«мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы мектепке дейінгі кіші жастағЫ



бет23/30
Дата25.03.2017
өлшемі4,63 Mb.
#12385
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   30



Ортаңғы топ үшін ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

перспективалық жоспар үлгісі
«Шығармашылық» білім беру саласы

Музыка






Мазмұны

Ұйымдас-тырылған оқу іс-әрекетінің саны

1

Тақырыбы: Армысың, музыка!

Мақсаты: Музыкаға деген эмоционалдық ықыластықты дамыту, қызығушылығын қостау, музыкалық-эстетикалық қажеттіліктерді дамыту.

1

2

Тақырыбы: Көңілді саяхатшылар

Мақсаты: Музыкалық қабылдауды дамыту, орындаушылық дағдыларды қалыптастыру.

1

3

Тақырыбы: «Күзгі портрет»

Мақсаты: Музыкаға қызығушылықты, музыкадағы табиғаттың бейнелерінен алған әсерін және өзінің қатынасын білдіру талабын тәрбиелеу.

1

4

Тақырыбы: «Туған өлке»

Мақсаты: Балаларды қазақтың халық шығармашылығымен таныстыру, ұлттық мәдениетке қызығушылығын дамыту, әр ұлт адамдарына достық пейілін тәрбиелеу.

1

5

Тақырыбы: «Қонақ болуға әжеге саяхат»

Мақсаты: Музыкалық бейненің ерекшеліктерін ұғынуға мүмкіншілік беретін мәнерлік тәсілдерін жекелеген музыкалық қабылдауын дамыту.

1

6

Тақырыбы: «Көңілді балалар»

Мақсаты: Балаларды музыканың сипаты өзгергенде қимылдарын да өзгерту дағдыларын дамыту, бидің қимылдарын суырып салмалықпен орындауға талаптандыру, шығармашылық қиялды дамыту.

1

7

Тақырыбы: «Күз дыбыстары»

Мақсаты: Дыбыстың табиғаты туралы (музыкалық дыбыстар және шу дыбыстары), оның жоғарлығы және ұзақтығы туралы түсініктерін дамыту.

1

8

Тақырыбы: «Еске түсіреміз, қайталаймыз»

Мақсаты: Ән салуға, жаттығуларға, билеуге, ойнауға қызығушылықтарын дамыту. Меңгерген дағдыларын бекіту.

1

9

Тақырыбы: «Жаңбыр ән салады»

Мақсаты: Хорда және жеке өлең айту дағдыларын дамыту, созып үн шығару, кварта шегінде таза дауыс ырғағын келтіру.

1

10

Тақырыбы: «Түрлі түсті хоровод»

Мақсаты: Би қимылдарымен таныстыру, мәнерлі орындауға талаптандыру.

1

11

Тақырыбы: «Музыкалық ауылға саяхат»

Мақсаты: Қазақ халқының музыкалық мұрасына қызығушылықтарын дамыту.

1

12

Тақырыбы: «Күздің сыйлықтары»

Мақсаты: Музыкалық туындылары туралы, олардың жанрлары туралы (марш, өлең, би) түсініктерін дамыту.

1

13

Тақырыбы: «Музыкалық сандық»

Мақсаты: Музыкалық әсерлерін дамыту, ырғақтық және тембрлік естуді дамыту.

1

14

Тақырыбы: «Отанымның туған күні»

Мақсаты: Балаларды Қазақстанның музыкалық мәдениетіне бейімдеу, ұлттық мәдениетке қызығушылықты дамыту, әр ұлттың адамдарына достық пейілін тәрбиелеу.

1

15

Тақырыбы: «Күз – ғажайып уақыт»

Мақсаты: Музыкалық мәнерлігінің тәсілдерін ажыратуға үйрету, музыканың бейнелеу мүмкіншіліктері туралы түсініктерін дамыту.

1

16

Тақырыбы: «Еске түсіреміз, қайталаймыз»

Мақсаты: Ән салуға, жаттығуларға, билеуге, ойнауға қызығушылықтарын дамыту. Меңгерген дағдыларын бекіту.

1

17

Тақырыбы: «Суретші Күз»

Мақсаты: Шығармашылық қиялды, эстетикалық талғамды дамыту. Музыка туралы пікір айтуды үйрету.

1

18

Тақырыбы: «Біздің сүйікті балабақша»

Мақсаты: Музыкалық ойындарды қабылдау қажеттіліктерін, әр түрлі музыкалық және шығармашылық іс-әрекеттерде өзінің музыкаға деген қатынасын білдіруге талаптарын дамыту.

1

19

Тақырыбы: «Ғажайып өлең»

Мақсаты: Музыкалық мәнерлігінің тәсілдерін қабылдауға үйрету, балаларды табиғи дауыспен, күш салмай ән салу дағдыларын дамыту.

1

20

Тақырыбы: «Сыңғырла, ойна домбырам!»

Мақсаты: Балалардың музыкалық қабылдауын дамытуды жалғастыру, Қазақстанның ұлттық мәдениетіне қызығушылығын қостау.

1

21

Тақырыбы: «Менімен биле, досым»

Мақсаты: Қимылдарды музыканың ерекшеліктерімен үйлестіру дағдыларын дамыту.

1

22

Тақырыбы: «Сиқырлы қыс келді»

Мақсаты: Музыкалық бейнені, музыкалық туындының ерекшелігін және көңіл күйін есту және түсіну дағдысын дамыту.

1

23

Тақырыбы: «Ертегі орманға саяхат»

Мақсаты: Музыканың сүйемелдеуімен қиялды, елестетуді, тудыратын іс-әрекетте шығармашылықты дамыту.

1

24

Тақырыбы: «Еске түсіреміз, қайталаймыз»

Мақсаты: Ән салуға, жаттығуларға, билеуге, ойнауға қызығушылықтарын дамыту. Музыкалық-шығармашылық іс-әрекет процесінде меңгерген дағдыларын бекіту.

1

25

Тақырыбы: «Жаңа жыл деген не?»

Мақсаты: Музыкаға деген тұрақты қызығушылықты дамыту, музыкалық мәнерлік тәсілдерін ажырату дағдысын дамыту.

1

26

Тақырыбы: «Шырша жанындағы хоровод»

Мақсаты: Музыкалық және шығармашылық қабілеттерін дамыту, би қимылдарының мәнерлігін дамыту.

1

27

Тақырыбы: «Ертөстік балалардың қонағы»

Мақсаты: Баланың рухани әлемін қазақ халқының музыкалық шығармашылық тәсілдерімен байыту, адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеу.

1

28

Тақырыбы: «Қазақстан - Отаным»

Мақсаты: Балаларды Қазақстан мәдениетіне қосу, азаматтылықтың және отансүйгіштіктің негіздерін тәрбиелеу.

1


29

Тақырыбы: «Ақшақар қайда тұрады?»

Мақсаты: Музыкалық тәсілдермен білдірген музыкалық бейненің ерекшелігін, көңіл rүйін қабылдауын дамыту, өнімді іс-әрекетте музыкалық бейімді дамыту.

1


30

Тақырыбы: «Аяз Атаның достары»

Мақсаты: Әр түрлі музыкалық жанрлар туралы түсініктерін дамыту, музыкалық аспаптарды ойнау тәсілдерін көрсету.

1

31

Тақырыбы: «Қыс өлең айтады»

Мақсаты: Балалардың эстетикалық сезімдерін, орындау дағдыларын дамыту, көркем бейнені эмоционалдықпен білдіру ықыластарын тәрбиелеу.

1

32

Тақырыбы: «Қысқы ермек»

Мақсаты: Музыкалық ойындардың, хороводтардың, мәнерлігі және мазмұны әр түрлі балалардың халық репертуарының әуенін мен қимылдарын қабылдауды белсендіру.

1

33

Тақырыбы: «Музыкадағы ертегі»

Мақсаты: Есту қабілетін және көңіл күйдің ауысуын білдіру дағдысын дамыту, музыкалық және көркем бейнеге эмоционалдық ықыластықты тәрбиелеу.

1

34

Тақырыбы: «Көріскенше, шырша!»

Мақсаты: Біріккен шығармашылықты дағдыландыру, өзіндік жұмыста ойындарды, хороводтарды қолдану ықыласын тәрбиелеу.

1

35

Тақырыбы: «Музыкалық сандықша»

Мақсаты: Қазақ және орыс халықтарының дәстүрлеріне қызығушылықтарын дамыту.

1

36

Тақырыбы: «Сыңғырлайды, төгіледі өлең»

Мақсаты: Ансамбльде ән айтуға, өлеңді бір мезгілде бастап, қатар аяқтауға, музыкалық фразалардың арасында дем алуға үйрету, эмоционалдық ықыластықты трбиелеу.

1

37

Тақырыбы: «Ән салып, би билейміз»

Мақсаты: Тәрбиешімен бірге шығармашылығы үшін жағдай жасау: әндерді сахналау. Бейнелерді мәнерлі жеткізуге үйрету.

1

38

Тақырыбы: «Дала дыбыстары»

Мақсаты: Қазақстанның композиторларымен таныстыру, баңғдарламалық туындыларды тануға және атауға үйрету.

1

39

Тақырыбы: «Көңілді аспаптар»

Мақсаты: Балалардың музыкалық аспаптар туралы түсініктерін бекіту және кеңейту, ырғақ сезімін тәрбиелеу.

1

40

Тақырыбы: «Бекітеміз, қайталаймыз»

Мақсаты: Тыңдармандық және орындаушылық мәдениеттерін, вокалдық және аспаптық музыканы қабылдауды және ажыратуды дамыту. Меңгерген дағдыларын бекіту.

1

41

Тақырыбы: «Гномдарға қонақта»

Мақсаты: Жаттығуларды, өлеңдерді, билерді, ойындарды орындауға қызығушылықтарын дамыту. Музыкалық бейненің, ерекшеліктерін, көңіл күйін қабылдауға жағдай құру, ладотоналдық беймді дамыту.

1

42

Тақырыбы: «Музыкалық саты»

Мақсаты: Дауыс аппартының бұлшық еттерін дамыту, жоғарғы дыбыстық бейімді, эмоционалдық ықыластықты, музыкалық туындыны бірыңғай қабылдауды дамыту.

1

43

Тақырыбы: «Билер әр түрлі болады»

Мақсаты: Қимылдарды музыкалық сүйемелдеумен еркін, үйлесімді, ырғақты орындау, балаларды таныс репертуарды өздігінен орындауға бағдарлау.

1

44

Тақырыбы: «Қыс келеді»

Мақсаты: Әуендетуге, суырап салмалыққа қызығушылықты дамыту. Қарапайым әуендерді металлофонда ойнауға үйрету, қолдың ұсақ моторикасын, ырғақ сезімін дамыту.

1

45

Тақырыбы: «Анамның өлеңі»

Мақсаты: Қазақ және орыс халықтарының бесік жырларының өзінділігі туралы түсініктерін дамыту. Балаларды өлең шығармашылығына бейімдеу.

1

46

Тақырыбы: «Көктем келер, жаңа әуен әкелер»

Мақсаты: Музыкалық шығарманы аяғына дейін тыңдау, туындының бөлімдерін ажырату дағдысын дамыту, өлеңде не туралы айтылатын әңгімелеуге үйрету.

1

47

Тақырыбы: «Өлең айтып, би билейміз, көңілденіп, ойнаймыз»

Мақсаты: Әннің мәтініне сәйкес ойын би қимылдарды орындау, шығармашылық қабілеттерін таныту дағдыларын дамыту.

1

48

Тақырыбы: «Еске түсіреміз, қайталаймыз»

Мақсаты: Ән салуға, билеуге, ойнауға қызығушылықтарын дамыту. Меңгерген дағдыларын бекіту.

1

49

Тақырыбы: «Анам үшін өлең»

Мақсаты: Музыкалық қабылдауды, орындау дағдыларын, динамикалық бейімді дамыту.

1

50

Тақырыбы: «Сүйікті аналарға музыкалық сыйлықтар»

Мақсаты: Орындаушылық мәдениетін, шығармашылыққа қызығушылықты, сахнада орындау талаптарын дамытуды жалғастыру, басқа балалардың сахнада орындағандарына эмоционалды ықыласты таныту, музыкамен қарым-қатынастарынан қуаныш туғызу.

1

51

Тақырыбы: «Келді көктем!»

Мақсаты: Тыңдармандық және орындаушылық мәдениеттерін, вокалдық және аспаптық музыканы қабылдауды және ажыратуды дамыту. Балалардың қазақ әннің өзінділігі туралы түсінігін кеңейту.

1

52

Тақырыбы: «Киіз үй қонаққа шақырады»

Мақсаты: Ұлттық музыкаға, қазақ халқының дәстүрлеріне қызығушылықты және махаббатын дамыту.

1

53

Тақырыбы: «Сиқырлы сыбызғы»

Мақсаты: Қазақ халқының аспаптарының тембрлық үні туралы білімдерін кеңейту. Қазақ халқының музыкалық мәдениетіне деген тұрақты қызығушылықты тәрбиелеу.

1

54

Тақырыбы: «Би билейміз»

Мақсаты: Әр түрлі халықтардың билерінің ерекшеліктерімен таныстыру, қазақ халқының билерін орындау дағдыларын дамыту.

1

55

Тақырыбы: «Наурыз достарын қарсы алады»

Мақсаты: «Наурыз» мерекесімен таныстыру. Қазақ халқының салттарына, дәстүрлеріне бейімдеу. Таныс туындыларды эмоционалдылықпен орындауға талаптандыру.

1

56

Тақырыбы: «Еске түсіреміз, қайталаймыз»

Мақсаты: Ән салуға, билеуге, ойнауға қызығушылықтарын дамыту. Вокалды-эстетикалық, қимылдау қажеттіліктерін жетілдіру.

1

57

Тақырыбы: «Күн қайда тұрады?»

Мақсаты: Музыкаға қызығушылықты қостау, эстетикалық ләззат алуға көмектесіп, тыңдау мәдениетін дамыту.

1

58

Тақырыбы: «Көктем әуені»

Мақсаты: Музыкалық-бейімдік әуендік түсініктерді дамытуды жалғастыру (бір ырғақта, үнін шығару күшін бір қалыпта ән салу, мінезі әр түрлі әндерді айту, әуеннің секірмелі және үдемелі қозғалысын дауысымен көрсету).

1

59

Тақырыбы: «Достас жұптар»

Мақсаты: Музыканың және қимылдарын бірыңғай қабылдауын дамыту: бидің, хороводтың, ойынның сюжеттік-ойындық мазмұнын қабылдау.

1

60

Тақырыбы: «Музыкалық дүкен»

Мақсаты: жоғарғы дыбыстық, динамикалық және тембрлік бейімді дамыту, балаларға арналған музыкалық аспаптарда ойнау дағдыларын жетілдіру.

1

61

Тақырыбы: «Сыңғырлап, ән сал домбырам»

Мақсаты: Қазақ халқының дәстүрлерін және өнерін қадірлеп, тұрақты қызығушылықты тәрбиелеу. Қазақ музыкасының өзінділігі туралы түсініктерін кеңейту.

1

62

Тақырыбы: «Тату-тәтті өмір сүріп, сыңғырлап ән айтамыз»

Мақсаты: Музыкалық туындыларды эмоционалды қабылдауын, музыкаға деген қызығушылықты музыкалық-шығармашылық іс-әрекет арқылы дамыту.

1

63

Тақырыбы: «Киіз үйде достар жиналады»

Мақсаты: Орындаушылық дағдыларын, мінездері әр түрлі музыкаға эмоционалдық ықыластылықты дамыту. Шығармашылық ынталарын қостау.

1

64

Тақырыбы: «Еске түсіреміз, қайталаймыз»

Мақсаты: Әндерді, жаттығуларды, билерді, ойындарды орындауға қығушылықтарын дамыту. Меңгерген дағдыларын бекіту.

1

65

Тақырыбы: «Маршт әр түрлі болады»

Мақсаты: «Марш» жанрының ерекшеліктерін ажырата алуға үйрету, «марш, сап түзеп жүру» түсініктерімен таныстыру, музыкалық-ырғақтық бейімді дамыту. Адамгершілік, отансүйгіштік сезімдерін тәрбиелеу.

1

66

Тақырыбы: «Біз Отанды сүйеміз»

Мақсаты: Балаларды Қазақстан мәдениетіне бейімдеу, азаматтылықтың және отансүйгіштіктің негіздерін тәрбиелеу.


1

67

Тақырыбы: «Күн және жаңбыр»

Мақсаты: Музыканың мінезін анықтау дағдыларын, ладотоналдық бейімді дамыту, өзінің сезімдерін мимикамен, қимылдармен білдіру.

1

68

Тақырыбы: «Қай аспапта ойнағанымды тап?»

Мақсаты: Қазақтың халық аспаптары туралы білімдерін кеңейту. Шу оркестіріне қатысуды талаптандыру.

1

69

Тақырыбы: «Сүйікті ойыншықтар»

Мақсаты: Вокалдық-хордық, музыкалық-ырғақтық дағдыларды жетілдіру. Шығармашылық ынталарын дамыту.

1

70

Тақырыбы: «Орман алаңына саяхат»

Мақсаты: Балаларды мәнерліктің музыкалық тәсілдерімен таныстыруды жалғастыру, музыкалық-ойындық бейнені дамуда суырып салмалықпен көрсетуге бейімдеу.

1

71

Тақырыбы: «Түрлі түсті, жеті түсті »

Мақсаты: Өздігінен баға беру және музыкадан алған әсерлерін білдіруді талаптандыру. Меңгерген дағдыларды бекіту: ән салуды, музыкалық-ырғақтық, балаларға арналған аспаптарда ойнауды. Шығармашылық ынталарын дамыту.

1

72

Тақырыбы: «Армысың, жаз!»

Мақсаты: Балалардың қуаныш сезімдерін, таныс туындыларды эмоционалды орындауларын қостау. Ән салу, музыкалық-ырғақтық дағдыларды, балаларға арналған аспаптарда ойнау дағдыларын бекіту. Шығармашылық ынталарын дамыту.

1




Барлығы:

72



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   30




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет