Медициналық ҚҰҚЫҚ ПӘні бойынша практикалық тапсырмалар мен кейстер жинағЫ



бет16/60
Дата27.11.2023
өлшемі180,6 Kb.
#193737
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   60
Байланысты:
04.06МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚҰҚЫҚ ПӘНІ БОЙЫНША КЕЙСТЕР ЖИНАҒЫ (2) (1)
Рупи Каур - Milk and honey, ИВБДВ, zheltuhi okvar hhh, Эпид 2, ойын инттеллектуалды, Власть социология, продолговатый мозг Костенко Светланы 115Б, Tuition-and-fees-2023-24 rus
Талқылауға арналған сұрақтар:
1. Еңбек Кодексіне сай қосымша жұмысқа орналасу тәртібі қандай?
2. Қосымша жұмысқа орналасу қандай құжаттармен рәсімделу керек?
3. Медициналық қызметкерлерге сыйлықақы төлеу қалай жүргізіледі.?
4. Жұмыс беруші сыйақы мен қосымша жұмыс үшін ақыны төлемеген жағдайда қандай жауапкершілікке тартылады?


Кейс 5.
Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бірінші кезеңде коронавирусқа қарсы екпе алушылардың алғашқылары болып қалалық ауруханалардың, қаланың жұқпалы аурулар орталығының медициналық қызметкерлері, жедел жәрдем бригадасының фельдшерлері егіледі. Азаматша Дариға Б. қалалық ауруханада мейіргер болып қызмет атқарып жүр. Аурухана басшысы аурухананың барлық қызметкерлеріне міндетті түрде коронавирусқа қарсы екпе алулары керектігін айтып, екпе алмаған қызметкерлер өз қызметтерін атқара алмайтынын және қызметтен босатылатыны туралы ескертті. Дариға Б. еңбек шартында коронавирусқа қарсы міндетті екпе алу негіздері бекітілмегендіктен аурухана басшылығының бұйрығына сотқа арыз талап берді. Сот қандай шешім қабылдау қажет?
Кейсті орындау бойынша тапсырмалар:
1. Берілген ақпараттың маңыздылығын бағалаңыз, жағдайды талдаңыз, мәселенің мәнін түсініңіз.
2. ҚР заңнамасының нормаларын зерделеу негізінде (Еңбек Кодексі, Медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде оларға қарсы міндетті профилактикалық екпелер жүргізілетін аурулардың тізбесін, екпелерді жүргізу қағидаларын, мерзімдерін және халықтың профилактикалық екпелерге жататын топтарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі № 612 қаулысы) аталған жағдайға заңды баға беріңіз.
3. Медициналық қызметкерлердің еңбек шартына талдау жасап, қызметкерлердің еңбек құқығындағы міндеттерін анықтаңыздар.
4. Қызметкермен біржақты түрде еңбек шартын тоқтату негіздеріне талдау жасаңыздар.
Талқылауға арналған сұрақтар:
1. Медициналық қызметкерлерді жұмысқа алғанда, оның ішінде мейіргерге қойылатын талаптар қандай?
2. Міндетті профилактикалық екпелер жүргізілетін халықтың профилактикалық екпелерге жататын топтарына қандай мамандықтар жатады?
3. Міндетті профилактикалық екпелер жасамаған қызметкерлермен заңнаманың қандай нормасына сүйене отырып жұмыс беруші бір жақты түрде еңбек щартын тоқтата алады ?
4. Міндетті профилактикалық екпелер жасау қажет топтарға кіретін тұлғаларға екпе жасамаған үшін құқықтық жауапкершілік қарастырылған ба?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   60




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет