Медициналық ҚҰҚЫҚ ПӘні бойынша практикалық тапсырмалар мен кейстер жинағЫ



бет13/60
Дата27.11.2023
өлшемі180,6 Kb.
#193737
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   60
Байланысты:
04.06МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚҰҚЫҚ ПӘНІ БОЙЫНША КЕЙСТЕР ЖИНАҒЫ (2) (1)
Рупи Каур - Milk and honey, ИВБДВ, zheltuhi okvar hhh, Эпид 2, ойын инттеллектуалды, Власть социология, продолговатый мозг Костенко Светланы 115Б, Tuition-and-fees-2023-24 rus
Тақырып сұрақтары:
1. Медицина қызметкерлерінің еңбек құқықтық қатынастары саласындағы құқықтары.
2. Медицина қызметкерлерінің еңбек қатынастарын реттеу ерекшеліктері.
3. Медицина және фармацевтика қызметкерлерімен еңбек шартын жасасу.
4. Медицина және фармацевтика қызметкерлерінің жұмыс уақыты мен демалыс уақыты.
5. Үстеме жұмыс және қосымша жұмыс.
6. Медицина қызметкерлерін зейнетақымен қамсыздандыру.
7. Медицина және фармацевтика қызметкерлерін тәртіптік жауапкершілікке тарту тәртібі.
Тапсырмалар:
1. Талқылау үшін тақырып сұрақтарын зерттеңіз.
2. Жұмысқа қабылдау тәртібі туралы айтып беріңіз.
3. Медицина қызметкерімен еңбек шартын жасаңыз. Бастапқы деректерді білім алушылар дербес таңдайды (2-қосымша).
4. Ұсынылған үлгіге сәйкес медициналық қызметкерге демалыс беру туралы бұйрықты ресімдеңіз (3-қосымша).
5. Халық денсаулығы Кодексі, ҚР Еңбек Кодексіне, 2013 жылғы 21 маусымдағы «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңының медициналық қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік қатынастары саласындағы құқықтарын анықтайтын ережелерімен танысып, «медициналық қызметкерлерді зейнетақымен қамсыздандыру»тақырыбына презентация дайындаңыз.
6. Ауылдық медициналық пункт дәрігері мен фельдшерінің ауруына байланысты Аудандық емхана Бас дәрігері пункттін қызметін тоқтатпау мақсатында емханада қызмет жасап жатқан дәрігер Т. мен Қ. деген фельдшерді ауылдық медициналық пунктке жібереді (ол ауданнан 30 км қашықтықта орналасқан). Еңбек қатынасы осы жағдада қалай рәсімделу керек? Егер медициналық қызметкерлерді қызметтік іс сапарға жіберген жағдайда қызметтік іс сапарға кеткен шығындары өтеле ма? Аудандық емхана Бас дәрігері медициналық қызметкерлерді жұмыс орнын ауыстыру туралы немесе қызметтік іссапарға жіберу туралы бұйрық шығару керек па? Олардың айырмашылығы неде?
7. Жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзудың негіздерін атаңыз.
8. ҚР Еңбек Кодексінде көзделген тәртіптік жазаларды атаңыз және оларды қолдану тәртібі туралы айтып беріңіз.
9. Ұсынылған кейстерді шешіңіз.


Кейс 1.
Медициналық мекеменің медбикесіне жұмыс берушінің бұйрығымен негізгі жұмыспен қатар жұмыс күні ішінде пациенттер туралы мәліметтерді электронды түрде толтыру түрінде қосымша жұмыс жасау тапсырылды. Қызметкер қосымша жұмыс істеуге және оған жалақы алуға қарсылық білдірмегеніне қарамастан, мекеме басшысы тарапынан бұйрық және ҚР Еңбек Кодексінің 111 бабына сай қосымша Келісім жасалмаған. Жұмыстан өз еркімен босатылғаннан кейін қызметкер сотқа Еңбек Кодексінің 103 және 111 бабының бұзылғаны бойынша талап арыз береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   60




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет