Механика зертханалық жұмыстарды орындауға методикалық нұсқаулар 1 бөлім



бет47/135
Дата28.01.2018
өлшемі12,41 Mb.
#34338
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   135

Бақылау сұрақтары





  1. Масштаб дегеніміз не? Олар немен ерекшеленеді?

  2. Штангенциркульдің құрылысы мен не үшін қолданылатын айтып бер.

  3. Микрометр туралы түсінік бер.

  4. Егер штангенциркуль де, микрометр де бар болса, қандай аспапты қолдану керек? Жауапты негізде.

  5. Өткізгіштің геометриялық өлшемдері бойынша кедергісін анықтауға болатын жұмыс формуласын қорытып шығар.



Қауіпсіздік шаралары

Жұмысты орындау барысында қауіпсіздік техникасының және өрт қауіпсіздігінің жалпы талаптарын сақтау қажетті.


13 Зертханалық жұмыс.Баллистикалық маятниктің көмегімен оқтың ұшу жылдамдығын анықтау


Жұмыстың мақсаты: оқтың ұшу жылдамдығын өлшеу үшін сақталу заңдарын қолдану.


Теориялық кіріспе

Берілген жұмыста келесі заңдар қолданылады:



Импульстің сақталу заңы – тұйық жүйедегі денелердің импульсі тұрақты болып қалады.
(1)
мұндағы - импульс, - масса, - I-ші дененің жылдамдығы, немесе тұйық жүйедегі денелердің әрекеттескенге дейінгі импульстар қосындысы әрекеттескеннен кейінгі импульстар қосындысына тең.

Жүйе тұйық деп аталады, егер оған сыртқы күштер әсер етпесе немесе олардың қосындысы нөлге тең болса.
(2)
Толық механикалық энергияның сақталу заңы: тұйық жүйедегі денелердің толық механикалық энергиясы өзгеріссіз болып қалады, егер арасында тек қана консервативті күштер әсер ететін болса. Толық механикалық энергия кинетикалық және потенциалдық энергияларының қосындысынан тұрады.

Дененің кинетикалық энергиясы - оның механикалық қозғалысының мөлшері болып табылады және дененің берілген қозғалысын іске асыру үшін орындалатын жұмыспен анықталады .

Жүйенің потенциалдық энергиясы денелердің өзара орналасуымен және олардың арасындағы өзара әрекеттесу сипаттамасымен анықталады. Егер дененің орын ауыстыруы кезіндегі күштермен орындалатын жұмыс траектория формасынан тәуелсіз, тек қана бастапқы және соңғы орынға тәуелді болса, онда мұндай өріс потенциалды, ал күштер консервативті деп аталады (мысалы, тартылыс күштері) .

Егер орындалатын жұмыс дененің бір нүктеден екінші нүктеге қозғалыс траекториясынан тәуелді болса, онда мұндай күштер диссипативті деп аталады (мысалы, үйкеліс күштері).




Каталог: arm -> upload -> umk
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Методические указания по прохождению учебной практики для студентов специальности 5В020400 «Культурология»
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы
umk -> Бағдарламасының титулдық пму ұс н 18. 4/19 парағы (syllabus) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
umk -> Бағдарламасы Нысан пму ұс н 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Программа Форма ф со пгу 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   135




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет