Мазмұны Кіріспе Айдың шығу тегі Айдың тұтылуы Айдың гравитациялық аймағы Айдағы адам Зерттеу бөлімі



бет6/6
Дата02.10.2019
өлшемі30,15 Mb.
#49053
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
дарын
8, FIZIKA 150-N 1200 S 1178 A, 08 «Физика» пәні бойынша оқу бағдарламасы 7-9, mugalim nusqaulyq (1), mugalim nusqaulyq (1), Григорьев Ю.М., Муравьёв В.М., Потапов В.Ф. - Олимпиадные задачи по физике. Международная олимпиада «Туймаада» - 2007, FIZIKA 150-N 1200 S 1178 A, 9-ОШ ФО География 8кл рус, Doc1, Doc1

Адам ағзасына айдың әсері

Ай фазалары адамға келесідей әсер етеді деп есептелінеді: Ай толық кезінде көптеген адамдардың ой, күш-қуатының артады. Ескі ай кішірейіп, жоқ боларда және жаңа ай туғанша адамдардың көңіл –күйі төмендейді. Интеллектуалды өрлеу, шарықтау айдың 1/4 бөлігінен толық айға айналғанға дейін артады. Жаңа туған ай - өзіне жайлы, елге жайсыз. Ал айдың шалқайып немесе тік тууы егін шаруашылығына ынғайсыз.

Ай, сондай-ақ үлкен тылсым күшке ие. Барлық көріпкелдер, емшілер өздерінің ем-домдарын, болжағыш қасиеттерін Айға байланыстырып айтып жатады. Біз керемет жырға қосып, түрлі теңеу айтып жүрген Ай сәулесінің керемет «вампирлік» қасиеті бар. Адамның барлық күш -қуатын сорып алуға тырысатын көрінеді. Содан болар, өзге жұртты қайдам, қазақ халқы ұйықтағанда «бетіңе Ай сәулесі түсіп қалмасын, ай жарығында көп жүрме» деп жатады. Мұның астарында үлкен мән жатыр. Айдың сәулесі сау адамды ауру жанға айналдыруға, тіпті өлтіріп жіберуге де күші жетеді. Үлкендердің «Ай толған түнде далада көп жүруге болмайды» деп жататыны сондықтан. Көптеген эзотериялық бағыттағы ғалымдар Күн жүйесіндегі тіршілік иесі пайда болатын екінші ғаламшар ретінде Айды санайды. Сол себепті Ай бойына керекті энергияны көптеп жинап жатыр-мыс. Енді өзімізге келсек, қазақ халқы Айдың тылсым сырын ерте кезде-ақ білген. Содан болар, аспан денесіне байланысты түрлі наным-сенім, ырым көп. Неге өзге ғаламшарға байланысты емес? Сөйтсек, Айдың біз білмейтін құпиясы жеткілікті екен... 

Жаңа Ай туғанда: «Туған Айдай қылып жарылқа, Шыққан күндей қылып жарылқа. Басты аман, бауырды бүтін қыл, Отыңа оралтпа, суыңа сүрінтпе», – деп жатады. Ежелгі түсінік бойынша, Ай фазаларының өзгерісі тіршілік дүниесіне әсер еткен. Айталық, толған Айдың сәулесі басы ауыратын, сақинасы бар адамдарға әсер етеді деп сенген. «Ай толған кезде адамға қауіпті әсері болады» деген наным-сенімге байланысты көптеген ырым қалыптасты: жалаңбас далаға шығуға, сыртта ұйықтауға, Айға ұзақ қарауға, жас нәрестенің бетіне Ай сәулесін түсіруге, Айға қарап саусақ шошайтуға, Айға қарап дәрет сындыруға болмайды деген сияқты. Кейде қазақ сұлу қыздарды Ай дидарлы, айдай толықсыған деп жатады. 

  Айдың адамдарға тағы бір кері әсері – сомнамбулизм, яғни Ай кезбелік ауруы. Мұның сырын әлі ғылым шеше алған жоқ. Адамдардың көбі толған Ай кезінде өзін жаман сезінеді, көңіл-күй бұзылады, сәл нәрсеге тырысып жатады. Неге? Мұхиттардың көтерілуі мен қайтуын Айға қарап білдік. Адам ағзасының 80 пайызы судан тұрады деп есептесек, онда Айдың әсері болатынын арнайы зерттеусіз-ақ білуге болатындай.



Айдың әсер ету аспектілері:

гравитациялық: адам денесі 80% судан тұрады, сондықтан теңіздегі судың көтерілуі мен қайтуы сияқты Жер серігінің әрекеті адам денесіне де әсер етеді;

электромагниттік: Айдың Жер өрісіне әсері адамның биохимиялық әрекеттерін баяулатып немесе жеделдетіп, жалпы хал-жайына ықпал етеді;

климаттық: Айдың қимыл-қозғалысы көптеген табиғи құбылыстары мен процестердің түзілуіне септігін тигізеді;

психологиялық: бір кездері адамдар Айды құдіретті күш деп санап, оған табынған. Сол кездердің әсерінен адам генетикасында жатталып қалған рефлекс айлы түні адам бойында уайымшылдық пен үрей тудырып жатады.
Жаңа Ай

Жаңа Ай- бұл айдың мүлдем көрінбей қалатын кезеңі, бұл кезде кемуші айдан өсуші айға ауысым процесі өтеді. Біраз жылдық тәжірибе бойынша бұл кезеңде адам бойында энергия таусылып, потенциал жоғарылайды. Адамдардың көңіл –күйі төмендейді, жақсы ұйықтайды екен. Өзіне жайлы, елге жайсыз. Ал айдың шалқайып немесе тік тууы егін шаруашылығына ынғайсыз.

Жаңа ай туғанда басыңызды иіп сәлем беріп, сосын ақша немесе алтын, күміс көрсетіп: “Жаңа ай қалай өciп келе жатса, маған сондай ақша келсін” деп айту керек.
Толған Ай

Толған Ай- бұл айдың дөңгелек шар тәрізді пішіндес тиолықтай жарқырауы, бұл кезде өсуші айдан кемуші айға ауысым процесі өтеді. Біраз жылдық тәжірибе бойынша бұл кезеңде адам бойында энергия біршама көтеріліп, керісінше потенциал азаяды. Адамдардың ой, күш-қуатының артады. «Ай толған сәтте жолға шықпа» дейтін ырым

бар. Оның бастауы да сүннетке тіреледі. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) ай толғанда үш күн ораза тұтуды өсиет еткен. Өйткені, жер бетіндегі сулардың тасуы мен қайтуы айдың толуы мен семуіне байланысты екені белгілі. Құрамы 80 пайыз судан тұратын адам қаны да ай толғанда тасуға бейім тұратынын қазіргі медицина дәлелдеп отыр.

Сондықтан, ай толған шақ – адамдардың қаны тасып, жүйкесі сыр беріп тұратын жайсыз кезең саналады. Осындай шақта ораза тұтқан адамның қан қысымы өз-өзінен төмендеп, басылады, сабырлылық пайда болады. Ал қазақ мұндай қатерлі кезеңде ұры-қарының, жол тонаушының қолына түсіп қалмау немесе кездейсоқ жанжалға килікпеу үшін бейтаныс жерге жол жүруді жөн көрмеген. Яғни бұл орайда да халқымыз сүннеттен озбаған. Толған айдадың көрінісі 15% үлкейіп, нұр шашуы 30 % дейін артады. Айдың жердегі ауа-райына әсер ететіні бұрыннан белгілі. Ай жерден алыстаған сәтте (апогей) жердегі ауа-райы, мұхит суларының тасуы мен қайтуы тұрақты болады. Ал, ай жерге жақындаған сәтте (перигей) екіарадағы тартылысы күші күрт күшейіп, тұрақсыздық орын алады екен. Яғни, жер сілкінісі, вулкандардың атқылауы, су тасқыны сияқты апаттардың қаупі күшейе түседі деген сөз. Қазақ ежелден адам ұйықтаған кезде бетіне ай сәулесінің түспеуін қатты қадағалаған. Ай сәулесі түскен адамның ұйқысы шала болады немесе жаман түстер көреді деп сенген. Мұны ғалымдар да дәлелдеп отыр.


Өсуші Ай

Біраз жылдық тәжірибе бойынша бұл кезеңде адам бойында энергия толып, астралдық информация көбейеді. Бұл кез жақсылықтың бастауы болып табылады.


Кемуші Ай

Бұл кезең ғалымдардың айтуы бойынша адам бойындағы энергия толықтай таусылып, дем алуға жақындауы болып табылады


Қорытынды

Қазіргі кезде астрономияның үлкен әрі күрделі ғылым екендігі сонша, ғалымдар оны өзара бөлісіп алған:біреулері күнді, енді бірекулері Айды.Табиғатта болып жатқан процестерді физикалық тұрғыдан түсіну ұдайы даму үстінде. Қазіргі заманғы зерттеулер үнемі жаңа жұмбақтарды анықтап, құбылыстарды ашады, ал оларды түсіндіріп беру үшін жаңа физикалық теориялар қажет. Қорытындылай келе, мынаны атап көрсетеміз: бақылау мен эксперименттердің арасында алынған білімдерден ғылымның тұрғызу жолында заңдарды тағайындау және теориялар құру үшін Ай туралы білім өте қажет деп танимын.Төменгі суретте 2017-2018 жылдарда ай фазаларының орналасуы көрсетілген. Осыған қарап өздеріңіздің көңіл күйлеріңізді, денсаулықтарыңызға бақылауды үсынамын.




Пайдаланған әдебиеттер:

1.Шалаева Г.П. Кто есть кто в мире планет-М. Эксмо,2007 год- 302 страница.

2.Балалар энциклопедиясы «Астрономи космос»-М.Росмэн,2008 жыл-95 бет.

3.ЯнгХ.,ОкслейдК. Погода и небо-С.П. Балтийская книжная компания,

2008 жыл,51 бет

4. Хабер, Хайнц,Звезды-М.ООО ТД Мир книги,2007 г.48 стр.



5. Қызықты мәліметтер-2010 ж.,305 бет

6. Ғылыми эксперименнтер -2012 ж,41 бет






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет