Мазмұны кіріспе I. ӘДебиеттерге шолу 1 Мүмкіндіктері шектеулі адамдар және олардың сипаттамасы Мүмкіндіктері шектеулі адамдардың мәселелерін шешуші аспектілер



Pdf көрінісі
бет4/34
Дата04.06.2022
өлшемі372,53 Kb.
#145935
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34
Байланысты:
stud.kz-98243
stud.kz-96024
Әлеуметтік - орталы аспект
Әлеуметтік - орталыға, микроәлеуметтік ортамен (жанұя, еңбек
ұжымы, үй - жай, жұмыс орны және т.б.) және макроәлеуметтік
айналамен (қалақұрушы және ақпараттық орталар, әлеуметтік топтар,
еңбек рыногы және т.б.) байланысты мәселелер кіреді.


Әлеуметтік жұмысшылар қызмет көрсететін "объектілердің « ерекше
категориясын мүгедек адамы бар, болмаса сыртқы көмекті қажет ететін
қарт адамы бар жанұялар құрайды. Ондай жанұя бұл кезде микроорта
т.б. Ресейлік ғалымдар жүргізген арнайы зерттеу бойынша еңбекке
жарамсыз жанұя мүшелері бар 200 отбасының әлеуметтік қызмет
көрсетуді тиімдірек ұйымдастыру үшін әлеуметтік жұмысшы
мүгедектіліктің себептерін білуі қажет, олар: 
84,8% - жалпы аурулар, 
6,3% - соғыста болғандар (соғыс мүгедегі), 
6,3 % - бала жастан мүгедектер. Мүгедектің қандай да бір топқа
жатуы жеңілдіктер мен ерекшеліктерге байланысты. Әлеуметтік
жұмысшының басты міндеті осы жөнінде толық мәлімет ала отырып,
әрекет етуші заңға сәйкес жеңілдіктердің жасалуына ат салысу болып
табылады. Мүгедек адам немесе қарт адамы бар жанұямен жұмысты
ұйымдастыру үшін әлеуметтік жұмысшы осы жанұяның әлеуметтік
жайын, оның құрылымын (толық, толық емес) анықтауы өте маңызды. Бұл
факторлардың болуы сөзсіз, онымен, жанұямен жұмыс әдістемесі және
де жанұяның әр түрлі сипаттағы қажеттілігі байланысты. Зерттеу
барысында 45,5% - толық, 28,5% - толық емес (әдетте анасы мен
балалары) жанұялар, 26% - жалғызбастылар, онда да әйелдер жағы
басым болған (84,6%). Айта кететін бір жайт, ұйымдастырушы делдал,
атқарушы ретінде әлеуметтік жұмысшының (қызметкердің) рөлі
жоғарыдағы жанұялар үшін мына салаларда маңызды; моральды -
психологиялық қолдау, медициналық көмек, әлеуметтік - тұрмыстық
қамтамасыз ету. Моральды — психологиялық қолдауды бағалаған кезде
барлық жанұялар үшін келесілер ең өзекті болып табылған; әлеуметтік
қамтамасыздандыру органдарымен байланысты ұйымдастыру (71,5%),
қоғамдық ұйымдармен байланыс орнату (17%) және еңбек ұжымдарымен
байланысты жандандыру (17%). Толық жанұялардың ішінде әлеуметтік
қамсыздандыру органдарымен байланыты ұйымдастыруға 60,4%, толық
емес жанұялардан — 84,2% жалғыз бастылардан — 76,9% мұқтаж екен.
Қоғамдық ұйымдармен байланысты орнатуға сәйкесінше — 27,5%, 12,3%,
3,8% жанұялар ұмтылады екен. Еңбек ұжымдарымен байланысты
жандандыруға 19,8% толық жанұялар, 5,9% толық емес және 26,9%
жалғызбастылар мұқтаж болады. Бұл жағдай, мүгедектердің өздеріне
көрсетілетін жеңілдіктер туралы толық хабардар болмауымен түсіндірілуі
мүмкін.
Медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыруға деген мұқтаждықты
талдаған кезде 71% жанұялар учаскелік дәрігердің байқауына қажеттілік
туғызса, жанұялардың жартысына жуығы (49,5%) тар мамандық
иелерінің кеңестеріне, ал 17,5% диспансерлік бақылауға мұқтаж болған.
Толық жанұяларда көрсетілген медициналық көмек түрлеріне деген
қажеттіліктің рангілік орындары біраз басқаша: бірінші орында (50,7%)
учаскелік дәрігердің байқауына қажеттілік, екінші (40 %) — диспансерлік
бақылауға, ал үшінші (30,3%) — тар мамандық иелерінің кеңестеріне
деген қажеттіліктер байқалған. Толық емес жанұялар ең басты
мұқтаждық (37,4%) диспансерлік бақылауда, 35,4% жанұялар тар
мамандық иелерінің кеңесіне және 26,7% - учаскелік дәрігердің
байқауына деген қажеттіліктерін білдірген. Жалғызбастыларда тар
мамандық иелерінің кеңестеріне деген қажеттілік басым (34,3%) және де


тең дәрежеде (22,5%) учаскелік дәрігердің байқауымен диспансерлік
бақылауға да қажеттіліктер орын алған.
Зерттеуге алынған жанұялардың ең көп қажеттіліктері әлеуметтік -
тұрмыстың қызметтіліктерге екен белгілі болған. Бұл, еңбекке қабілетсіз
жанұя мүшелерінің қозғауларының шектеулігімен түсіндіріледі. Әрдайым
сыртқы көмекке мұқтаж болады және де өздеріне сау адамдарды байлап
қояды, яғни олар азық - түлік дәрі - дәрмектерін сатып алып береді,
жеткізіп береді және оларға әр түрлі үйден тысқары шығатын негіздегі
тұрмыстық қызметтерді көрсетеді. Сондай - ақ оны қазіргі кездегі
әлеуметтік шиеленістермен, азық - түліктерді және тұрмыстық
қызметтерді алудағы қиындықтармен де түсіндіруге болады. Осыған
орай әлеуметтік қызметкердің ролі бірден жоғарылайды. Жанұялардың
әлеуметтік - тұрмыстық қызмет көрсетудегі қажеттіліктерін бағалаған
кезде келесілер айқындалған. Барлық зерттелінгендердің ең басты
қажеттіліктері кір жуушыларға екен (88,5%), химиялық тазартуға (82,5%)
аяқ киім шеберханасына (64,6%). Сонымен қатар, пәтерлерін жуып -
жинауға деген қажеттіліктері айқындалған (27% жанұя), үйлеріне
жөндеу жұмыстарын жүргізу (24,5%), тең дәрежеде (20,5% жанұяда) –
азық - түлік пен дәрі - дәрмектерді жеткізуте әр түрлі санаттағы
жанұялардың салыстырмалы талдауы көрсеткендей, жалғыз бастыларда
басқа жанұяларға қарағанда азық - түлікті жеткізуге (50%), пәтерлерін
жинауға (46,2%) дәрі – дәрмектерді жеткізуте (40,4%) ең көп мұқтаждық
байқалған. Алынған мәлімет, деректер, еңбекке қабілетсіз жанұя
мүшелері кіретін жанұялардың қажеттіліктері елдегі әлеуметтік -
экономикалық жағдаймен бір жағынан анықталса, екінші жағынан
мүгедектердің өзін - өзі қамтуының шектеулі мүмкіндіктерімен
анықталуынын көрсетіп отыр.
Сонымен, барлық зерттеуге алынған жанұяның әлеуметтік
қорғаудағы ең үлкен қажеттіліктері қазіргі уақытта әлеуметтік -
тұрмыстық проблемалар төңірегінде топталып отыр, ал әлеуметтік
қорғау тұрғысынан ең көп ығыр көруші топ — жалғызбасты еңбекке
қабілетсіз азаматтар азық - түліктерді және дәрі - дәрмектерді жеткізуге,
пәтерлерін жинауға әлеуметтік қамсыздандыру орталықтарына тіркеуге
алынуға үлкен қажеттілік туғызатындары белгілі болды. Маральды -
психологиялық қолдауға деген жанұялардың қажеттіліктерінің
қалыптаспағандығымен түсіндірілсе, екінші жағынан елдегі қалыптасқан
ұлттық дәстүрлерге екі фактор да өзара тығыз байланысты. Әлеуметтік
қызметкерлердің қызмет аясын қалыптастыру қажет болып отыр.
Нормативтік құжаттарда, біліктілік сипаттамаларында көрсетілген
міндеттерден басқа, қазіргі қалыптасқан жағдайды ескере отырып тек
қана ұйымдастырушылық делдалдық қызметтерді атқарумен шектелмеу
керек. Осы тұрғыдан басқа да қызмет түрлері белгілі бір өзектілікке ие
болуда, олардың ішінде: әлеуметтік жұмысшының қызметін кеңінен
пайдалану жөніндегі мүмкіндіктер туралы халықтың хабардар болуы
еңбекке қабілетсіз азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғаудағы
халықтың қажеттерін 
(рыноктік экономикалық жағдайында)
қалыптастыру, отбасын моральды - психологиялық қолдауды жүзеге
асыру және т.б. /5/.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет