байланысты жүзеге асырудың политехникалық ұстанымы жас мамандарды политехникалық тұрғыдан дайындау негізіндегі математикалық және кәсіптік білімнің өзара байланыстарының негізгі тәсілін реттейді.

Кәзіргі өндіріс пен еңбек саласындағы бағыт келешек мамандардың кәсіби шындалуы мен әлеуметтік маңыздылығының негізі болып табылады. Өндірістік қарқынды даму кезеңінде жас маман жалпы ғылыми негіздегі білімін пайдалана отырып, іс-әрекеттерін ізденіс жұмыстарына бағыттайды. Политехникалық білімі мен білігі арқылы жасалынған ізденіс әрекетті политехникалық бағыттылық болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   45




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет