«мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы мектепке дейінгі кіші жастағЫ



бет8/30
Дата25.03.2017
өлшемі4,63 Mb.
#12385
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   30


Ортаңғы топ үшін ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

перспективалық жоспар үлгісі
«Қатынас» білім беру саласы

Көркем әдебиет






Мазмұны

Ұйымдас-тырылған оқу іс-әрекетінің саны

1


Тақырыбы: М. Әлімбаев «Жұмыстың бәрі жақсы»

Мақсаты: Қоршаған ортаның жан-жақтылығы жайлы түсініктерін көркем туындылар (мамандық) арқылы кеңейту. Туынды кейіпкерлерінің іс-әрекетін бағалауға, өз ойлары мен алған әсерлерін айта білу білігін дамыту.

1

2


Тақырыбы: Ә. Дүйсенбиев «Бірде өзенде»

Мақсаты: Кейіпкерлердің қарым-қатынасы арқылы шығарма мағынасының негізінде адамгершілікке тәрбиелеу. Балаларды шығарма мазмұнын өз іс-тәжірибесімен салыстыра отырып, өзінің күнделікті өмірімен және қоршаған ортамен байланыстыра білуіне үйрету. Шығарма кейіпкерлерінің іс-әрекетін бағалауға, өз ойлары мен алған әсерлерін айта білу білігін дамыту.

1

3


Тақырыбы: К.Чуковский, «Федордың қайғысы»

Мақсаты: Балаларды әдеби шығармалар кейіпкерлерінің бейнесі арқылы адамның іс-әрекеттер әлемімен таныстыру. Балаларды шығарма мазмұнын өз іс-тәжірибесімен салыстыра отырып, өзінің күнделікті өмірімен және қоршаған ортамен байланыстыра білуіне үйрету. Шығарма кейіпкерлерінің іс-әрекетін бағалауға, өз ойлары мен алған әсерлерін айта білу білігін дамыту.

1

4

Тақырыбы: «Екі жалқау қонжық» венгер халық ертегісі

Мақсаты: Балаларды халық ауыз әдебиетінің шығармаларындағы кейіпкер бейнесі арқылы адамгершілік қарым-қатынас әлемімен таныстыру. Балаларды шығарма мазмұнын өз іс-тәжірибесімен салыстыра отырып, өзінің күнделікті өмірімен және қоршаған ортамен байланыстыра білуіне үйрету. Шығарма кейіпкерлерінің іс-әрекетін бағалауға, өз ойлары мен алған әсерлерін айта білу білігін дамыту.

1

5


Тақырыбы: «Құлыгшақ» М. Жамабалинов

Мақсаты: Балаларды балалар көркем әдебиетіндегі адамгершілік әлемімен таныстыру. Туынды мағынасын түсінуге, кейіпкерлер іс-әрекетін бағалауға, олар жайлы айтуға, кейбір адамгершілік қасиеттерге (қайырымды қыз – арам, жауыз) сипаттама бере білуге үйрету. Әдебиет кейіпкерлерінің бейнесімен, ересектерге жақсы қарым-қатынасты үлгі ету.

1

6


Тақырыбы: К. Нүсіпов «Суретші қыс» өлеңін жаттау

Мақсаты: Өлеңді көрнекі құралдар көмегінсіз жатқа айтуға, оны дауыс ырғағымен мәнерлеп оқуға үйрету. Балаларды шығарма мазмұнын өз іс-тәжірибесімен салыстыра отырып, өзінің күнделікті өмірімен және қоршаған ортамен байланыстыра білуіне үйрету.

1

7


Тақырыбы: «Айлакер түлкі» (орыс халық ертегісі)

Мақсаты: Балаларды халық ауыз әдебиетінің шығармаларындағы кейіпкер бейнесі арқылы адамгершілік қарым-қатынас әлемімен таныстыру. Шығарма мағынасын түсінуге, кейіпкерлер іс-әрекетін бағалауға, олар жайлы айтуға, кейбір адамгершілік қасиеттерге (қу түлкі, аңқау адам) сипаттама бере білуге үйрету. Көркем сөйлеу және орындау қабілеттерін дамыту.

1

8


Тақырыбы: М. Әлімбаев «Өкпелеме»

Мақсаты: Шығарма мағынасын түсінуге, кейіпкерлердің қарапайым іс-әрекетін бағалауға, олар жайлы айтуға, кейбір адамгершілік қасиеттерге сипаттама бере білуге үйрету. Балаларды шығарма мазмұнын өз іс-тәжірибесімен салыстыра отырып, өзінің күнделікті өмірімен және қоршаған ортамен байланыстыра білуіне үйрету.

1

9


Тақырыбы: «Травка - муравка» орыс халқының тақпағын жатқа оқу.

Мақсаты: Өлеңді көрнекі құралдар көмегінсіз жатқа айтуға, оны дауыс ырғағымен мәнерлеп оқуға үйрету. Өлеңнің мәнін түсініп, мағынасына сай сұрақтарына жауап беруге үйрету. Көркем сөйлеу және орындау қабілеттерін қалыптастыру.

1




Барлығы:

9

Ортаңғы топ үшін ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

перспективалық жоспар үлгісі
«Қатынас» білім беру саласы

Қоршаған ортамен таныстыру








Мазмұны

Ұйымдас-тырылған оқу іс-әрекетінің саны

1

Тақырыбы: «Қонақтарды қарсы аламыз» (ойын жағдайларын бейнелеу, мәдениеттілікті танытатын сөздер)

Мақсаты: Ересектермен және құрбыларымен сыпайы, ілтипат білдіре сөйлесу білігін дамыту.

1

2

Тақырыбы: «Тоқаш» (В.Осееваның әңгімесі бойынша)

Мақсаты: Әдеби шығармаларындағы кейіпкерлердің адамгершілік қасиеттерін талқылауға және өзгелер туралы ойлай білудің қаншалықты маңызды екенін түсіне білуге баулу.

1

3

Тақырыбы: «Киіз үйдегі Айгерімге қонаққа» (ойын-саяхат, екі ұлттың мәдениетін көрсету).

Мақсаты: Балаларға Қазақстанда өмір сүретін адамдардың әр түрлі тілде сөйлейтіндігімен, өздеріне тән мәдениетімен бір-біріне қызықты екенін көрсету.

1

4

Тақырыбы: «Қайырымды болу нені білдіреді?» (ой бөлісу, әр түрлі жағдаяттарды ойнау)

Мақсаты: Қарапайым қайырымдылық, өзара көмек көрсету, достық туралы түсініктерін дамыту. Балаларды адамдарға, жануарларға, жалпы тіршілік атаулыға деген қайырымдылықты талқылауға, ол жайында өз түсінігін айтуға үйрету.

1

5

Тақырыбы: «Менің іс – әрекеттерім» (ой бөлісу, әр түрлі жағдаяттарды ойнау)

Мақсаты: Қимыл, іс-әрекет, ол өзге адамдардың және қоршаған ортаның саған деген көз-қарасын, пікірін қалыптастыруға, бағасын беруіне

бірден-бір негіз болатыны жайлы түсінікті дамыту.

1

6

Тақырыбы: « Бізді қалай атайды?» (ойын жаттығулары)

Мақсаты: Балаларды есімі бойынша, еркелетіп жағымды атауға, ересектерді есімімен және ата-тегімен, «Сіз», - деп ілтипат білдіруге, сыпайлықпен амандасуға, әрі қоштасуға үйретуді жалғастыру.

1

7

Тақырыбы: «Алтын дән мен әтеш» (орыс халық ертегісінің үлгісі бойынша достық пен өзара көмек көрсете білу туралы әңгімелесу)

Мақсаты: Қарапайым қайырымдылық, өзара көмек көрсету, достық туралы түсініктерін дамыту. Ертегі кейіпкерлерінің адамгершілік қасиеттерін талқылау.

1

8

Тақырыбы: «Қазақстан – байтақ далам» (ойын – саяхат: әр түрлі ұлт өкілдерін қарсы аламыз)

Мақсаты: Қазақстанды мекен ететін, әр түрлі ұлт өкілдерінің өздеріне тән мәдениеті бар екені жайлы түсініктерін кеңейту. Әр түрлі ұлт өкілдерінің бір-біріне сеніммен қарап, қарым-қатынас жасауына жағдай жасау.

1

9

Тақырыбы: «Достарыммен бәрімен – мен бақытты бір әлем»

(ой бөлісу, әр түрлі жағдаяттарды ойнау)

Мақсаты: Біз бәріміз – біртұтас әлем екенімізді, әр түрлі ұлт өкілдерін берік достық қана біріктіріп тұратындығы жайлы түсінік беру. Өздерінің достары жайлы, олардың тартымды қылықтары мен неліктен өзін баурайтындығы жайлы айтуға үйрету. Достық жайлы мақалдар оқу.

1




Барлығы:

9


Ескерту: сабақ мазмұнында құрылатын шығармалар ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде оқылмайды, олар балаларға жақсы таныс болу керектігіне назар аудару.

Ортаңғы топ үшін ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

перспективалық жоспар үлгісі
«Қатынас» білім беру саласы

Мемлекеттік тілде оқитын топтардағы орыс тілі






Мазмұны

Ұйымдас-тырылған оқу іс-әрекетінің саны

1.

Тақырыбы: «Армысың, алтын күз!»

Мақсаты: Жыл мезгілдерін (жаз бен күз) білдіретін сөздерді кіріктіру және табиғат заңдылықтарын, сөйлеу барысында зат есімдердің жекеше және көпше түрде түрленуін қолдана білуді дамыту.

1

2

Тақырыбы: «Түрлі-түске бөленген, кемпірқосақ неткен әсем!»

Мақсаты: Түсті білдіретін сөздерді кіріктіру, зат есімді сын есіммен байланыстыра білуге үйрету (қызыл доп, машина – жасыл)

1

3

Тақырыбы: « Жемістер»

Мақсаты: Балалардың сөздік қорын байыту және белсенділіктерін арттыру, зат есімді сын есіммен байланыстыра білуге үйрету, «Бұл не?», «Қандай?» сұрақтарына жауап беру. Түстерді атай білу білігін бекіту.

1

4

Тақырыбы: «Көкөністер»

Мақсаты: Балалардың сөздік қорын заттарды және олардың түстерін білдіретін зат есімдермен сын есімдерден байланысқан сөздерімен кеңейту және белсендіру.

1

5

Тақырыбы: «Менің сүйікті балабақшам»

Мақсаты: Балалардың сөздік қорын, өзін жақын қоршаған ортаның заттары атауымен кеңейту және белсенділіктерін арттыру. Қарапайым қатынас мәдениетінің дағдыларын дамыту.

1

6

Тақырыбы: «Ойыншықтар»

Мақсаты: Балалардың сөздік қорын, өзін жақын қоршаған ортаның заттары атауымен кеңейту және белсенділіктерін арттыру. Ойыншықтардың бірі жайлы сипаттап әңгімелеп беру білігін дамыту.

1

7

Тақырыбы: «Сүйікті қалам – Қостанай»

Мақсаты: Балалардың сөздік қорын тақырып бойынша кеңейту, сөз тіркесін (зат есім мен сын есімнен) құрай білуге үйретуді жалғастыру. Үлгі бойынша (2-3 сөйлем) әңгіме құруды, сөйлеу барысын жалғастыра білуді қалыптастыру.

1

8

Тақырыбы: «Менің киімім»

Мақсаты: Балалардың сөздік қорын тақырып бойынша кеңейту, сөз тіркесін (зат есім мен сын есімнен) құрай білуге үйретуді жалғастыру. Не? Қандай? сұрақтарына дұрыс жауап беру білігін дамыту. Жануарлардың бірі жайлы сипаттап әңгімелеп беруді дамыту.

1

9

Тақырыбы: «Қош келдің, Қыс - келбетті!»

Мақсаты: Балалардың сөздік қорын қыстың табиғи келбеті мен қыс заңдылықтарын атаумен байыту.

Сурет бойынша шағын әңгіме құру білігн дамыту.

1

10

Тақырыбы: «Менің жанұям»

Мақсаты: Балалардың сөздік қорын жанұя мүшелерін білдіретін сөздермен кеңейту, дыбыстау және көру деңгейін дамыту. Сұраққа жауап беруге, сұрақ қоя білуге үйретуді жалғастыру: Бұл кім? Бұл – әже.

1

11

Тақырыбы: «Мен кіммін?»

Мақсаты: Балалардың сөздік қорын жыныс ерекшеліктерін білдіретін (ұл, қыз) сөздермен кеңейту, киім заттарының және олардың түстерінің атауын бекіту. Жай мен көңіл күйді сипаттауда қолданылатын (көңілді, мұңлы, ақ жарқын, ашулы) сөздерді үйрету.

1

12

Тақырыбы: «Қазақстанның жануарлары»

Мақсаты: Балалардың сөздік қорын жануарлардың атауын, олардың ерекшеліктері мен әрекеттерін білдіретін сөздермен кеңейту. Жануарлардың төлдері атауының жекеше және көпше түрде түрленуін көрсету.

1

13

Тақырыбы: «Армысың, Әз Наурыз!»

Мақсаты: Сөздік қорды «ыдыс-аяқ», «азық-түлік» атауына қатысты жалпы түсінікті беретін сөздердің сан есімдер мен септеуліктерге түрленуімен кеңейту. (Шайдың, ас үйдің, асхананың ыдысы). Сөздердің әр түрлі жағдайда түрленуін көрсету (қант салғыш, нан салғыш, тұз салғыш, май салғыш, шәйнек, сүт құйғыш).

1

14

Тақырыбы: «Біздің Отанымыздың елордасы – Астана»

Мақсаты: Үлгі бойынша (2-3 сөйлем) әңгіме құруды, сөйлеу барысын жалғастыра білуді қалыптастыру. Балалардың сөздік қорын молайту. Дыбыстар мен сөздерді дұрыс дыбыстауға үйретуді жалғастыру.

1

15

Тақырыбы: «Көктем - неткен көркем»

Мақсаты: Балалардың сөздік қорын көктем туралы және құбылыстары мен белгілері жайлы кеңейтуді жалғастыру. Зат есімдердің сын есім мен етістікке түрленуін дамыту.

1



16

Тақырыбы: «Үй жануарлары»

Мақсаты: Балалардың сөздік қорын үй жануарларының атауын білдіретін сөздермен кеңейтуді жалғастыру. Жануарлардың бірі жайлы сипаттап әңгімелеп беруді дамыту. Жануарлардың төлдері атауының жекеше және көпше түрде түрленуін көрсету.

1

17

Тақырыбы: «Көлік»

Мақсаты: Сөздік қорды байыту, зат есім мен сын есімді байланыстыру қабілеттерін арттыру, зат есімнің жекеше және көпше түрге түрлендіре білуді дамыту (машина - машиналар, ұшақ – ұшақтар). Түстер туралы білімдерін бекіту.

1

18

Тақырыбы: «Тұрмыстағы электрлік құралдар»

Мақсаты: Балалардың сөздік қорын тұрмыстағы электр құралдарының атауымен байыту (тоңазытқыш, мұздатқыш, компьютер...). Заттардың бірі жайлы сипаттап әңгімелей білуді қалыптастыру.

1




Барлығы:

18


Әдістемелік тәсілдер
«ТАНЫМ» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ
Бала өмірінің алғашқы жылында танымдық қабілеттілігінің дамуында біршама өзгерістер болады. Бала физикалық және әлеуметтік өмірден логиканы дамытатын, дәлелдеу, бақылау дағдыларын қалыптастыратын, мәселелерді шешу жолдарына үйрететін білімдерді көптеп ала бастайды. Танымдық даму күрделі, жан-жақты процесс болғанымен, бала мектепке барғанға дейін меңгеретін белгілі білім көлеміне ұқсас болып келеді (мысалы, түстерді және сан есімдерді білу).

Танымдық процесте бала ойлау қабілеттілігін, ақпаратты меңгеруді және қолдана білуді дамытады. Танымды дамытудың ішкі және сыртқы жолдары бар. Біріншіден, бала өз әрекеттері мен физикалық және қоғамдық өмірдегі тәжірибені түсінуі үшін өзінің табиғи ойлау қабілеттілігін қолданады. Бұл жағдайда бала жаңа концепцияларды ойлап шығарады, ойша құрастырады, қоршаған ортамен өзара әрекеттес болады, оны жаңа білімдер түрінде қарастыруға болады. Екіншіден, бала, керісінше, ақпаратты ересектерден және басқа балалардан қабылдайды. Ол білімдер отбасында, қоғамда, мәдениет арқылы меңгеріледі және басқа адамдардың көмегін қажет етеді.

Білім көзін ашу мен оқып-үйренуде танымдық дағдылар мен жалпы білімдердің көмегіне сүйенетін әртүрлі жолдар бар. Мысалы, қандай да бір мәселелерді шешуді немесе қандай да бір затты жасауды бала тіл, логикалық-математикалық талдау, кеңістіктік түсінік, музыкалық және шығармашылық істер арқылы үйренеді. Ата-аналар және тәрбиешілер үшін балаға білімді меңгертуге және қоршаған ортаны түсінуге көмектесетін түрлі әдістерді қолдану маңызды, өйткені танымды дамытатын күнделікті өмірде, кез келген отбасында, қоғамда және мәдениетте алынған білім баланы оқытуда және тәрбиелеуде маңызды болып табылады.

Логика және ой-пікір - балаға заттар, оқиғалар және адамдар арасындағы негізгі байланыстарды (ұқсастық, айырмашылық, ассоциациялар) құруға және талдауға мүмкіндік береді. Логика және ой-пікір көмегімен дамитын қабілеттілік - ол себеп-салдар байланыс, сыни және талдамалы ойлау, мәселені шешу және қиялдағы ой. Бұл дағдылардың көпшілігі күрделі білімдер ретінде қарастырылады.

Математикалық және есептеу біліктері сандарды, математикалық операцияларды, өлшем және дәрежелік деңгейді түсіну және қолдану қабілеттілігінен тұрады. Бұл біліктер күнделікті өмірде туындап отыратын математикалық ситуацияларды түсінуде елеулі рөл атқарады.

Ғылыми ойлау мен білім табиғи әлемді түсіну мен алдын ала болжау қабілеттілігінен тұрады. Ғылыми ойлауды дамыту балаға өз білімін қолдануды және тексеруді жүйелі зерттеуге және оған қол жеткізуге көмектеседі. Ғылыми білімдерді меңгере отыра, бала жер, жердегі заттар жөніндегі білімдерге және түсінушілікке қол жеткізеді.

Қоғамдық өмір жайлы білімдерді дамыту балаға өз айналасындағы адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасауын және олардың өмірдің өткеніне, бүгініне және болашағына қалай қарайтынын түсінуге мүмкіндік береді.

Өз отбасы, қоғам және мәдениет жөніндегі білімдерді дамыту балаға күнделікті іс-әрекеттегі қарым-қатынас құрылымын түсінуге мүмкіндік береді.

Балалар жалпы білімдерді жылдам меңгеріп қана қоймайды, сондай-ақ тез үйренеді, есте сақтайды және түсінеді. Сонымен бірге, жүргізілген зерттеулер алуан түрлі интеллектінің болатынын және интеллектінің бірнеше түрінің бір жеке тұлғада болуы мүмкін екенін көрсетіп отыр. Мысалы, кей балалар белгілі оқу міндетін шешуде логикалық пайымдау жасайды, ал басқалары бұл кезде осы міндетті шешуге шығармашылықпен қарауы мүмкін. Балалар танымының дамуындағы айырмашылықты кемшілік ретінде қарастырмау керек.

Қабілеттілігі жетілмеген және дамуында артта қалған балалар оқып-үйренуге мұқтаж болады. Балаларды оқып-үйретуге және дамытуға көмектесу үшін балалардың бірге ойнап, бірге оқып-үйренгені маңызды. Ол үшін тәрбиеші ата-аналармен бірге танымдық дамуда проблемасы бар балалар үшін түрлі қиындық деңгейі бар материалдармен қамтамасыз етіп, толық басшылық жасауы қажет. Дамуында артта қалған кішкентай балалар орталықта, отбасындағы оқытуда, отбасында көмек жасауды қарастыратын ерте жастағы балаларға арналған бағдарламалардың арқасында едәуір көмек алады.

Білімдер мен танымдық дағдылар күрделі және балалардың әлеуметтік-мәдени контекстісімен байланысты. Мәдениет тек балаға жеткізілетін және бағаланатын білімге ғана емес, сонымен бірге балалардың оқиғалар мен әрекеттерді қалай қабылдайтынына да әсер етеді. Мысалы, отбасы және ата-аналардың қарым-қатынасы, сенімдер, тәрбиеші тәжірибесі баланың белгілі тапсырмаларға, ситуацияларға және білімге қарым-қатынасын анықтай отыра, танымдық дамуына әсер етеді. Баланың танымдық қабілеттілігі және түсінігі жағдайға байланысты екенін біле отыра, оқытуды балалардың түрлі қабілеттілігіне бейімделген және мәселелерді байымдауға және шешуге ықпал ететін оқыту ортасымен қамтамасыз еткен жөн.

Әрбір бала физикалық және әлеуметтік өмір жөнінде түрлі деңгейде және түрлі жолдармен жалпы білім алады. Танымдық дамуға мүмкіндік туғызатын осы стратегияны 3 жастан бастап 5 жасқа дейінгі балалар үшін қолданған жөн. Стратегиялардың бұл үлгілері әр бала өзінің бірегей қажеттілігіне сәйкес оқу тәжірибесін меңгеретініне сенімді болуға көмектеседі



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   30




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет