Мейірбекова г‡лжазира болатќызы



Pdf көрінісі
бет4/41
Дата28.11.2022
өлшемі0,81 Mb.
#160179
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41
Байланысты:
Адвокатура лекция

Ж А Л П Ы Б Ө Л І М
ТАҚЫРЫП № 1. АДВОКАТУРАНЫҢ ДАМУЫ МЕН ҚҰРЫЛУЫ. 
 
§ 1. Адвокатураның ұғымы, оның міндеттері мен маңызы және
мақсаты 
Дамудың демократиялық қағидаларын қамтамасыз етуде адвокатураның 
алатын орны ерекше. Ол ең алдымен қоғамның әртүрлі салаларында жиі-жиі 
кездесіп тұратын заңсыздықтарды болдырмау үшін күреседі. Ал қазіргідей 
өтпелі кезеңде, орын алып отырған келеңсіздіктермен қатар күні кеше 
ауылшаруашылығында жүргізілген жекешелендіру барысында туындаған 
проблемалар және әртүрлі жеке фирмалар мен ЖШС-тер өмір сүріп жатқан 
қазіргі кезеңде орын алып жатқан заңсыздықтардан аяқ алып жүре алмайсың. 
Сонымен қоса тергеу, тексеру, жауап алу барысында құқық қорғау орындары 
тарапынан жіберіліп жатқан заңсыздықтар да аз емес. 
Соңғы кездері әлеуметтік көмек мәселесі көп проблемаларды туындатып 
отыр. Көп жағдайларда әлеуметтік көмекті мүшелерінің заң талаптарын жете 
білмеуі салдарынан кейбір азаматтарға тиесілі әлеуметтік көмек көрсетілмей 
келеді. Немесе керісінше, алуға тиісті емес азаматтар көмек алып жатады. 
Әрине, соңғыларына көп жағдайларда қылмыстық іс қозғалатыны да заңды 
құбылыс. Бірақ, соған тек әлеуметтік көмек алып жүрген адам ғана кінәлі ме? 
Міне, осындай кездері адвокат қорғаушылардың атқаратын рөлі зор. 
Азаматтардың өздерінің сот істерін өздері жеке жүргізуге көптеген 
жағдайларда мүмкіндіктері бола бермейді. Олар басқа қалада өтетін сот 
отырысына өздерінің күнделікті шаруасынан қол үзіп барулары керек болады, 
сондай-ақ ертедегі римдіктердің айтуы бойынша, «өз істерін жеке жүргізу 
ауруда, жасының келуі де, аяқ астынан жолсапарларда және көптеген басқа 
себептерде кедергі келтіреді демекші, шын мәнісінде барлық уақытта 
ойлағанындай, барам деген жеріңе бара алмайсың, айтсам ба деген ойыңды 
айта алмайсың. Сондықтан кейбір нақты іс-әрекеттерді атқару үшін басқа 
адамдарға өз атыңнан өкілдік беріп, өз істеріңді атқаруды тапсыру қажеттілігі 
туындайды яғни соттағы іс-әрекетіңді атқару, соттағы өкілдік дегеніміз – бір 
тараптың яғни өкілдің екінші тараптың, яғни екінші өкілдік берушінің мүддесін 
қорғап, іс жүргізуге қатысуы. 
Сотта өз істерін табысты жүргізу үшін заңдарды жақсы біліп және сот 
өндірісінің формальдылығын жете сезініп түсінумен қатар, өз ойын анық бір-
бірімен байланыстыра жеткізе білуі керек. Бірақ кез-келген азамат мұндай 
білімдер мен қасиеттерге ие емес. Осылардың негізінде қажетті заң көмегін 
алуда сот істерінде тек қана кеңестер беріп қоймай, сот ісін де өзінің сөзімен, 
сөйлеу өнерімен алып шығатын адамның қажеттігі туады. Сот ісіне қатысып 
отырған заң көмегін беруші тараптың әрекетіне қосымша оның атынан іс 
жүргізу құжаттарын толтырып, сот жарыссөзінде азаматтың құқығымен 
мүддесін қорғап сөйлеуін құқық қорғау деп атайды. 



Шынында, құқық қорғау соттағы өкілдіктің жеке оқиғасы іспеттес. Бірақ, 
егер өкіл негізінен өкілдік берушіні толық сотта ауыстырады, ол юрист-
консульт, яғни заң кеңесшісі құқық қорғаушы өкіл берушіні ауыстырмай-ақ 
бірақ оған іс жүргізуде көмектесе отырып, сот өндірісінде жеке маңызды рөлге 
ие болады. Құқық қорғау қажеттілігі арқасында адвокатура атты кәсіби 
мамандық пайда болды. Бұл термин «advokatus» атты латын сөзінен шыққан, 
яғни шақыру деген мағынаны білдірген. Сонымен римдіктер, өздерін сот ісіне 
ертіп апарып, сот отырысында кеңестер берген достары мен туыстарын осылай 
атады. Империя кезінде бұл сөз қандай мағынаға ие боса, қазіргі кезде де 
сондай-ақ көптеген тілдерде де сол кездегі мағынаға ие болған қалпында 
сақталып қалды. Яғни Адвокат – бұл маман-заңгер және оратор-шешен болсын, 
кез-келген істе тараптармен бірге болсын, яғни тараптарсыз болсын, олардың 
ісін жүргізуші, көмектесуші болып табылады. 
Адвокаттық қызметпен айналысу үшін заңмен бекітілген қатаң білім мен 
адалдық бағасы болуы керек. Адвокаттар өздерінің мүшелерінің заң 
дайындығы мен моральдық қасиеттерінің сай келуін бақылау мақсатында 
кәсіби корпорацияларға бірікті. 
Ежелгі Римнен бері адвокатура тарихында құқық қорғау өз әрекетімен 
соттағы өкілдікпен тығыз байланысты. Бұл дегеніміз бірден екі жақты 
жүгінбей, біреуіне яғни істі шынайы жүргізу де толық және бөлінбейтін 
жауапкершілік алатын жаққа жүгіну тиімділігін көрсетеді. 
1864 жылғы сот реформасынан кейін ресейде құқық қорғау мен өкілдік 
бағыттары бірге бірігіп кеткінімен, адвокаттардың екі түрі болды, олардың бірі 
корпорацияға біріккен сенімді өкілдер болса, енді бірі соттарда болатын жеке 
сенімді адамдар. Біріншісі – адвокаттық элита болса, екіншісі одан бір саты 
төмен болды. Бұлардың бірігу бағыттарының кері әсерлері де жақтары да бар. 
Адвокатура сотта құқықты дұрыс қолданып пайдалану үшін барлық 
қоғамның мүддесі үшін күреседі. Бұдан шығатын қорытынды, бұл кәсіп 
қоғамға қызмет ету үшін аянбай еңбек етумен қатар арамдық ойламай, 
адалдықты қажет ететін кәсіп. 
«Ғалым-эксперттен құқық пен сот ораторы ретінде таза құқық қорғау 
қасиетінен қандай болмасын адвокат заң жағынан маклер, көпшілік арасында 
құрметке ие, практика іскері ретінде өзінің клиенттерінің мүддесін 
материалдық тұрғыда биік қоятын кәсіби маман.»
1
Қазіргі кезде Қазақстанда өкілдік пен құқық қорғау бағыттары бір-бірінен 
бөлінген. 
Өкілдікті адвокаттар да басқа да тұлғаларға да белгіленген. Ал құқық 
қорғау бағыттарын сотта прокуратура органдары мен мемлекеттік басқару 
органдары, сондай-ақ басқа тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін сотта 
қорғау үшін қатысатын қоғамдық ұйымдар мен азаматтар болады. 
Сонымен, «адвокатура» ұғымы бірнеше анықтамаға ие, соның ішінде: 
1. Адвокатура – сотта басқа адамдардың мүдделерін жүргізуге қатысатын 
белгілі маман адвокаттардың іс әрекеті. 
2. Адвокатура – бұл соттағы өкілдікке қарама-қарсы құқық қорғау. 
1
Шаламов.М.П. История Советской адвокатуры.М.1939. 



3. Адвокатура – адвокаттар құрамы, яғни өздерін осы кәсіпке арнаған 
тұлғалар класы. 
Осыларға қарап адвокатураға толық ұғымды былай беруге болады. 
Адвокатура – елді мекендер мен заңды және жеке тұлғаларға заң негізінде 
юридикалық көмек көрсететін кәсіби ұйым.
2
Адвокатураның қызметі, сөз жоқ құқық қорғауға жатады. Ол Қазақстан 
Республикасының Конституциясымен 1997 жылғы 5 желтоқсандағы 
«Адвокаттық қызмет туралы» Заңның негізінде жүзеге асырылады, 
кәсіпкерлікке жатпайды, өйткені негізгі мақсаты ретінде пайда табуды 
көздемейді және міндеттері мыналар болып табылады. 
1. қылмыстық істер бойынша қорғауды
2. азаматтық, әкімшілік, қылмыстық және басқа да істер бойынша 
өкілдікті; 
3. сондай-ақ азаматтар мен заңды тұлғаларға өзге де заңгерлік көмек 
көрсетуді алға қояды. 
Мәселен, ол 
консультациялар, 
түсіндірулер, кеңестер 
беруден, 
кәсіпқойлық 
білімді 
талап 
ететін 
мәселелер 
бойынша 
жазбаша 
тұжырымдамалар жасаудан, талап арыздарын, шағымдарын, құқықтық 
сипаттағы өзге де құжаттар жазудан, жеке және заңды тұлғаларға анықтау 
органдарында, алдын-ала тергеуде, соттарда, мемлекеттік және өзге де 
органдарда, ұйымдарда және азаматтармен қарым-қатынаста өкіл болудан және 
оларды қорғаудан көрінеді. 
Адвокатура мемлекет кепілдік берген және Конституциямен бекітілген 
адамның өзінің құқықтарын, бостандықтарын сот арқылы қорғау және білгірлік 
көмек алу құқығын жүзеге асыруға көмектесуге міндетті.
3
Адвокаттың өз өкілеттігін жүзеге асырарлықтай жеткілікті құқықтары бар. 
Сонымен , барша адамдар заң көмегiн , сондай-ақ ол көмектi адвокаттың 
қатысуымен алуға құқығы туралы конституциялық ереженi сақтау, сотта 
тараптардың бәсекелестiгi және тең құқықтылығы негiзiнде жүзеге асыруға, iс 
бойынша ақиқатты анықтап, заңды да негiздi сот шешiмiн шығаруға ықпал 
етедi. 
Адвокат азаматтың заңды құқығын қорғағанда ол тек қана нақты 
тұлғаға ғана емес бүкіл қоғамға маңызы бар іс жасайды. ¤йткені қате сот 
шешімдерінің кетуіне кедергі жасай отырып, заңдылық пен құқықтық 
тәртіпке деген сенімді нығайта түседі. Міне сондықтан, кәсіби және 
белсенді және шапшаң түрде азаматтардың мүддесін заңға байланысты 
өзінің дегенінде тұруы азаматтармен қатар қоғам мен мемлекеттің 
мүддесіне жауап береді. 
Қылмыстық және азаматтық істер бойынша әділсотты жүзеге асыру 
үшін тиімді әрекет ететін мемлекеттік органдармен қатар, сондай-ақ күшті 
тәуелсіз кәсіби адвокатура қажет. 
Адвокат айыпталушы немесе басқа субъектінің өкілі. Дегенмен, 
адвокаттар қызметі жеке сипатқа ие емес, өйткені оның қызметі тек 
2
Тыныбеков С. Адвокатура и адвокатская деятельность в Республике <казахстан. Алматы, Данекер,2001. 
3
Бұлғақбаев.А.Б. Советская адвокатура. Алма-Ата, 1982 



айыпталушыға ғана емес, сондай-ақ іс жүргізуші мемлекеттік органдар 
үшінде ауадай қажет. Сондықтан оның құрылу бағыттары тиісті заң 
бойынша әділсотқа жіберудің маңызды шарттары бойынша адвокатура 
ролін тез арада көтеру керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет