Мектеп жасына дейінгі балалардың салауатты өмір салтын қалыптастыруда ұлттық Қимыл-қОЗҒалыс ойындарының ерекшелігі



бет5/9
Дата28.01.2018
өлшемі1,12 Mb.
#34217
1   2   3   4   5   6   7   8   9

YDP «Сөздегі ойындар» қосымша бағдарламасы балаға ойлануды ұсынады: осы балалардың арасында қандай әңгіме бола алады: «Сұрақтарды тыңдаңыздар да жауаптарды табыңыздар» (тек бір ғана дұрыс сұхбат). Дұрыс жауаптан кейін анимацияда сұхбат ойналады.

Балада дұрыс сөйлеу қалыптасады, бала тартымды графикаға бағдарлана отырырп, өзін-өзі бақылау әдісін іздейді.



«Қара да айт» – интерактивтік аудио- мен бейнематериалдар бойынша оқитын және жеке әріптерді дыбыстармен бірлестірудің орнына тұтас сөздерді есте сақтай және тани отырып, оқуды үйренетін балалардың сөздік қоры мен қатынастық қабілеттерін дамыту үшін арналған. Бағдарлама сізге қызықты интерактивтік және көңілді суреттардің көмегімен баланы жаңа сөздермен таныстырудың бірегей мүмкіндігін береді. Ойында сөздік қорды дамыту үшін әрқайсысында күрделілік дәрежесі әр түрлі бірқатар тақырыптық жаттығулары бар 30 санатқа бөлінген мультимедиалық материалдар жинағы бар.

Қосымша бағдарламада ишара тілідерін және ерінмен оқу машықтарын меңгеру бойынша бейнероликтер бар, олардың көмегімен балалар ишаралар тілінің негіздерін оқиды және әр түрлі сөздерді айтуды сүйемелдейтін еріннің қимылымен танысады; одан басқа балаларға, кім нашар тыңдайды, соларға толеранттық қатынастың негіздері беріледі.



Мектеп жасына дейінгі баланың сөйлеуін дамыту безендірілген тақпақты жаттау кезінде де болады. Мәселен, YDP «Сөйлейтін суреттер» қосымша бағдарламада «Тақпақты тыңда, еске сақтауға және қайталауға тырыс. Жазып ал да өзіңді тыңда» деген тапсырма бар. Тақпақты есте сақтау үшін кәртішкені басып алуға болатындығы, электрондық пен дәстүрлі оқытуды үйлестіру кезінде үлкен мәні барлығы маңызды болады.

Мектеп жасына дейінгі балалар үшін орыс тіліндегі – http://www.diagora.ru. «Ойынхана» ойын порталы орыс тілінде сурет-тақпақ ұсынады. Тақпақтың әрбір жолына немесе үзіндісіне тақпақты «көру түрінде» қабылдауға көмектесетін анимацияланған мағыналы безендіру ұсынылады. Анимацияланған суреттердегі тақпақтың екі нұсқасы бар: бірінші нұсқа – бұл түйінді үзінділерінде анимацияланған безендірулері бар тақпақтың толық мәтінінің жарияланымы. Екінші нұсқада бала суретті егжей-тегжейлі қарай алуы, ал ата-аналар оны түсіндіре алуы немесе суреттің тақырыбына бүлдіршінмен әңгімелесе алуы үшін әрбір үзіндіде тоқтап тұру мүмкіндігі қарастырылған. Сондай-ақ мұнда «ҚАЙТАЛАУ» батырмасының көмегімен үзіндіні қайталау мүмкіндігі қарастырылған.


    1. Мектепке дейінгі жастағы ересек балаларды мектепке дайындау


«Мектепке дайындық» деп аталатын YDP бірлестігінің мектепке дейінгі жастағы ересек балаларға арналған қосымша бағдарламада баланың қалыпты дамуы үшін қажетті пәндер мен машықтардың бірін қамтитын көптеген тартымды жаттығулар бар. Оны тілдік және моторлық машықтарды, есту мен көру қабылдауларын, сондай-ақ математиканы оқытуды дамыту мен жаттықтыру үшін пайдалануға болады.

Мысалы, өте танымдық тапсырма: «Фильмді қара және бақыла, күн мен ай аспанда қалай қозғалады». Содан кейін тапсырма күрделенеді: «Күн мен айдың аспандағы қозғалысының тізбегін қалпына келтір». Бұл тапсырманың ерекше тартымдылығы сонда, егерде бала қажет етсе, онда тақтаның сол жағында орналасқан аспаптар көмегімен клипті тоқтатуға және суретті салып алуға болады.

Жаттығулар сериясы уақытты қабылдауды дамытуға бағытталған: «Суреттерді ретімен маусым бойынша орналастырыңдар, көктемнен бастаңыздар»; «Әр түрлі маусымда адамдар не киеді? Суреттерге қараңыздар да әрбір маусым үшін лайықты киімдерді таңдаңыздар»; «Суретке ұқыпты түрде қараңыздар, жазуды тыңдаңыздар және суретте сіз жылдың қай маусымының белгілерін көріп тұрғаныңызды анықтаңыздар»

«Мектепке дайындық» қосымша бағдарламасының тапсырмалары сондай-ақ ұқыптылықты, логикалық ойлауды: «Жазуларды тыңдаңыздар. Егерде хабарда шындық ақпарат бар болса, онда күлімдеп тұрған бет бейнені басыңыздар, егерде жоқ болса, онда мұңайып тұрған бет бейнені басыңыздар». Мынандай сөйлемдер дыбысталады: «Қар жазда жауады. Қыс жаздан кейін түседі. Жапырақтар ағаштан көктемде түседі, Қыста аяз болады. Жаз – жылдың ең жылы мезгілі». Дұрыс жауаптар кезінде жылдың сол немесе басқа уақытын безендіруші сурет ашылады – ойынның жаңа сеанстары кезінде сөйлем де, суретте алмасады.

Мұндай ойындар көрнекілік-әрекеттік ойлауды жетілдіруге, оны көрнекілік-бейнелік жоспарға айналдыруға мүмкіндік туғызады, логикалық ойлаудың элементарлық формаларын қалыптастырады, заттарды талдауға, салыстыруға, қорытынды жасауға үйретеді, оқу есептерінде жинақтай білуді, шарттарды есте сақтауды, оларды дұрыс орындауды талап етеді.

Көзбен қабылдау қабілеттілігі, көзбен көру ұқыптылығы және жад мынадай тапсырмалардың көмегімен дамиды: «Суретке қара. Әлбетте бола алмайтынды көрсет (5-сурет)»; «Өрт сөндіру мәшинесіне қара. Қандайда бір элементі жоқ орынды көрсет»; «Қараңыздар және бас киімдері бірдей қар тазалағыштарды белгілеңіздер»; «Суретке қараңыздар және айырмашылықтарды табыңыздар. Содан кейін оларды оң жақтағы суретте белгілеңіздер»; «Балаларға киілген құлақшынға қараңыздар. Оларға түсі бойынша сәйкес келетін мойынорағышты таңдаңыздар» және т.б.








5-сурет.

YDP ресурстарының маңызды артықшылықтарына суреттерді қара-ақ нұсқада басып шығаруға және түрлі түсті бояды пайдалануға болатындығы жатады.

Каталог: ebook -> umm
umm -> ПОӘК 042-18-29 8/03-2013 №1 басылым 05. 09. 2013
umm -> Жалпы және заң психологиясы терминдерінің қысқаша сөздігі. І бөлім. Жалпы психология пәнінің терминдері
umm -> 6М 011700- «Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы» Магистранттарға арналған
umm -> ПОӘК 042-14-5-05. 02. 20. 22/2013 № басылым
umm -> 6М 011700- «Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы» Магистранттарға арналған
umm -> «Ежелгі дәуір әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті», 5В012100- Қазақ тілінде
umm -> Оқытушы үшін «Қазақстан тарихы»
umm -> Әбікенова Гүлнафис Төкенқызы Қазақ тіліндегі эпистолярлық стильдің лингвистикалық сипаты
umm -> Педагогика кафедрасы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет