Механика зертханалық жұмыстарды орындауға методикалық нұсқаулар 1 бөлім



бет101/135
Дата28.01.2018
өлшемі12,41 Mb.
#34338
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   135

Қондырғының сипаттамасы

Қондырғының жалпы түрі 5-суретте көрсетілген. Құралдың табанына 2 бекітілген вертикаль колоннада 1 үш кронштейн бар: төменгі қозғалмайтын 3 және екі қозғалатын – ортаңғы 4 және жоғарғы 5. Құралдың табанын түзетуді оның реттелетін аяқтарымен жүзеге асыруға болады.



Колоннаның жоғарғы бөлігіне втулка 6 бекітілген. Оған жоғарғы дискінің 8 көмегімен подшипниктің тұзағы 9, блок 10 және электромагнит 11 бекітілген. Блок арқылы ұштарына жүктер 13 және 13а бекітілген жіп 12 өтеді.

Электромагнит 11, ток көзіне қосылған фрикциялық муфтаның көмегімен “жүктері бар блок” жүйесін тыныштық күйінде ұстайды.

Колонна бойымен жоғарғы және ортаңғы кронштейндерді бірқалыпты үдемелі және бірқалыпты жол ұзындықтарын орната отырып қозғалтуға және кез келген қалыптағы орнын белгілеуге болады. Жол ұзындықтарын колоннаны 15 миллиметрлік сызғыш бойынша анықтауға болады. Колоннадағы бүкіл кронштейндердің орындарын көрсететін белгілері бар. Ал жоғарғы кронштейнде оң жақтағы жүктің төменгі қыры қозғалысының басына сәйкес келетін сызық бар. Ортаңғы кронштейнде төмен қарай қозғалған үлкен жүктен қосымша жүкті 14 алып қалатын кронштейн 16 және фотоэлектрлік датчик 17 бекітілген. Қосымша жүк қалып қойған кезде, фотоэлемент электронды миллисекундомерге берілетін электрлік импульсті қалыптастырады. Осылайша үлкен жүктердің бірқалыпты қозғалысының басталуы белгіленіп алынады. Фотоэлементтің оптикалық осі (оның корпусындағы сызық) ортаңғы кронштейннің орнынының көрсеткішінің дейгейде болады.

Колоннаның табанына, жүктер қозғалыстарының соңында соғылатын резиналы амортизаторлы екі кронштейн 18 бекітілген. Төменгі кронштейнде 3 тағы бір кронштейн күйінің көрсеткішімен сәйкес келетін оптикалық ості фотоэлектрлік датчик 19 бекітілген. Өмен қарай қозғалған жүктің төменгі қыры фотоэлемент осімен қилысқан кезде электрлік белгі қалыптасады да, ол милисекундомерге беріледі.

Миллисекундомер 20, құралдың табанына бекітілген. Оның уақытты өлшеу диапазоны – 99,999 с. Оның алдыңғы панелінде үш клавиша бар:

W1 – миллисекундомерді электр тізбегіне қосатын;

W2 - «сброс»;

W3 – «пуск».



Миллисекундомердің артқы панелінде фотоэлектрлік датчик және электромагнитті қосатын ұяшық және 220В тоққа қосатын вилкалы шнур бар.

Қауіпсіздік ережесі
220-280В кернеулі қондырғылармен жұмыс істеу қауіпсіздігі туралы жалпы ережелерге сәйкес болады.


Каталог: arm -> upload -> umk
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Методические указания по прохождению учебной практики для студентов специальности 5В020400 «Культурология»
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы
umk -> Бағдарламасының титулдық пму ұс н 18. 4/19 парағы (syllabus) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
umk -> Бағдарламасы Нысан пму ұс н 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Программа Форма ф со пгу 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   135




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет