«мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы мектепке дейінгі кіші жастағЫ



бет12/30
Дата25.03.2017
өлшемі4,63 Mb.
#12385
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   30

Ортаңғы топ үшін ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

перспективалық жоспарының үлгісі
«Таным» білім беру саласы

Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру






Мазмұны


Ұйымдас-тырылған оқу іс-әрекетінің саны

1

Тақырыбы: «Екі заттар тобын салыстыру (бір және көп)»

Мақсаты: Балаларға бір топ заттарын келесі топтың жанына қою әдісін пайдалана отырып, тең және тең емес заттар тобын салыстыруды, теңдікті орнатуды, салыстыру нәтижелерін «көп», «аз», «тең» сөздерімен белгілеуді үйрету. Ұзындықтары бірдей және түсі жағынан әр түрлі заттарды «ұзынырақ», «қысқа», «ұзындықтары тең» сөздерін қолдана отырып, салыстыру қабілетін бекіту.

1

2

Тақырыбы: «Биік – аласа – биіктіктері бірдей»

Мақсаты: Балаларға ұзындығы жағынан қарама қарсы екі затты салыстыруды және салыстыру нәтижесін «биік», «аласа», «биіктіктері бірдей» сөздерімен белгілеуді үйрету. Балалардың неше ойыншық болса, сонша қимыл жасай білу қабілетін бекіту (шамамен 1-ден 3-ке дейін).

1

3

Тақырыбы: «1 саны мен цифры»

Мақсаты: Балаларға құрамында 1 және 1, 1 және одан көп заттар тобын ажыратуды, заттар санын салыстыруды, атауды, топта бір зат бойынша теңдік қалыптастыруды және тобында түрлі заттар бойынша теңсіздік орнатуды үйрету.

1 санымен таныстыру. Қимақағаздағы дұрыс есептеу нұсқасын көрсету (солдан оңға қарай). Өзіне қатысты бағдарлану (оң, сол қол).

Геометриялық пішіндерді бекітуге арналған «Не өзгерді?» дидактикалық ойыны.

1

4

Тақырыбы: «2 саны мен цифры»

Мақсаты: Балаларға құрамында 1 және 2, 2 және көп заттар тобын салыстыруды және теңдік пен теңсіздік орнатуды, заттар санын атауды, санмен белгілеуді үйрету. 2 санымен таныстыру.

Заттарды қалыңдығы мен биіктігі бойынша салыстыруға жаттықтыру.

Уақытты бағамдай білу: тәулік бөліктері («Бұл қашан болады?» дидактикалық ойыны).

1

5

Тақырыбы: «Тар - кең»

Мақсаты: Балаларға заттарды ені бойынша салыстыруды үйретуді жалғастыру. 2-ге дейін санауды бекіту, заттардың барлығын санмен сәйкестендіру. Заттардың ені бойынша ұқсастықтары мен ерекшеліктерін таба білуді бекіту

1

6

Тақырыбы: «3 саны мен цифры»

Мақсаты: Құрамында 2 және 2, 2 және 3 заттар бар топтарды салыстыруға, заттардың санын атауға, теңдік және теңсіздікті орнатуға үйрету, 3 санымен таныстыру.

Кеңістікте бағдарлауға арналған «Ненің қайда тұрғанын тап» дидактикалық ойыны.


1

7

Тақырыбы: «Өзіне қатысты кеңістікте бағдарлау»

Мақсаты: Балаларға өзіне қатысты - «солға», «оңға», «үстінде», «астында» кеңістік бағыттарын ажыруды және айтуды үйрету. Заттарды көлемі бойынша салыстыра білуін бекіту: ұқсастық және ерекшелік қасиеттерін есепке ала отырып, жуан, жіңішке белгілерін салыстыру қабілетін бекіту.

1

8

Тақырыбы: «3-ке дейін санау. Сан мен цифрдың арақатынасы»

Мақсаты: Балаларға 3-ке дейін санауды үйретуді жалғастыру. Тапсырма бойынша заттарды санау, цифрлармен белгілеу.

Геометриялық пішіндер туралы білімін бекітуге арналған (шаршы, шеңбер, үшбұрыш) «Зат қандай пішіндерден құралған?» дидактикалық ойыны.

1

9

Тақырыбы: «Таң, кеш, күн, түн»

Мақсаты: Тәулік мерзімдері туралы түсінік беру. 2 және 3 сандарын салыстыру, теңдік пен теңсіздік орнату. Таныс заттарды ені бойынша салыстыруды жалғастыру (үлкен, кішірек, кіші).

1

10

Тақырыбы: «3-ке дейінгі санау. 1, 2 және 3 сандары мен цифрларының арақатынасын белгілеу»

Мақсаты: 3-ке дейін санауды үйретуді жалғастыру, сан есімдерді ретімен атап, оларды жіктеу. 1, 2 және 3 сцифрлары туралы білімдерін бекіту. Кеңістікте бағдарлауға жаттығу (өзіне қатысты).

1

11

Тақырыбы: «Кеңістікте әр түрлі орналасқан заттарды санау»

Мақсаты: Заттардың саны олардың кеңістікте орналасуына тәуелсіз екенін көрсету. Заттарды түрлі талдағыштар көмегімен санауын дамыту. Екі затты қарама-қарсы өлшемдері бойынша (ұзындығы, ені, биіктігі бойынша) салыстыруға үйрету.

1

12

Тақырыбы: «Алдында - артында, сол жақта – оң жақта»

Мақсаты: Өзіне қатысты (алдында, артында, оң және сол жағында) заттардың бағыты мен орналасуын анықтауды үйрету. 3 саны шамасына дейін санақ жүргізу, сандық қима қағаздар неше шеңбер болса, сонша ойыншықтарды табуға үйрету. Геометриялық пішіндерді білуге арналған «Заттар қандай пішіндерден құралған?» дидактикалық ойыны.

1

13

Тақырыбы: «4 саны мен цифры. Тікбұрыш»

Мақсаты: Балаларға шамамен 4 заты бар топтарды салыстыруды үйрету, 4 цифрымен таныстыру, соңғы санның барлық топпен арақатынасын белгілеу. Сан заттардың орналасу пішініне байланысты болмайтыны туралы түсінік қалыптастыру.

Балаларды жаңа геометриялық пішін – тік бұрышпен таныстыру.

1

14

Тақырыбы: «Куб»

Мақсаты: Балаларға кубты шаршымен салыстыра отырып, таныстыру, сипап-сезу тәсілімен зерттеуге жаттықтыру. Заттар тобының арасында (бір затты қосу және алып тастау) теңдікті орнатуға жаттықтыру.

Нұсқа бойынша орналастыруға арналған «Айтылған жерге қой» дидактикалық ойыны.

1

15

Тақырыбы: «Есептік және реттік сан»

Мақсаты: Балаларға шамамен 4 затқа дейін санауды, есептік және реттік сандарды ажыратуды, «Барлығы неше?», «Қайсысы?», «Есеп бойынша нешінші?» сұрақтарына жауап беруді үйрету. Кубты шаршымен қызықтыра отырып жаттықтыру. Заттарды биіктіктері бойынша салыстыруға жаттықтыру.

1

16

Тақырыбы: «Шар»

Мақсаты: Балаларға шарды шеңбермен салыстыра отырып таныстыру, сипап-сезу арқылы пішін мен шамасын зерттеуге жаттықтыру. Заттарды аталған саны мен нұсқасы бойынша санауға жаттықтыру. Заттарды ұзындығы бойынша салыстыруға жаттықтыру үшін – «Керісінше» дидактикалық ойыны.

1

17

Тақырыбы: «Шартты өлшеуіш арқылы ұзындықты өлшеу»

Мақсаты: Балаларға екі заттарды шартты өлшеуіш көмегімен өлшеуді үйрету. 4 дейінгі екі заттар тобын салыстыруға жаттықтыру – «Кімге нешеу?» дидактикалық ойыны.

«Кеше», «бүгін», «ертең» ұғымдарын ажыратып, сөйлеу кезінде сөздерді дұрыс қолдануға үйрету.

1

18

Тақырыбы: «5 саны мен цифры

Мақсат: Балаларға шамамен 5-ке дейін санауды және қатарда орналасқан заттарды көрсете отырып, сандарды ретімен атауды үйрету,

5 санымен таныстыру. Өзіне қатысты заттарды орналастыруда алдында, артында, оң және сол жағында, жақында сөздермен белгілеуге үйретуді жалғастыру. Геометриялық пішінді нұсқасымен сәйкестендіре білуін бекітуге арналған – «Дәл осындайды тап» дидактикалық ойыны.

1

19

Тақырыбы: «Сопақ»

Мақсаты: Балаларға сопақты тік бұрышпен және шеңбермен салыстыра отырып таныстыру; шаманы сипап-сезу және көру тәсілі арқылы зерттеуге жаттықтыру. «Неше?», «Қайсысы?» сұрақтарына дұрыс жауап бере отырып, шамамен 5-ке дейін реттік және есептік санға жаттықтыру.

1

20

Тақырыбы: «Есептік және реттік сан»

Мақсаты: Балаларға реттік және есептік санды ажыратуды үйрету.

Балаларға шартты өлшеуішті қолданып, екі затты салыстыруды үйретуді жалғастыру. Заттарды аталған саны мен нұсқасы бойынша санауға жаттықтыру. «Санақ бойынша нешінші ойыншық жасырылды?» дидактикалық ойыны.

1

21

Тақырыбы: «Соншалықты, теңдей»

Мақсаты: Саны жағынан бірдей әр түрлі зат тобының арасында теңдікті орнату. («Жоғарғы жолақта 5 сәбіз, ал төменгі жолақта - 5 саңырауқұлақ, сәбіз және саңырауқұлақтар теңдей»). Балаларға сипап-сезу және көру тәсілдерін қолданып, шар мен кубты салыстыруды жаттықтыру.

«Не өзгерді?» дидактикалық ойыны (сандық және реттік есеп).

1

22

Тақырыбы: «Біз не білеміз және не істей аламыз» (бақылау)

Мақсаты: Екі зат тобын салыстырып, аз топқа жетіспейтін затты қоса (немесе үлкен топтан затты ала) отырып шамамен 5 затты санауға үйретуді жалғастыру. Заттарды өзіне қатысты оңға, солға, жоғары, төмен орналастыру қабілеттерін бекіту. Геометриялық пішіндерді (куб, шар) сипап-сезу тәсілімен зерттеу арқылы тануға оқыту – «Бұл не?» дидактикалық ойыны.

1

23

Тақырыбы: «Геометриялық пішіндердің сиқырлы әлемі»

Мақсаты: Геометриялық денелер (куб, шар) мен пішіндерді (шаршы, шеңбер, үшбұрыш, тікбұрыш, сопақ) ажыратып, атауды үйрету.

Қоршаған ортада геометриялық пішінге ұқсас заттарды анықтауға арналған – «Бұл неге ұқсайды?» дидактикалық ойыны.

Геометриялық денелер мен пішіндерді аталған сан мен нұсқаға байланысты санауға жаттықтыру.

1

24

Тақырыбы: «Есеп бойынша нешінші? «Қайсысы?»,

Мақсаты: Реттік сан туралы түсінігін, «Есеп бойынша нешінші?», «Қайсысы?» сұрақтарына дұрыс жауап беруін бекіту. Заттарды шамамен 5-ке дейін санауды үйретуді жалғастыру, соңғы санның барлық топпен арақатынасын белгілеу (мысалы: барлығы 5 доп). Балаларды берілген бағытта (алға – артқа, оңға – солға, заттардың арасына тұру) қозғалуға үйрету. «Нешеу екенін анықта?» дидактикалық ойыны.

1

25

Тақырыбы: «Көп, аз, теңдей»

Мақсаты: Балаларға бір-бірінен түрлі қашықтықта орналасқан заттар тобының арасында теңдік пен теңсіздік орнатуды үйрету. Заттарды ұзындығы бойынша (ең ұзын, қысқа, ең қысқа) өсу және кему ретімен орналастыруға үйретуді жалғастыру. Түрлі талдағыштар көмегімен заттарды есептеу.

1

26

Тақырыбы: «Жақын - алыс»

Мақсаты: Өзіне қатысты кеңістікте орналасқан ойыншықтарды анықтауға үйретуді жалғастыру. Мысалы: алыс – жақын, жоғарыда – төменде, биік – аласа, алдында – артында. Заттардың санын олардың орналасу пішініне, өлшеміне, арақашықтығына тәуелсіз орнату. Белгілі заттарды аталған саны мен нұсқасы бойынша санауға жаттықтыруды жалғастыру.

1

27

Тақырыбы: «Жылдамбаяу, жақында /таяуда/»

Мақсаты: Уақытша ұғымдармен: жылдамбаяу, жақында таныстыру.

Заттарды көлемі бойынша салыстыруға жаттықтыру. Түрлі заттарды геометриялық пішіндермен салыстыру.

Тәулік мерзімдері - «Біздің күн» дидактикалық ойыны.

1

28

Тақырыбы: «Заттарды ені бойынша салыстыру»

Мақсаты: Заттарды ені бойынша өсу және кему ретімен орналастыруға үйрету. (Мысалы: ең кең, тар, жіңішке, ең тар). Бес шамасында реттік есептеуді және есептеу дағдыларын бекіту. Геометриялық пішіндердің кеңістікте орналасуын анықтау және дәл солай орналастыруына арналған «Қай қуыршақ жасырынып қалды?» дидактикалық ойыны.

1

29

Тақырыбы: «Заттар тобын салыстыру»

Мақсаты: Көлемі мен орналасу пішіндері түрлі заттар тобының теңдігі мен теңсіздігін орнатуға үйретуді жалғастыру. «Пішінді орналастыр» (есептеу таяқшаларының нұсқасы бойынша) дидактикалық ойыны.

«Бұл қашан болады?» (жыл мезгілдері) дидактикалық ойыны.

1

30

Тақырыбы: «Таң – кеш, күн-түн»

Мақсаты: Тәулік бөліктерін бекіту: таң, кеш, күн, түн. Куб, шар – геометриялық денелерді ажыратып, атауға үйретуді жалғастыру.

Заттар пішінін сезу қозғалыс жолымен зерттеуге жаттықтыру.

«Жанды сандар» дидактикалық ойыны.

1

31

Тақырыбы: «Реттік сан»

Мақсаты: Балаларға шамамен 5-ке дейін санауда үйретуді жалғастыру. Жұмбақтарды ақпаратты көру, қабылдау негізінде шешуге, жұмбақтың (логикалық міндеттер) негізінде жатқан поэтикалық салыстыруларды түсінуге үйрету. Геометриялық пішіндер туралы білімін бекіту (шеңбер, үшбұрыш, текше, тікбұрыш). Олардың геометриялық денелерден (куб, шар) айырмашылығы. «Бұл қашан болады?» дидактикалық ойыны.

1

32

Тақырыбы: «Шартты өлшеуіш көмегімен ұзындықты өлшеу»

Мақсаты: Балаларға екі затты үшінші зат - шартты өлшеуіш көмегімен өлшеуге үйретуді жалғастыру. Балалардың заттың қасиеттерін анықтау, заттың жалпы қасиеттерін орнату және артық затты таба білуін дамыту.

«Кімде осыншама бар?» дидактикалық ойыны.

1

33

Тақырыбы: «Кеше, бүгін, ертең»

Мақсаты: Балаларға «кеше», «бүгін», «ертең» сөздерін қолдануға үйрету. Балаларға берілген сан бойынша заттарды санауға үйретуді жалғастыру (үш үйрек, бес көжек және т.б.). Заттарды биіктігі бойынша өсу және кему ретімен (ең биік, аласа, тым аласа, өте аласа және керісінше ең аласа, биік, ең биік) орналастыра білуін бекіту.

«Дұрыс жалғастыр» дидактикалық ойыны.




34

Тақырыбы: «Аталаған сан бойынша және нұсқа бойынша есептеу»

Мақсаты: Заттарды аталған сан және нұсқа бойынша санауға үйретуді жалғастыру. Заттарды қалыңдығы бойынша өсу және кему ретімен (ең жуан, жуан, жіңішке, ең жіңішке және керісінше) орналастыру.

1

35

Тақырыбы: «Қызықты шешулер»

Мақсаты: Логикалық ойлауды, қабылдауды дамыту, есептеу дағдыларын, цифрларды, геометриялық пішіндерді білуді бекіту.

1

36

Тақырыбы: «Біз не үйрендік» Бақылау

Мақсаты: Практикалық жұмыс дағдыларын бақылау. 5 шамасында сандар мен цифрлар. Заттар тобын салыстыру, теңдік және теңсіздікті орнату. Реттік сан. Шартты өлшеуіш көмегімен өлшеуге арналған «Кеше, бүгін, ертең» дидактикалық ойыны.

1




Барлығы:

36



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   30




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет