Медициналық ҚҰҚЫҚ ПӘні бойынша практикалық тапсырмалар мен кейстер жинағЫ


Кейсті орындау бойынша тапсырмалар



бет15/60
Дата27.11.2023
өлшемі180,6 Kb.
#193737
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   60
Байланысты:
04.06МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚҰҚЫҚ ПӘНІ БОЙЫНША КЕЙСТЕР ЖИНАҒЫ (2) (1)
Рупи Каур - Milk and honey, ИВБДВ, zheltuhi okvar hhh, Эпид 2, ойын инттеллектуалды, Власть социология, продолговатый мозг Костенко Светланы 115Б, Tuition-and-fees-2023-24 rus
Кейсті орындау бойынша тапсырмалар:
1. Берілген ақпараттың маңыздылығын бағалаңыз, жағдайды талдаңыз, мәселенің мәнін түсініңіз.
2. ҚР заңнамасының нормаларын зерделеу негізінде (Денсаулық сақтау жүйесінің қызметкерлері эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізу кезінде коронавирустық инфекцияны немесе вирустық пневмонияны жұқтырған жағдайда оларға, сондай-ақ қызметкер қайтыс болған жағдайда эпидемияға қарсы іс-шараларға қатысу қатыспауына қарамастан олардың отбасыларына біржолғы әлеуметтік төлемді жүзеге асыру қағидалары ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау және Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 9 сәуірдегі № ҚР ДСМ-35/2020 бірлескен бұйрығы) аталған жағдайға заңды баға беріңіз.
3. Емхана әкімшілігі қабылдаған шаралардың негізділігі мен заңдылығын анықтаңыз?
4. Осы мәселені шешудің мүмкін нұсқаларын ұсыныңыз және олардың ең жақсысын таңдаңыз.
Талқылауға арналған сұрақтар:
1. Емхана әкімшілігінің шешімі заңды ма?
2. Коронавирустық инфекцияны немесе вирустық пневмонияны жұқтырған жағдайда медициналық қызметкерлерге біржолғы әлеуметтік төлемді төлеу тәртібі қандай?
3. Осы мәселе бойынша Азамат сотқа шағымданғанда қандай шешім қабылдануы мүмкін?


Кейс 4
Қалалық аурухананың реанимация бөлімінің меңгерушісі үстеме жұмыс атқарған үшін төленбеген еңбек ақы бойынша берешекті өндіріп алу үшін арыз талабымен сотқа жүгінді. Аурухананың атынан бас дәрігер берген арыз талап бойынша қарсылық білдірді. Жауапкердің айтуы бойынша қызметкерге сыйлықақы беру арқылы үстеме жұмысы үшін ақы төленген. Талап арыз беруші айтылған негіздемемен келіспеді, себебі сыйлықақыны төлеу негіздері заңнамаға сай бөлек. Сот қандай шешім қабылдау керек?
Кейсті орындау бойынша тапсырмалар:
1. Берілген ақпараттың маңыздылығын бағалаңыз, жағдайды талдаңыз, мәселенің мәнін түсініңіз.
2. ҚР заңнамасының нормаларын зерделеу негізінде (Еңбек Кодексі, Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысы.) аталған жағдайға заңды баға беріңіз.
3. Қосымша жұмысты еңбек заңнамасына сай рәсімдеу тәртібін анықтаңыздар.
4. Қосымша жұмыс үшін алатын еңбек ақы мен сыйлықақы тағайындаудың айырмашылықтарын анықтаңыздар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   60




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет