Мейірбике мамандығының даму тарихы «Мейірбике ісі»


«Денсаулық» мемлекеттік денсаулық сақтауды дамыту бағдарламасы



бет5/6
Дата09.02.2023
өлшемі68,66 Kb.
#168168
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Мейірбике мамандығының даму тарихы
Есеп Алиев, Жабық тест сұрақтары-ЭДП қойылатын стандарттық талаптар (1), Мейірбике ісі философиясы, biocrossword, Биомеханика готовый

«Денсаулық» мемлекеттік денсаулық сақтауды дамыту бағдарламасы


«Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын нығайту және еліміздің әлеуметтік-демографиялық дамуын қамтамасыз ету үшін тиімді денсаулық сақтау жүйесін қалыптастыру 2011-2015 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының негізгі мақсаты болып табылады.
Бағдарламаны іске асыру медициналық қызмет көрсетудің аз шығынды нысандарына өту үшін жағдай жасау, саланың профилактикалық бағыттылығын қамтамасыз ету, медициналық қызметтің қолжетімділігі мен сапасының деңгейін арттыру, арнайы әлеуметтік қызметтерді енгізу, халықтың өзін өзі сақтау мінез-құлқының дәйектемесі, медицина қызметкерлері құрамының кәсіптік және жеке өсуі, денсаулық сақтау жүйесін қоғамның қазіргі талаптарына және нарықтық жағдайларына бейімдеу үшін жағдай жасау арқылы денсаулық сақтау жүйесін қарқынды дамытуға ықпал ететін болады.
БАҒДАРЛАМАНЫ ІСКЕ АСЫРУ НӘТИЖЕСІНІҢ КӨРСЕТКІШТЕРІ, МАҚСАТЫ, МІНДЕТТЕРІ ЖӘНЕ НЫСАНАЛЫ ИНДИКАТОРЛАРЫ
Бағдарламаның мақсаты Қазақстан азаматтарының денсаулығын жақсарту және еліміздің тұрақты әлеуметтік-демографиялық дамуын қамтамасыз ету үшін бәсекеге қабілетті денсаулық сақтау жүйесін қалыптастыру болып табылады.
Бағдарламаның міндеттері:
азаматтардың денсаулығын сақтау және санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз ету мәселелері бойынша сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылды жақсарту жолымен халықтың денсаулығын одан әрі нығайту;
медициналық санитариялық алғашқы көмек әлеуетті бағытталған басымдылығымен Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтаудың жүйесін одан әрі дамыту және жетілдіру жолымен медициналық көмектің қолжетімдігін және сапасын арттыру;
бәсекеге қабілетті кадр әлеуетін қалыптастыру мақсатында медициналық және фармацевтикалық білімді жетілдіру. Инновациялық технологияларды әзірлеу және енгізуге бағытталған медициналық ғылымды дамыту.
Бағдарламаны іске асырудың нысаналы индикаторлары
2013 жылы: Қазақстан Республикасы Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі қалыптастырылды.
2015 жылы: Халықтың күтілетін өмір сүру ұзақтығын 70 жасқа дейін ұлғайту;
ана өлім-жітімі 1,5 есе төмендейді;
нәрестелер өлім-жітімі 1,5 есе төмендейді;
жалпы өлім-жітім 15 %-ға төмендейді;
туберкулез ауруы 10 %-ға төмендейді;
медициналық ұйым және дәрігерді еркін таңдау жүйесі енгізілді; тұрғылықты жеріне қарамай тегін медициналық берілетін кепілді көлемі шеңберінде медициналық қызметтерді алуда республика азаматтарына тең жағдайлар жасалды;
халықтың жеке формалды емес төлемдерінің деңгейі төмендеді және тегін медициналық көмектің кепілді көлемінің жұмыс істеп тұрған жүйесімен қатар қосалқы ақы төлеу тетігі енгізілді;
денсаулық сақтауға инвестициялардың тиімділігінің бағасы әзірленді;
тиімді тарифтік саясат енгізілді;
медициналық-санитариялық алғашқы көмек шеңберінде медициналық қызметтердің 30 %-н жалпы практика дәрігерлері ұсынады;
стационарлық көмекті негізінен көп бейінді стационарлар көрсетеді;
тегін медициналық көмектің берілетін кепілді көлемін көрсетуде пайдаланылатын дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарға әсіресе ауылдық жерде қол жетімділігі артты;
денсаулық сақтаудың мемлекеттік ұйымдары сатып алатын дәрілік заттарға бағаны мемлекеттік реттеу енгізілді;
дене тәрбиесі және спортпен айналысатын азаматтарды қамту, 25 %-ға дейін көбейді; дене тәрбиесі және спортпен айналысатын балалар мен жасөспірімдерді қамту 12 %-ға көбейді; халық арасында темекі шегу, есірткі және алкогольді тұтыну 15%-ға төмендеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет