Мазмұны кiрiспе 1 тарау педагогиканың жалпы мəселелерi


XVII-XVIII ғғ. батыс педагогикасының дамуы



бет24/28
Дата14.03.2020
өлшемі0,64 Mb.
#60153
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
Байланысты:
Абиев Педагогика Каз
Маметулла Әлішер 401, Калий Оксикбаева, хим слайд, хим слайд, Презентация1, БУЛАНУ, анатомия руб, 1 лек, 1-2 практ сабак

5.3 XVII-XVIII ғғ. батыс педагогикасының дамуы

1. Ян Амос Коменский - Еуропа педагогикасының

негiзiн салушы

Ян Амос Коменский 28-наурызда, 1592 жылы Морави қаласында дүниеге келдi.

Германияда бiлiм алып, 24 жасында ол туыстар общинасының дiн қызметшiсi мiндетiн атқарды.

1618 жылы Коменский 240 километрге орналасқан Праганың шығысындағы Фульнекеге келдi.

Сол жылдары Еуропада протестантизмге қарсы күш - католиктiк конитрреформация құрылды. 10

жылдық соғыстан кейiн Римдiк католиктiк дiн Моравияда заңды түрде жеңiп билiк алды. Жоғары

сославия өкiлдерi Коменскийге соған мүше болып кiру немесе отанын тастап кету ұйғарылған.

Коменский соның əсерiнен жер аударылып, семьясымен бiрге Лешноға келдi. Бұл Поль-шаның

белгiлi Общиналық орталығы болатын. Осыдан бастап, ол қуғын көрiп 42 жыл бойы айдауда

жүрдi. Отанына қайтып орала алмады. 1656 жылы Лешнода оның қолжазбаларын өртедi. Бұл

жылдары ол бала-шағасынан айырылды. өмiрiнiң соңғы кезiн ол Амстердамда өткiздi. Голландия

да ол өзiнiң көптеген еңбектерiн шығаруға мүмкiндiк алды. 1657 жылы латын тiлiнде ''Ұлы

дидактика'' басылды. Я. А. Коменский өмiрiнiң соңғы төрт жылы iшiнде -''Адам iсiн түзетудiң бүкiл-

жалпылық Кеңесi'' атты еңбегiн жариялады.

XVII ғасырда педагогика статус алып, өзiнше ғылым болып бөлiнiп шыққаннан кейiн

Чехияның ұлы педагогi Я. А. Коменскийдiң (1592-1670) беделi жəне еңбектерiмен əрi қарай бекiп,

дами түстi. Осы кезден бастап Коменский-дiң теориялық ой-пiкiрлерi педагогиканы дамытып, ол

күнi бүгiнге дейiн ғылыми маңызын жоғалтқан жоқ. Содан бастап, ол дүниежүзiлiк аренаға шығып

педагогикаға əлем жұртшылығының назарын аударды, қолдау тапты. Коменский дəуiрi Еуропада

буржуазиялық формацияның үстемдiк етiп тұрған кезi болатын, ол соған соқтығысып өзiнiң

философ-гуманист___________, қоғам-қайраткерi, аса көрнектi педагог екенiн таныта бiлдi.

XVII ғасырдағы мектептегi бiлiм беру жүйесiнiң кемшiлiгiн жақсы түсiнген Коменский

Еуропадағы оқу-ағарту iсiн мүлде қайта құрумен айналыса бастады. Ол оқудың жаңа əдiстерi мен

əдiстемелiгiнiң қажеттiлiгiн айтып, бiлiм беру жүйесiнiң, оқудың прогрессивтiк жүйесiн - оның

барлық адамға бiрдей жəне тиiмдi де түсiнiктi болуын, өзiне мақсат етiп қойды. Оның

дəлелдеуiнше - ''Балаларды оқыту қажет, бiртiндеп қарапайым, элементарлық ұғымдардан

күрделiге көшiп отыру педагогикалық талаптардың негiзi деп көрсеттi. Коменский бастауыш оқуды

ана тiлiнде (тек латын тiлiнде емес) жүргiзудi ұсынды.

Ол тек ақылды адамдар тəрбиелеу емес, жеке тұлғаны түгелдей дамыту оқудың ең басты

мiндетi - деп есептедi. Тəрбиенiң рөлiн жоғары бағалаған педагог ''Адам тек тəрбие арқылы ғана

адам болады'', ''Адам болу үшiн ол бiлiм алуы тиiс'', ''Бiлiмдiлер нағыз адам'' - дедi. ''Iлiм -

нравтылықтың спутнигi'' - дедi педагог. Оның жүйесiнiң негiзi - ақыл-ой, нравтық, дiни тəрбиенi

жүзеге асыру. Оның айтуынша, ақыл-ой тəрбиесi ақылды еңбектiң жемiсi. Коменский бiлiм алу тек

жастардың ғана мiндетi емес, барлық адам оқуы, үйренуi қажет - дедi.

Коменский мектепке арнап бiрнеше оқулықтар жазды, оның мақсаты балаларға өмiрдiң

тұтас картинасын беру. Оның ғылыми еңбектерi, оны бүкiл Еуропаға жəне жер жүзiне танытты. Ол

iс жүзiнде оқуды ғылымға айнал-дырды. Оның педагогикалық əдiстерi революциялық маңыз

алды. Оқуды түбегейлi өзгерттi. Коменский педагогика тарихында аса көрнектi орын алды. Оны

ғылыми, теория-лық маңызын жоғалтқан жоқ. Оның принциптерi, əдiстерi мен əдiстемелiктерi,

оқыту формалары, мысалы, сынып-сабақ жүйесi - педагогиканың теориялық негiзi болып сақталып

қалды.

Оқытудың жаңа əдiсiнiң қажеттiлiгi. Коменский дəуiрiнде мектепте бiлiм беру жүйесi

бытыраңқылық ___________күйде болды. Мысалы, ер балалар ғана бiлiм алуға құқықты болды. Алайда кедей

отбасының балалары мектепке қабылданбады. Сабақтарда латын əрпiмен балалардың басын

қатырды. Орта ғасырда көптеген мектептер Католиктiк шiркеудiң бақы-лауында болды. Шiркеудiң

қызметi латын тiлiнде жүргiзiлдi. Мақсат мектептi латын тiлiнде оқытып дiн иелерiнiң орнын

толтыру едi. Педагогтар оқыту мақсаты мен мiндетiн ешбiр ойламады. Жайдан күрделiге көшу

ешкiм-нiң есiне келмедi. Тəртiп қатаң болды. Мектептердегi нравтық климат - ұрып, соғу мақсатын

көздедi.


Бұл дəуiрдегi мектептi Шотландия ағартушысы Саймон Лори - ''Ешбiр ойластырылмаған'',

''Ешбiр қызықтырмайтын'' деп атады. Ал, Коменский оданда ауыр етiп ''Ақыл соғысы'' - деп атады.

Англияда Фрэнсис Бэкон латын оқуын айыптады, қайтадан жаратылыс пəнiн үйретудi ұсынды.

Вольфганг Ратке, Иоганн Валентин Андреэ - Германияда т. б. оқу жүйесiн өзгергуге өз беттерiнше

жұмыс iстей бастады. Демек, XVII ғасыр азабы - оқуды өзгерту туралы олардың ешқайсы-ның оқу

туралы ойларын, ұсыныстарын қабылдамады.

Коменскийдiң педагогика туралы алғашқы еңбегi 1630 жылы отбасында тəрбиелейтiн

аналар мен бала күтетiн адамдарға арналды. 1631 жылы ''Тiлдер мен барлық ғылымдардың ашық

есiгi'' атты еңбегi жарық көрдi. Бұл латын тiлiндегi оқуға революциялық дəстүрде соққы берген

еңбек болды. Кiтапта екi колоннаға бөлiнген - Чех тiлi мен латын тiлiн салыстыра оқытудың мəн-

жайы түсiндiрiлдi. Еңбекте латынша оқытудың кемшiлiктерiн баса көрсеттi. Бұл кiтаптың

құндылығы сонда, ол 16 елдiң тiлiне аударылды.

Коменскийдiң көпке, оқушылар қауымына таныс жұмыстарының бiрi - ''Картинада

бейнеленген əлем заттарының көрiнiсi'' атты еңбегi. Бұл жасөспiрiмдерге арналған едi. ХХ

ғасырда педагогика профессоры Элвуд Кабберли былай дедi. ''Бұл кiтап Еуропада бастауыш

оқуда 150 жыл орнына 200 жыл пайдаланылды, бұған теңдес кiтаптың болмағанының куəсi'' -

деп, жазды. Қазiргi кiтаптар мен оқулықтар Коменский еңбектерi негiзiнде иллюстрация-ланып

жарық көруде. 1657 жылы Коменский латын тiлiнде ''Ұлы дидактика'' атты еңбегiн жариялады. Бұл

кiтап, оны дүние жүзiне танытты. Кiтап Коменскийдiң педагогикалық жүйесiн толық жəне дəлелдi

түрде баяндаған шығарма болды.



Я. А. Коменскийдiң кейбiр педагогикалық принциптерi:

Мұғалiм материалының көлемi. ''Мұғалiм материалды қанша, бiлгенiнше үйретуi қажет

емес, оны оқушылардың меңгергенiнше үйретуi тиiс'' - деп көрсеттi.



Оқыту əдiстерi. ''Барлық уақытта практикалық, əр кезде қызығатын тартымды, осының

нəтижесiнде мектепте шын мəнiнде өмiрдiң барлық үлгiлерiн көрсетiп тамаша шығарма-шылық

өнер - бастауы болуы тиiс''

''Жақсы оқу - бiреуге жай ғана көмек сияқты болмауы керек, ол аса бiр ғанибеттiлiкпен шын

мəнiнде бiлiмдi меңгеру''-дедi Коменский.

''Қабiлеттi мұғалiм деп соларды ғана атауға болады, кiм - өте шыдамдылықпен балаға бiлiм

бұлағын егетiн, қиыншылықпен оны жеңе бiлетiн адамды айтамыз'' (Коменский Я. А.)

''Оқыту жай ғана көрсету емес: бiр заттың пайдалана-тын орнына байланысты, екiншi

заттан айырмашылығын, формасын, шығу тегiн т. б. кiм жақсы айыра, талдай бiлсе, сол ғана

жақсы оқыта алады'' (Коменский Я. А.)



Логикалық байланыстар. ''Мағынасыз нəрсенi қанша айтсаңда, түсiне алмайсың,

бағалайда алмайсың, дəлiрек айтсақ, оны еске түсiруде мүмкiн емес'' (Коменский Я. А.)

''Бiр бөлшегi жоқ дүние - түсiнiксiзде, материалды талдайда алмайсың, алайда оны есiңе

де түсiре алмайсың'' (Коменский Я. А.)



Түсiну. ''Түсiну көп жағдайда адамдар арасындағы ұғынысқа жəне қарым-қатынасқа

байланысы. Неге, ол кiммен, немен байланысты, қандай жағдайда, қалай бiрiнен-бiрiнiң

айырмашылығы, ұқсастығы неде?

''өте жақсы айтылған, алғаш рет бiз текстiнi оқуымыз қажет, демек, оның мазмұнымен

танысу үiшн, екiншi рет - оны ___________түсiну үшiн, үшiншi рет оны өзiнiң есiнде жаңғырту үшiн, төртiншi рет

бiз оны өзiмiзше қайталауымыз қажет, мақсат оны қалай игергенiмiзде''.

''Оқудың негiзi айнала затты жəне құбылысты таным процесiмен байланыстыру, басқалар

байқағанда жəне зат туралы куəлiктi жаттаудың қажетi жоқ''.

''Құлақ көру мен сөздi байланыстырады - қолменде жалғастырады''. Үйрену сыртқы сезiм

мен ақылдың арақатынасын айқындайды''.



2. Джон Локктың педагогикалық ой пiкiрлерi (1632-1704)

Джон Локк ағылшын философы жəне педагог. Ол өзiң ''Тəрбие туралы ойлар'' атты

еңбегiнде тəрбиеге көзқарасын айқындайды. Iшкерлiк сапасы кең, ауқымды бiлiмiмен ұштастыра

бiлген, өзiне-өзi сенген адамының бейнесiн жасаған. Манерi сыпайы, нравтық жағынан сенiмдi

көрегендер, оның педагогикасының кейiпкерлерi осылар. Ол тəрбиенiң психологиялық негiзiне

жəне нравтылықтың қалыптасуына ерекше назар аударды. Ол баланың туа пайда болатын

сапасын жоққа шығарды, ол баланы ''Таза тақтаға'' (tadula zasa) теңедi, оған жазуға да сызуға да

болады. Алайда оған тəрбиенiң күшiн пайдалану тиiмдi.

Д. Локк болашақ ''көрегендерге'' қандай да қолөнермен айналысуды, парфюмер

бұйымдарымен, лактаумен, гравир-леумен айналысуды ұсынды. Алайда, ол ғылыми-практика-лық

бiлiмдер жүйесiне ерекше көңiл аударды. Оның педагогикалық теориясының негiзгi бөлiгi өтiлетiн

пəннiң мазмұнын талдаумен байланысады. Сондай-ақ, оның практикалық қолданылмалы мəнiн

аша түскен жөн. Атап айтқанда, оқудың орталығы көрегендер мен бiлiмдiлер даярлайды.

3. Жан - Жак Руссоның педагогикалық теориясы (1712-1778)

''Болжамалы, болжам! Мен қайталап айта бергiм келедi, ешқашан тоқталмаспын, бiз сөздiң

маңызына ерекше, артық тоқталып жүрмiз. Бiздiң бос сөздiлiгiмiз, құрғақ жаттауымыз, мылжың

сөздiгiмiз, тəрбиемiз - тек мылжыңдар тəрбиелеуге жарап жүр''. (Ж. Ж. Руссо).

Педагогикадағы догматизммен, схоластикамен, бос сөздiлiкпен - XVII ғасырда француз

материалистерi жəне ағартушылар Д. Дидро (1713-84), К. Гелвеций (1715-1771), Л. Гольбах (1723-

1789), əсiресе Ж. Ж. Руссо (1712-1778), қажымай күрес жүргiздi.

Ж. Ж. Руссо баланың табиғатпен байланыста жетiлетiнiн жақтады. Оның пiкiрiнше тəрбие,

''Баланың табиғи ерекшелiгiне араласпай, оның өсуiне ерiк беруi қажет'' дедi. Оның айнала

қызығушылығын, елiктеушiлiгiн, дарындылығын табиғи тұрғыда зерттеудi ұйғарды. Руссо

тəрбиедегi қаталдықты (ұрып соғу, зомбылық), сүйiспеншiлiкпен ұштас-тыруды ұйғарды.

Тəрбиедегi жоғары идеалдықты жақтады. Тəрбиешiнiң қолы, қолөнершiнiң қолындай, ол оның

басының жұмыс iстеуi - (ақылы, дарыны, ой-өрiсi) сол дəуiрдегi философтардан бiр кем болмауын

уағыздады. Оның теориясы - оқу тəрбие туралы өзiнен бұрынғы iлiмге негiзделiп жасалды. Ең

бастысы ол баланың айнала ортаға, өмiрге ерекше бiлiм құмарлығының болуын, оның өсуiн,

дамуын ұдайы мұғалiм бақылап отыру тəсiлдерiн ұсынды. Тəрбие нəтижесi - бiлiмдi меңгеру

процесiнен туындайтынын атап көрсеттi. Қолөнермен айналысу, пайдалы заттарды жасау,

қоғамдық пайдалы еңбекпен айланысу - бұл таза, адал еңбек жалғасы болып есептеледi. Оның

еңбек туралы ойлары прогрессивтiк бағыт ұстады.

4. Иоганн Генрих Песталоциидiң педагогикалық

ой-пiкiрлерi (1746-1827)

''Ой менiң сүйiктi халқым! Сен, маған жақын, өте жақын тұрсың. Мен сенi көрiп тұрмын,

мен сенiң мəдени рухани көтерiлуiңе көмектесемiн! -деп өзiнiң алғашқы педагогикалық ойларын

осылай түйдi.

Швейцария педагогi, демократ, бастауыш оқудың дидак-тикалық негiзiн салушылардың

бiрi. Ол тəрбие табиғаттан туындайтын болуы тиiс, сондықтан тəрбие адам бойындағы табиғат

берген рухани жəне дене күшiн баланың сапалық ерекшелiгiмен, оның жан-жақты

талпыныстармен ұштас-тыруы тиiс екенiн дəлелдедi. Песталоцийдiң элементарлық бiлiм беруi

ақыл-ой, адамгершiлiк, дене жəне еңбек тəрбиесi-мен ұштасып, өзара байланыста адамның

гармоникалық дамуын қамтамасыз етуiн талап еттi.

Еңбек тəрбиесiнде, баланы оқытуды Песталоции алдына мақсат етiп қойып, ұзақ мерзiмдi

бала дамуын қамтамасыз ету жолдарын көрсеттi. Ол сол кезең үшiн басты проблема оқуды

өндiрiстiк еңбекпен үштастыруды шешу мəселесiн қойды. Сабақта балалар ''бiлiм беру'' ертегi-

лерiн тыңдасын, ауызша есептеудi үйренсiн, бiр мезгiлде еңбектенсiн - деген тұжырым жасады.

Ол балалар күнделiктi өсiмдiктi, құсты, жануарларды күтумен айналыссын - дедi. Олар кендiрдi

жəне жүндi өңдеудi үйренсiн, өздерi тұратын ауылдың айналасындағы үлгiлi шаруашылықтарда

болсын, басшылармен, шаруашылық иелерiмен кездессiн, тiкелей практикалық iс үйренсiн - дедi.

Балалар еңбек сабақтарында шаруашылықты жүргiзудi, есептеудi, сауаттылыққа үйренуi тиiс -

дедi.

Ол балалар қоғамдастығын ұйымдастырып, оны үлкен еңбек коллективiне дейiн көтеру



қажеттiлiгiн ұсынды. Тəрбие-тəрбиенушiлердiң нравтық қалыптасуының қайнар көзi, негiзi болуын

талап еттi.



5. Клод Адриан Гельвецийдiң педагогикалық ой-пiкiрлерi

(1715-1771)

Гельвеций философ жəне материалист. Оның даналықтарының негiзгiлерi: ''Тəрбие

ережесi осындай - талас туғызатын жəне ешбiр анықталмаған күйiнде қала бермек, егер оны

қандайда болмасын белгiлi бiр мақсатқа тұрақты да тұтас күйге бағыттамаса''.

Олар: ''Асқан бiр қоғамдық игiлiк, ерекше қанағат-танарлық рухани дүние, адамдар

санасының көбейiп, олардың айтарлықтай бағытқа ие болуы''.

''Егер мен адамдар өз тəжiрибесiнiң жемiсi, оның нағыз шындық екенiн дəлелдеген болсам,

онда мен ешбiр күмəнсiз, халық алдына ұлы шындықтың бетiн ашқан болар едiм''.

''Тəрбие, ең бастысы бiздiң жүрегiмiз шашқан жылуын жеткiзе бiлсе, ол қоғамға жəне жеке

тұлғалар үшiн пайдалыда, күнделiктi əдетпен дағдыға айналар едi''.

''Тəрбие құдiретiн дəлелдеудiң ең күштi құралы - ол бiз тұрақты бақылап жүрген əр түрлi

тəрбиен___________iң өзара байланысы жəне олардың əртүрлi жемiсiмен қортындысы''.

''Тəрбие шырқау шыңына жеткiзген болса, алайда, кейде ойлап ой жеткiзе алмайсың,

демек, барлық адамдардан, олардың арасынан асқан дана адамдар дараланып шықса, олар

тəрбиенi тез қабылдайтын ерекше құдiреттi адамдар болса, соған жетсек''. Тəрбиенiң көмегiмен

адамдар арасында жарыс ұйымдастыруға болар едi, оларды көңiл аударуға белгiлi бiр ұғымға

назар аудара бiлсе, оларды гумманистiк-үлкен жүректiлiкке жүрек жылуын шаша бiлуге

тəрбилесек, ақылын шындық үшiн жұмсауға арнай алатын, барлық адамдарды асқан дана,

ержүрек болмасада, кем дегенде, пiкiрi дұрыс, жоғары саналы адамдар тəрбиелеп өсiрсек''. Тiптi

болмаса тəрбие ғылымын жетiлдiру сатысына көтере бiлсек, оғанда ризашылық жасар едiк,

халқымыз, осыған ұқсас адамдардан тұрса жəне құралса, онда ешбiр таласыз, əлемдегi бiрiншi

халық - деп айтуға əбден болады''.

''Қазiр, бiз тұрып жатқан өмiрдегi басқару формалары - бiздiң тəрбиемiздiң бөлiгiн

құрайды''.

''Əрбiр елде адамды қалыптасытру өнерi көп жағдайда, басқару формасына тығыз

байланысты, алайда, қандайда бiр, қоғамдық тəрбиедегi өзгерiстер, мемлекеттiк құрылыстың өзiн

өзгертпейiнше болуы мүмкiн емес''.

''Мен əлi де оқуды, үйренудi жалғастырамын, менiң тəрбием əлi толастаған жоқ. Ол сонда

ғана тоқтайды. Сонда ғана, оған менiң қабiлетiм жетпеген күнi мен дүниеден өткеннен кейiн, менiң

барлық өмiрiм сол, ол - дəлiрек айтсам, ұзақ ғұмырлы тəрбие''.



6. Адольф Дистервегтiң тəрбие туралы ойлары (1790-1866)

Немiс педагогi ''Адам алған тəрбие, өз мақсатына сонда ғана жетедi жəне бiткен болып

есептеледi, оның күшiн жəне еркiн билеп, өзi əрi қарайғы өмiрiнде туындатып, жаңартып жинай

бiлсе жəне оның əдiсiмен құралын меңгере бiлсе, осылай айнала ортамен дұрыс қарым-қатынас

жасай бiлсе, мiне тəрбие күшi осында'' (А. Дистервег, таңдаулы педагогикалық шығармалары. -М.,

1956, 118 -бет).

''Нағыз тəрбие - дамудың табиғатқа ұқсас түрiн жəне оның күнделiктi өсiп-жетiлуiне ұдайы

ұмтылады''. Егер талант ерте оянса немесе шамадан тыс шаршаса соның салдарынан, оның

қызметiмен iс-қимылы əлсiрей бастайды немесе мезгiлсiз тоқтайды. Егер талант, кеш оянса, ол

қандай қабiлеттi болса да, ешқашан ойлаған мақсатына жете алмайды''. ''Тым ерте'' жəне ''Тым

кеш'' - бəрiбiр екеуi де тəрбие үшiн зиянды сөздер.

''Одан не пайда? егер тəрбие бiздi бұзатын болса, қажетi сол бiздi жақсылыққа бағыттап,

оған жеткiзсе''.

7. Мишель Монтень жəне Джон Дьюйдiң

тəрбие мен оқу туралы ойлары (1533-1592)

Аса көрнектi француз ойшылы, философиялық скептицизмнiң оның адам танымының

шамасы жəне оның көптеген жағдайларға байланыстылығын жақтайтын өкiлдерiнiң бiрi.

Орта ғасырдағы схоластикалық ғылымның қарсылас-тарының бiрi ретiнде ол өзiнiң барлық

күшiн, шiркеулiк əдет-ғұрыптарға жұмсаған, ат төбелiндей топты əшкерледi. Монтень

(философиядағы) заттың өзiн, одан пайда болатын мəн мен мазмұнды зерттеп, тəжiрибелi ғылым

үшiн күрестi. Осыдан келiп, Монтеннiң педагогикалық көзқарастары өсiп қалыптасты. Ол ұдайы

дамитын бiлiм берудi жақтады. Оның түсiнiгiнше мұндай бiлiм - естi механикалық жаттаулар-мен

шырмамайды, ойлаудың өз бетiнше түрiн дамытып, сындық талдауға мүмкiндiк бередi. Ол мұндай

ойға-гуманитарлық жəне жаратылыстану пəндерiн зерттеу арқылы жеттi.

Монтеннiң дəлелдеуiнше, тəрбие баланың жеке тұлға ретiнде жан-жақты дамуын

қамтамасыз етедi, ол теориялық бiлiм дене жаттығуларымен толығады, оның эстетикалық

талғамын арттырады, жоғары адамгершiлiкке баулиды.

8. Джон Дьюи (1859-1912)

Америка философы, прагматизмнiң өкiлi, iрi əлеумет-танушы жəне педагог. ХIХ ғасырдың

соңында сол дəуiрдегi мектепке үстемдiк еткен, формализм мен догматизмге қарсы шығып, жаңа

мектеп ашу идеясын ұсынды. Бұл мектептер оқушылардың жеке тəрбиесi жəне олардың өз

бетiнше қызығушылығы негiзiнде жұмысын бастап, оларға қажеттi бiлiмдi ойын жəне еңбек iс-

əрекетi процесiнде алатын болады - деп көрсеттi.

Дьюидың 90 жылдардағы (өткен ғасырда) сол кездегi дəстүрлiк əдiстердi сынауды жəне

бастауыш мектептердегi оқу жұмысын ұйымдастыру туралы ойлары, сол кезең үшiн пайдалы

болды. Алайда, оның идеяларының АҚШ-тың элементарлық мектептерiнiң практикасына көптеп

ендiрiлуi жəне тағы басқа елдерге қолданылуы, оған сол үшiн оқудың жүйелiлiгiн төмендетiп жəне

оның ғылымилығын бұзады деген айып тағылды. Сөйтiп, IХ ғасырдың екiншi жартысын-дағы

Дьюидың прагматикалық педагогикасы үлкен сынға ұшырады. ХХ ғасырдың басында Дьюи өзiнiң

прагматикалық философиясы жəне педагогикасы негiзiнде ''Тəрбие дегенiмiз - балалар

тəрбиесiнiң таратылуы жəне түрлендiрiлуi'' деген идеясын ұсынды. Жалпы алғанда, ол

балалардың жеке тəрбиесiнiң жинақталуын, оқушылардың ғылыми бiлiмдi жүйелi меңгеруiнен

жоғары қояды.



5.4 Орыс жəне кеңес педагогтарының көзқарастары

Орыс педагогикасында тəрбие туралы ой-пiкiрлер мен қолданылмалы идеялар тез

қалыптасты. Ерте заман-ның өзiнде Руста мектептер ашылды. 1030 жылдың өзiнде Новгородта

300 балалық мектеп ашылғаны ел жадында. ХII ғасырдағы ''Князь Владимир Мономахтың

балаларды үйретуi'' атты педагогикалық трактаты, өз кезiнде кеңiнен тарағаны белгiлi. Бұл

трактатта - өз Отаныңды сүю жəне қорғау туралы, адамдарға көмек көрсету жəне қайрым-дылық

құрметтi болу жəне үлкендерге, құрдастарға, жасөспiрiмдерге сыйлы болу, сауаттылыққа

ынталылық-пен жету т. б. озық ойлар басым болды.

XVII ғасырда Елифаний Славинецкий жəне Симеон Полоцкий тəрбие мəселелерiн жасады

жəне қарастырды.

Орыстың педагогикалық ойының дамуына М. В. Ломоносов үлкен үлес қосты. Ол

''Риторика'', ''Россия грамматикасы'' т. б. бiрнеше оқу кiтаптарын жазды. Россия педагогикасына

өлшеусiз iз қалдырған Н. И. Новиков болды. Ол ''Жүрек жəне ақыл үшiн балалар кiтабы'' атты

Россияда бiрiншi рет журнал шығарды.

Орыстың ағартушысы демократтары, философтар жəне жазушылары - В. Т. Белинский, А.

Н. Герцен, Н. Г. Чернышевский, Н. А. Добролюбов еңбектерi көпке танымал. Л. Н. Толстойдың

көрегендiк идеяларын бүкiл жер жүзi мойындады. Н. И. Пирогов еңбектерi мектепте ұдайы

оқытылып келедi. Бұлар сословиялық мектептердi сынады, халықтың тəрбиесiн қайта өзгерту

ұрандарын көтердi.

Ұлы орыс педагогы К. Д. Ушинский

(1982-1870)

К. Д. Ушинский есiмi ХIХ ғасырдың екiншi жарты-сындағы орыс ағарту-iсiнiң көрнектi

қайраткерлерiнiң қатарынан бiрiншi орын алады. Ол Россиядағы педагогика ғылымының жəне

орыс халық мектебiнiң iргетасын қалаушылардың бiрi. Оның ''Балалар əлемi'', ''Ана тiлi'',

''Педагогикалық антхопология'' атты еңбектерi балалар мен мұғалiмдер үшiн таптырмайтын,

қайталанбас, орыс-тың педагогикалық əдебиетiнiң алтын қорына қосылған туындылар. Сондай-

ақ, педагогика ғылымы саласынан шетелге тұңғыш танылған еңбектер болды.

Ушинскийдiң педагогикалық жүйесiнде оқудың принциптерi мен мақсаттары, тəрбиенiң

мəнi мен маңызы көрнектi орын алады. Ол қарапайым, заңдылық-парадокстi қамтитын тəрбие,

егер ол адамға бақыт сыйлағысы келсе, онда ол бақыт үшiн тəрбиелемей, өмiрге жəне еңбекке

баулу керек. ''Тəрбиенi жетiлдiре отырып, адамдардың дене, ақыл-ой, нравтық күшiн белгiлi

деңгейден əрi жалғастырып - көтерiп тастауы мүмкiн'' - деп жазды. Қалай болса да, адамда жəне

тəрбиенiң жоғарғы мұраты, тағы да бiр ерекше күш тауып, межелi мақсатқа жетуге жол табуы

тиiс''-деп көрсеттi.

К. Д. Ушинский мектептегi қоғамдық тəрбиенiң орталығы, ол мұның ең маңызды тұлғасы

мұғалiм деп бағалайды. Бiлiм берумен тəрбие iсi көптеген жағдайларға байланысты деген. Олар:

мектептiң өзiнiң iшкi жағдайы, мектепте қалыптасқан дəстүрлермен тəртiптер, оқу бағдар-

ламалары, оқулықтар мен оқу құралдары т. б. Ал, осылардың iшiндегi ең негiзгiсi - мұғалiм, оқу

мен тəрбие сол мұғалiмнiң сапалы сабағына байланысты болады деген. Осы жағдайды ескерте

келе Ушинский былай деген: ''Тəрбиеде барлығыда тəрбиешiнiң жеке басына негiзделуi тиiс ...

Ешқандай жарғы жəне бағдарлама, ешқандай оқу орнының жасанды орта-лығы, қаншалықты

жетiлдiрiлгенiмен, тəрбие iсiнде жеке тұлғаны, мұғалiмдi алмастыра алмақ емес, тəрбиешiнiң

тəрбиеленушi əсерiнсiз мiнез-құлыққа сiңерлiктей шын тəрбие беру мүмкiн емес.''

Оқытудың дидактикалық негiздерi

Дидактика жəне əдiстеме мəселелерi К. Д. Ушинский еңбектерiнде көркем орын алады. Бұл

мəселелер оның ''Адам тəрбиесi'', ''Н. И. Пироговтың шығармалары'', ''Ана тiлiн оқытуға

басшылық'', ''Швейцарияға педагогикалық саяхат'' атты шығармаларында кең түрде баяндалды.

1. Ушинский оқудың тəрбиелiк сипатта болу принципiне ерекше мəн бердi. Оқуды ол

''Теорияның негiзгi құралы'' деп бағалады. Сондықтан оқу тəрбиелiк ерекшелiкте болуға тиiс.

Ушинский сабақта əрбiр оқытушы балаға деректердi ғана ұсына бермей, мақсатты түрде олардың

ақыл-ойында, адамгершiлiгiн де дамытатындай етiп ұйымдастырылуды талап еттi.

2. Ушинский оқудағы баланың саналылығы мен белсендiлiгi оқу процесiн ұйымдастырудағы

негiзгi жəне жетекшi принциптердiң бiрi деп бағалаған. Оқу iсiнiң сапалы құрылуы оқу процесiн

белсендi ететiндiгiнде, бүкiл оқу процесiнде бала белсендiлiгiн тудыратындай ол түсiндi де сендi.

Сондықтан оқудағы баланың саналылығы мен белсендiлiгi бiр-бiрiнен бөлiнбейдi - деп

есептеледi.

3. Ушинский оқытудағы көрнекiлiк принципiнiң көптеген мəселелерiне жаңаша талдау

жасаған, бұл принциптi жаңа сатыға көтерген. Оқытудағы көрнекiлiк - Ушинскийдiң дəлелдеуiнше,

оқуды жалпы ұғымдарға емес, нақты факторларға, нақты образдарға негiздеу. Көрнекiлiк əдiсiмен

оқу - оқушыларды өз бетiнше ___________байқауға, үйретуге негiзделедi.

К. Д. Ушинский көрнекiлiк мəселесiндегi оқытудың көрнекiлiгi мен жолдарын тұңғыш рет

анықтады. Бастауыш мектептердегi көрнекiлiктiң əдiстемесiн жасады.

Ушинскийдiң ескеруiнше бала табиғаты үнемi көрне-кiлiктi талап етiп отырады. Сондықтан,

көрнекi құралмен оқытуды баланың ерте жасынан бастау керек - деген. Ушинский көрнекiлiктiң

бастапқы оқуда көбiнесе сөзбен байланысты болуын талап еттi, себебi сол арқылы баланың

ойлай бiлудi де, тiлi де дамиды.

Ушинский оқыту жұмысын ұйымдастырудың негiзгi жолы кластағы сабақ жүйесi деп бiлдi

жəне осы жүйе үшiн күрестi. Ушинский еңбектерiнде реттi, дұрыс ұйымдас-тырылған жақсы

сабақтың негiзгi белгiлерi анықталды. Олар: сабақтың негiзгi мазмұны мен деректерiн бiлдiрiп

отыру, бұрынғы тиянақты меңгерiлген бiлiмдерге iштей байланысты түрде жаңа ойларды, ұғымдар мен деректердi ендiру, бiлiмдердiң байланыстарын ескеру, оқушылардың сабаққа деген ынтасы мен белсендiлiгiн арттыру, өтiлiп жатқан тақырыпты оқушылардың терең меңгеруiн ойластыру, саналы тəртiп пен реттiлiктiң болуы т. б.

К. Д. Ушинский оқу процесiн сапалы ұйымдастырудың басты шарты-əдiстемелiк

шеберлiкте, ал əдiстемелiк шеберлiк əр түрлi оқыту əдiстерiне байланысты деп есептедi. Ол

мынадай негiзгi оқыту əдiстерiн ұсынды: түсiндiрiп оқыту, оқытушы-ның əңгiмесi, бақылай

əңгiмелесу, əр түрлi жаттығулар (ауызша, графикалық, жазбаша).

Əрбiр сабақтың сапалы болуы - мұғалiмнiң бүкiл сынып бойынша жұмыс iстей бiлуiнде,

əрбiр оқушының зейiнiн сабаққа жұмылдыра бiлу шеберлiгiнде дедi - Ушинский. Бұл туралы ол

былай дедi - ''өз сабағына барлық оқушыларды тарта бiлуi мұғалiм iсiнiң көрнекiлiгi''.



Н. К. Крупскаяның педагогикалық теориясы

(1870-1939)

Кеңестiк оқу-ағарту жүйесiнiң негiзiн салушылардың бiрi. Халық ағарту туралы алғашқы

декреттi жасаған - педагог. Педагогиканың басты проблемасы - тəрбиенiң негiздерiн жəне

политехникалық оқуды, бiлiм мазмұнын, жас ерекше-лiк педагогикасын, коллективке тəрбиелеу

мəселелерiн т. б. тұңғыш рет шешкен Н. К. Крупская болды.

Педагогика тарихында тұңғыш рет бiрыңғай мектеп жүйесiн ұсына отырып, педагогика тек

тəрбие мəселелерiн шешпей, оның мазмұнын талдап ғана қоймай, оның түбегейлi проблемалары

халықтың оқу-ағарту iсiн ғылыми негiзде жүргiзудiң жолдарын көрсетiп бердi. Жас ұрпақты жоғары

адамгершiлiк рухта тəрбиелеу проблемаларын шешу жолдарын ұсынды. Үлкендер тəрбиесiн

насихаттау, тəрбиенiң ұрпақтан ұрпаққа жалғасуы тарихи дамудың негiзi - деген қағиданы көтердi,

оны тəрбиенiң арқауы еттi.

Крупская - оқытудың мазмұны мен методикасы туралы. Н. К. Крупская мектеп оқуының

мазмұнын анықтай келе еңбекшiлердiң өмiрiлiк тiлек-талаптарынан тыс мектептiң тұра

алмайтындығын ескерттi. Крупскаяның дəлелдеуiнше бiлiм беру мазмұны жасөспiрiмдердi күн-

делiктi өмiрге қажеттi практикалық əрекетке даярлауды көздеуi тиiс.

Крупская мұғалiмдердiң Бүкiл одақтық бiрiншi сьезiнде сөйлеген сөзiнде мектеп беретiн

бiлiм шаруа-шылықтың талаптарымен байланысты болу мiндетiн көрсеттi. Оқыту мазмұны

мектептен кейiнгi өмiрге жол сiлтеуi тиiс екендiгiн, оқушыға белгiлi бiр мамандықты таңдауға

көмектесу қажеттiлiгiн атап айтты. Н. К. Крупская оқу процесiндегi теорияның практикамен тығыз

байланысты-лығы оқушылардың оқу материалын терең жəне тиянақты түрде меңгеруiнiң де ең

тиiмдi жолы - деген тұжырымының маңызы ерекше.

Оқу пəндерi арасындағы тығыз байланыстылықты қызу қуаттай отырып, оны материалистiк

көзқарасты қалыптастырудың қажеттi жолдарының бiрi деп санаған да Н. К. Крупская болатын.

Н. К. Крупская жеке пəндердiң арасындағы тығыз байланыстылық политехникалық бiлiм

берудегi маңызын ашты. Ол жаратылыс тану сабақтары материалистiк көзқарасты

қалыптастырып, еңбек тəрбиесiн беруде үлкен рөл атқарса, əдебиет сабақтарының патриотизм,

гуманизм сезiмдерiн тəрбиелеуде зор мəн барын атап көрсеттi. Н. К. Крупская оқушылардың өз

бетiнше атқаратын жұмыстарын ұйымдастыруды, практикалық жұмыстар жүргiзудi, өндiрiске,

табиғатқа, музейлерге экскурсиялар ұйымдастыруды айырықша атап көрсеттi. Н. К. Крупская үйге

тапсырма беру мəселесiне ерекше көңiл бөлдi. Класқа жалпы берiлетiн тапсырмамен қатар

балаларға жеке-жеке тапсырма берудiң қажеттiлiгiн айтты. Қандай жағдайда болмасын

тапсырманың шамадан тыс болмауын талап еттi. Мұғалiм шеберлiгiн талап еттi, өз пəнiн жете

меңгерген мұғалiм ғана сапалы бiлiм бередi - дедi. Оқытылатын материалды, негiзгi мəселенi

ашып көрсету, оның өмiрдегi мəнiн айқындау, оқушыларды сабақ үстiнде ойлануға, балалардың

сезiмiне əсер ету мұғалiмнен шеберлiктi талап етедi. Сондықтан, мұғалiм өз бiлiмiн толықтырумен

қатар, шеберлiгiн үнемi жетiлдiрiп отыруға мiндеттi. Крупская мұғалiмнiң жұмысын жоғары

бағалай келiп, ауыл-село мұғалiмдерiнiң еңбегiн ерекше құрметтедi.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет