«мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы мектепке дейінгі кіші жастағЫ



бет24/30
Дата25.03.2017
өлшемі4,63 Mb.
#12385
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   30



Әдістемелік тәсілдер
«ӘЛЕУМЕТТІК ОРТА» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ
Адам — әлеуметтік жан. Жеке адам өзіне тән, яғни әлеуметтік ортада дамып, адам болады. Әлеуметтік орта — ол жеке адамдар, топтар, кластар, ұлттар, елдер ғана емес, осы адамдардың, топтардың, кластардың арасындағы қарым-қатынастар жиынтығы. Кішкентай адамды туғаннан бастап өзі сияқты адамдардың ортасында өмір сүруге — қарым-қатынас жасауға, құрбы-құрдастарымен, ересектермен, жеке топтармен араласуға, қадір-қасиетін жоғалтпай, өз орнын табуға, түрлі әлеуметтік рольдерді (бала, немере, іні, жиен, дос, көрші, балабақша тәрбиеленушісі) орындауға үйрету қажет.

Әрбір адам туғаннан бастап өзінің әлеуметтік мәртебесіне сәйкес түрлі әлеуметтік рөлдерді атқарады. Уақыт өте келе, бұл рөлдер көбейеді және мазмұны байиды. Рөлдерді орындауда белгілі жетістіктерге жету жеке тұлғаны әлеуметтендіру деңгейіне, яғни қоғамда өз орнын таба білуге, түрлі адамдармен, әлеуметтік топтармен тепе-тең араласуға және әлеуметтік бейімделу мүмкіндігіне (мақсат қою, өзекті қажеттілік, талаптану деңгейі) байланысты болады.

Алғашқы әлеуметтік ұя - отбасы - кішкентай баланың ең алғашқы әлеуметтік ортасы болып табылады. Отбасы — ол шағын орта және бала алғашқы тәжірибені отбасында меңгереді.

Балаларды тәрбиелеу мен оқыту процесінде ересектер «отбасы және оның қызметтері», түсінісу, «ынтымақтастық» пен өзара әрекет жасау түсініктерін, сонымен қатар, ондағы әлеуметтік рөл, өзіндік мәдениет пен басқа халықтардың мәдениетін бағалауды және түсінуді қалыптастыруға баса назар аударуы қажет.

Ересектерге жалпы әдістемелік тәсілдер ұсынылады:

- балаларды отбасы ісіне араластыру, отбасы мүшелері арасындағы қарым-қатынасты түсіну мүмкіндіктерін қамтамасыз еу;

- баланың басқа балалармен және ересектермен қарым-қатынас жасауын көрсету, түсіндіру, қамтамасыз ету;

- ойын процесінде бала әлеуметтік роль атқаратын ойындарды ұйымдастыру үшін педагогтердің жағдай жасау;

- балалардың бірлестігін зерттеуде балалардың жобаларын қолдау;

- балаларды мінез-құлық ережелерін жасауға қатыстыру, адамдардың бір-біріне тәуелді болатындығын түсіндіру.
Мінез-құлық дағдылары

Ойын барысында рольдерді өзгерту, ересектердің көмегіне сүйену.

«Менің», «сенің», «оның» жіктеу есімдіктерінің көмегімен, заттың балаға немесе ересек адамға тиісті екенін нақтылау.

Қарым-қатынас барысында балалар арасындағы келіспеушілікті оң шешуге мүмкіндік туғызу.

Баланың барлық қажеттіліктеріне құлақ асу, жауап беру.

Баланы өзін-өзі ұстауға үйрете отырып, түрлі жағдайларда ымыраға келіп, келісе білу жағдайларын талқылау.

Балалармен басқа адамдармен тіл табысу, этикалық ережелер мен шектеулер туралы әңгімелесу.

Балаға өз таңдауын жасауға мүмкіндік беру.

Балалардың бір-бірімен әңгімелесуі мен ойын барысындағы балалық қылықтарын бақылау.

Баланы айналасындағы адамдармен өктем түрдегі қарым-қатынастан бас тартуға үйрету.

Балалар арасындағы ұрыс-керісті болдырмау үшін ойынды ойыншықтардың бірнеше данасымен қамтамасыз ету.

Проблеманы шешу үшін баламен келісу.

Проблеманы жою үшін балаға бірнеше ұсыныстар жасау.

Балалар ұжымындағы проблемаларды оң шешуге мүмкіндік беру.

Балаға проблемаларды шешуге жеткілікті уақыт беріп, қиналған жағдайда көмекке келу.

Көңіл күйінің себептерін білу (шаршағандықтан ойнағым келмейді, Ермекке ренжігендіктен ойнағым келмейді, т.б.)

Баланың оң немесе теріс қылықтарының басқаларға қалай әсер әсер ететінін көрсетіп, түсіндіру.

Кітаптар оқу, кейіпкерлердің дау-жанжалдарды шешетін, қиын жағдайлардан жол тауып шығатын көріністерін көрсету.

Балалармен келеңсіз мінез-құлықтар мен жағымсыз қылықтар көрсететін ойындар ойнау.

Баламен бірге кейіпкерлердің өзара қарым-қатынасын көрсететін шығармалар оқу.

«Егер дүкенде кезекте тұрсаң, кезегіңді сақта», «Өтініш білдіре тұрып: өтінемін, кедергі жасағаныма кешіріңіз?» сыпайы сөздерінің көмегімен әлеуметтік ойын жағдайларындағы мінез-құлықты көрсетіп, түсіндіру.

Ересектер мен құрбыларына орын беру, өз құрбыларымен бөлісу, бір-біріне көмектесу қажеттігін көрсетіп, түсіндіру.

«Егер мен бұлай істесем, кейін не болады?» түріндегі бала қылықтарының салдарын түсінетінін көрсету үшін мән-жайды талқылау.

Өзінің мінез-құлқының басқаларға қалай әсер ететінін түсіну (Мен Айсұлуға орын бердім, ол қуанды).

Басқа балалардың қылықтарын бағалауға мүмкіндік туғызу.

Бір бала екіншісін ренжіткен жағдайда жәбір көрген балаға жанашыр болуды, қажет болса, жолдасын қорғауға деген ниет білдіруді мадақтау.

Баланың мінез-құлқы мен ішкі жан дүниесінің жай-күйін талқылау («Бала шаршаған соң жылап жатыр», «Айнұр қуанышты, өзін бақытты сезінеді»).

Баланы түрлі рөлдерді ойнайтын, тәжірибе жинақтайтын драмалау ойындарына қатыстыру үшін жағдай жасау.

Екі баланың арасында дау-жанжал пайда болған жағдайда ымыраға келуге көмектесіп, балаларды татуластыру, екі балаға да жанашырлығы мен түсінушілігін көрсету.

Балаларды жалпыға бірдей мінез-құлық ережелерін қолдана отырып, таңдау жасай білуге үйрету.

Балаларға түрлі әлеуметтік жағдайларда қиындықтардан өте білуге мүмкіндіктер жасау.

Балаға өзі және өзгелер жайлы хабарлауда мәдени және лингвистикалық сипаттағы түрлі тәсілдерді (әңгіме, драмалау, сурет салу, фотосурет альбомы, бейнефильм) қолдануға мүмкіндік жасау.

Балаға ересектердің қатысуынсыз ойнауына мүмкіндік беру.

Қажет болғанда, көмекке келе білу..

Әңгімелесу барысында бала тарапынан қарсылық, сонымен бірге баланың жеке басының пікірі болатынын түсіну.

Баламен қатынасу кезінде бетін тез қайтарудан аулақ болу.

Баланың өзіндік пікір мен сезімдерге құқығы болуы туралы түсініктерін қалыптастыру.

Баланың әрекет түрлерін жеке таңдауға мүмкіндік беру (еңбекті сүю, бақылау, іздену, тәжірибе және т.б.).

Ойын барысында өз тілегіне сай түрлі рөлдерде өзін көрсете білуге мүмкіндік беру.

Баланың отбасы мүшелері, олардың қарым-қатынасы жайлы әңгімелеп айтуы.

Баланың жетістіктерін қолдау.

Балаға таңдау жасауға мүмкіндік беру, өзіне қатысты эксперименттерін мадақтау.

Балаға туған-туыстарын (аға, тәте, көке) ажырата білуге көмектесу.

«Барлығы мен туралы», «Барлығы менің отбасым жайлы», «Бәрі менің достарым туралы» коллажын жасауда балаға көмектесу.

Басқа балалармен, ересектермен ақпаратпен бөліскісі келетін ықыласын көтермелеу.

Балаға кейбір маңызды ақпараттарды (телефон нөмірі, өзінің мекен-жайы, тегі, ата-анасының аты-жөні) есте сақтауына көмектесу.

Баланың жеке және топтағы жұмысын мадақтап, қанағаттануына жағдай жасау.

Баланың жүктелген міндетті (табиғат бұрышында, кітап сөресінде, ойын бұрышында, асханадағы кезекшілікте, ересектерге көмектесуде) қабылдап, оны орындауына мүмкіндік туғызу.

Балалардың кейде тыныштықты қажет ететінін естен шығармай, ол үшін жағдайлар жасау қажет.

Балаға қажет уақытта тәуелсіз болуына рұқсат беру.

Баламен мінез-құлық ерекшеліктері туралы әңгімелесу.

Баланың өзін-өзі (немесе өзіне ұқсайтынын) кітаптардан, қуыршақтар немесе ертегі кейіпкерлерінен көре алатынына көздерін жеткізу.

Сезімдерді сипттай білу: жақсы көреді, жақсы көрмейді, неге таңдағанын түсіндіреді.

Баланың өзіне өзі мінездеме беруі, өз әрекеттерін бағалауы.

Балаға іс-әрекет таңдау үшін мүмкіндіктер беру.

Баланы жаңа тапсырмалар мен жағдайларға қызықтыру.

Зерттей алатын материалдарды балаларға ұсыну.

Белсенді қимыл-қозғалыс үшін қауіпсіз ортамен қамтамасыз ету.

Сәтті орындалған тапсырмадан кейінгі қуанышты баламен бірге бөлісу.

Балаға өз әрекетіне қанағаттанғандығын көрсете білуіне мүмкіндік беру.

Өз еңбегінің нәтижесі бойынша («Мен салған суретке қараңдаршы», «Міне, менің ұшағым қандай болды») басқалармен пікір алмасуда балаға қолдау көрсету.

Баламен бірге ашқан жаңалығының қуанышымен бөлісу.

Баланың өзіне және өзінің қабілеттілігіне сенімділігін арттыруға көмектесу.

Түрлі жағдайларда өзін қалай ұстау керек екендігін көрсету, балаға орындауға мүмкіндік беру.

Тапсырманы орындағаннан кейінгі баланың ойымен, сезімдерімен бөлісу.

Балаға өз мүмкіндіктерін көрсету, өз күшіне сенімділігін артыру үшін қолынан келетін тапсырмаларды ұсыну керек.

Дұрыс шешімдерді қабылдауда баланың өзіне сенімді болуын қолдау.

Балаға тәуелсіз бола отырып, өзіне шек қоя білуге көмектесу.

Балаға мінез-құлық ережелері мен нормаларын сақтауға мүмкіндік туғызу.

Балаға ыңғайлы, өзгертуге жеңіл икемді күн тәртібін құру.

Баланың наразылық білдіруі дамудағы қалыпты жағдай екенін тану.

Баланың жағымды эмоциялар танытуына мүмкіндік туғызу.

Күшті эмоциялардан кейін бала көңілін жайландыру.

Топтық ойындар барысында баланың өзін-өзі ұстау ережелерін құру, олардың орындалуына жағдай жасау.

Қиын тапсырмаларды орындауда баланың табанды жұмыс істеуіне мүмкіндік туғызу.

Баланы біріккен еңбек пен ойындарға тарту және қиналған уақытында қолдау жасау.

Жанжалдан кейін, бала тынышталған соң жағдайды талқылау.

Ересектер және құрдастармен өзара іс-әрекеті

Баланың жан дүниесінің тыныштығын қамтамасыз ету. Баланың ересектерге сүйіспеншілік сезімін сөзбен және қылықтарымен білдіруге мүмкіндік жасау.

Баланың ересектерден көмек сұрауы мен өзі көмегін ұсынуына мүмкіндіктер туғызу.

Балалардың ұнамды әрекеттерді орындауы («Менің Сізге ән айтып бергім келеді», «Мен Сізге сурет сыйлағым келеді»).

Ересектерге өз сезімдерін білдіре алу, мысалы: «Мен Әлия Теңізбайқызын жақсы көремін, өйткені ол мейірімді және әдемі».

Баланың тәрбиешіге сенім көрсете отыра әңгімелесуіне уақыт бөлу

Баланы үйде немесе балабақшада қалдырғанда, жұмыспен кеткенде жылы сөздермен жұбату.

Баланың ересектермен қарым-қатынасының жағымды жақтарын нығайту.

Берілетін уәденің орындалатындай болуы.

Қоғамдық ортада таныс ересек адамдармен жеңіл қарым-қатынасқа түсе білу (мысалы, көршілермен, дәрігермен, автобус жүргізушісімен, сатушымен, т.б.).

Бала бойында ересек адамдарға сенімділік сезімін тәрбиелеу.

Қарым-қатынас мәдениетінің ережелерін талдау.

Бала сезімдері жайлы әңгімелесу.

Бала сезімдерін қолдау.

Әңгіменің маңыздылығын сезіндіре білу.

Түрлі жағдайларда ересектерді құрметтеудің маңыздылығын көрсету, түсіндіру.

Балаға көмек жасай отырып, өз тәжірибесінің молдығын көрсету.

Ақпарат алуда балалардың ересектерге сұрақтарды жиі қоюы үшін мүмкіндіктер туғызу.

Балалардың түрлі жағдайларға сәйкес өзін-өзі ұстауын және тәрбиешінің нұсқауын тыңдайтынын бақылау.

Әрқашан балалардың шағын мәселелеріне көңіл аудару.

Баланы эмоционалдық қолдаудың қажеттілігін есте сақтау.

Мінез-құлық ережелері бойынша баланың жетістіктерін көрсету.

Баланың жетістіктерін балалар ұжымына, ата-аналарына көрсету.

Баланың таңдауына құрмет білдіру.

Ақпараттарды баланың даму еңгейіне қарай ұсыну.

Балалармен жақсы қарым-қатынаста болып, ойнауға көбірек уақыт жұмсау.

Баланың басқа балалармен танысуы үшін өзге ұлт балаларымен де ойнау мүмкіндігін қамтамасыз ету.

Бір мезгілде бірнеше бала ойнайтын ойыншықтармен қамтамасыз ету.

Мәдени қарым-қатынас дағдыларын дамытуға мүмкіндіктер туғызу (түрлі сөздік ойындар).

Балалар бір-бірімен ойнағанда немесе дауласып қалған жағдайда қолдау көрсету.

Бала ойынын қолдау, жанында болу, келіспеушілік жағдайда көмек ұсыну.

Түрлі жағдайларда: шығын шыққанда, зиян келгенде, ауырғанда не істеу керектігін балаға көрсету, түсіндіру.

Барлық адамда сезім болатынын түсіндіру.

Қарапайым этикалық тақырыптағы ойындарды драмалауға, өз өмірінен ойындарды енгізуге мүмкіндік жасау.

Баланың басқаларға әлеуметтік қолдау көрсетуі, яғни, қажет болғанда құрбысына көмектесу (ойыншығын тауып беру).

Достарына адал болуын үлгі ретінде көрсету.

Жолдасының айтқанын тыңдауға мүмкіндіктер туғызу.

Баланың түрлі әлеуметтік топ балаларымен дос болуына назар аудару (топтарда, көршілердің ішінде, балабақшада және т.б.).

Баланың бір немесе бірнеше баламен дос болуына жағдай жасау.

Кішігірім топтарда баланың ерекше орынға ие болуы мүмкіндігін жасау.

Баланың әрқашан да басқа балалардың көмегіне сенетін сенімділігін қолдау.

Баланың топтық іс-әрекетке (ойын, мәдени шара) қатысу қамтамасыз ету.

Баланың басқа балалармен ойнауын қамтамасыз ету.

Ойын барысында құрбыларымен рөлдерді ауыстыруын қамтамасыз ету.

Баланың құрбыларымен қарым-қатынасы кезінде өз заттарымен алмасуына жағдай жасау.

Ойын барысында рөлдермен ауысып, міндеттерді өзара бөлісіп алуына мүмкіндіктер туғызу.

Балаға ойыншықтармен ойнауға жеткілікті уақыт беру.

Қажет болса, ойынға кедергі жасаған баланы ойыннан шығарып жіберу.

Ойын барысында балалар ойыншықтармен және заттармен алмасатыны жайлы алдын ала келісу..

Баланы қоғамдағы мәдениеттің әр түрін бейнелейтін ойындармен және дидактикалық материалдармен қамтамасыз ету.

Балаларды кітаптар мен өлеңдердегі адамдармен, тәжірибесімен, олардың өзара әрекеттері және әлеуметтік міндеттерімен таныстыру.

Баланың әділдікке жақ болу ниетін мадақтау.

Басқа балаларды, өзге ұлттың балаларын, басқа тілдерде сөйлейтін балаларды өз ортасына енгізуге мүмкіндіктер туғызу.

Өзін және басқа адамарды бағалап, басқаларды құрметтеу мүмкіндігімен қамтамасыз ету.

Баланы адамдарды түрлі әлеуметтік рөлдерде көре алу мүмкіндіктерімен қамтамасыз ету (үйде анасы - ана, жұмыста анасы- дәрігер, кітапханада анасы - оқырман, көшеде анасы - жүргінші).

Адамдардың түрлі рөлдерді ойнай алатынын көрсетіп, түсіндіру (сен анаң үшін ұлысың, әжең үшін немересің, досыңа - доссың).
Адамгершілік нормалары туралы түсініктер

Балалардың топта бір-бірімен байланысты және біртұтас екендіктері жайлы сезімдерін дамыту (бірге жинастыру немесе бірге тамақ ішуге дайындалу).

Баланың топтық әрекеттерге қатысу мүмкіндігін қамтамасыз ету (қарастыру).

Баланың мінез-құлық ережелері мен өзара әрекеттерді қалай орындайтынын қадағалау.

Баланы бірде көшбасшы, бірде орындаушы болып, топтағы үлкенді-кіші әрекеттерге қатысуына мүмкіндіктер туғызу.

Топ бөлмесіндегі міндеттерді орындау (балықтарға жем шашу, өсімдіктерді суару), басқа балаларға қосылу.

Баланың бір немесе бірнеше бала қатысып ойнайтын ойындарды ойластыруына жағдай құру.

Ойын барысында баланың рольдерді тағайындауына мүмкіндіктер туғызу.

Балаға ойын ережесін құруға немесе өзгертуге рұқсат беру.

Балалардың ересектерді бақылауына мүмкіндік жасау.

Баланың ересектермен және құрбыларымен бірлесіп шешім қабылдауы.

Бала қандай болса. оны сол қалпында қабылдау, күнделікті өмірдегі өзгерістер балаға ыңғайсыз болса, оған басу айту.

Мәдени орындарға баруға балаларды тарту (кинотеатр, мега-орталық, саябақ, мұражай).

Бір баланың қылығы екіншісінен ерекшеленетіні жайлы баламен әңгімелесу.

Жағымды эмоционалдық көңіл-күй туғызатын қоршаған орта құру.

Баланың үйдегі мәдениетін бейнелейтін орта құру.

Баланың ересектермен және құрбыларымен бірге объектілер мен материалдарды зерттеуіне мүмкіндіктер туғызу.

Ересектердің басшылығымен бір істен келесі түріне жайлап көшу мүмкіндігін құру.

Түрлі жағдайларға сәйкес баланы өзінің мінез-құлқын реттеу мүмкіндіктерімен қамтамасыз ету.

Түрлі жағдайларға сәйкес мінез-құлықты көрсетіп, түсіндіру.

Әлеуметтік ортада өзін-өзі ұстауы жайлы шығармалар оқу.

Балаға өзінің көзқарасын қалайша қорғау керектігін көрсетіп, түсіндіру.

Баланы түрлі бірлескен әрекеттерге дайындау (автобуста, саябақта, аквапаркте, театр мен циркте).

Мәдени орындарға бару туралы баланың ойын қолдау, қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстау ережелерін еске түсіру.

Балаға өзі барған мәдени орындардың суретін салып, баяндап беруін ұсыну.

Жорық түрлерімен байланысты мінез-құлық ережелерін еске түсіру (экскурсия, сапар, саяхат).

Баланың өз құрбыларын сыйлауына мүмкіндіктер туғызу.

Егер бала басқалар (ересектер мен құрбылары) қиналғанда немесе ренжігенде жұбатса, мадақтау.

Баланың кейбір шығарма кейіпкерлерінің сезімдерін түсіне білуіне мүмкіндіктер туғызу.

Баламен табиғаттағы мінез-құлық мәдениеті: өсімдіктерді жайпамау, жануарларға жәбір көрсетпеу, қоқыстарды шашпау сияқты мәселелерін талқылау.

Баламен бірге жануарларға қайырымдылықпен, қамқорлықпен, абайлап қарау керектігін талқылау.

Балаларға үй жануарларымен ойнауға, қамқорлық жасауға мүмкіндік беру.

Балаға құрметпен қарау, әңгімесін, түсініктемесін, ұсынысын отыңдай білу.

Баламен бірге әдеби шығарма оқи отыра, кейіпкерлердің мінезін суреттеу және талқылау. Түрлі адамгершілік қасиеттер мен сезімдерді анықтап, талқылау.

Балалар өзара түсінісетін ойындар жүргізу.

Балалар арасында жанжал пайда болғанда жаны ашуын көрсету.

Бала жыламас үшін жайлы орта құру. Жайсыздықты тудыратын қоршаған орта факторларын түсінуге тырысу.

Отбасы мүшелеріне, жануарларға қатысты эмоцияларды бет-әлпет қимылдарымен, сөзбен, ыммен, белгілермен білдіруге мүмкіндік туғызу.

Адамның уайымы, кектенуі, қуанышы, таң қалуы, түңілуі және т.б. сезімдерінің көрінуі адам үшін қалыпты екендігін білу үшін өз сезімдеріңіз бен баланың сезімдері жайлы айту.

Баланы қызығушылықпен тыңдау, әңгімесін қолдап, қызығушылық білдіру.

Баланың пікірталастар мен сезімдерін білдіру қажеттілігіне мұқтаж екенін түсіну.

Баланы түрлі эмоциялар мен сезімдерді білдіретін сөздерге үйрету, пиктограммалар мен басқа құралдарды қолдану.

Жағымсыз эмоциялардың алдын-алу мақсатында балаға жайлы жағдай жасау.
ІІ сәбилер тобы үшін ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

перспективалық жоспар үлгісі
«Әлеуметтік орта» білім беру саласы

Қоршаған ортамен таныстыру






Мазмұны

Ұйымдас-тырылған оқу іс-әрекетінің саны

1

Тақырыбы: «Менің отбасым»

(фотосуреттерді қарау және әңгімелесу)

Мақсаты: Туған үйі жайында ұғымдарын кеңейту, «Мен – отбасы мүшесімін» деген түсінікті ұғыну ықыластарын тәрбиелеу. Отбасы бейнеленген фотосуреттерді қарауға ықыластарын туғызу, отбасы мүшелерін және олардың әрекеттерін атау (анам көже пісіріп жатыр, әкем кілемді шаңсорғышпен тазалап жатыр, атам газет оқып отыр, ағам мектепке бара жатыр). Өзінің отбасы туралы, отбасыларында бір-біріне қалай көмек көрсететіні туралы сұрақтарға жауап беруді үйрету. Басқа балалардың да өзінің отбасылары бар екенін, ата-аналары мен балалары бір-бірін жақсы көріп, көмектесетіні жайлы түсінуді үйрету. Отбасына және туған үйіне деген махаббат сезімін дамыту.

1

2

Тақырыбы: «Мен кіммін?»

Балалардың жеке фотосуреттерін қарау

Мақсаты: Өзін-өзі тану талаптарын мадақтау, өзі-өзіне оң баға беру қажеттілігін қостау. Баланың не істей алатыны, ұнататыны, қандай сезімдерге бөленгені, туыстық қатынастар туралы пікірлерін айтуға талаптарын туғызу. Дербестікті және өзін-өзі құрметтеуді тәрбиелеу үшін мүмкіндік туғызу.

1

3

Тақырыбы: «Мен өмір сүретін балабақша» (бейнефильм көру)

Мақсаты: Балабақшада қызмет ететін ересектердің әрекеттеріне, қарым–қатынастарына қызығушылықты танытуға, оларға еліктеуді үйрету. Балабақшаның ішінде және учаскесінде еркін бағдарлау қабілетін жетілдіру (балабақша ғимаратын, өзінің тобын, медициналық кабинетті, музыкалық залды, ас үйді тану). Балабақшаға деген сүйіспеншілікті дамыту.

1

4

Тақырыбы: «Отбасы үшін бөлме құрайық» (дидактикалық ойын)

Мақсаты: Өзінің отбасы туралы, отбастарында бір-біріне қалай көмек көрсететіні туралы сұрақтарға жауап беруге үйрету. Отбасы үшін бөлме жасау, жиһазды қою, ыдыс-аяқты орналастыру. Ата-аналары мен балалары бір-бірін жақсы көріп, көмек көресететіні жайлы түсінуге үйрету. Отбасы мүшелерін құрметтеу және қамқорлық танытуға тәрбиелеу.

1

5

Тақырыбы: «Тамақты кім пісіреді» (аспазшының еңбегін бақылау)

Мақсаты: Ересектердің қызметі және еңбек әрекеттері жайында балалардың түсініктерін жетілдіру. Аспазшының еңбек әрекеттері туралы білім беру: көже және компот пісіреді, тоқаштар дайындайды және т.б., ыдысты жуады. Ересектердің еңбектеріне деген қызығушылығын және оның нәтижесін қадірлеуді тәрбиелеу. Балалардың қолдарынан келетін еңбек әрекеттерді орындауға тарту (ас ішетін үстелді жабдықтау, тамақ ішкеннен кейін ыдысты әкету).

1

6

Тақырыбы: «Адам – тірі жан» (ойын жаттығулары)

Мақсаты: Өзі және өзінің құрылымы (дене мүшелері) жайында алғашқы түсінікті қалыптастыру; адамның тірі жан екені туралы ұғым беру (дем алады, қимылдайды, қоректенеді, өседі). Эмоционалды күйі жайында айтуға үйрету (қарным ашты немесе тойдым, шаршадым немесе демалдым, ауырып қалдым немесе жазылдым, мұңайдым немесе қуандым, жыладым немесе күлдім және т.б.).

1

7

Тақырыбы: «Отбасыда бәрі еңбек етеді» (бейнефильмді көру)

Мақсаты: Балаға жақын адамдардың еңбек әрекеттері туралы түсініктерін байыту (мысалы, әже ас дайындайды, ана ыдыс жуады, әке орындықты жөндейді, әпке сабақ орындайды). Ересектердің еңбектеріне деген қызығушылығын және оның нәтижесін қадірлеуге тәрбиелеу. Балаларды ересектермен бірлесіп еңбек әрекеттерін орындауға тарту (ойыншықтарды жинау, ас ішетін үстелді жабдықтауға көмектесу, гулдерді суару, балықтарды қоректендіру). Туған үйін, отбасының мүшелерін құрметтеуді, оларға қамқорлықты танытуды тәрбиелеу.

1

8

Тақырыбы: «Әжеме қонаққа келдім (киіз үйге)»

Әже Наурыз көже әзірлейді.

Мақсаты: Балаға жақын адамдардың еңбек әрекеттері туралы түсініктерін байыту. Қазақ халқының дәстүрлеріне қызығушылықты, қолдау және құрметтеуді дамыту. Ересектердің еңбегіне деген қызығушылықты және оның нәтижесін қадірлеуді тәрбиелеу. Балалардың қолдарынан келетін еңбек әрекеттерді ересектермен бірлесіп орындауға тарту (ыдысты жинауға, үстелдің бетін сүрту).

1

9

Тақырыбы: «Балабақшаға азық-түлікті кім әкеледі» (жүргізуші еңбегін бақылау)

Мақсаты: Ересектердің қызметі және еңбек әрекеттері туралы ұғымдарын байыту. Машинаны жүргізуші жүргізетіні туралы білім беру. Ересектердің еңбегіне деген қызығушылықты және оның нәтижесін қадірлеуді тәрбиелеу.

1




Барлығы:

9



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   30




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет