3. Жас спортшыларды даярлауда гигиеналық жағынан қамтамасыз ету ерекшелігі.
Алғашқы даярлық топтары орта мектеп оқушыларынан, спортпен шұғылданғысы келгендермен толтырылады.
Оқу – жаттығу топтарына дарынды, спортқа деген икемділіктері бар, алғашқы даярлықты өткен, қабылдау нормативін орындаған балалармен толтырылады.
Спорттық жетілдіру топтары жас спортшылармен толтырылады, оқу – жаттығу топтарынавн өткен және алғашқы даярлық топтан өткендер қабылдау нормативтерін орындаған жалпы және спорттық дайындықтары бар.
Спорттық шеберліктері жоғары алдыңғы кезеңдерден өткен спортшыларды қабылдайды және арнайы талаптарды орындаған ел құрма командасының үміткері ретінде қабылданады.
Тексеру сұрақтары: Таулы климат деген не? Оның ерекшелігі қандай? Таулы жердеге физикалық көрсеткіштер қандай? Ол көрсеткіштер ағзаға қалай әсер етеді? Қандай биіктікте жатығулар өткізген тиімді? Орта таулы жер дегенді қалай түсіну керек? Жоғары таулы жер дегенді қалай түсінесіңдер? Таулы жерлерде қалай тамақтану қажет? Демалыс қалай болады? Уақыт белдеуіне қалай үйрену керек? Уақыттық белдеу үрдісі деген не? Жас спортшыларды даярлау ерекшелігі неде? Оларды қандай топтарға бөледі?
Әдебиет: Лаптев А.П., Полиевский С.А. Гигиена: Учеб. для ин-тов и техн. физ. культ. –М.: Физкультура и спорт, 1990. 2. Лаптев А.П., Малышева И.Н. Практикум по гигиене: Пособие для инститов физической культуры. М., Физкульура и спорт, 1981.
№ 15. Тақырыптың аты: Жеке спорт түрлеріне дайындықты гигиеналық тұрғыдан қамтамасыз ету
Мақсаты: Гимнастика, жеңіл атлетика, шаңғы спорты, спорттық ойындар, жүзу, бокс, ауыр атлетика сабақтарын гигиеналық қамтамасыз ету, әр түрлі спорт нысандарын гигиеналық қамтамасыз етуді студент қауымға түсіндіру. Жаттығу барысын ұйымдастырудың гигиеналық нормаларын естеріне түсіру.
Тірек сөздер: Бөлек спорт түрлері, дайындықты гигиеналық қамтамасыз ету, жеңіл атлетика, жүзу, спорт ойындары, гимнастика.
Негізгі сұрақтар:
Жеңіл атлетика
Жүзу
Спорт ойындары
Гимнастика
Қысқаша мазмұны: 1.Әр түрлі спорт өкілдеріне жалпы негізгі гигиеналық ережелер бар.Бөлек спорт түрлерінде оны ұйымдастыру кезінде және жаттығулар өткізген кезде іске асулары керек.
Жеңіл атлетикаға кіретіндері: жүру, жүгіру, секіру, лақтыру және көп сайыстар. Спорттық жүру мен жүгіру стереотипті айналмалы қозғалыстарға жатады, лақтыру мен секіру ациклдік (айналымды емес) , ал кросстар ситуациялық қозғалыстарға жатады.
Жеңіл атлеттің күнделікті кестесінде келесі жағдайларды ескерген жөн. Таңертеңгі жаттығуға көп уақцытты жүгіруге және жүгіру жаттығуларына.
Спортшының жазғы киіміне: майка, трусы, жеңіл жаттығу костюмі. Егерде күн көзі шақырайып тұрса, ақшыл түсті бас киім киген жөн. Желді және жаңбырлы күндері жаттығу костюмі желден және жаңбырдан қорғайтын болуы керек.
Аяқ киімі жыл маусымына, ауа райына, жаттығу түріне және топырақтың түріне байланысты ескеріледі. Егер де сабақ немесе жаттығу бөлменің ішінде болса, кеділер мен кроссовкалар пайдаланған жөн.
Жеңіл атлеттердің тамағы жалпы гигиеналық ережелерге сай құрылуы тиіс. Қысқа және орташа қашықтыққа жүгіретіндерге, секіретіндерге тамақ рационында келесі тәуліктік қалыптар қарастырылады (1 кг дене салмағына граммен): ақуыздар – 2,4 – 2,5, майлар – 1,7 – 1,8, көмірсулар – 9,5 – 10. Осыған байланысты тәуліктік тамақтың калориялылығы 1 кг салмаққа – 65-70 ккал. Бұл спортшылар үшін үш тамақ рационы ұсынылады:
дайындықтың негізгі кезеңінде – рацион 2 және 3;
жарыс алдындағы және жарыс кезіндегі дайындықта – 1, немесе 2, немесе 3;
қайта қалпына келу кезеңі – рацион 2 немесе 3.
Cекіретіндер мен қысқа және орта қашықтыққа жүгіретіндерге тәуліктік тамақ рационының калориялылығы мен химиялық құрамы (% ккал/ г)
Заттар
|
Рацион 1
|
Рацион 2
|
Рацион 3
|
(4000 ккал)
|
(5000 ккал)
|
(6000 ккал)
|
Белоктар
Майлар
Көмірсулар
|
18/180
30/134
52/520
|
17/212
30/166
53/662
|
17/254
30/199
53/794
|
Лақтыратындар мен көп сайысшыларға тәуліктік тамақ рационының калориялылығы мен химиялық құрамы (% ккал/ г)
Заттар
|
Рацион 1
|
Рацион 2
|
Рацион 3
|
(5000 ккал)
|
(6000 ккал)
|
(7000 ккал)
|
Белоктар
Майлар
Көмірсулар
|
19/238
32/178
49/613
|
18/270
32/214
50/750
|
18/316
32/249
50/875
|
Cпорттық жүріс пен ұзын қашықтыққа жүгіретіндерге тәуліктік тамақ рационының калориялылығы мен химиялық құрамы (% ккал/ г)
Заттар
|
Рацион 1
|
Рацион 2
|
Рацион 3
|
Рацион 4
|
(4000 ккал)
|
(5000 ккал)
|
(6000 ккал)
|
(7000 ккал)
|
Белоктар
Майлар
Көмірсулар
|
15/150
25/111
60/600
|
15/188
25/139
60/750
|
14/210
25/167
61/915
|
14/245
25/195
61/1068
|
Достарыңызбен бөлісу: |