«мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы мектепке дейінгі кіші жастағЫ



бет9/30
Дата25.03.2017
өлшемі4,63 Mb.
#12385
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   30

Жалпы әдістемелік тәсілдер

- үйде, не қоғамдық орындарда әр баланың күнделікті ішкі сырын сұрап-білуге уақыт табыңыз;

- оқу стратегиясын бала мәдениетімен біріктіріңіз (өлең-ойындар, музыка, қимылдарды танымдық дамумен қатар қолданыңыз);

- баланы қоршаған ортаның бала үшін түрлі жағымсыз жағдайлардан қауіпсіз екендігіне көз жеткізіңіз;

- күрделі тапсырмаларды бірнеше бөліктерге бөліп, деңгейлер санын азайтып, жеңілдетіңіз;

- балаларды күн бойында түрлі іс-әрекетке қатыстырыңыз;

- оқытудың барлық түрінде сенсорлық дамытуды қарастырыңыз (сипап көру, ұстап көру, қарау, дәмін сезу, иісін иіскеу, әрекет жасау);

- балалардың қабілеттілігіне және оқыту түрлеріне байланысты оқыту әдістерін таңдаңыз;

- балалардың ізденіске деген талабын қолдай отырып, күнделікті олармен ойнаңыз;

- балалардың шығармашылық процесін қолдаңыз;

- баланың күнделікті өміріндегі: отбасындағы, қоғамдағы, әлеуметтік ортадағы жетістіктерімен танысып, бақылау жасаңыз;

- баланы оқыту мен тәрбиелеуге қолдау жасау үшін отбасында қолданылатын тиімді стратегияны педагогикалық стратегиямен біріктіріңіз;

- сезім мүшелерін (көру, есту, иіс сезу, дәм сезу, сипап сезу) кірістіре отыра, балаларды оқыту мен тәрбиелеудің түрлі жолдарын қамтамасыз етіңіз;

- бала бір нәрсені бүлдіріп немесе былғап қойса оған ұрыспаңыз;

- егер сіз балаңыздың жасаған жұмысына көңіліңіз толмаса оның көзінше оны жөндемеңіз;

- танымдық процесті балалардың өздерін жақсы сезінуі үшін мәдени дәстүрлерді бейнелеу түрінде ұйымдастырыңыз;

- вербалды, визуалды және дене интуициясын қолданыңыз;

- балалардың танымдық тәжірибесінің түрлі спектрінің жинақталуын қамтамасыз ететін орта құрыңыз.

Заттардың қасиеттерін бағдарлау

Белгілі бір жағдайларда балаға іс-әрекетті көрсету, түсіндіру және ол іс-әрекетпен айналыстыру.

«Қарсы емеспін», «қарсымын» шешімдерін талқылау.

Балаға айналадағы заттар, олардың қолданылуы жайлы әңгімелеу, заттардың қасиеттерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтары жайлы алғашқы түсініктер беру.

Қолданылуы ұқсас заттардың түрлі пішінде, түрлі материалдан жасалатындығы, түрлі қасиеті болатындығы жайлы түсінікпен қамтамасыз ету.

Түрлі салмақ, көлем, заттардың ішкі және сыртқы сипаттамаларды түйсіне білу мүмкіндігін беру.

Заттардың қасиеттерін ұқсаттыру, суреттеу және салыстыруға көмектесу.

Қоршаған ортаны тану

Балаға нәтижеге біртіндеп жетуді көрсету, түсіндіру және әрекетпен айналыстыру (тамақ әзірлеуде не істеу керектігін бірлесіп келісу).

Баланы қоршаған ортаның ұқсастықтары мен айырмашылықтарын байқай білу мүмкіндіктерімен қамтамасыз ету (жолдағы көлік түрлері).

Балаға алған білімдерді рөлді ойындарда қолдануға мүмкіндік туғызу.

Балаға мысал ретінде үлгілерді қалай жасау керектігін көрсету, түсіндіру, ол үлгілерді үйде, табиғатта іздестіруге, жіктеу бойынша ойындарды (жұбы бар заттарды бір топқа жинастыру, мысалы, қолғап) ойнауға тарту.

Баланы «Егер..., онда...» түріндегі әңгімелесуге қатыстыру (Егер гүлге су құймаса, онда не болады?).

Ғылыми процестер жайлы ойлану мүмкіндігін туғызу (Батпақты жерлерде қандай жәндіктер болатынын қалай анықтауға болады?)

Қоршаған орта жөнінде түсініктерді қалыптастыруға мүмкіндік туғызу.

Бір фактордағы өзгерістердің екіншісіне әсер етуін бақылау жасау арқылы көре білу мүмкіндігін туғызу (үлкендердің көмегімен ыдыстарға тұқым сеуіп, бірін жарық жерге, екіншісін қараңғы жерге қойып, өніп шығуын бақылау).

Жағдайдың өзгеруіне байланысты заттардың өзгеруін түсінуге көмектесу (күн бұлтты болса, жаңбыр жауады).

Түрлі оқиғалардың болу себептерін түсіндіру (Арман бүгін келген жоқ, себебі ауырып қалды).

Басқа заттарға әсер ететін заттарды тануға көмектесу (Зат бояғыш судың түсін көкке бояйды.).

Мотивацияны түсінуде «Неге?» сұрағын қою мүмкіндігін туғызу («Мен ... жасадым, неге бұлай болды?»)

Қарапайым әрекеттердің нәтижесі болатынын түсінуге көмектесу (Егер жарықты өшірсе, қараңғы болады).

Қандай заттардың қарапайым әрекеттердің себебі болатынын түсіндіру (қораптағы ұсақ заттар шу шығарады).

Заттарды категориялары бойынша жіктеу және салыстыру (түсі және өлшемі бойынша).

Қала көшелерін, өзінің тұратын көшесін есте сақтауға мүмкіндік жасау.

Экологиялық мәдениет негіздері
Балаға алдына қойған мақсатқа қол жеткізуге мүмкіндік беру. Ұзақ мерзімге жоспар жасап беру (тұқым себу, оны өсіру, өсіп-өнуін бақылау).

Балаға бір күннен артық уақытқа жауапкершілік жүктеу (жануарларды қоректендіру).

Баланы себебі мен нәтижесі көрінетін іс-әрекетпен айналыстыру (тұқым сеуіп, өсіп-өнуін бақылау).

Балаға себеп-салдар байланысты көрсету, түсіндіру және анықтау мүмкіндігін жасау (гүлді өсіру үшін нені білу керек).

Баланың күш-жігерін жергілікті жердегі проблемаларға аударуға мүмкіндік беру (ластау, қоқысты шашып тастау).

Балаға серуенде айналаны бақылау нәтижесін көрсете білуге көмектесу (суреттер, заттар), өз бақылауларын суретке түсіруін мадақтау.

Қоршаған ортаны оқып-үйренуде барлық сезім мүшелерінің көмегіне сүйену мүмкіндігін жасау (табиғаттағы дыбыстарды тыңдау, жәндіктерді бақылау және т.б.).

Әр түрлі халықтың мәдениеттеріне бақылау жасау арқылы оқып-үйрену..

Жанды дүниеге қамқорлық жасауға мүмкіндіктуғызу.

Баланың өсімдіктердің тіршілігі, өсетіні, өзгеретіні, солатыны жайлы түсініктерін қалыптастыру.

Тірі табиғат объектілерінің өсуі және олардағы өзгерістер жайлы әңгімелер оқып беру.

Балаға жануарлардың жыл мезгілдеріне байланысты түстерінің өзгеруі туралы әңгімелеп, суретін көрсету.

Тұқым сеуіп, балалрмен бірге болып жатқан өзгерістерді бақылау.

Балаларға топырақты бақылауға мүмкіндік беріңіздер.

Балалармен бірге қоршаған ортаны зерттеңіздер.

Балаға гербарий құрастыруға көмектесу (жапырақтар, бақалшақтар).

Мүмкіндігінше мұражайға, не болмаса табиғатпен байланысты орынға (планетарий, т.б.) бару.

Табиғаттағы өзгерістерді анықтау, зерттеу және суреттей білуге көмектесу.

Баламен бірге топырақтың қасиеттерін тексеру.

Балаға белсенді түрде тексеріп көру мен рефлексия арқылы «неге?» деген сұраққа жауап табуға көмектесу.

Күнделікті өмірде болжауды қолдана отыра, баланы көрсету, түсіндіру және әрекет жасауға қатыстыру (тұқымның өніп шығуы).

Затты сипаттай отыра, жанды, не жансыз екенін анықтауға көмектесу.

Өсімдіктерді, жануарларды немесе адамдарды сипаттауға мүмкіндік туғызу (Мына ағаш қандай биік болып өсіп кеткен).

Жануарлар мен өсімдіктердің жалпы және әр түрлі белгілерін ажыратуға көмектесу.

Жануарлардың мінез-құлқындағы және тіршілік ету ортасындағы өзгерістерді түсінуге мүмкіндік туғызу.

Жануарлар мен өсімдіктердің өсіп-өнуіндегі және тіршілігіндегі өзгерістерге қызығушылық тудыру.

Жанды дүниенің өмірлік циклін негіздеу, белгілерін бақылау және суреттеуге қызығушылық тудыру.

Жануарлар мен қоршаған орта арасындағы қатынастарды зерттеу және суреттеу (Балық суды мекендейді, сусыз олар тіршілік ете алмайды).

Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру
Баламен бірге үстел үстінде есепшотпен ойналатын ойындарды ұйымдастыру.

Балаға белгілі бір объектілерді күн сайын санап отыруға үйрету.

Санның белгілі бір мәні бар екенін көрсету (жылдамдықты тежеу, температура).

Балаға манипуляция жасау үшін түрлі заттарды беру (кнопка, тас, қарағай, емен жаңғақтары,).

Баланың қолына заттар беріп, санату.

Күнделікті сабақтарда математикалық сұрақтар қолдану (Сенің туған күніңе дейін неше күн қалды?).

Санауда цифрды қолдану.

Баланы кейбір цифрларды атауға тарту.

Мөлшеріне, түріне, басқа да белгілеріне қарамастан «бір» деген объектінің жалғыз екенін түсінуге мүмкіндік туғызу.

Санның заттың санның білдіретін түсінігін қолдану (қораптан үш алма алады).

Күнделікті өмірде сан мен санауды қолданады (қолын көтерген балаларды санайды).

Сандар мен цифрлардың кескіндерін ажыратады.

Кей сандық белгілерді таниды, атайды.

Ойша 5-ке дейін санау.

5 объектіні өз бетінше санау.

Алдын ала айту және жорамал жасау үшін санды қолдануға мүмкіндік жасау.

Соңғы саналатын сан объектілердің толық санын білдіретінін түсінеді.

Күнделікті әрекетте ойындарда ойыншықтарды, тиындарды санауға, есептеуге мүмкіндік туғызу.

Негізгі сандармен және санау операцияларымен таныстыру (Мен Нұрланға 1 текше бердім, енді онда 2 текше болды).

Баланы өлшеу тапсырмаларын орындауға қатыстыру (ауыр зат — жеңіл зат, суға батады - батпайды)

Күнделікті өмірде өлшеу аспаптарын және әдістерін қолдануға үйрету.

Түрлі өлшеуіштерді (алақаныңа сал, күрішті өлшеп сал, адымдап өлше) белсенді түрде қолдануды балаға көрсету, түсіндіру және қатыстыру.

Салмақ пен өлшемді анықтауда сөздікті жандандыру.

Түрлі өлшемдерді ойындарда қалай қолдану керектігін көрсету (жолақпен, ыдыспен өлшеу).

Өлшемді анықтау жолын көрсету (Менің бойым мына шкафпен бірдей).

Затты өлшеуде объектінің атауларын қолдануды үйрету.

Балаға, өлшеу аспаптарын қолдана отырып, өлшеуді көрсету, түсіндіру және өлшеуге қатыстыру.

Өлшеу ойындарын ойнау (Не ауыр? Не жеңіл?).

Пішінді дұрыс атау үшін тиісті сөздерді қолдану.

Қоршаған ортадағы түрлі пішіндерді атау.

Ыдысты құмға немесе суға толтыра отырып, өлшеуге үйрету.

«Тағам дайындау» кезінде ингредиенттерді шамалап салуға үйрету.

Өлшемдерді атауда үйреншікті лексиканы қолдану.

Түрлі жолдармен өлшеуді үйрету: бөлменің аумағы осынша қадамдарға сәйкес.

Объектіні дұрыс бағалауға көмектесу.

Балаға екі өлшемді пішіндердің түрлерін анықтауға және салыстыруға мүмкіндік беру (шеңбер, үшбұрыш).

Заттардың пішінін салыстыруға және суреттеуге бағытталған ойындарды ойнау.

Пішіндерге түсінік беруде көрнекі материалды қолдану.

Бейнелер мен объектілерді құрастыруға мүмкіндік беру.

Балалардың пішіндерді құрастыруы, жасауы және суретін салуы.

Табиғаттағы геометриялық пішіндерге нобайы келетін заттардың (бұлт, т.б. заттар) геометриялық пішіндермен ара қатынасын белгілеуге мүмкіндік беру.

Заттарды кішіден үлкенге қарай ретімен оранластыруды көрсету.

Пішіннің бір немесе екі бөлігін алып, екіге бүктеу, не жанына қою арқылы жаңа пішіннің қалай пайда болатынын көрсету (2 үшбұрыш пішінін алып, тіктөртбұрыш жасау).

Заттарды пішіндері бойынша салыстыруға және суреттеуге арналған ойындарға тарту.

Пішіндерге түсініктеме беруде көрнекі құралды қолдануға жағдай жасау.

Заттың пішінін, мөлшерін, орналасқан жерін атауда сөздерді қолдану.

Ойын және ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті барысында заттардың кеңістіктікте орналасуы жөніндегі түсініктерін қалыптастыру.

Құрастыру
Түрлі вариантты талап ететін қарапайым шешімдерді қолдану (осы бөлмедегі заттарды қолдана отырып, ойыншық үй жасайық, тағы не істеуге болатынын ойластырайық).

Балаға өз бетімен түрлі жобалар жасауға мүмкіндік беру.

Баланы құрастыру түрлерінде өзін көрсете алатын шығармашылық іс-әрекетпен қамтамасыз ету.

Баланы өз бетімен ересектердің көмегінсіз ойнау мүмкіндігімен қамтамасыз ету.

Құрбы-құрдастарын ойнауға шақыру (мұнара тұрғызуда кірпішті кезекпен әкелу).

Әрекет түрлерін жасау, материал түрін таңдау бойынша шешім қабылдайды.

Қарапайым объектілерді сурет салу, қимыл-қозғалыс, пантомима, үш өлшемді құрылыс салу арқылы көз алдына елестетеді.

Қарапайым эксперименталды іс-әрекет

Бала материалдарды зерттейді және эксперимент жасайды.

Балаға қоғамдағы, түрлі мәдени саладағы көптеген іс-әрекет түрлерін және материалдарды зерттеуге уақыт және мүмкіндік беру.

Баламен бірге үйрене, тексере отыра, көптеген сұрақтарға жауап табуға көмектесу («... менің білгім келеді», «Мынау қалай жұмыс істейді?»).

Баланы әрекет жасауға тартатын ортамен қамтамасыз ету.

Жобаға сәйкес іс-әрекет түрін өз қызығушылығына қарай таңдауға көмектесу.

Жобаларды, олармен жұмысты ересектердің көмегімен ойластыру.

Өз жобасының жоспарын құрып, соған сәйкес әрекет жасау.

Баланы эксперимент жасауға құлшындыратын және өзінің ой-қиялын қолдануға мүмкіндік беретін орта құру.

Баланың шығармашылық ойлауын дамытатын сұрақтар қою.

Тактикалық тәсілдерді қолдана отырып, мақсатқа қол жеткізуді қамтамасыз ету (проблеманы шешу жолын байқап көру, кемшіліктерді анықтау арқылы ойластырады,)

Іс-әрекетті жоспарлайды, тәжірибесіне сүйене отырып, мақсат қояды.

Басқалардың ойлаған ойын алдын ала түсінгендігін көрсетеді.

Балаға әрекеттер мен жоспарларды ойластыруда, қалыптастыруда, іске кірісуде қолайлы жағдайды қаматамасыз ету.

Балаға экспериментке қатысуға мүмкіндік беру.

Ауладағы немесе үйдің айналасында орналасқан заттарды қарапайым картаға түсіру (суретін салу).

Түрлі шешім жолдарын ұсыну, дұрыс шешімді табуда баланы мадақтау.

Мәселенің шешімін табуда басқа балалармен және ересектермен жұмыс жасауға балаға мүмкіндік беру.

Сезім мүшелерінің көмегімен заттардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтауға көмектесу (дәм, дыбыс, қолмен сипап сезу).

Аспаптарды қолдануды ұсыну (магниттер, үлкейтіп көрсететін шыны).

Ерсектерге еліктей отыра, экспериментке қатысу және бақылау нәтижесін хабарлау (мысалы, араластыра және еріте отыра).

Балаға себеп-салдар байланысты анықтауға мүмкіндік жасау (ішінде заты бар қатып қалған судың қай уақытта еріп болатынын бақылау).

Тәжірибенің себеп-салдар байланысын түсіну үшін балаға түрлі материалдарды ұсыну (түрлі түсті бояу, су, ұн).

Баланың қызығушылығына байланысты іс-әрекет түрін жобаға сәйкес таңдауын ұсыну.

Ересектердің көмегімен баланы жобаны ойлап табуы және жұмыс жүргізуі.

Іс-әрекетке байланысты жоспар құру, өз жобасына сәйкес әрекет жасау.

Балаға өз жобасын ойындарда және ойын ситуацияларында іске асыруына мүмкіндік жасау.

Баланы есте қалған оқиғаларын өз әрекеттерінде қолдануы.

Тас, балшық, судың қасиеттерін зерттеп көруге жағдай жасау.

Балаға заттардың қасиеттерін тануға және суреттеуге мүмкіндік беру (Су сұйық).

Күн, ай, жұлдыз және бұлттардың аспандағы қозғалысын және түрлі белгілерін бақылауға жағдай жасау.

«Ауа-райы сөздігіне» сүйене отырып, табиғаттағы және жыл мезгілдеріндегі өзгерістерге талдау жасау (жаңбырлы, желді, ашық).

Ақпаратпен жұмыс

Ақпарат алу үшін басқалардан сұрауға үйрету (Мынау не? Ай неге дөңгелек?).

Бала құштарлығын дамытатын «Сұрақтар мен жауаптар», «Неге? Қалай?» ойындарын ойнау.

Баланы жаңа оқиғаларды тақылауға қатыстыру (Неге бұлай болды?).

Баланы сұрақ қоюға үйрету, яғни идеяларды (ойларды) оқып-үйренуге мүмкіндік жасау.

Баланың жеке қызығушылықтарын ескеру.

Ортадағы және табиғаттағы өзгерістер жайлы сұрақтар қоюға үйрету.

Жобаны аяқтау және жаңа ақпарат алу үшін түрлі ақпарат көздерін ұсыну.

Түсінуді ары қарай жалғастыруға қажетті ақпаратты іздеуге жағдай тудыру.

Жобаны аяқтауға қажетті ақпарат көздерін қолдануға және іздестіруге көмектесу.

Жаңа ақпаратқа негізделген әрекеттерді өзгертуге балаларды тарту.

ІІ сәбилер тобы үшін ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

перспективалық жоспар үлгісі
«Таным» білім беру саласы

Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру








Мазмұны

Ұйымдас-тырылған оқу іс-әрекетінің саны

1

Тақырыбы: «Жазғы алаңда»

Мақсаты: Балаларға заттардың «бір» немесе «көп» болу мағынасы мен олардың кеңістікте әрқалай орналасатындығы туралы түсіндіру.

Қоршаған орта жағдайында берілген заттардың санын табуды үйрету. Кеңістікте бағдарлау «Пойыз» жаттығу ойыны.

1

2

Тақырыбы: «Әжеге қонаққа келу»

Мақсаты: «Бір» және «көп» ұғымдарын бекіту. Заттарды оң қолымен солдан оң жаққа орналастыруды үйрету. «Әжеге арналған моншақтар» (бір жіпке көп моншақтарды жинау) жаттығу ойыны.

1

3

Тақырыбы: «Сиқырлы сандықша»

Мақсаты: Балаларды жаңа геометриялық пішін - шаршымен таныстыру. Пішінді сезу қозғалыс жолымен зерттеуді жаттықтыру. Заттардың пішінін анықтауды бекіту (алма қандай пішінді және т.б.). Геометриялық пішіндерді кеңістікте бағдарлауға бағытталған – «Өз үйшігіңді тап» дидактикалық ойыны.

1

4

Тақырыбы: «Көпірден өтеміз»

Мақсаты: Балаларды (ұзын, қысқа, ұзындықтары бірдей) сөздерін пайдаланып, ұзындықтары бойынша екі затты салыстыру әдістерімен таныстыру. Шаршы, шеңбер геометриялық пішіндерді бекітуге арналған «Пішінді ата» дидактикалық ойыны.

1

5

Тақырыбы: «Қуыршақ Әйгерім балаларда қонақта»

Мақсаты: Балаларға бір топтың заттарын екінші топтың заттарының үстіне қою және жанына қою әдістерін пайдаланып, саны және көлемі жағынан тең және тең емес заттарды (шамамен үш затты) салыстыруды үйрету. Тілде келесі сөздерді қолдану: сонша, неше, тең. Ұзынырақ, қысқа, ұзындықтары тең сөздерін пайдаланып, заттардың ұзындығы бойынша салыстыруға арналған «Ұзын және қысқа жолдар» - жаттығу ойыны.

1

6

Тақырыбы: «Күзгі бақшада»

Мақсаты: Заттардың көлемі, пішіні, түсі бойынша әртүрлі болатынын түсіндіру. «Бір» және «көп» ұғымын бекіту. «Қай жол ұзынырақ» дидактикалық ойыны. Ойыншықтарды оң қолмен солдан оң жаққа орналастыруға арналған - «Жүйектен алған көкөністерді орналастыр» жаттығу ойыны.

1

7

Тақырыбы: «Қоянның үйшігі»

Мақсаты: Балаларға екі затты ұзындығы бойынша ұзын, қысқа және ұзындықтары бірдей сөздерін қолданып, салыстыруды үйрету, бір қатарда орналасқан аз – көп, осыншама сөздерін пайдаланып екі заттар тобының арасында теңдік пен теңсіздік орнату біліктілігін бекіту.

«Түрлі-түсті шырақтар» дидактикалық ойыны.

Кеңістікте бағдарлауға арналған «Ұшақтар» дидактикалық ойыны.

1

8

Тақырыбы: «Жасыл тікенекті шырша»

Мақсаты: Балаларды жаңа геометриялық пішін - үшбұрышпен таныстыру. Пішінді сезу, қозғалыс жолдарымен зерттеуде жаттықтыру. Заттардың пішіндерін: алма қандай пішінді, орамал қандай пішінді, шырша қандай пішінді және т.б. анықтауды бекіту.

«Биік және аласа ағаштар» жаттығу ойыны.

1

9

Тақырыбы: «Қысқы ертегі»

Мақсаты: Балаларға ересектер мен балалардың іс-әрекеттерінің мазмұнының өзгеруі бойынша тәулік бөлігін ажыратуды үйрету. Балалардың геометриялық пішіндерді: шеңбер, шаршы, үшбұрышты тану және оларды атау біліктілігін бекіту. «Бір» және «көп» ұғымына арналған - «Аққала және қар бүршіктері» жаттығу ойыны.

1

10

Тақырыбы: «Тиынға қонаққа бару»

Мақсаты: Балаларға үстіне қою және жанына қою әдістерін пайдаланып, екі затты ені бойынша салыстыру нәтижелерін кең, жіңішке, ені бірдей сөздерін қолданып белгілеуді үйрету.

Таң - кеш, кеш - түн, яғни қарама-қарсы тәулік бөліктерін анықтай білуді қалыптастыруға арналған - «Машаның күні» дидактикалық ойыны.

1

11

Тақырыбы: «Зоосаябаққа барамыз»

Мақсаты: Өзіне қатысты кеңістіктегі бағыттарды: оң-сол, алды-арты, жоғары-төмен, алыс-жақын, биік-аласа ажырата білуді дамыту. Геометриялық пішіндерді бекітуге арналған: «Бір пішінді заттарды анықта» дидактикалық ойыны. «Бауырсақ қай көпірден домалап барады» дидактикалық ойыны.

1

12

Тақырыбы: «Қуыршақтар қонаққа келді»

Мақсаты: Балаларға тілде көп, аз, теңдей, сонша сөздерін пайдаланып, екі заттар тобының арасында теңсіздік пен теңдікті орната білуін үйретуді жалғастыру. Зат есім мен сан есімді біріктіре отырып, заттарды оң қолмен солдан оң жаққа орналастырып, арнайы заттардан топтар құру. Уақыт бөлігіне арналған «Cәуленің күні» дидактикалық ойыны.

Заттың түсі, пішіні және көлеміне арналған «Дәл соны тап та, себетке сал» жаттығу ойыны.

1

13

Тақырыбы: «Ойыншықтар дүкені»

Мақсаты: Балаларды геометриялық пішіндерге сәйкес қоршаған ортада заттарды табуды үйрету және оларды қоршаған өмір заттарымен салыстыру: шаршы – орындық, шеңбер – доп, үшбұрыш – пирамида және т.б. Кеңістікте бағдарлауға арналған «Ойыншық қайда тұр» дидактикалық ойыны. Көлемі бойынша (кең – жіңішке, ұзын - қысқа) салыстыруға арналған «Жылғалар» дидактикалық ойыны.

1

14

Тақырыбы: «Өзен бойымен саяхаттау»

Мақсаты: Балаларға үстіне қою және жанына қою әдістерін пайдаланып, көлемі мен саны бойынша екі түрлі тең және тең емес заттар тобын салыстыруды үйретуді жалғастыру. Оң және сол қолды ажырату біліктілігін дамыту. «Бір» және «көп» ұғымдарын бекітуге арналған «Нептун және балықтар» дидактикалық ойыны.

«Балық қайда жүзіп барады» жаттығу ойыны.

1

15

Тақырыбы: «Күнге қонаққа бару»

Мақсаты: Қоршаған орта жағдайында бір және көп ұқсас заттарды табу біліктілігін дамыту. Шеңбер, үшбұрыш, шаршы геометриялық пішіндерін атау және тану біліктілігін жетілдіру. Пішін мен түске бағдарланған «Түсті автомобильдер» дидактикалық ойыны.

«Қай жол ұзынырақ» жаттығу ойыны.

1

16

Тақырыбы: «Орман саяхаты»

Мақсаты: Балаларға үстіне қою және жанына қою әдістерін пайдаланып, екі затты биіктігі бойынша салыстыру және жұмыс нәтижелерін жоғары төмен, биіктіктері бірдей сөздерін қолданып белгілеуін үйретуді жалғастыру. «Ұқсас пішінді затты анықта» дидактикалық ойыны. Тәулік бөлігіне арналған «Бұл қашан болады» дидактикалық ойыны.

1

17

Тақырыбы: «Құстар асханасы»

Мақсаты: Балаларға екі затты ұзындықтары бойынша үстіне қою әдісін пайдаланып, және ұзынырақ, қысқалау, ұзындықтары бірдей сөздерін қолданып салыстыруды үйретуді жалғастыру. «Бір» және «көп» ұғымдарын бекіту. «Пойыз» дидактикалық ойыны.

Кеңістікте бағдарлауға арналған «Не өзгерді» жаттығу ойыны.

1

18

Тақырыбы: «Көктемгі жайлауда» (қорытынды).

Мақсаты: Практикалық жұмыс дағдыларын байқау. Жаттығу ойындары:

Қоршаған орта жағдайында бір және көп ұқсас заттарды табу біліктігін дамытуға арналған «Көбелектер мен гүлдер» ойыны. «Көпірден өтеміз» - екі затты көлемі бойынша салыстыру (ұзындығы, ені). «Ботақанға киіз үйді табуға көмектес» - кеңістікте бағдарлау. «Ботақанның сүйікті ойыншығы» - геометриялық пішіндерді анықтау және атау біліктігін жетілдіру. «Бұл қалай болады» - тәулік бөлігі.

1




Барлығы:

18



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   30




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет