Мазмұны кіріспе I. ӘДебиеттерге шолу 1 Мүмкіндіктері шектеулі адамдар және олардың сипаттамасы Мүмкіндіктері шектеулі адамдардың мәселелерін шешуші аспектілер



Pdf көрінісі
бет6/34
Дата04.06.2022
өлшемі372,53 Kb.
#145935
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34
Байланысты:
stud.kz-98243
stud.kz-96024
Қоғамдық - идеологаялық аспект
Қоғамдық-идеологиялық аспект мемлекеттік институттардың
практикалық қызметінің мазмұнын анықтайды және мүгедектер мен
мүгедектілікке байланысты мемлекеттің саясаттың қалыптасуын
айқындайды. Осы тұрғыдан мүгедектерге, халық денсаулығының
көрсеткіші ретіндегі басым болып жүрген көзқарастан бас тарту қажет,
керісінше осы әлеуметтік саясаттың тиімділігінің көрсеткіші ретінде
қабылдау қажет және де мүгедектілік проблемасын шешу —
мүгедектермен қоғамның өзара әрекеттесулерінің құзырында екенін
сезіну керек.
Үйде әлеуметтік көмек көрсетуді дамыту еңбекке қабілетсіз
азаматтарға әлеуметтік қызмет көрсетудің бір ғана формасы емес. 1986
жылдан зейнеткерлерге әлеуметтік қызмет көрсету орталығы деген
қоғамдар құрыла бастады, оның құрамына, үйдегі әлеуметтік көмек
көрсету бөлімінен басқа мүлде жаңа құрылымдық бөлімшелер кірген —
күндізгі келу бөлімдері. Мұндай бөлімдердің мақсаты, қарт адамдар үшін,
олар отбасымен тұра ма немесе жалғызбасты ма, оған байланыссыз,
демалыс орталықтарын құру болды. Мұндай бөлімдерге адамдар
таңертен келді де, кешке үйлеріне қайтару жағы қарастырылған күні
бойы олар ыңғайлы, жайлы жағдай да болуға, адамдармен араласуға,
уақыттарын мәнді етіп өткізуге, әртүрлі мәдени - көпшілік шараларға
қатысуға бір реттік ыстық тамақ ішуге және қажет болған жағдайда
дәрігерге дейінгі медициналық көмекті алуға мүмкіндіктері болады.
Мұндай бөлімнің қызметінің негізгі міндеті қарт адамдарға жалғыздықты,
оқшаулауға өмір бейнесін жоюға, өмірлерін жаңа бір мән - мазмұнмен
толтыруға белсенді өмір бейнесін қалыптастыруға көмек көрсету
болып табылады.


Күндізгі келу мотивтерін реттеу басым көпшілік үшін адамдармен
араласу (76,3%) жетекші орында, екінші, мәні жағынан тегін немесе
жеңілдік бағасындағы түскі тамақты алу мүмкіндігі (61,3%), үшінші
болып мотивтер иерархияда өзінің бос уақытын мазмұнды етіп өткізу
(47%) мүмкіндіктері тұрғандығын көрсетті. Ал өзін тамақ дайындаудан
арылту (29%) және қанағаттанарлықсыз материалдық қамту (18%)
сияқты мотивтер бөлімге келуші негізгі контингенттің ішінде жетекші
орынды алмайды. Оған қоса көптеген азаматтарда (46,7%) басқа да
мотивтер жағынан күндізгі келуге тартымдылық білдірулері байқалады.
Мысалы күнде ол жерге бару оларды әрдайым "тонуста болуға» ,
"тәртіпке келуте», "өмірді жаңа мән - мазмұнға толтыруға», "босаңсу
мүмкіндігіне» ие болуға мәжбүрлейді. Жекелеген азаматтарда бөлімге
ұзақ уақыт бойы келулері денсаулықтарың жақсартуына әрекет еткен
(бронхалық астма дертінің қозуы, сосудтарының ауруы және т.б.)
эмоционалдық аясына ыңғайлы жағдай, бөлім қызметкерінің
мейірімділігі, сондай - ақ кез келген уақытта медициналық көмек
алулары, емдік дене шынықтыру мен айналысулары оң әсер береді.
Соңғы жылдары бірқатар әлеуметтік қызмет көрсету
орталықтарында жаңа құрылымның бөлімшелер, қолдауға аса мұқтаж
азаматтардың өмірлерін қолдауға бағытталған бір реттік сипаттағы
шұғыл көмекті көрсетуге арналған. Қызметтің іс - әрекетінің басты
бағыттары болып табылатындар: - әлеуметтік көмек мәселелері бойынша
қажетті ақпараттар мен кеңестер беру; тегін ыстық тамақпен немесе
азық - түлік жинағымен қамтамасыз ету (қоғамдық тамақтану
кәсіподақтарының бекіткен талоны бойынша; талондар асханаға бір рет
кіру үшін, болмаса жәбірленуінің әлеуметтік - тұрмыстық жағдайын
зерттеген соң бір айлық мерзімге берілуі мүмкін).
-киім, аяқ киім және алғашқы қажеттіліктердің басқа да заттарын
беру;
-материалдық көмек көрсету;
-уақытша тұратын жерлерді алуға әрекет ету (кейбір жағдайларда
иммиграциялық қызметтермен бірге);
-мәселенің білікті және толық көлемде шешу үшін азаматтарды
сәйкесінше органдарға және қызметтерге бағыттау;
-жедел түрдегі психологиялық көмекті көрсету, оның ішінде сенім
телефоны бойынша — аймақтық ерекшеліктеріне байланысты басқа да
көмек түрлерін көрсету (оның ішінде мемлекеттік заң қызметкерлерінің
ала алмайтын үлкен жастағы тұлғаларға және мүгедектерге жедел заң
көмектерін көрсету) /7/.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет