Мазмұны кіріспе I. ӘДебиеттерге шолу 1 Мүмкіндіктері шектеулі адамдар және олардың сипаттамасы Мүмкіндіктері шектеулі адамдардың мәселелерін шешуші аспектілер



Pdf көрінісі
бет7/34
Дата04.06.2022
өлшемі372,53 Kb.
#145935
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   34
Байланысты:
stud.kz-98243
stud.kz-96024
Өндірістік - экономикалық аспект
Өндірістік - экономикалық аспект ең алдымен халықты әлеуметтік
қорғаудың өнеркәсіптік негіздерін және оңалту (реабилитациялық)
бұйымдар мен қызметтердің рыногын құру проблемасымен байланысты.
Мұндай көзқарас, ішінара немесе толық өзіндік кәсіби, тұрмыстық және
қоғамдық қызметтерге бейім мүгедектер үлесінің ұлғаюына
бағдарлануға, олардың оңалту (реаблитациялық) құралдарымен
қызметтерге деген қажеттерін адрестік қанағаттандыру жүйесін қүруға


мүмкіндік береді, ал бұл өз кезегінде олардың қоғамға кіріктірілуіне
әрекет етеді. Мүгедектерді оңалту (реаблитациялық) бұйымдармен
қамтамасыз етуге мемлекеттін монополияны сақтау халықтың "белсендің
бөлігін ақталмайтын экономикалық жүктемелеуге әкеледі және де
мүгедектердің шынайы қажеттіліктері мен оларды қанағаттандыру
мүмкіндіктері арасындағы диспропорцияның әрдайым өрістеуіне
әкелетін "жеңілдікң саясатын жалғастыру үшін негіз болмақ /8/.
Анатомиялы - функционалдық аспект
Мүгедектіліктің анатомиялы - функционалдық аспектісі, оңалту
(реаблитация) функцияны орындай алатын және мүгедектің оңалту
(реаблитациялық) қуатының (потенциалының) дамуына әрекет ететін
әлеуметтік ортаның (физикалық және психологиялық тұрғыдан)
қалыптасуын білдіреді. Сонымен мүгедектіктің қазіргі түсінігін ескере
отырып, бұл проблеманы шешкен кезде мемлекеттің басты назарының
пәні адам организміндегі бұзылушылық емес, оның шектеулі еркіндік
жағдайындағы әлеуметтік рөлдік функцияның жандануы болуы керек.
Мүгедектерді оңалту мәні адамдардың тұрмыстық, қоғамға және кәсіби
қызметкерлердің оның дене бітімінің психологиялық және әлеуметтік
куатының деңгейіндегі (микроәлеуметтік және макроәлеуметтік
ортадағы ерекшеліктерін ескере отырып) қабілеттіліктерін
жандандыруға деген кешенді көппрофильдік көзқарастарда жатыр.
Процесс және жүйе ретіндегі кешенді көп профильді оңалтудың шешуші
мақсаты анатомиялық дефектісі, функционалдық бұзылуы, әлеуметтік
ауытқулары бар адамдарға салыстырмалы түрде тәуелсіз өмір қызметін
беру мүмкіндігі болып табылады. Осы тұрғыдан оңалту (реаблитация)
адамдардың қоршаған әлеммен байланысының бұзылуының алдын
алады, болдырмайды және мүгедектіліктің профилактикалық
функциясын атқарады. Бұл мақсаттар үшін дене бітімі тұрғысынан
жетілмеген балалар үшін интернат - үйлері бар. Бұл мекеме де тірек
қорғаушы аппараттардың бұзылуы бар балалардың ең ауыр контингенті
шоғырланған. Бұл мекемелердің мақсаты - үздіксіз қарқынды
жандандыру терапиясы және протездеу, психологиялық коррекция
(түзету), мектептік және еңбектік оқыту, кәсіби дайындық және еңбектік
оқыту, кәсіби дайындық және ары қарайғы ұтымды (рационалды)
жұмысқа орналастыру арқылы мүгедек - балалардың медициналық -
әлеуметтік оңалтуын жүзеге асыру. Грек қорғаушы аппаратының
бұзылуы бар мүгедек - балаларды белсендендіруде интернат - үйлерімен
ғана шектелінбейтін спорттық - сауықтыру жұмыстары үлкен мәнге ие.
Бұл жерде мүгедектердің спортын ұйымдастыратын мекеме мен
байланыс орнату қажет. Интернат - үйлерінде дене бітімі толық
жетілмеген балалар үшін еңбектік оқулар жүргізіледі.
Интернат - үйлерінен ер жетіп, оқып дайындалып шығатын
жасөспірімдер әр түрлі өмірлік - тұрмыстық проблемалар туралы
(жұмысқа түру, үй алу және т.б.) толық хабардар болулары керек.
Әлеуметтік қызметкердің бұл жердегі рөлі осы жас мүгедектерге
қоғамға кіргізу кезіндегі қиыншылықтарын жеңе білуге көмектесуде
жатыр. Бұл жерде тек қана ақпарат, кеңестер ғана емес, сондай - ақ іс -
әрекеттік көмектер беру, арнайы үй алуына ат салысу, мүгедектер үшін
берілетін пәтерлерде қосымша құрылғылар мен құрал - жабдықтардың


орнату, жұмысқа тұруда, жеңілдіктер алуда және т.б. көмектесу үлкен
маңызды жайттар болып табылады. Әлеуметтік қызметкер ашық қоғамға
енуші мүгедектің шынай көмекшісі болады /9/.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   34




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет