Мазмұны кiрiспе 1 тарау педагогиканың жалпы мəселелерi



бет15/28
Дата14.03.2020
өлшемі0,64 Mb.
#60153
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   28
Байланысты:
Абиев Педагогика Каз
Маметулла Әлішер 401, Калий Оксикбаева, хим слайд, хим слайд, Презентация1, БУЛАНУ, анатомия руб, 1 лек, 1-2 практ сабак

Пəндiк үйiрме жұмыстары сабаққа қарағанда бағыты, мазмұны, ұйымдастыру тəсiлi мен

уақыт өлшемi тұрғысы-нан өзiндiк ерекшелiктерi бар. Олар оқушылардың қызығушылығы мен

пəндерге бейiмдiлiгiн дамытуда жəне тапсырылған жұмыстарды нəтижелi орындауға қолайлы

жағдайлар туғызып отырады. Сонымен қатар оқытудың өмiрмен байланысын қамтамасыз ету,

пəнаралық бай-ланысты нығайтуға ықпалын тигiзедi.

Оқушылардың пəндiк үйiрме жұмыстары оқыту процесiн жандандырып, оның сапасын

көтеруге əсер етедi.

Үлгере алмаушылықты жою үшiн жеке немесе бiр топ оқушылармен қосымша жəне

консультация сабақтары да ұйымдастырылады.

Сынақ жұмыстарын жоғары сынып оқушыларына енгiзудегi мақсат – бағдарламадағы

теориялық бiлiмдердi күшейту, бекiту жəне оқыту процесiнде оқушылардың жоғары

белсендiлiктерiн, жауапкершiлiгiн, дербестiгiн орнықтыру.

Сынақ жұмыстары өзiнiң ұйымдастыру ерекшелiгiне сай оқу жұмысынан тыс оқушылардың

өздiгiнен бiлiм алуын жалғастыруға ықпал етедi.

Сынақ жұмысы, ереже бойынша бағдарламаның негiзгi бөлiмiн, тарауын оқып болғанан

кейiн жүргiзiледi. Мұғалiм оның өткiзу мерзiмiн, тақырыптары мен талқы-ланатын сұрақтарын

оқушыларға алдын ала хабарлайды. Оларға жеке дара тапсырмалар берiлiп, қосымша əдебиет-

тердi оқу тапсырылады жəне қосымша сабақ өткiзiледi.

Сынақты ұйымдастыру оқушылардың жеке жауап-тары, бақылау жəне топтық практикалық-

лабораториялық жұмыстары, тақырып бойынша шығарма жəне баяндама жазу түрiнде жүргiзiледi.

Үйдегi оқу жұмысы

Оқушылардың үйде өз беттерiнше орындайтын оқу жұмыстары сыныпта өткен

сабақтардың жалғасы ретiнде саналады. Сондықтан да оны кей жағдайда оқыту процесiнiң бiр

компонентi ретiнде қарастырады.

Оқушының үйдегi оқу жұмысын сыныптағы оқу жұмысымен жалғастырып, толықтырып отырса,

онда олардың алған бiлiмдерi терең жəне берiк болады. Оның маңызы оқыту жұмысын

ұйымдастырудың сабақтың басқа түрлерiне қарағанда ерекше. Бұл жұмыстың танымдық

қызметiмен бiрге оның тəрбиелiк мəнi де зор. Себебi, үй жұмысын күнделiктi орындау барысында

оқушылардың дербестiгi, ойлау қабiлетi артып, өздiгiнен бiлiм алуға жүйелi түрде дағдыланады.

Олар өзiнiң оқу жұмысын жоспарлауға, қажеттi оқу материалын жинақтауға дағдыланады, сабақта

алған бiлiмдерi мен бiлiктiлiктерiн өзiндiк еңбекте қолдана бiлуге жаттығады, өзiн өзi бақылау жəне

кiтаппен жұмыс iстей бiлу тəсiлдерiн меңгередi, оқудың əртүрлi амал-тəсiлдерiн қолдана отырып,

өз бетiнше баяндама жасауға дайындалады. Соның негiзiнде бiлiм мен бiлiктiлiк өте берiк

меңгерiледi, оқушының ақыл-ой əрекетiнiң жеке дара дəстүрi қалыптасады.

Оқушының үйдегi оқу жұмысын дұрыс ұйымдас-тырудың мынандай шарттары бар:

1. Үй тапсырмаларын бергенде мұғалiм оларды орындау-дың қандай тиiмдi əдiс-тəсiлдерiн

қолдануға болатыны туралы жақсылап нұсқау беруi қажет.

2. Үйге берiлетiн тапсырмалар оқушыларды қызық-тыратындай болуы жəне өмiрмен, олардың iс-

тəжiрибе-лерiмен байланысты болғаны жөн.

3. Үй тапсырмасы оқушының бəрiне бiрдей бiрыңғай мазмұнда емес, мүмкiн болған жағдайда

бiрнеше нұсқада (вариант) болғаны пайдалы.

4. Үй тапсырмасының мазмұны шығармашылық сипатта болғаны жөн.

5. Үйдегi оқу жұмысының табысты болуы, көбiнесе сабақта мұғалiмнiң үй тапсырмасын орындау

тəсiлiн оқушыларға тыңғылықты етiп түсiндiруiне байланысты.

6. Үй тапсырмасының көлемiн белгiлеуде мұғалiм оқушылардың жас ерекшелiктерi мен таным

қабiлеттерiн ескергенi жөн.

7. Үй тапсырмасын тексеру жəне бағалау барысында мұғалiм, оның орындалу сапасына айрықша

мəн берiп, жетiстiгi мен ___________кемшiлiгiне оқушылардың назарын аударып отырғаны жөн.

8. Мұғалiмнiң берген бағасы əдiлеттi болса онда ол оқушы-ның ынтасын артырып, үй

тапсырмасын тыңғылықты орындап отыруға септiгiн тигiзедi.

9. Мұғалiмнiң бағалауы оқушылардың өзiн-өзi бағалауы-мен ұштасып отырса ғана ол жемiстi

болмақ.


Жоғарыда аталған шарттардың тиянақты орын-далуын ескеру мұғалiмдер үшiн аса қажет

болмақ.


Мұғалiмдер тарапынан оқушыларға шамадан тыс үй тапсырмасын тапсыруды болдырмау

жəне олардың жас ерекшелiктерi мен таным қабiлеттерiнiң мүмкiншiлiгiн ескеру мақсатын көздей

отыра, оқу министрлiгiнiң нұс-қауы бойынша əр сыныпта үй тапсырмаларын орындауға берiлген

уақыт мөлшерi мынандай болып белгiленген:

I – II сыныптарда – 1 сағат;

III – IУ сыныптарда – 1,5;

У – УIII сыныптарда – 2 сағат;

IХ – Х сыныптарда – 2,5 – 3 сағат.

Сонымен қатар, оқушылардың сенбi жəне жексенбi күндерi бос болуы үшiн дүйсенбiге

тапсырма берiлмейдi. Үй тапсырмалары мұғалiмнiң қатысынсыз орындалатын болғаннан кейiн,

олар ата-аналармен тығыз қарым-қатынаста болып, оларға оқушылардың үйде орындайтын

жұмыстарына көмектесiп отырулары үшiн үнемi əдiстемелiк тұрғыдан басшылық жасап отырғаны

жөн.

Ол үшiн əрбiр оқушының үйлерiнде тұрақты жұмыс кестесi болуы тиiс. Осы кесте бойынша



оқушылар күнде-лiктi үй тапсырмаларын орындап отыруға дағдылануы қажет. Оны ата-аналар

ұйымдастырып, бақылап, жағдай жасап отыруы тиiс.

Үй тапсырмасын орындар алдында оқушы бiр мезгiл таза ауаға шығып демалып, дер

кезiнде тамақтанып, тынығып жəне уақытылы ұйықтап тұрса баланың оқу жұмысын жақсы

ұйымдастыруға тигiзер əсерi мол.

Оқушылардың өзiндiк жұмыстары

Оқушылардың оқу жұмысын сəттi ұйымдастыруда оның өзiндiк жұмыстарының маңызы

ерекше.

Бүгiнгi таңда оқушылардың үзiлiссiз бiлiм алу мiндеттерiн жетiлдiруге сай мектеп



мұғалiмдерiнен олардың ойлау қабiлеттерiн одан əрi арттыру, танымдық жəне шығармашылық

қабiлеттерiн дамыту, сонымен қатар өзiндiк жұмыстарына қатысты iскерлiктерi мен дағдысын

тəрбиелеу талап етiлуде. Ол үшiн өзiндiк жұмыс оқушы-лардың тек үй жұмысын орындау

барысында ғана емес, оқыту процесiнiң өн бойында өз орнын табуы тиiс. Оқушылардың əртүрлi

өзiндiк жұмыстары негiзiнде сабақтың нəтижесiн жəне таным қабiлеттерiнiң белсен-дiлiгiн

арттыруға болады.

Оқушылардың таным белсендiлiгi – оқуға қажеттi бiлiм мен дағдыны меңгеру жəне оларды

өмiрде, прак-тикада пайдалана бiлуге, үйренуге оқушының iстейтiн саналы əрекетi.

Оқыту процесiнде оқушының белсендiлiгi, негiзiнен, екi түрлi сипатта болады: сыртқы жəне

iшкi белсендiлiк.



Сыртқы белсендiлiк дегенiмiз- оқушы əрекетiнiң сыртқы көрiнiстерi (белсендi қимыл

қозғалыстары, тəжiри-белiк əрекеттерi, мұғалiмге зейiн қойып қарауы, мими-касы т.б.) бiрақ осы

кезде ол басқа нəрсенi ойлап отыруы да мүмкiн.

Оқушының iшкi белсендiлiгiне оның белсендi түрде ойлау əрекетi жатады. Белсендiлiк

жеке басқа тəн, маңыз-ды бiр қасиет болып саналады. Бұл қасиетсiз адамның қандайда болмасын

жұмысы нəтижелi болуы мүмкiн емес.

Оқушы белсендiлiгi қандай болғанда да ой дербестiгiне сүйенедi. Оқыту процесiнде

оқушылардың белсендiлiгiн арттыру принципiн жүзеге асыруды мақсат еткен мұғалiм сабақтың

барлық кезеңiнде олардың ой дербестiгiн дамытуға тырысады. Оқушыда белсендiлiк бiр қалыпта

болмайды, оның қарапайым (елiктеушiлiкке, жай қайталауға, бiреудiң айтқанын бұлжытпай

орындауға негiзделген белсендiлiк) жəне күрделi (творчестволық т.б. белсендiлiк) түрлерi болады.

Соңғысы оқушының жоғарғы саналылығы мен дербестiгiн керек етедi.

Оқушылардың жас ерекшелiктерiне жəне психика-лық даму дəрежесiне қарай

белсендiлiктiң бiрнеше түрi қалыптасып, дамиды: қимыл жəне сөйлеу, ойын жəне оқу (таным),

өзiн-өзi тəрбиелеу т.б. белсендiлiктер.

өзiндiк жұмысты ұйымдастырудың шарттары мыналар:

- мұғалiмнiң нақты тапсырмалар (нұсқаулар) беруi;

- жұмысты орындаудың жəне аяқтаудың уақытын белгiлеуi;

- мұғалiмнiң басқаруымен оқушылардың дербестiгiнiң мөлшерi, олардың жұмысты өз еркiмен жəне

қалауымен iстеуi;

- оған əсер ететiн мотивтер т.б.

Оқушылардың өзiндiк жұмысы мiндеттi түрде мұғалiмнiң басшылығын, сонымен қатар

оқушылардың дербестiгiн, олардың қызығып өз ықыласымен жасайтын əрекетiн де керек етедi.

Осыған байланысты кейбiр педагогтар мен психологтар (Р. Г. Лемберг, М. Н. Скаткин, В. А. Занков

т.б.) оқушылардың өзiндiк жұмыстарының ерекшелiгi – олардың ықыласы жəне өз еркiмен əрекет

жасауына байланысты деп санайды.

Алдыңғы қатарлы мектептердiң iс тəжiрибелерiне көңiл бөлсек, оқушылардың өздiк

жұмыстарының сан алуан түрi бар екенiн байқаймыз. Мəселен, оқушылардың сабақ үстiнде

меңгерген оқу материалдарын пысықтау үшiн оқулық не басқа құралдар бойынша жұмыс iстеуi,

көркем əдебиеттерiн, ғылыми жəне техникалық əдебиет-тердi пайдалануы; жаттығу жұмыстарын

жазба түрде орын-дауы, графикалық жаттығу жұмыстарын жүргiзуi, түрлi практикалық немесе

лабораториялық бақылау жұмыс-тарын өткiзуi (репродукциялы жұмыстар), шығармашылық

дағдыларын дамыту мақсатында баяндама, реферат, шығармалар, пiкiр жазуы жəне көрнекi

құралдар, модель-дер, конструкциялық т.б. жұмыс түрлерiн жатқызуға болады.

Репродуктивтiк типтегi өзiндiк жұмыстарын оқушы-лар өздерiнiң меңгерген бiлiмдерiне

сүйене отырып орындайды. Шығармашылық (творчестволық) типтегi өзiндiк жұмыстарын

орындауда оқушылар өзiнiң болжау, топшылау, түрлi құбылыстардың арасындағы байланыс-

тарды салыстыра бiлу қабiлетiне сүйене отырып, ой қорытындысын жасап жаңа шешiм табады,

өзiндiк жаңалық ашады. Сөйтiп бұл жағдайда белгiлi дəрежеде оқушылардың бейiмдiлiгiн

айқындап бередi.

Оқушылардың үй жұмыстары мен оқу материалын қайталау кезiндегi өздiгiнен iстейтiн

жұмыстарының да маңызы ерекше. Бұған қоса көрнекi құралдарын (карточкалар, схемалар,

чертеждар, оқу карталары т.б.) пайдалана отырып өздiк жұмыстарын ұйымдастырудың да

пайдасы зор.

Мұғалiм оқушылардың өзiндiк жұмыстарын дұрыс ұйымдастыру үшiн, алдымен, олардың

өзiндiк əрекеттерi-нiң негiзгi психологиялық ерекшелiктерiн бiлгенi жөн.

Оқушылардың өзiндiк əрекетiне тəн ерекшелiктерi мыналар:

- оқушының алдын ала өз əрекетiнiң жалпы жəне нақты мақсаты мен мiндеттерiн анықтау;

- жоспарға сəйкес амал-тəсiлдердi қолдана бiлу;

- өз əрекетiнiң барысын бақылап отыру.

Егер оқушы өздiгiнен жұмыс iстеуге үйренбесе, оның оқуы жемiстi болмайды, ол жиi

сəтсiздiкке ұшырайды. Мұндай жағдайда оқушының оқуға деген ынтасы төмендейдi, соның

салдарынан үлгермеушiлер қатарына қосылады.

Профессор Р. Г. Лембергтiң пiкiрiнше, оқушылардың өзiндiк жұмыстарын ұйымдастыру

мына шарттарға байланысты болмақ:

- оқушының iстейтiн жұмысының мақсатына айқын түсiнуi;

- жұмыстың жемiстi аяқталуына, оның алдағы нəтижесiне қызығуы;

- жұмысты оқушылардың өз еркiмен, қалауымен орындауы.

өзiндiк жұмысты ұйымдастыруға қойылатын талаптар мыналар:

- жұмыстың көлемiн шамадан тыс асырмай, оның сапасын арттыруға көңiл аудару;

- оқушылардың жұмысын оқу жұмысының басқа түрлерiмен дұрыс ұштастыра бiлу;

- оқушылардың дербестiгiн арттырып, өзiндiк бiлiм алу қабiлетiн жүйелi түрде дамыту;

- өзiндiк жұмыстың мазмұнына күнделiктi өмiрден алынған материалдарды, хабарларды енгiзу;

- оқушыларды табиғат пен қоғам дамуының жалпы заңдылықтарын, сонымен қатар нақты

фактiлер мен құбылыстарды өздiгiнен талдап түсiнуге үйрету;

- оқушыларды алған бiлiмдерiн iс жүзiнде қолдана бiлуге дағдыландыру;

- оқушыларды оқу жұмысына шығармашылық тұрғыдан қарауға, əр уақытты дербес жəне белсендi

əрекет жасауға баулу;

- оқушылардың өздiгiнен дербес жұмыс iстеу, еңбек ету дағдысын қалыптастыру.

Н. К. Крупская 1934 ж. жазған ''өздiгiнен бiлiм алумен шұғылданушының есiне'' деген

тезистерiнде мынадай жалпы кеңестер (нұсқаулар) бередi:

1. өздiгiнен бiлiм алу үшiн, алдымен, сол жұмысқа қажеттi нақты дағдыларға (iштей жылдам оқи

бiлу, библио-графиялық дағдылар, түрлi анықтама əдебиеттердi пайдалана бiлу, оқығандарды

жазып алу т.б.) ие болу керек.

2. Бiлiммен жемiстi шұғылдану қолайлы жағдайларды (уақыт, орын, тиiстi əдебиеттер мен

құралдардың болуы т.б.) керек етедi. Ең дұрысы - кiтапханаларда, оқу залдарында бiлiммен

шұғылдануға дағдылану.

3. өздiгiнен бiлiм алатын адам ненi оқитынын анық бiлiп, ол жұмысты белгiлi жоспармен, жүйемен

жасауы керек.

4. Алғашқы кездерде тəжiрибелi адамдардан, кiтапхана-шылардан кеңес, консультациялар

алудың пайдасы зор.

5. өздiгiнен бiлiм алу жұмысын асықпай, көп үзiлiс жасамай жүргiзген жөн.

Оқыған материалды мұқият ұғатындай етiп оқып, түсiнбеген жерлердi қалдырмай, бiр

оқығанда қайта оқып, оның негiзгi жақтарын жазып алу қажет. Сонымен қатар анықтама

əдебиеттердi, энциклопедияларды, түрлi сөздiктердi қоса пайдаланып отыру керек.

Н. К. Крупскаяның бұл кеңес-нұсқаулары қазiргi күнде де маңызын жойған жоқ.

Оқушылардың өздiгiнен бiлiм алу əрекетiн арттыру мақсатында қазiргi озат мектептер

арнайы жұмыстар жүргiзуде. Жоғары сынып оқушыларына арналған еңбектi ғылыми

жолмен ұйымдастыру (НОТ) сабақтары, кiтапхана сабақтары, библиографиялық конкурстар, саяси

тақырыптарға арналған факультативтер, саяси клубтар, оқушылардың қызығулары бойынша

ұйымдас-тырылған үйiрмелер, арнайы семинарлар мен лекторий-лер, ой еңбегiнiң мəдениетiн

жетiлдiру университетi, кон-сультациялық бюролар, жас мұғалiмдер үшiн ''өздiгiнен ___________бiлiм алу

мектебi'' т.б. жұмыстар. Мұндағы көзделген мақсат - оқушылардың өздiгiнен бiлiм алуға қызықтыру

жəне бұл жұмысқа қажеттi нақты қарапайым дағдыларды қалыптастырып, дербес бiлiм алу

мəдениетiн арттыру.

Бұл жұмыста жоғары сынып оқушыларын өз жұмысын жоспарлауға, уақытты дұрыс

(үнемдеп) пайда-лануға, өзiне қолайлы күн режимiн белгiлеуге үйретудiң маңызы зор. Сол сияқты

оқығанын конспектiлеуге, тыңда-ғанын жазып алуға, өзiне керек хабарларды iздеуге,

библиографиялық жəне анықтама материалдарды пайда-лануға кiтаппен, каталогпен жұмыс

iстеуге арнайы дайын-дау жəне үйрету мектептiң өте маңызды мiндетi болып табылады.

Ол үшiн мектеп оқушыларына арнап ''Кiтап оқу мəдениетiнiң негiздерi'' атты факультативтiк

сабақ ұйымдастырудың да маңызы ерекше.

В. А. Сухомлинский оқушының өздiгiнен, өз ықыла-сымен жүйелi кiтап оқуын ақыл-ой

тəрбиесiнiң екiншi бағдарламасы деп санаған. ''Кiтап, - дейдi ол, балалардың өмiрiнде бала жақсы

оқи бiлуге үйренгенде ғана үлкен рөл атқарады. ''Жақсы оқи бiлу'' деңгейiнiң мəнi неде? Бұл, ең

алдымен, кiтап оқудың қарапайым əдiсiн бiлу, игеру болып табылады'' дей келе, ол кiтапты жүйелi

оқудың, ең алдымен көркем əдеби шығармалардан, одан əрi ғылыми-көпшiлiк əдебиеттерге

ауысуын жөн көредi. Егер адам өз өмiрiнде екi мыңдай кiтап оқитын болса, соның жарты-сын

балалық жəне жасөспiрiм шақта оқуға тиiстi дейдi.

өздiгiнен бiлiм алудың қайнар бұлағы – бiрiншiден кiтап болса, екiншiсi мерзiмдi баспасөз.

Соған орай газетпен жұмыс iстей бiлу – газет бетiнен керек материалды таба бiлу деген сөз.

Газетпен жұмыс iстеу аса ауыр да, күрделi болумен қатар, тым қызықты да.

Оқушыларды газет-журналдарды жүйелi оқуға итермелейтiн мотив – бiлiмге деген

құштарлық, қызығу (таным мотивi). Газет оқуға олардың ынта-ықыласын арт-тыру үшiн, мұғалiм

сабақта мерзiмдi баспасөз беттерiнде жарияланған материалдарды өзi пайдаланып жəне

оқушыларға содан үйде оқуына арнайы тапсырмалар берiп отыруы қажет.



13. Қазiргi сабақтың жаңа түрлерi

жəне оларға сипаттама

Қазiргi кезде мектеп тəжiрибесiнде сабақтың қалып-тасқан дəстүрлi түрлерiнен басқа,

дəстүрсiз түрлерi де пайда болуда. Ол, əрине қоғамның жаңару, жетiлдiру жағдайында бiлiм беру

саласын реформалаумен тығыз байланыста iске асуда. Оқыту жұмысын ұйымдастырудың мұндай

дəстүрсiз түрлерi көбiнесе оның жеке əдiстерiне негiзделiп құрылуда. Ондағы мақсат - əрбiр

сабақтың оқу-тəрбиелiк мүмкiндiк-терiнiң мол екенiн көрсете отыра, оны жаңа сапалық сатыға

көтеру. Олардың қатарына лекция, конференция, пiкiр-талас, панорама, компьютерлiк сабақтарын

жатқызуға болады.

Бiрақ, жоғарыда аталған сабақтың дəстүрлi емес түрлерi – оның жаңа немесе жеке

түрлерiне жатпайды. Себебi, ондай сабақтардың дидактикалық құрылымы анықтал-маған, ешбiр

дидактикалық қағидаларға негiзделмеген. Сабақта қолданатын дəстүрлi емес жеке тəсiл-

амалдарға жататын (конкурс, сайыс, көкпар, жарыс, бəйге, аукцион, ойын, экспедиция) - сабақтың

элементтерi деп қарау керек.

Дəстүрлi емес сабақ түрлерiн жаңа сабақ ретiнде ұсынып жүрген авторлар сабақты оқу

жұмысын ұйымдас-тырудың басқа формаларымен (экскурсия, конференция, семинар,

консультация т.б.) шатастырады. Бұлар оқу жұмысын ұйымдастырудың қосымша формаларына

жатады, сондықтан оларды сабақтан өзгеше қарау дұрыс.

И. П. Подласый ''Педагогика'' атты оқулығында ''Дəстүрлi емес сабақ - дəстүрлi құрылымы

жоқ ойдан шығарылған оқу жұмысы'' - деп бағалайды.

Педагогтардың дəстүрлi емес сабақтар бойынша пiкiрлерiнде қарама-қайшылықтар бар:

бiреулерi педаго-гикалық ойлауда прогресс, мектептердi демократияландыру бағытында дұрыс

қадам деп қараса, басқалары, керiсiнше, мұндай сабақтар педагогикалық қағидаларды қауiптi

жағдайда ___________бұзу, шындап еңбек ету қолынан келмейтiн жəне оны қаламайтын жалқау оқушылардың

қысымымен педагогтардың амалсыз кейiн шегiнуi – деп осы мəселе жайында өз көзқарасындағы

пiкiр қайшылықтарын алға тартады. Оның бұл еңбегiнде көптеп таралған дəстүрлi емес сабақтың

36 түрiн ұсынады.

Əрине, дəстүрлi емес сабақтар қатаң құрылымы жəне қалыптасқан жұмыс кестесi бар

күнделiктi оқу жұмыс-тарына қарағанда əдеттегiдей емес ой, ұйымдастыру, өткiзу тəсiлдерi

оқушыларға өте ұнайды.

Дегенменде ол мұғалiмдерге оқыту жұмысында осындай тəсiлдердi көптеп сабақтар

жүйесiнде пайдалануға кеңес бередi.

Қорыта айтқанда оқыту жұмысын ұйымдастырудың қандай да формасын қолданбайық,

сабақтар жүйесiнде олардың көздейтiн мақсат-мiндеттерi, мазмұны өзара бiр-бiрiмен байланыста,

бiрiн-бiрi толықтыратындай жағдайда, оқушылардың бiлiм дəрежесiн нығайтып, жетiлдiруде едəуiр

көмек етедi.

Бақылау сұрақтары

1. Оқыту формасы дегенiмiз не?

2. Мектептiң даму тарихында оқытуды ұйымдастырудың қандай негiзгi формалары қалыптасты?

3. Сыныптық-сабақ жүйесi қандай дара ерекшелiктерiмен сипатталады?

4. Қазiргi кезде сабаққа қойылатын негiзгi талаптарды атаңыз? Олардың маңызы қандай жəне

сипаттамасын берiңiз?

5. Сабақты жiктеу тəсiлдерi, ол неге байланысты жəне оның жолдары қандай?

6. Сабақтың негiзгi түрлерi мен оның құрылысын атаңыз?

7. Аралас сабақтың негiзгi жетiстiктерi мен кемшiлiктерi қандай?

8. Жаңа оқу материалын енгiзу сабағының құрылымын айтыңыз?

9. Мұғалiмнiң сабаққа дайындалу тəсiлдерi қандай?

10. Оқыту жұмысын ұйымдастыру формасының сабақтан басқа түрлерiн атаңыз жəне оларға

сипаттама берiп, маңызын дəлелдеңiз.

11. Оқушылардың өзiндiк жұмысының маңызы, ерекшелiгi қандай?



2.6 Оқушылардың оқу-танымдық əрекетiн тексеру жəне бағалау

1. Оқыту процесiнде бiлiмдi есепке алу, бақылау

жəне бағалаудың маңызы, қызметi

Оқыту процесiнде оқушылардың бiлiм, бiлiк, дағдыларын есепке алу, бақылау жəне

бағалау оның аса қажет құрамдас бөлiгi болып есептеледi. Мұғалiмнiң сабақтар жүйесiнде оны

дұрыс ұйымдастыра бiлуi, көптеген жағдайда оқу-тəрбие процесiнiң табысты болуының оң кепiлi.

Ол үшiн, мұғалiм оқушының оқу материалын меңгеру дəрежесiн, сапасы мен көлемiн үнемi

анықтап отыруы тиiс. Бұл бағытта оқушылардың, сабақтар жүйесiнде бiлiм, бiлiк, дағдыларын

есепке алу, бақылау жəне бағалаудың маңызы ерекше. Бақылаудың көмегiмен теориялық бiлiмдi

меңгерудегi сапа, бiлiктiлiк пен дағдының қалыптасу дəрежесi анықталады.

Осы тұрғыда бiлiм, бiлiк, дағдыны есепке алу жəне бағалау мəселесiне теориялық жəне

практикалық талдау жасаудың маңыздылығы ерекше.

Бақылаудың тақырыптық түрiн ұйымдастырудың практикалық мəселелерi П. Горбунов, Е. С.

Березняк, В. И. Иващенко, А. К. Исаков, Е. И. Перовский, С. Ф. Сухорский, Н. В. Чертинский, В.

О. Онищуктiң ғылыми педагогикалық еңбектерiнде талданған.

Бақылауды ұйымдастырудың жекеленген əдiстемелiк мəселелерi жайында М. Р. Львов, Н. Н.

Светловский, А. П. Пышкало, Т. Л. Коган жəне т.б. теориялық талдау жасаған.

Осылардың негiзiнде қаралып отырған педагогика-лық мəселенiң теориялық аспектiсi

жеткiлiктi дəрежеде зерттелген деп қорытынды шығаруға болады, себебi ''есепке алу'', ''бақылау'',

''бағалауды'' ұйымдастырудың мəнi, олардың оқу-тəрбие процесiндегi қызметi, форма-лары мен

тəсiлдерi анықталған.

Екiншiден, оқыту сапасын тексерудiң ''5'' балдық жүйесi оқушылар бiлiмдерiнiң нақтылы

дайындық дəрежесiн барлық жағдайда дұрыс көрсетпейдi. Ондағы негiзгi кемшiлiк, оның жеткiлiктi

түрде iшкi жəне сыртқы керi байланысты қамтамасыз ете алмауында, соның нəтиже-сiнде оқыту

процесiнiң сапасын арттыруда мұғалiм əркезде бағалау жүйесiн дұрыс қолдана алмайды.

Жоғарыда айтылған тұжырымдамаға сүйене отыра, бiлiм, бiлiк пен дағды нəтижесiн есепке

алу, бақылау мен бағалаудың теориялық талдауы жəне практикада қолдану тəжрибесi арасында

əлi де болса қарама қайшылықтың бар екендiгiн байқаймыз.

Ғылыми-педагогикалық əдебиеттерге талдау жасау негiзiнде бұл мəселенiң қалыптасуы мен

даму динамика-сын бiрнеше кезеңге бөлуге болады.

20 жылдары үй тапсырмасын беру, бiлiмдi жəне емтиханды бағалауды оқыту процесi

жүйесiнде қарастырмайды, соның нəтижесiнде оқушының үлгерiм сапасына мұғалiмнiң бақылау

жасау орнына ''бригадалық-лабораториялық'' əдiс жүйесiне негiзделген ''өздiгiнен бақылаудың''

түрлерi кең көлемде тартылды. Ол бiр жағдайда үлгерiм нəтижесiн бақылауда иесiздiк, жауап-

кершiлсiздiкке əкелсе, екiншi жағдайда, оқу сапасының төмендеуiне керi ықпалын тигiздi.

30 жылдары бiлiм, бiлiк пен дағды нəтижесiн есепке алуды бақылау (Е. В. Гурьянов) жəне

тəрбиелiк қызметiне (П. Г. Ананьев) көптеп көңiл аударыла бастады.

40-60 жылдары бұл мəселе төңiрегiнде отандық ғылым мен практика тəжрибесiн жинақтау

жұмыстары қолға алынды. Онда бiлiмдi бақылау (Е. И. Перовский), оқушыларды бақылау ретiнде

қарастырылды. Оқушыларды бақылау: əрi оқыту, əрi тəрбиелеудi көздесе, кейiннен оның дамыту

қызметi ойластырылды (Н. Т. Дайри).

Осы мəселенi дұрыс шешудегi оң қадам 70 жылдары Педагогика ғылымы Академиясының

оқыту мазмұны мен əдiстерi ғылыми зерттеу институты қызметкерлерiнiң зерттеулерi негiзiнде

бастама алды. Мұнда оқу-тəрбие процесiнiң барлық буындарын басқару жəне тексерудiң

диагностикалық қызметi айқындалды.

80 жылдардан бастап оқыту нəтижесiн есепке алу, бақылау жəне бағалаудың мазмұны,

амал-тəсiлдерi мен қызметiнiң дидактикалық-əдiстемелiк негiздерiн талдап, жасау қолға алынды.

Оның əдiлдiгiн, дəлдiгiн көтеруге бағытталған мəселелер, үлгерiм нəтижесiн есепке алуды қатаң

жəне тəртiпке келтiру жүйесiне арналған жұмыстар қолға алына бастады. Бұл бағыттағы жұмыстар

күнi бүгiн де өз жалғасын табуда.

Дегенменде, бүгiнгi таңда оқыту теориясында бақылау немесе бағаның мəнi, тəсiлдерi

жайлы əлi де болса ортақ пiкiр қалыптаспай отыр.



Бақылау - кең көлемде бiр нəрсенi тексеру деген мағынаны бiлдiредi. Бақылау оқыту

процесiнде оқушы-лардың оқу əрекетiне басшылық жасау қызметiн атқарады, олардың

творчестволық күшi мен қабiлетiнiң дамуына ықпал етедi.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   28




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет