Мейірбике мамандығының даму тарихы «Мейірбике ісі»



бет3/6
Дата09.02.2023
өлшемі68,66 Kb.
#168168
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Мейірбике мамандығының даму тарихы
Есеп Алиев, Жабық тест сұрақтары-ЭДП қойылатын стандарттық талаптар (1), Мейірбике ісі философиясы, biocrossword, Биомеханика готовый
Төртінші әрекет:
мейірбикелік практиканың дамуы, зерттеулердің негізінде жүзеге асырылуы.


Бұкілодақтық Денсаулық Сақтау Ұйымы бойынша алғашқы медико- санитарлық көмек көрсету мақсаттары
БОДСҰ-ның негізгі мақсаты - 2030 жылға дейін Дүние жүзінде денсаулық деңгейін көтеру. Қазіргі уақытта ұйым аурулардың алдын алу шараларының жүргізілуіне көп көңіл бөлуде, оның ішінде әсіресе алғашқы көмек көрсетудегі мейірбике ісі мамандарының қызметін күшейту болып отыр.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрінің 2010 жылғы 5 тамызындағы № 604 бұйрығымен бекітілген ҮЛГІЛІК ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ бойынша 030300 «Мейірбике ісі» біліктілігі 0302033 «Жалпы тәжірибедегі мейірбике»
Келесі нәтижелерді білуі керек:

  • медициналық этика және деонтология негіздерін;

  • санитарлық- зарарсыздандыру тәртібін білуі;

  • зарарсыздандыру үшін қолданатын заттарды дайындау және одан ерітінділер дайындай білу,оларды қодана білу;

  • медициналық инструменттерді өңдеу кезеңдері;

  • өз құзыреттілігіне сәйкес іс- шаралар мен манипуляцияларды орындау тәртібіне сай орындай білу, мақсаттарын білу;

  • қазіргі кезде қолданылып жүрген ақпараттық технологиялардың негізін білу;

  • жиі кездесетін аурулардың белгілерін білу;

  • терапиялық көмекті ұйымдастыру жүйесі жайында түсінікті білу;

  • салауатты өмір салтын қалыптастыру негіздері жайында түсінік;

  • жүрек пен өкпені қайта жандандыру көмегі жайында түсінікті білу;

  • жекелеген әлеуметтік топтағы мүгедек адамдарға және қартайған жастағы ауру адамдарға көмек көрсету ерекшеліктерін білу;

  • мейірбикелік үрдісті ұйымдастыра және оны іске асыра білу;

  • пациенттермен және медицина қызметкерлерімен қарым- қатынас жасай білу;

  • үйде және ауруханаларда кейбір іс- шараларды жүргізу тәртібін білу;

  • пациенттердің ауруының алдын алу, емдеу-диагностикалау шараларын жүргізу;

  • халықтың денсаулығы мен тұрмыс жағдайы туралы деректерді жинау;

  • біздің елде және шет елде халықтың денсаулығын қорғаудың даму болашағына қатысу;

  • халық денсаулығын сақтау және қоршаған ортаны қорғаудың қағидасын, негізгі қолданылатын медициналық жабдықтардың, құжаттардың мазмұнын білу;

  • жұмыс істегенде, қауіпсіздік техникасын сақтау ережесін мүлтіксіз орындау;

  • санитарлық ағарту жұмысының түрі мен әдісітерін білу;

  • асептика мен антисептиканың ережесін, санитарлық- эпидемиологиялық шаралардың сақтау тәртібін білу;

  • халықты диспансерлеуге әзірлік жұмыстарын ұйымдастыруын білу.

Мейірбике маманын емхана, алдын-ала сақтандыру мекемелеріне жұмыс атқаруға тағайындайды.
Маманның жеке басына қойылатын талаптар:

  • ұжымда ұйымдастырушылық қабілетіне ие болу;

  • еңбекқор, адамгершілік қасиетіне ие болуы керек;

  • отанын сүйгіш;

  • халықаралық ынтымақтастықты дамытатын, өте сапалы адам болуы тиіс.

Мейірбике өз жұмысында, тек қана моральдік жауаптан басқа, заң алдында да жауап береді мысалы, дәрігерлік құпияны жариялағаны үшін, құрамында наркотик бар дәрілерді ұрлаған және сатқаны, заңсыз дәрігердің қызметін атқарғаны, керек жерде медициналық көмек көрсетпегені үшін және т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет