Мазмұны кiрiспе 1 тарау педагогиканың жалпы мəселелерi


Тəжiбаев Төлеген - қазақтың тұңғыш психолог - ғалымы, академик (1910-1964)



бет27/28
Дата14.03.2020
өлшемі0,64 Mb.
#60153
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
Байланысты:
Абиев Педагогика Каз
Маметулла Әлішер 401, Калий Оксикбаева, хим слайд, хим слайд, Презентация1, БУЛАНУ, анатомия руб, 1 лек, 1-2 практ сабак

Тəжiбаев Төлеген - қазақтың тұңғыш психолог - ғалымы, академик (1910-1964)

1910 жылы Оңтүстiк Қазақстан облысы, Арыс ауданы, 9-ауылда туған. 1928 жылы

Шымкенттегi Педагогикалық техникумды, 1935 жылы Москвадағы Н. К. Крупская атындағы

Коммунистiк тəрбие академиясын бiтiрдi. Еңбек жылын 1938 жылы Абай атындағы педагогикалық институтының педагогика жəне кафедра меңгерушiсi қызметпен бастаған Тəжiбаев одан кейiнгi мерзiмдерде халық ағарту комиссарының бiрiншi орынбасары, оның комиссары, жəне қазақ ССР сыртқы Халкомсовының комиссар орынбасары, қызметiнде болады. 1944 жылдан бастап Қазақ ССР сыртқы iстер Министрi, Қазақтың əл-Фараби атындағы Мемлекеттiк ұлттық университетiнiң ректоры жəне қазақ ССР Министрлер Советi председателiнiң орынбасары болды.

1957-1961 жылдары Үндiстандағы СССР елшiлiгiнiң кеңестi-өкiлi болды. Ал, 1961 жылдан

əл-Фараби атындағы ұлттық университетiнiң педагогика жəне психология кафедрасының

профессоры жəне меңгерушiсi қызметiн атқарады.

1938 жылы педагогика ғылымының кандидаты, 1962 жылы педагогика ғылымының докторы

дəрежесiне ие болды. 1954 жылдан Қазақ ССР ғылым академиясының академигi Т. Тəжiбаев

Қазақ ССР педагогика қоғамының президентi, жоғары жəне арнаулы орта бiлiм Министр-лiгiнiң

педагогика жəне психология саласындағы ғылыми-əдiстемелiк кеңесiнiң төрағасы т.б. қоғамдық

жұмыстар атқарды.

Т. Тəжiбаев жауапты қоғамдық, мемлекеттiк қызметтер атқарумен бiрге, зор ғылыми-

зерттеу жұмыстарын жүргiздi. Оның К. Д. Ушинскийдiң психологиялық көзқарасы туралы

зерттеулерiнiң зор ғылыми маңызы болды. Ол жас ғалым-психологтарды даярлауда көп еңбек

сiңiрдi. Тəжiбаев Қазақстандағы педагогикалық ой-пiкiрдiң, оқу-ағарту iсiнiң дамуы жəне мектептер тарихын, Абай Құнанбаевтың философиялық, психо-логиялық жəне педагогикалық көзқарастарын жан-жақты зерттеген ғалым. ХIХ ғасырдың екiншi жартысын-дағы Қазақстандағы оқу-ағарту iсiмен педагогикалық ой-пiкiр дамуы жөнiндегi зерттеулерi көлемдi, əрi маңызды зерттеулер қатарынан саналады.



Сембаев Iбнияұлы - қазақ мектебiнiң тарихын тұңғыш зерттеген ғалым (1905-1989)

1905 жылы Жезқазған облысы, Шет ауданында Қарабұлақ аулында туған. 1931 жылы Абай

атындағы Қазақтың Мемлекеттiк Педагогикалық институтының химия факультетiн бiтiрдi.

Педагогикалық жұмысты 1925 жылы мектепте мұғалiмдiктен бастады. Одан кейiнгi жылдары қазақ ССР Оқу Министрлiгiнiң əдiскерi, Қазақтың ауыл шаруашылық институтының оқытушысы, əрiдиректоры болды. Қазақ ССР-ы Оқу Министрi, əл-Фараби атындағы Ұлттық университетiнiң

кафедра меңгерушiсi жəне проректоры, қызметiн атқарды. Қазақ ССР Оқу Министрлiгi жанындағы Алтынсарин атындағы педагогикалық ғылыми-зерттеу институтының директоры жəне институт жанындағы үйлестiру Кеңесiнiң меңгерушiсi болды.

1966 жылы Ғылым докторы дəрежесiн, 1967 жылы профессор атағын алды. Ол ССР

Педагогикалық ғылымдар академиясының мүше-корреспондентi болып сайланды. Сембаев Ə. I.

Қазақ Совет мектебiнiң қалыптасуын зерттеуге үлкен еңбек сiңiрген ғалым. Оның 30-дан астам

ғылыми еңбегi жарық көрдi.

Ол үлкен қоғам қайраткерлерi бола жүрiп, Қазақ-стандағы педагогика ғылымының өркендеп

өсуiне қазақ-ұйғыр, орыс-қазақ мектептерiне байланысты К. Д. Ушин-скийдiң, Н. К. Крупскаяның

педагогикалық мұраларын жан-жақты зерттеген ғалым.



Раиса Лемберг - Қазақстан педагогикасын дамытуға үлес қосқан ғалым (1883-1965)

Соғыстан кейiнгi жылдарда дидактиканың əр түрлi бағытында зерттеу жүргiздi. 40 жылдары

''Сабақтың құрылысы проблемасы'', ''Бiлiмдi бекiту жəне сабақтағы бiлiктiлiк'' т. б. сабақ өтудегi

мұғалiм бiлiмi мен оның шеберлiгiне үлкен мəн бердi, оның дидактикалық негiзiн қалады.

Ал, 50-60 жылдары ''Оқыту əдiстемесi'', ''Дидактика-лық очерктер'' т. б. мақалаларында

Лемберг Р. Г. оқу процесiн психологиялық негiзде талдайды жəне сипат-тайды. Оның оқу құралы,

оқыту жолдарын айқындайды, оқыту əдiстемесiнiң творчестволық жолын белгiлеп бердi. Раиса

Григорьевна елiмiзде бiрiншi болып психология-педагогикалық тоқыраудың салдарын жою

жаңадан оның тиiмдi жолдарын iздеудiң жаршысы болды. Оқудың тұрпайлығын жою, сабақты

көрнекiлiкпен өткiзу проблемаларын бiрiншi кезекке қойды. Оның ғылыми мектебiнiң шəкiрттерi

- Г. А. Уманов пен Н. Д. Хмель Лембергтiң iлiмiн жалғастырып, өздерi оның бiлiмiн таратты.

Қартбай Бержанов - ''Педагогика тарихы'' оқулығын қазақ тiлiнде тұңғыш жазған ғалым (1924-1976)

Педагогика ғылымының докторы, профессор Қ. Бержанов артына үлкен педагогикалық

мұра қалдыр-ған, Қазақстандағы педагогика ғылымының дамуына қосқан өзiндiк үлесi бар

көрнектi ғалым.

1947 жылы Абай атындағы Қазақ педагогика институтының тарих факультетiн бiтiрiсiмен

институт қабырғасындағы қоғамдық жəне педагогикалық iске қызу араласып, студенттерге тəлiм-

тəрбие бередi. Кейiнен Қазақ мемлекеттiк қыздар педагогика институтында проректор əрi

педагогика жəне психология кафедрасының меңгерушiсi болып қызмет атқарған ол 1967 жылдан

өмiрiнiң соңына дейiн əл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттiк универ-ситетiнiң педагогика жəне

психология кафедрасының меңгерушiсi болды.

Қ. Бержанов бiрнеше оқулық пен монографиялық еңбектiң, 200-ге тарта мақаланың авторы.

Оның бiрi ''Қазақстан мұғалiмдерiнiң (1917-1941) қоғамдық жəне мəдени ағартушылық iсi

тарихынан'' атты монографиясы Қазақстандағы тұңғыш жазылған еңбектердiң қатарынан орын

алады.


Ғалым туындыларының негiзгi өзегi педагогика тарихының мəселелерi болып саналады.

Ол оқу-ағарту жəне жалпы мəденит саласындағы халықтар ынтымағы мен достығын өз еңбегiне

ұдайы арқау етiп отырады. Оның ''Оқу-ағартудағы халықтар достығы'' атты ғылыми педагогикалық туындысы осы тұрғыда жазылған маңызды еңбек.

Ол ХIХ ғасырдың бiрiншi ширегiнде орыс-қазақ қатынастарының даму тарихында

Қазақстанның ағарту iсi мен мəдениетiне, оның тарихы мен табиғи байлық-тарын зерттеуге ықпал

етiп, белгiлi iз қалдырғандар - декабристердiң Қазақстан жерiнде болуының зор маңызы бар деген

тұжырымға келедi.

Орыс мəдениетi мен оқу-ағарту iсiнiң Қазақстанның оқу-ағарту iсiне тигiзген тағы бiр

ықпалы ұйымдастырылған кадет корпустары. Сонымен бiрге, Россияның ұлт аймақ-тарында,

соның iшiнде Қазақстанда орыс бiлiмiнiң таралуына ықпалын тигiзген, 1789 жылы Орынбордағы

Меновой двор мешiтiнiң жанынан қазақ балаларына арналған мұсылман мектебiнiң ашылуы қазақ

жастарының орыс тiлiн үйренудегi алғашқы қадам болғанын баяндайды.

Қазақ жерiнде тұңғыш мектеп ашқан, дала қоңырауы атанған Ыбырай Алтынсаринның,

ұлы ағартушылар Абай мен Шоқанның орыстың озық мəдениетiнен сусындап, оның оқу-ағарту

саласындағы озық идеяларын қазақ жерiне тұңғыш таратушы екенiн түйiндей отырып, ол бүгiнгi

Қазақстан мектептерiндегi үлкен өзгерiстер ұлы орыс мəдениетi жəне орыс-қазақ достығының

нəтижесiнде қол жеткен теңдесi жоқ табыс екенiн дəлелдейдi.

Ғалымның ұзақ жылдар бойғы зерттеулерi нəтижесiн-де жазылған бағалы еңбектерiнiң

бiрi - ''Педагогика тарихы'' оқулығы. Бұл жоғары оқу орындары оқытушыларының мектеп

мұғалiмдерiнiң, студенттердiң қолтума кiтабына айналды.

Оның ғылыми еңбегiнiң қай-қайсысы болмасын адамгершiлiк жəне еңбек тəрбиесiнiң

принциптерi тұрғы-сында жазылған. Автор 1920 жылдардағы Қазақстан жерiнде алғашқы

мектептiң киiз үйлерде ашылғаны, алғашқы мұғалiмдердiң педагогикалық бiлiмi жоқ, қысқа

курстарда оқыған сауаты ғана бар екенiне арнайы тоқталып, оның заңды құбылыс екенiн ескерте

кетедi. Сол мектептердiң бүгiнгi тəрбие мен оқудың бiрлiгiн, оның берiк үлгiсiн жасаған қазақ

мектептерiне дейiнгi дəржеге көтерiлуi ұлт саясатының салтанат құрып отырғанының айқын айғағы

деп тұжырым жасаған. Сондай-ақ ол кеңес мектебiнiң алғашқы жылдарындағы халық ағарту iсiн

дамыту мен қалыптастыруда Н. К. Крупская, М. И. Калинин, А. В. Луначарский, А. С. Макаренко т.

б. көрнектi педагог-тердiң тəжiрибесi, олардың педагогикалық ықпалының орасан зор болғанын өз

еңбектерiнде ерекше көрсетедi.

Ол педагогика тарихын белгiлi бiр жүйемен зерттедi. Мысалы, ол XVI-XVII ғасырдың

аралығындағы жаңа педагогиканың негiзiн қалаушы ұлы славян педагогi Ян Амос Комнескийден

бастап, əр түрлi кезеңдегi педагогика ғылымының дамуына өзiндiк үлес қосып келе жатқан,

педагогикада өз дəуiрiне тəн бетбұрыс жасаған, демек əрбiр ғасырда өмiр сүрген педагогтардың:

Ж. Ж. Руссо, И. Г. Пестолоции, М. В. Ломоносов, В. Г. Белинский, А. И. Герцен, К. Д. Ушинский,

Н. Г. Чернышевский, Н. А. Добролюбов, Л. Н. Толстой, И. Н. Ульянов, Ы. Алтынсарин, Ш.

Уəлиханов, А. Құнанбаев т. б. көптеген педагогтердiң еңбектерiне талдау жасап, олар туралы өз

кезiнде республикалық жорналдар мен газеттерге мақалалар жазды.

Ғалым зерттеулерiнiң басты бiр өзегi - педагогика-ның бiлiм беру жəне оқыту теориясын

жетiлдiретiн саласы - кеңестiк дидактиканы зерттеуi едi. Ол дидактиканы қазақ топырағымен

байланыстыра зерттедi. Мысалы, ол бiрiншiден прогрессивтi орыс педагогикасының дидактика-

лық үлгi-өрнектерi қазақ мектептерiнде Ы. Алтынсарин ашқан мектептердiң тəрбиесi арқылы

жүзеге асырылды десе, екiншiден, С. Көбеевтiң ''үлгiлi бала'' оқулығын дидактикалық еңбектер

қатарына қосады. үшiншiден, ол ''Айқап'' журналының материалдарын да дидактикалық еңбектер

қатарына қосуы да оның еңбектерiнiң жан-жақтылығын дəлелдейдi

Қ. Бержанов өмiр бойы ұстаздық еттi. Одан дəрiс алған, лекция тыңдаған, ғылыми бiлiм

жəне тəрбие көрген мұғалiмдер республиканың түпкiр-түпкiрiнде жемiстi еңбек етiп, ұстаздық

қызметте жүр.



Григорий Уманов-Қазақстан педагогикасын дамытушы ғалым (1931)

Əл-Фараби атындағы қазақ мемлекеттiк университетi тарих факультетiнiң түлегi бүгiнде

педагогика ғылымының докторы, Қазақстан Республикасы ғылымына еңбек сiңiрген қайраткер Г.

А. Уманов белгiлi ғалым, ұлағатты ұстаз, сондай-ақ өзi еңбек ететiн Абай атындағы Алматы

Мемлекеттiк Ұлттық университетiнiң педагогика кафедрасының профессоры. Сонымен бiрге

кафедра жанындағы педагогикадан кандидаттық жəне докторлық ғылым дəреже беретiн ғылыми

кеңес мүшесi, Ташкент ғылыми кеңестiң мүшесi т. б.

Ол жергiлiктi халық тарихын, ұлттық дəстүрiн, тiлiн, мəдениетi мен əдебиетiн үйренудi

өзiнiң борышы деп бiлiп, бүкiл отбасымен қазақ театрына барып, ұлттық өнерден сусындай

бастады. Сол кездерi ер жетiп қалған Григорий де мұндай мəдени демалыстардан қалыс

қалмайтын. Кейiн ол Қазақ мемлекеттiк университетiнiң тарих факультетiне оқуға түскенде осы

бағытынан танбады.

Шынында да, Г. А. Умановтың студенттiк өмiрi тек iзденiспен өттi. Оқуда озат болумен

қатар, факультеттiң, тiптi, университеттiң қоғамдық жұмысына да белсене араласты. Үнемi бiлсем

деген талпыныста жүретiн оған кезiнде тарих ғылымының докторы, атақты академик Серiкбай

Бейсенбаев, белгiлi тарихшы ғалым Есмұқан Бехмахановтар дəрiс берiп, ұстаздық еттi. Бiлiмдерi

терең, парасатты да мəдениеттi ғалымдардан ғибрат алудың өзi де Григорий Абрамович үшiн

тəнтi болған жас сол кезде-ақ ''үлкен ғалым боламын'' деген арманды көкiрегiне мықтап түйген едi.

Университеттi 1954 жылы бiтiрген ол еңбек жолын Алматы медицина училищесiнiң тарих

пəнiнiң мұғалiмi болудан бастады. Кейiн Алматыдағы еңбек колонналары мектептерiнде мұғалiм

жəне директор болып еңбек еттi. Мiне, осы кезден бастап ол қиын балалар тəрбиесiн зерттеумен

айналысты. Ұзақ жылғы еңбек, мол тəжiрибе көп кешiкпей өз жемiсiн бердi. Ол 1960 жылдардың

басында ''СССР-де кəмелетке жетпеген балалардың қылмыс жасау себептерi'' атты тақырыпта

кандидаттық диссертация қорғады. Бұл еңбек кейiн монографиялық кiтап болып шықты.

Негiзi əр ғылымның өзiндiк зерттеу ерекшелiгi бар. Оның еңбектерiндегi ерекшелiк - теорияның

тəжiрибемен тiкелей байланысы. Мысалы, 1968 жылы ''Жеке оқушылар-мен жүргiзiлетiн тəрбие

жұмыстарының мəселелерi'', 1969 жылы жарық көрген ''Кəсiптiк-техникалық училищелердегi

тəрбие жұмысының жүйесi'' атты монографиялары соның айқын айғағы. Қазақстандағы кəсiптiк-

техникалық оқу орындарының, əсiресе, училищелердiң озат тəжiрибесiн жинақтаған бұл

дүниелердi оқушылар оқулық ретiнде пайдаланып келдi. Ал, 1970 жылы Г. Уманов ''Қазақстанда

кəсiптiк-техникалық бiлiм дамытудың педагогикалық проблемалары'' атты тақырыпта докторлық

диссертация қорғады. Ол көп кешiкпей үлкен кiтап болып шықты. Мұны педагог ғалымдар, сол

кездегi көрнектi педагог Р. Г. Лемберг Қазақстан педагогикасына қосылған үлкен үлес деп

бағалады.

Ол өзiнiң ''Бала бақыты'' атты кiтабында баланы жасынан еңбекке үйретудiң тəрбиелiк

жүйесiн жасаған. Тəрбие iсiнде орынсыз ағаттықтар жiберуден сақтан-дырады. Сондай-ақ, ол

Москвадан орыс тiлiнде шыққан ''Мы и наши дети'' атты еңбегiн В. Сухомлинскийдiң ''Балаға жүрек жылуы'' атты кiтабы негiзiнде жазғанын автор мақтаныш тұтады.

Г. А. Уманов зерттеулерiнiң тағы бiр ерекшелiгi барлық проблеманы кез келген обьектiсiн

жергiлiктi халықтың топырағынан iздейдi. өзiнiң өскен ортасының табиғатын, ғылыми-техникалық прогресiн мəдениетi, оқу-тəрбие iсiн, əдебиетiн, тарихын өз зерттеулерiнiң берiк компоненттерi

етiп ала бiлдi. Соңғы оншақты жылдар iшiнде ____________жазған ''СССР-де оқушыларға кəсiптiк бағдар беру'' Қазақстанда кəсiптiк-техникалық бiлiм берудi дамытудың педагогикалық проблемалары, ''Жеке оқушылармен жүргiзiлетiн тəрбие жұмысының жүйесi'', ''Қиын балалар-мен жүргiзiлетiн тəрбиенiң

маңызды мəселелерi'' атты еңбектерiнде жəне Қазақстандағы оқу-ағарту, тəрбие мəселелерiне

арналған теориялық танымды мақала-ларында екжей-тегжейлi баяндалған.

Сондай-ақ Г. Уманов - қазақ əдебиетiнiң даму тарихымен де айналысқан ғалым. Ол, тарих,

əдебиет жəне педагогиканы бiртұтас деп қарайды. Оған көптеген педагогиканың зерттеулерi

дəлел. Мысалы, ''Бала бақыты'' атты кiтаптары тəрбиенiң түйiндi мəселелерiн шешуде қазақ

балаларының жүрiс-тұрысы, қазақ отбасының күй-жайы, дəстүрi, халық педагогикасының

мұралары жан-жақты талданып жазылған.

Сондай-ақ, Уманов өте қайрымды да парасатты, зиялы ғалым. Олай дейтiнiмiз, оның

жетекшiлiгiмен 100-ден астам адам педагогика ғылымының кандидаты жəне докторы дəрежесiне

ие болды. Ол толып жатқан диссертацияның оппонентi болып сөйледi. Қыруар кiтаптар мен

монографияларға, əдiстемелiк оқу құралдарына, оқулықтарға беташар жазып, батасын бердi. Ол

лекция оқуда да еңбек тəрбиесiнiң майталмен маманы. Бүгiнгi Қазақстан педагогикасының көш

бастаушыларының бiрi. Оның педагогика саласындағы жүзеге асырылған iстерi айтарлықтай.

Умановтың бастамасымен Абай атындағы педагогикалық институттың барлық факультеттерiне

''Мектеп күнiн немесе үзiлiссiз педагогикалық тəжiрибе'' енгiзiлген болатын. Оның мақсаты

педагогикалық практиканың мерзiмiн ұзарту, яғни студенттер бiрiншi курстан бастап əр жылы 35-

40 сағаттан педагогикалық тəжiрибеден өтедi. Көп ұзамай бұл бастама Алматы қаласының барлық

педагогикалық оқу орындарында қолдау тапса, ал 1989-90 оқу жылында бұл тəжiрибе

республиканың барлық педагогикалық оқу орындарының оқу-тəрбие жоспарына енгiзiлiп, жүзеге

асырылды.

Соңғы кездерi ғалымды елiмiздегi оқу-ағарту iсiн қайта құру, ондағы басты проблема жаңа

адамды дамыту, қалыптастыру жəне тəрбиелеу қатты толғандыратын болды. Iзденiс тағы да iс

жүзiнде көрiнiс тапты. Оның бiрi - ғалымның бастамасымен Алматы қаласындағы 36, 65, 31

мектептердiң жанынан ғылыми оқу-əдiстемелiк комплекс құрылуы. Комплекс үш бағытта:

(Оқушылардың танымдық iс-қимылын белсендендiру'', ''Оқушыларды идеялық-адамгершiлiк рухта

тəрбиелеу'', үшiншiден, ''Қиын балалар тəрбиесiн жетiлдiруде'' жүйелi жұмыс жүргiзудi көздейдi.

Бұл iске бүкiл кафедра мүшелерi жұмылдырылды. Мұндағы ең түпкi мақсат-қайта құру негiзiнде

жоғары оқу орындарының қызметiн мектепке жақындату, оқу тəрбие процесiнiң тиiмдiлiгiн арттыру едi. Бұл iсi өзiнiң жалғасын табуда.



Жарықбаев Құбығұл - Қазақстанның көрнектi психологы (1929)

Əл-Фараби атындағы Қазақтың Ұлттық Университетi-нiң профессоры, педагогика

ғылымының докторы Қ. Б. Жарықбаевтың тəрбие тағылымы мол адам. Жүсiпбек Аймауытовтың

сөзiмен айтқанда ''Тəрбиелi адам, демек иманды адам, ол бiлiмiн өз орнына, игiлiкке, адамзаттың

гұлденуiне жұмсайды'' - деген екен. 1946 жылы Ақтөбе оқытушылар педагогика институтын

бiтiрген балаң жiгiт Құбығұл Бозайұлының ойына Жүсiпбек Аймауытовтың осы бiр тəрбие туралы

ғұламалық даналығы, аталық сөзi кiрмегенде шығар, немесе елес бердi ме оны сол кезден

бастаған тəрбие туралы талпыныс пен бiлiм алу туралы үлкен ұмтылыс, зор арман Алға қазақ

орта мектебiнде ұстаздық қызметiн бастағанда, оны болашаққа жетелей бердi. 1947 жылы алғаш

Төлеген Тəжiбаев ұйымдастырған əл-Фараби атындағы қазақтың Ұлттық Университетiнiң ''Логика

жəне психология'' бөлiмiн бiтiрiп шықты. 1951-1977 жылдары Қызылорда педагогикалық

институтының оқытушысы, жəне Шымкент педагогикалық институтында доцент, психология

кафедрасының меңгерушiсi болып қызмет атқарды. 1977 жылдан берi əл-Фараби атындағы ұлттық

университеттiң психология жəне педагогика кафедрасы-ның меңгерушiсi кейiнгi жылдары

''Этнопсихология жəне педагогикалық психология'' кафедрасының профессоры болып қызмет

атқарып жүр. Аңсаған арман оның басындағы мiнез-құлықтық психологиялық ерекшелiк

психология ғылымын зерттеуге тұлғалық берiлгендiгi, оны биiк межеге жетеледi. Сөйтiп ол

алғашқы еңбегiн ''Абай қазақ халқының ұлы ағартушысы'' жəне ''Қазақ ағартушылары жастарды

тəрбиелеу туралы'' еңбектерi жарыққа шыға бастағаннан берi қарай, ол елуге тарта психология

саласын қамтитын оқулық пен оқу құралдарын, оқу бағдарламаларын жазды. 800-дей ғылыми

мақаланың авторы. Мұның барлығы психологияның маңызды мəселелерiне арналған. Демек

Құбығұл Бозайұлы ХХ ғасырдың соңғы ширегiнде педагогика, əсiресе психология ғылымының

дамуына зор үлес қосқан көрнектi ғалым. Қазақстанның психология ғылымының негiзiн

салушылардың бiрi. Абай атындағы АлМУ-дың педагогика кафедрасындағы докторлық ғылыми

кеңестiң жəне əл-Фараби атындағы ұлттық университеттiң психологиядан докторлық ғылыми

дəреже беретiн кеңестiң мүшесi.

1962 жылы қазақ тiлiнде жазған тұңғыш психология оқулығы (1970-82-94) қайтадан үш рет

басылды. Сонымен бiрге ''Махамбет өтемiсұлы жастар тəрбиесi хақында'' (1976), ''Əл-

Фараби'' (1977), ''Аталар сөзi - ақылдың көзi'' (Монография, 1980), ''Ұстаздық еткен

жалықпас'' (психология очерктерi, 1987) жазылды. Осы еңбектерiнде автор қазақтың тəлiм-

тəрбиелiк нұсқасын психологиялық ғылыми негiзе айландырып жастар жəне ұрпақ тəрбиесiнiң

психологиялық негiзiн салды. Сонымен қатар ол ''Қазақтың тəлiм-тəрбиелiк ой-пiкiр

антологиясы'' (1995), ''Этнопсихология'' (1998), ''Қазақ мектептерiндегi оқу-тəрбие процесiнiң

этнопсихология-лық мəселелерi'' (1997), ''Психология пəнiн оқытудың кейбiр мəселелерi'' (1987)

еңбектерi əл-Фарабиден берi қарайғы қазақтың этнопедагогикалық немесе халықтық

педагогиканың күнi бүгiнге дейiнгi дамуына талдау жасайтын тарихи тағылымы мол, жастар

тəрбиесiн халықтық педагогика негiзiнде тəрбиелейтiн жəне бiлiм беретiн тарихи еңбектер.

Қ. Б. Жарықбаев ''Қазақ психологиясының тарихы'' (1996), ''Развитие психологический

мысли в Казахстане'' (1968), ''Жүсiпбек Аймауытовтың психологиялық ой-пiкiрлерi'' (1998)

еңбектерi арқылы Қазақстандағы туралы психо-логиялық ой-пiкiрдiң дамуын, оның əртүрлi тарихи кезеңiн тереңнен тартып талдайды. Осы жоғарыдағы еңбектердiң барлығында да Құбылғұл Бозайұлы сан ғасырлық тарихы бар, қазақ халқының көне заманнан бергi тəлiм-тəрбиесiн, психологиялық жəне педагогика-лық оқу-ағарту ой-пiкiрдiң қалыптасу бағыт-тарын саралап та сараптап, бүгiнгi өмiрдiң талаптарына сəйкес зерттеп, жазды.

Қ. Жарықбаевтың ғылыми - iзденiс бағыттарының негiзi - ағартушылықты: тəрбие, оқу-

ағарту, бiлiм берудi, оның iшiнде психологиялық iлiмдi зерттеудi өзiнiң биiк межесi етiп ұстаған.

Ғалым - жаңа рухта жас ұрпақ тəрбиелеу, адамгершiлiк, жақсы мiнез-құлық қалып-тастыру

қажеттiлiктерiн тек қана тəжiрибеде iске асырып қоймай, бұл мəселелердi теориялық тұрғыдан

да терең зерттеген.

2003 жылы ''Қазақ психологиясының дамуы мен қалыптасуы'' туралы психология

ғылымының докторы дəреженсiн алу үшiн диссертация қорғады

Пысықтау жəне бақылауға арналған сұрақтар

1. Əл-Фарабидың оқу-ағарту жəне тəрбие туралы ой-пiкiрлерi, оның жаңа адамды

қалыптастырудағы тарихи маңызы.

2. Фарабидiң еңбек тəрбиесi туралы тағылымдарын талдаңыз.

3. Фараби ғылымды қалай жiктедi?

4. Махмұд Қашқари еңбектерiнiң тарихи маңызы жəне ғылыми мұраларына талдау жасаңыз.

5. Қашқаридың ''Диуани лұғат-ат-Түрк'' атты еңбегiнде қандай тарихи жəне тəрбиелiк мəселелер

көтерiлген?

6. Баласағұн Жүсiптiң отбасы тəрбиесi туралы өсиеттерi жəне ''Құтты бiлiк'' дастанының қоғамда

алатын орны қандай?

7. Қадырғали Жалайри мен Мұхаммед Хайдар Дулати-дың, еңбек тəрбиесi туралы ой-пiкiрлерiнiң

тарихи маңызын талдап, тəрбиелiк мəнiн қалай түсiнуге болады?

8. Фирдауси мен Низамидiң адамзат тiршiлiгi, өмiр мен қоғам, отбасы даналықтарын талдап,

жастар тəрбиесi туралы тағылымдарының тарихи маңызына түсiнiк берiңiз?

9. Ибн-Сина еңбек тəрбиесi туралы қандай пiкiрлер айтқан жəне дəрiгерлiк қызметiнiң тарихи

маңызы қандай?

10. Əлiшер Науаи мен Мақтымқұлының Орта Азия ойшылдарын ретiндегi еңбектерiнiң тарихи

маңызын қалай түсiнесiз?

11. Ян Амос Коменскийдiң педагогиканың негiзiн салушы ретiндегi еңбектерiнiң маңызы қандай?

12. Я. А. Коменский оқытудың қандай əдiстерiнiң негiзiн салды?

13. Джон Локк пен Жан-Жак Руссоның тəрбиенiң табиғатпен байланыстығы туралы ой-пiкiрлерi,

оның педагогикадан алатын орны қандай?

14. И. Т. Песталоции мен К. А. Гельвецийдiң тəрбие туралы ой-пiкiрлерi жəне оның педагогикалық

маңызы мен мəнi қандай?

15. А. Дистервегтiң тəрбие туралы даналықтарының тарихи маңызы қандай?

16. К. Д. Ушинскийдiң дидактикалық принциптерiнiң - оқыту мен бiлiм берудегi алатын орны жəне

оның мектеп тəжiрибесiндегi тарихи мəнi?

17. Н. К. Крупская мен А. С. Макаренконың педагогика-лық еңбектерi жəне оның тəрбиелiк мəнiн

түсiндiрiңiз?

18. В. А. Сухомлинский мен В. В. Шаталовтың педаго-гикаға қосқан жаңалықтары туралы

айтыңыз?

19. Қазақ ағартушыларының Ыбырай, Абай, Шоқан, Шəкерiмнiң əлеуметтiк-педагогикалық ой-

пiкiрлерiнiң пайда болуы мен қалыптасуының тарихи маңызына талдау жасап, тəрбиелiк

тағылымнан қалай дəрiс алуға болады?

20. А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытовтың Қазақстан педагогикасының дамуына қосқан

үлестерi туралы айтып берiңiз?

21. Қазақстан педагогтарының тəрбие, оқу, бiлiм беру туралы ой-пiкiрлерiнiң бүгiнгi егемендi

елiмiздiң оқу-ағарту бiлiм беру, iсiн дамытудағы рөлi қандай?


Əдебиеттер

1. Ақпанбек Г. Қазақтардың дүниетанымы. -Алматы, Қазақ университетi, 1989.

2. Айтмамбетова Б. Жаңашыл педагогтар идеялары мен тəжiрибелерi. -А., 1991.

3. Айтмамбетова Б., Бозжанова К., т. б. Балаларды семьяда адамгершiлiкке тəрбиелеудiң кейбiр

мəселелерi. -Алматы, 1985.

4. Айтмамбетова, Бейсенбаева. Тəрбиенiң жалпы əдiстерi. -А., 1991.

5. Айғабылова Н. Бала мiнезiнiң қалыптасуы жəне оны тəрбиелеу жолдары. -А., өнер. 1972.

6. Ахметов Ж. Балаларды мəдениеттiлiкке тəрбиелеу жолдары. //Қазақстан мұғалiмi, 18 ақпан,

1994.

7. Алмаханова Х. Жас өспiрiмдерге эстетикалық тəрбие беру. /Методикалық нұсқау. А., 1990.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет