Математиканы оқыту теориясы мен әдістемесі



бет1/45
Дата25.12.2021
өлшемі1,03 Mb.
#105325
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45
Байланысты:
Қасқатаева.МОТӘ. Оқу құралы
kenes-hattam-qis-nisan, Қасқатаева.МОТӘ. Оқу құралы, Қасқатаева.МОТӘ. Оқу құралы


Қасқатаева Б. Р.


Математиканы оқыту теориясы мен әдістемесі

Жалпы әдістеме
2-ші басылым

Алматы, 2017

Алғы сөз
Оқу құралы педагогикалық институттың физика-математика факультеті студенттеріне және мектеп мұғалімдеріне арналған.

Математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесінің негізгі мақсаты - болашақ мұғалімдерді жалпы білім беретін әр түрлі бағыттағы мектептерде математика сабағын беруге дайындап, олардың кәсіби құзырлығын қалыптастыру. «Математиканы оқыту теориясы мен әдістемесі» пәнін оқытудың міндеттері мынандай:

- жалпы білім беруде математиканың алатын орнын, сабақты меңгерудің педагогикалық-психологиялық аспекттерін, мектеп курсы математикасының математика ғылымымен және оның қолданбалы жерлерімен байланысын ашу;

- студенттердің мектепте қолданылатын математика оқулықтарын терең оқып-меңгеруін қамтамасыз ету;

- студенттерді нақты білімдермен, практикалық дағды-лармен қаруландыру және студенттердің педагогикалық ой өрісінің дамуына көмектесу болып табылады.

Осыған орай әдіскер-ұстаздар студенттерді болашақта білім берудің әдістемелік жүйесін дамыта оқытуға бағыттау қажет.

Оқу құралында болашақ мұғалімнің жалпы білім беретін орта мектептерде, математиканы тереңінен оқитын мектептерде, орта арнаулы кәсіби оқу орындарында және кешкі мектептерде:

1) оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыра білуінің әдістемелері мен турлерін меңгеруіне;

2) оқушымен педагогикалық жұмыстағы қарым-қатынастың әр түрлі талаптарын меңгеруіне;

3) математикалық ойлауын дамытудың әртүрлі әдістерін, әсіресе есептер шеше білудің әдістерін, теоремаларды дәлелдеуге қойылатын әдістемелік талаптарды меңгеруіне;

4) сабақ өтуге қажетті әдістер мен тәсілдерді ұйымдастыра білулеріне үйрету жолдары келтірілген.

Бұл оқу құралы жалпы білім беретін мектептің және орта арнаулы кәсіби оқу орындарының математика мұғалімдеріне де пайдалы деп ойлаймын.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет