Мейірбике мамандығының даму тарихы «Мейірбике ісі»



бет1/6
Дата09.02.2023
өлшемі68,66 Kb.
#168168
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Мейірбике мамандығының даму тарихы
Есеп Алиев, Жабық тест сұрақтары-ЭДП қойылатын стандарттық талаптар (1), Мейірбике ісі философиясы, biocrossword, Биомеханика готовый

Мейірбике мамандығының даму тарихы
«Мейірбике ісі» қоршаған ортаның өзгеру салдарынан болып отыратын жағдайдағы жеке тұлғаның және халықтың денсаулығына байланысты, проблемаларды шешуге бағытталған денсаулық сақтау жүйесінің бір саласы болып саналады. Ғылым ретінде мейірбикелік іс практикада тексерілген білімдерге сүйенеді. Алғашқыда мейірбикелік іс өз бастауын медицина, психология, социология, мәдениеттану ғылымдарынан бастау алған. Қазіргі заманда мейірбике ісіне жаңаша салалар қосылып жатыр (мейірбике ісінің философиясы, мененджменті, маркетинг, мейірбикелік педагогика, мейірбикелік ісіндегі қарым-қатынас, мейірбикелік үрдіс).
Мейірбикелердің негізгі мақсаты: сырқаттанған адамдардың, жанұяның, халықтың денсаулығын сақтап, жан-жақты ем көрсету болып табылады.
«Мейірбикелік іс» пәні медицина, биология, гииеналық, клиникалық және қоғамдық пәндермен тығыз байланысты, бірақта осы пәннің негізгі міндеті мейірбикелік кәсіптік бағытта, жан-жақты білім алуға көмектесіп, мүмкіндік туғызу.
Ғылым және өнер болып саналатын мейірбикелік іс қазіргі уақытта өз алдына келесі мақсаттарды қояды:

  • бұқара халыққа мейірбике ісінің маңыздылығы, ерекшелігі жөнінде түсінік қалыптастыру;

  • мамандық міндетті кеңейту және халықтың мейірбикелік қызметке қажеттілігін қанағаттандыру үшін мейірбике қабілетіне көңіл аударып, нәтижелі қолдана отырып дамыту;

  • адамға, денсаулыққа, қоршаған ортаға деген мейірбикенің белгілі бір ойлау стилін қалыптастыру;

  • этикалық, эстетикалық және деонтологиялық аспектілерді ескере отырып мейірбикелерді пациенттермен, жанұя мүшелерімен, өз әріптестерімен мәдениетті қарым-қатынас жасауға үйрету;

  • мейірбикелік көмектердің жаңа технологияларын енгізу және өңдеу;

  • медициналық ақпараттармен жоғарғы деңгейде қамтамасыз ету;

  • мейірбикелік көмектің сапалы түрде нәтижелі стандарттарын құрастыру;

  • мейірбикелік іс аймағында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп отыру.

Жоғарыда қойылған мақсаттарға жетуде және мейірбикелік ісі мамандық ретінде бекітілуі үшін, мейірбикелердің мамандық тілін стандарттауға жалпылай терминологияны қажет етеді.


«Әрбір әйелдің өзін мейірімді әпке ретінде көрсете алатындығы туралы көп жазылып, айтылған. Менің болжауымша бұл күтімдердің негізі белгісіз болған.» Флоренс Найтингейл, 1859 ж. 1820 ж. Флоренция қаласында мәдениетті бай жанұяда тұған, балалық шағы Лондон қаласында өткен, Флоренс өте жақсы білім алды. Балалық шағынан бастап ол өзін адамдарға қызмет етуге, әсіресе мүгедек адамдарды күтуге, оларға қызмет етуге бағдарлаған. Ағылшын әскерінің Қырым соғысында қиын жағдайда екенін естіп, Флоренс бір аптаның ішінде 38 адамнан тұратын қайырымды мейірбикелер тобын құрастырып, 1854 ж. қазан айында жаралыларға және сырқаттанған адамдарға көмек көрсетуге аттанады. 1869 ж. Лондонда Флоренс жер жүзінде бірінші қайырымды мейірбикелердің мектебін ашады. Мектеп бітірген мейірбикелер Флоренс Найтингейлдің антын беретін. Найтингейлдің пікірі бойынша пациентің жазылуы тек қана дәрігердің күтіміне байланысты емес, сонымен қатар ең бастысы пациент өз табиғатына басты көңіл аударып есептесіп отыруы керек деген.
Ф.Найтингейл мейірбикелік ісің екі негізгі бөлікке бөледі:
- дендері сау адамдарға күтім көрсету (адам ауруға душар болмау үшін алдын ала шараларын жасап отыру);
- пациентерді күту (ұзақ ғұмыр кешуіне жақсы жағдайлар туғызу).
Ф.Найтингейл бақылаулар мен ақпараттар негізінде пациенттің денінің саулығы қоршаған ортамен байланысты екенін анықтады. Ол мейірбикелік ісінің проблемаларының тарихтағы ғылыми әдістер бойынша шешімін тапқан. «Адамның жанын ауырғанда ғана танып білуге болмайды».
Тазалыққа, ауаға, тыныштыққа, дурыс тамақтануына ерекше назар аударып, Флоренс Найтингейл мейіркеш ісің "денсаулықты сауықтыру үшін, айналадағы ортаны " қолдану керек деп сипатама берді. Мейірбикенің ең маңызды мақсаты: табиғат пациентке өзінің сауықтыру әсерін тигізу. Флоренс Найтингейл мейірбикелік ісің өнер деп атап, оның гылыми, практикалық дайындығын үйымдастыруын талап етіп, мейірбикелік ісінің мәселелерін шешу үшін ғылыми әдістерді қолданады. Ең алғашкы оның үлгісі бойынша Европада, содан кейін Америкада мектептер ашылды. Мейірбикелер өздерінің өнерін көрсетіп, арнайлы мейірбикелік білімдерін құруына ерекше назар аударды.Пациенттің жеке тұлғасын силау, сүйіспеншілік, қамқорлық көрсету мейірбикенің кәсиби бағасына жатады.
Халықаралық мейірбикелік қоғамның алғашқы ұраны кездейсоқ емес, ол Сүйіспеншілік, Батылдық, Абырой. Бірақ Флоренс Найтингейл өлімінен кейін, біраз қарама қарсы өзгерістер болды. Ғылыми-үйымдастырулық, саясаттық жоспарда денсаулық сақтау жұйесінің құрылу қағидасында әкімшілікпен, дәрігерлер мейірбикелерді арзан жұмыс күші ретінде экономикалық мақсаттарға мүмкіндік туғызды. АҚШ және Европада кейбір мейірбикелік мектептер аурухананың қарамағына кіріп, теориялық машықтану сабақтарын дәрігерлер жүргізді. Мейірбикелер тек ғана дәрігерлердің нұсқауын орындаушы ретінде болды. Бірақ осы әлеуметтік жағдайға қарамастан Флоренс Найтингейлдің бітіруші түлектері өзінің тәлімгерінің мұратына ілесіп, мамандық мейірбикелік практиканың дамуына тәуелсіз ынталарын көрсетті. Флоренс Найтингейлдің оқушылары мен ізбасарлары колледждармен университеттерде лайықты орын алуға ұсыныс жасады. Алғашқы медициналық университеттер АҚШ –та өткен ғасырдын аяғында ашылды, бірақ екінші отан соғысының аяғында олардың саны көбейді.
Бүгінгі күні мейірбике ісі мамандық ретінде үнемі өзгеріп отырады. Бұл мамандық қоғамға қызмет ету үшін пайда болған және қазіргі заманда өз келбетін жоймаған. Әлеуметтік жағдайларға және денсаулық сақтаудың жаңа талаптарына сәйкес мейірбике қызметкерлерінің де ролі өзгеріп отырады.
Қазіргі заманда Мейірбикелер дәрігерлердің нұсқауларын орындауышы болып қана қоймай, сонымен қатар өз бетімен шешім қабылдай алатындай жағдайда болуы тиіс.» - деген өсиетті Вирджиния Хендерсон өзінің із басарларына өсиет еткен.
В.Хендерсон зерттеуші ретінде мейірбикелердің пациенттерді күтудегі ең негізгі ережелерін өңдеп берген. Вирджиния Хендерсонның пациенттің ең негізгі деген 14 қажеттілігін ашатын (бірқалыпты дем алу, ас пен сұйықты қалыпты қабылдау, қозғалыста болу және ыңғайлы қалыпты сақтау, ұйқы және демалыс, дене қызуын бір қалыпты ұстау, қоршаған ортамен араласу және т.б.) теориясы мейірбике арасында кеңінен тарап әлемге әйгілі болды (1955). В.Хендерсон мейірбике мамандығының мәніне мынадай түсінік берген: «мейірбикенің пациенттерді күтудегі қызметі» - сол пациенттің өз денсаулығына деген көз қарасын бағалау, пациенттің өз денсаулығын және өмірін сақтап қалудағы іс-әрекеттерді орындауына көмек көрсету.
Кәсиби мейірбикелік қарым қатынаста " мейірбикелік үрдіс" " мейірбикелік диагноз" т. б. терминдер пайда болды. Мысалы 1980 ж Американдық мейірбике ассоциясында " мейірбикелік диагноз қойып және пациенттің ауруына деген реакциясын қорректеу" туралы анықтама берген. Үнемі дамыған мейірбикелік ілімдері талқылауды, тексеруді, қолдану және таратуды талап етті. 1952ж алғашкы "Несинг Рисерч" деген мейірбике ісінің халықаралық ғылыми журналы жарыққа шықты. Кәзіргі уақытта Америкада екі мындық әртүрлі кәсиби мейірбикелік журналдар шығарылады. 1960 жылдары мейірбике ісінің аймағында докторантура бағдамалары пайда бола бастады. 70 жылдардың аяғында АҚШ –та ғылыми доктор денгейің алған мейірбикелердің саны 2000 дейін болды. 1973ж Америкада мейірбике ісінің Ұлттық Академиясы ашылды, ал 1985ж АҚШ конгрессі зан жобасын қабылдады, сол себебтен Денсаулық Ұлттық институтының қарамағында мейірбикелік зерттеу Ұлттық орталығы ашылды. Бірақ кейбір халықтар осы бағытта үлесін салуға кедергі жасады.
1987ж өткізілген Жаңа Зеландиядағы Халықаралық мейірбикелік кеңесінде мейірбике ісіне мынадай сипаттама берілді: " Мейірбике ісі денсаулық сақтау жұйесінің бөлігі болып, өзінің әрекетіне денсаулықты сақтау, аурудың алдын алу, психоэмоционалдық көмек көрсету және физикалық психикалық, жұмысқа деген қабілеті төмен ауруларға күтім жасау ".
Ресейде ен бірінші мейірім қоғамдары 1844ж Санкт-Петербургда ашылды. 1867ж жарақаттармен ауруларды емдеу және көмек көрсету ұйымы құрылды, кейін Ресейлік Қызыл Айқыш қоғамы деп атын өзгерті. Қызыл Айқыш қоғамының басқаруымен санитарлық жасақтар ұйымдастырылды, оқу курстары ашылды. Кейін мейірім әпке деген түсінікке мейірбике түсінігі келді. Мейірбике ісі ежелден келе жатқан мамандық.І Петр заманында Ресейда бірінші рет госпитальдерде, лазареттерде әйелдер еңбек етті. І Петр қайтыс болғаннан кейін Екатерина І кезінде госпитальдерде, лазареттерде әйелдердің жұмыс істеу тоқтатылған. Тек қана 100 жылдан кейін Ресейда «Қайырымды мейірбикелер қасиетті қоғамын» құрып, қайырымды мейірбикелерді оқытып даярлайтын қоғамдар ұйымдастырылған. Бірінші қайырымды мейірбикелер халықтан шыққан. Олар өздерінің қалауынша науқастарға, жарақаттарға «күтім» жасауды ұйғарған.
Үкімет, Петербург және Мәскеу қалаларында қайырымды мейірбикелер тәрбиелейтін үйлерді, науқастарға қалай күтім көрсетуді үйрететін қоғамдарды аштырып ұйымдастырды.
Бірінші қоғамның құрылғанынан үш жылдан кейін Н.И.Пироговтың ұсынысы бойынша Қырым соғысы кезінде, екінші қоғам құрылады. Ол қоғам соғыс госпитальдерінде жұмыс істейтін, қайырымды мейірбикелер даярланған. Н.И.Пирогов 1854 ж. бір топ қайырымды мейірбикелермен соғыс жүріп жатқан Севастополь қаласына келіп медицина тарихында бірінші рет, әрекетті Армияның емханаларында әйелдер жұмыс істеген. Сол кезде, Н.И.Пирогов әйелдердің еңбекқорлығына танданып былай деп жазған: «Соншама нәзік әйелдер жаралыларды күні-түні бағып қағуда, ауыр жаралыларды қарапайым сөзбен көңілдерін жұбатып, тіпті бастионда зеңбіректің оғының астындағы жаралыларға да көмек көрсетуде».
«Екатерина Хитрова, Екатерина Бакунина бастаған қайырымды мейірбикелер, өздерінің ерлік еңбектерімен Рессейде, тіпті шет елдерге де танымалы болды»,-деп атаған Н.И.Пирогов.
Олардың арасында орыс қайырымды мейірбикелерінің бірі Даша Александрова ерлігімен тарихта Даша Севастопольская деген атақпен даңқы шыққан.
Елімізде Қазан революциясынан кейін, мейірбикелік мамандықтың дамуының жаңа кезеңі басталды. Мейірбикелерді оқытып даярлауды үкімет өз міндетіне алды. Азамат соғысы кезінде мейірбикелік мектептерге бастауыш білімі бар адамдарды, ал медициналық техникумдарға жеті жылдық білімнен кейін қабылданған.
Денсаулық сақтау жұйесінде оқулық мамандығынын тізімдемесінде Ресейде " Мейірбике ісі" ресми түрде 1988ж бастап енгізілген.
1992ж. Медициналық орта білім жөнінде І Бүкілресейлық конференцияда реформа қабылданған. Реформада барлық медициналық курстардың, мектептердің, техникумдардың аттарын өзгерту жөнінде қаулылар қабылданды. Мамандарды даярлаудағы бағдарлама негізгі орын саяси - қоғамдық тәрбие беруге бөлінген.
Отан соғысы кезінде Денсаулық сақтау халық комиссиариаты 1 - 1,5 жылдың ішінде майданға және тылға орта білімді медициналық кадрлар даярлаған. Фашизммен күресте көптеген мейірбикелер жаралыларға көмек беруде ерлік пен батырлықтың үлгісін көрсетті. Медициналық көмектің сапасын жетілдіруінің арқасында жаралылар мен сырқаттардың 70% қайтадан сапқа оралған. Соғыста көптеген мейірбикелер еңбегі мен батырлығы үшін үкімет силықтарына ие болған.
Сөйтіп, Флоренс Найтингейл мейірбикелер даярлаудың негізін орнатады. Оның көмегімен көптеген медициналық мекемелер ашылады. Оның өмір бойы жаралыларды, науқастарды бағып-қағып күткені және мейірбике даярлаудағы сіңірген зор еңбектері үшін 1912 жылы Флоренс Найтингейл атағында медаль шығаруды ұйғарылды. Бұл медаль халықаралық Қызыл Крест Лигасының ең жоғары марапаты болып саналады.
12-мамыр күні Флоренс Найтингейлдің туған күні, сондықтан осы күні Халықаралық Мейірбике күні болып саналады. Флоренс Найтингейлдің медалін мүлде өзінің жұмысын адалдық, батылдық, сүйіспеншілікпен, соғыс және бейбіт уақытында көмек көрсету үшін марапаттайды. Кандидаттардың номинациялары жылына екі рет болады. Медаль алтын жалатқан күмістен жасалған. Медальдың оң жағында "Флоренс Найтингейлдің ескерткішіне арналған 1820-1910ж" деген латынша жазуы бар. Ортасында жарық, мейірімдік, сенім нышаны тәрізді қолында шамы бар әйелдің сүреті , теріс жағында "Адамзаттарды танғалдыратын нағыз мейірімділікпен қамқорлық" деген латынша жазуы бар.Отан соғысы уақытында Флоренс Найтингейлдің медалін мүлде өзінің жұмысын адалдық, батылдық, сүйіспеншілікпен орындаған үшін біздің қазақстандық әйелдері: Широкова Вера, Искакова Разия,Дмитриева Антонина, Смирнова-Кухарская Мария, Дмитриенко Анна марапатталды.
Біріккен Ұлттар Ұйымында денсаулық сақтау мәселелерімен айналысатын ең ірі мекеме /ВОЗ/-ДДСҰ/ ''Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы'' болып саналады. “Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы” 1945 жылы қаңтар айында құрылған. Ол әртүрлі аурулармен күресуде үлкен жұмыс жүргізеді, медицина ғылымымен айналысады, журнал, бюллетеньдер шығарады, сонымен бірге, “ Мейірбике мамандығына” қатысты сұрақтарды шешеді.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымында мейірбике мамандығының мәселелерімен айналысатын арнайы эксперттік комитет бар. Бұдан басқа мейірбике мамандығына қатысты мәселелермен айналысатын “ Мейірбике пен акушеркалардың /ассоциациясы/ құрама одағының халықаралық мекемесі” мен “Халықаралық медициналардың кеңесі” төрт жыл сайын Конгресске жиналып, мейірбике мамандығының теориялық және практикалық сұрақтарын шешіп отырады.
Қазіргі уақытта емдеу мекемелеріндегі ортаңғы медицина қызметкерлері мейірбике ісіне қосымша оқулық жинақтары ''ЛЕМОН''- ды қолданады.
Денсаулық сақтау мейірбике ісінің негізгі бөлігі, оның қызметінде - денсаулық сақтау, аурудың алдын-алуы, психоэмоциональдық көмек көрсету және т.б. болып саналады. Ең маңызды, ол пациентке күтім жасау.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет