Мазмұны кіріспе I. ӘДебиеттерге шолу 1 Мүмкіндіктері шектеулі адамдар және олардың сипаттамасы Мүмкіндіктері шектеулі адамдардың мәселелерін шешуші аспектілер



Pdf көрінісі
бет2/34
Дата04.06.2022
өлшемі372,53 Kb.
#145935
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34
Байланысты:
stud.kz-98243
stud.kz-96024
Зерттеудің мақсаты.
Спешил Олимпикстің
 
мақсатын-ақыл-ойы мешеу адамдарды
қоғамға жатсындырмай қабылдау, түсіністіру, ойластыру және оларды қоғамның пайдалану
мүшесі екендігін басты қағида ете отырып, сараптама талдау жасау.
Зерттеудің объектісі
. №7 арнайы түзету мектеп интернатының 7,8-сыныптарында
оқитын жеңіл және ауыр деңгейлі ақыл–ой кемістігі бар жасөспірімдер. 
Зерттеу пәні
. Ақыл-ой кемістігі бар жасөспірімдерді волейбол ойынының қимылдарын
меңгертуге бейімдеу. 
Зерттеудің кезеңдері. 
Зерттеу бір ай мерзім ішінде жүргізілді. 
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәні. 
Зерттеу нәтижелері ақыл-ой
кемістігі бар жасөспірімдерге волейбол ойынының қарапайым элементтерін үйрете отырып,
қимыл реакциясын жетілдіруге мүмкіндік беретіндігінде. Ақыл-ой кемістігі ауыр деңгейлі
жасөспірімдерде нәтиже байқала қоймады. Ал жеңіл деңгейлі жасөспірімдерде жауап беру
қимыл реакциясы жетілгендігі аңғарылды. 
Зерттеудің практикалық маңызы.
Зерттеу барысында ақыл-ой кемістігі бар
жасөспірімдерді тәрбиелеуде волейболдың қарапайым қимыл техникаларын қолдану
мүмкіндігі бар. Мұны жеңіл деңгейлі ақыл-ой кемістігі бар балаларға қолдануға болады.
Қорғауға ұсынылған тұжырымдар.
Дене шынықтыру сабағы уақытында жеңіл
деңгейлі ақыл-ой кемістігі бар балалардың қарапайым қимыл реакциясын жетілдіре отырып,
ойлау қабілетін арттыру. Волейбол ойынының қарапайым элементтері тұжырымдалған. 


I. ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ
1.1
Мүмкіндіктері шектеулі адамдар және олардың сипаттамасы 
Қоғам өзінің стандартын мүгедектігі бар адамдардың
сұранымдарына сәйкес, олардың тәуелсіз өмірімен тұруына мүмкіндік
беру мақсатында бейімдеуі қажет.
1989 ж. БҰҰ заң күшіне ие болып табылатын баланың құқығы туралы
конвенцияның тексін қабылдады. Мұнда дамуында кемістіктері бар
балалар өздеріне толық сенімдерін сақтап, қоғамның өміріне белсенді
араласып, толық және салауатты өмірі сүруі үшін олардың құқықтарын
бектілген. Мұнда мүмкіндіктері шектеулі мүгедек балалардың жақсы дем
алуы, білім алуы, еңбек етуі, медициналық көмек алуы т.б. үшін ақысыз
көмек алуы (ата - анасының, жақын, қамқорын адамдардың финансттық
ресурстарын есепке алу арқылы) жүзеге асырылады.
1971 жылы БҰҰ бас Ассамблясы ойлау мүмкіндіктері шектеулі
балалардың құқықтары туралы Декларацияны қабылдады. Мүмкіндігінше
мүгедек балалар оқуға, білім алуға, емделуге, жұмыс істеуге деген
қажеттіліктерін максималды қамтамасыз ету, өз қабілеттерін дамытуға
жағдай жасау туралы айтылады. Оның ішінде нәтижелі еңбек ету,
пайдалы іс - әрекетпен айналысу, мүмкіндіктерін толық пайдалану,
материалдық қамтамасыз етілуте және қанағаттанарлық өмірлік
дәрежеге қол жеткізу туралы айтылады.
Мүгедек-балалар үшін үлкен маңызға не талап бойынша,
мүмкіндігіне ойлау мүмкіндігі шектеулі бала өзінің отбасында, немесе
қабылдап алған ата - анасының отбасында тұруы қажет деп айтылады.
Мұндай отбасы мемлекет тарапынан көмек алуы тиіс делінген. Ал қажет
болған жағдайда олар арнаулы мекемелерде болуы тиіс және жаңа орта
оның әдеттегі өмірінен өзгеше болмауы тиіс.
БҰҰ экономикалық, әлеуметтік және мәдени ережелер туралы
халықаралық пактінде әрбір мүгедектің (ересек немесе бала) өзінің
денелік және психикалық денсаулықтың мүмкін болатын дәрежесіне
жетуге құқығы атап көрсетілген.
Мүгедектер өмірінің барлық жақтарын қамтитын тұтас құжат БҰҰ
қабылдаған "Мүгедектер үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етудің
стандартты ережесі" болып табылады.
1993 жылы әлемдік даму туралы есеп беруде әлемдік банктің
тапсырысы бойынша дүние жүзі халықтарының денсаулықтарына
арналған халықтың денсаулығын бағалаудың жаңа өлшемдері, ұлттық
денсаулық сақтау салаларының тиімді жақтарына құралдар бөлу туралы
айтылады /1/.
Ана мен баланы қорғау, отбасыны жоспарлау мекемелері, балалар
мен жеткіншектерге тән ауруларды емдеуді т.б. қаржылық
инвестициялау бөлу статистикасы төмендетіп қана қоймай, көп жылдар
бойы денсаулығынан айрылып, аяқ астынан уақытынан бұрын өлуді
қысқартады.


Өмір ғана құндылық ретінде қарастырылып қоймай, аурусыз,
қыйналусыз өмір сүру, әлеуметтік қалыптасып, даму да өмірдің сапасы
ретінде қарастырады.
Мүгедектік балалардың өмір сүру қабілеттерін төмендетіп, даму мен
өсудің тоқтауына байланысты әлеуметтік бейімдей алмауға болашақта,
өз мінезін бақылай алмауға, бағдарын, басқалармен аралсуын, оқуын,
еңбек етуін тежеуге алып келеді.
Мүгедектік мәселесін адамның әлеуметтік мәдени ортасынсыз-
отбасы, үй-интернат түсіндіру мүмкін емес. Мүгедектік, адамның
мүмкіндігінің шектеулілігі таза медициналық құбылысқа жатпайды.
Бұл мәселені тереңірек түсінуге, оның салдарларына болдырмауға
әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік, экономикалық, психологиялық т.б.
факторлар көмектеседі. Сондықтан да мүгедектерге көмектесу
технологиясы - үлкендер мен балаларға әлеуметтік жұмыстың
әлеуметтік - экологиялық моделіне негізделеді. Бұл модельге сәйкес,
мүмкіндігі шектеулі адамдар қиыншылықтарды ауруына сәйкес немесе
дамымауына сәйкес емес, сонымен бірге оны қоршаған табиғи және
әлеуметтік ортаның олардың арнайы қажеттіліктеріне сай келмеуінен,
қоғамдағы кері түсініктерден, адамдардың жақтырмай қарауларынан да
болды.
Мысалы: Церебральный паралич диагнозын қойған бала оған арнайы
бейімдеу техникаларын қалдыру, жаттығу жасату, емдеу т.б.
көрсетілмесе ол қозғалуға да мүмкіндігі төмендейді. Адамның
араласқысы келмеуі, кішкене кездерінен бастап олардың дағдылану
қабілеттерін төмендетіп, интеллектуалдық дамуын тежеуі мүмкін.
Отбасы баланы қорғайтын ең негізгі әлеуметтік орта. Бірақ балаға
қатысты отбасы мүшелері кейде қатыгездік көрсетулері мүмкін. Өйткені,
отбасының финанстың қамтамасыз етілуіне, демалуына, әлеуметтік
белсенділік көрсетулеріне көп шектеулер болады. Сонымен олар өз
көңіл-күйлеріндегі қиналыстарды балаға көрсетулері (мүтедек балаға)
мүмкін.
Әрбір отбасының құрылымы мен қызметі уақыт барысында өзгеріске
ұшырап, отбасының қарым - қатынастық тәсілдеріне әсер етіп отырады.
Отбасының өмірлік циклі түрлі даму деңгейлерінен тұрады:
Неке құру, бала туу, олардың мектептегі кезеңі, жеткіншектік кезең,
үйден кету кезеңі, ересектік кезең, қартаю т.б.
Мүгедек балалары бар отбасының олардың даму кезеңдеріндегі
өзгешеліктерге дайын болулары тиіс.
Мысалы: мүгедек-баласы бар отбасының өмірлік циклі:
1.бала туу-балада патология бар екендігі туралы хабар алу,
эмоцианалдық дағдылану, отбасының басқа мүшелерін хабардар ету;
2.мектептегі кезең - баланың оқу түрі туралы шешім қабылдау,
құрдастар тобының реакциясын уайымдау, оның оқуын ұйымдастыру
және оқудан тыс әрекетін ұйымдастыру;
3.жеткіншектік кезең-баланың ауруының ұдайлық табиғатына
дағдырлану, сексуалдық мәселелердің пайда болуына байланысты
мәселелер, құрдастардың оны жақындасуы (олар тарапынан), баланың
болашақ өмірін жоспарлау;
4."бітіру, шығару" кезеңі-отбасылық жауапкершіліктің жалғауына
дағдырлану, есейген баланың тұратын жері туралы шешім қабылдау,
әлеуметтену мүмкіндігінің шектеулігіне (мүгедек баланың) отбасы


мүшелерінің қайғыруы;
5.ата-аналардан кейінгі кезең ерлі-зайыптың өзара қарым-
қатынасының қайтадан құрылуы (мысалы: егер бала отбасынан шыққан
соң дұрыс жерге орналастырылса) және баланың тұрғылықты жеріндегі
мамандармен өзара қарым-қатынас жасау /2/.
Тарихи тұрғыдан "мүгедектілік" және "мүгедек» түсініктері "еңбекке
жарамсыз» және "ауру" түсініктерімен байланысты болған. Сондықтан да
мүгедектілікті талдаудың әдістемелік көзқарастары денсаулықты сақтау
саласынан алынып жүрді. Мамандар көп жылдар бойы "мүгедектікті",
шарттын мойындамай, оны дұрыс емдемеудің салдары деп қарастырып
келді. Сол себептен де бұл проблеманың әлеуметтік жағы еңбекке
жарамсыз дегенге дейін оның басты көрсеткіші ретінде алынған. Осыған
орай дәрігерлік еңбектік сараптамалық комиссияның басты міндеті,
кәуаландырып отырған адам қандай кәсіби қызметті атқара
алатындығын субъективтілік, дәлірек айтқанда биологиялық негізде
анықтау болған, әлеуметтік-биологиялық критерий; алынбаған. Мүгедек
түсінігі жазылмайтын ауру түсінігіне теңдестірілген. Сонымен, құқықтың
аясында және нақты экономикалық жағдайлардағы адамның әлеуметтік
рөлі екінші орынға ығыстырылған, және де мүгедек түсінігі, әлеуметтік,
экономикалық, психологиялық білім беру және басқа да қажетті
технологияларды қолданатын көп профильді реабилитация тұрғысынан
мүлде қарастырылмаған /3/.
Қазіргі кезде мүгедек, өмірлік қызметінің шектелуіне әкелетін және
оның әлеуметтік қажеттілігін тудыратын, зақымдану немесе
дефектілердің салдарынан ауруынан организм функцияларының қатты
бұлінуі бар, денсаулығында ауытқуы бар тұлға ретінде сипатталынады.
Мүгедектілік, халықтың әлеуметтік жайсыз жағдайының басты
көрсеткіші болып табылады. Ол қоғамның әлеуметтік жетілгендігін,
экономикалық толыққанды жағдайын, адамгершілік ондылығын
көрсетеді және мүгедек-адам мен қоғамның өзара іс-әрекетінің бұзылуын
сипаттайды.
Жалпы, таңдаудың шектеулі екендігі жағдайындағы адам
қызметінің проблемасы ретінде қаралатын мүгедектіліктің бірнеше
негіздегі аспектілері бар: құқықтық; әлеуметтік-орталық; психологиялық;
қоғамдық-идеологиялық;
өндірістік-экономикалық,
анатомиялы-
функционалдық; медициналық-әлеуметтік; басқарушылық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет