«мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы мектепке дейінгі кіші жастағЫ



бет7/30
Дата25.03.2017
өлшемі4,63 Mb.
#12385
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   30

Ортаңғы топ үшін ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

перспективалық жоспар үлгісі
«Қатынас» білім беру саласы

Тіл дамыту








Мазмұны

Ұйымдас-тырылған оқу іс-әрекетінің саны

1

Тақырыбы: «Бау-бақшада, бақтарда» (жемістер мен көкөністер арқылы оқыту ойыны)

Мақсаты: Балалардың сөздік қорын заттың сапасы мен құрамын білдіретін (көлемін, түсін, пішінін) сөздермен байыту. Балалар сөздігіне көкөніс пен жеміс туралы жалпы түсінікті білдіретін сөздерді енгізу.

1

2

Тақырыбы: «Қуыршақ, бізге қонаққа келді» (ойыншықты суреттеу жайлы әңгіме құрау)

Мақсаты: Тәрбиешінің үлгісі бойынша балалардың ойыншықтарды сипаттау жайлы әңгіме құру білігін жетілдіру.

Сөздік жұмыс: қарақат көзді, қою қара шашты.

1

3

Тақырыбы: « Ит және оның кішкене күшіктері» (сурет бойынша әңгімелеу)

Мақсаты: Сурет мазмұнына қарай әңгіме құру білігін жетілдіру (тәрбиеші үлгісі бойынша).

Бала бойында сөйлеу және тыңдай білу, сұраққа жауап беру қабілеттерін дамыту.

Сөздік жұмыс: күшіктер, пысық, үлпілдек.

1

4

Тақырыбы: «Масақ» (украина халық ертегісін айтып беру)

Мақсаты: Балаларды оқылған шағын ертегі желісі бойынша ертегі мазмұнын айтып бере білуге үйрету.

1

5

Тақырыбы: «« З» және «С» дыбыстары» дыбыстық сөйлеу мәдениеті.

Мақсаты: Балаларға «З» және «С» дыбыстарының дұрыс жазылуын көрсету және түсіндіру. Дыбыстың тыныс ала дыбысталуын және таза айтылуын дамытуға көмектесу. Барлық дауысты және дауыссыз дыбыстардың сөйлемде анық, таза, әрі түсінікті дыбысталуын бекіту. Дыбысталу және жазылу құралдарын дамыту. Дыбысты дұрыс қабылдауды (сөздегі берілген дыбысты есту және айта білуді) дамыту.

1

6.

Тақырыбы: «Көжекпен ойналық» (дидактикалық ойын)

Грамматикалық сөздік қатарын қалыптастыру.

Мақсаты: Балаларды бұйрық рай белгілерін (сурет сал, секір, биле, мүсінде, ән айт); етістіктің әртүрлі түрлерін (қалау,жату, жүру, қашу) қалыптастыруға үйрету.

1

7

Тақырыбы: «Айгерім қуыршақтың туған күні» (шығармашылық әңгімелеуді құру)

Мақсаты: Балаларды ойыншықтар жайлы хикая тудырып айтуға баулу. Өз ойын дұрыс қалыптастыру қабілеттерін дамыту. Балаларды ауыз екі сөйлеу шығармашылығына деген қызығушылықтарының тұрақты болуына тәрбиелеу.



1

8

Тақырыбы: «Әңгімеле...» (балалардың екі түрлі ойыншықты бейнелеп, сипаттау әңгімесін құруы)

Мақсаты: Балаларды тәрбиешінің үлгісі бойынша, ойыншықтар жайлы шағын әңгімелерді бейнелеп айта білуге үйретуді жалғастыру. Хабарлы сөйлемді қолдану арқылы өз ойларын дұрыс жинақтап, қысқаша әңгіме құрай білуге үйретуді жалғастыру.

1

9

Тақырыбы: «Кішкентай бағбаншы» (М.Төрежановтың әңгімесін әңгімелеу)

Мақсаты: Мәтінді мән-мағынасын бұзбай әңгімелеуді үйрету. Балаларды сын есім мен зат есімнен туған сөздердің дыбысталуына қарай көңілдерін аудару.

1

10

Тақырыбы: «Бізде қонжық қонақта» (ойын-сахналау)

Мақсаты: Балаларды шағын тақпақтарды жатқа оқуға, кейіпкерлер бейнесін сомдауда көркем оқу әдіс-тәсілдерін қолдануға, дауыс ырғағына, дыбыстау көркемдігіне көңіл аударуға үйрету.

1

11

Тақырыбы: «Жаз – күз» (суреттер көрсетілімі бойынша әңгіме құрау)

Мақсаты: Балаларды хабарлы сөйлемді қолдана отырып, сурет мазмұнына қарай, әңгіме құрауға үйрету. Балалардың айтылған ойды тыңдауға және ұғынуға, әңгімеге араласып, сұрауға және сұраққа жауап беруге деген білігін дамыту.

1

12

Тақырыбы: «Айлакер түлкі» (орыс халық ертегісін сахналау)

Мақсаты: Сахналау қойылымына атсалысуға ықылас білдіруді, сөйлеу мәнерінің көркемдік әдіс-тәсілдерін (дауыс ырғағы, ымдау, қимыл, қозғалыс, дауыс құдіреттілігі, интонация) қолдануды дамыту.

1

13

Тақырыбы: «Ц» және «Ч» Сөйлеудегі дыбыстау мәдениеті

Мақсаты: Балаларға дара алынған «Ц» және «Ч» дыбыстарының артикуляциясын буындар мен сөздерде көрсету.

Тыныс ала дыбыстауды, дауыс күші мен дыбыс екпінін өзгерте білуді: ақырын не қатты, баяу не тез сөйлеуді дамыту. Дыбыстық қабылдауды дамыту.

1

14

Тақырыбы: «Әйгерім дастарқанды әзірлеп жатыр»

(дидактикалық ойын) Грамматикалық сөздер қатары

Мақсаты: Жұрнақ жалғану арқылы туылған жаңа сөздерді көрсету (қант салғыш, нан салғыш, тұз салғыш, май салғыш, шәйнек, сүт құйғыш). Балалаларды сөздерді септіктер мен сан есімдерге түрлендіре білуге үйретуді жалғастыру. Балалардың жай сөйлем құрылымын еркін ұғынуына, жай сөйлем мен күрделі сөйлемді қолдана алуына да ықпал ету.

1

15

Тақырыбы: «Қонақтарды күтеміз» (дидактикалық ойын)

Мақсаты: Балаларды затты топтастыра суреттеуге үйрету (ыдыстар: ас үйлік, асханалық); сөздік қорды жаңа сөздермен байыту, олардың атқару қызметін ұғындыру.

1

16

Тақырыбы: «Екі сараң қонжық» (венгер халық ауыз ертегісін сахналау)

Мақсаты: Балаларды таныс әдеби шығармаларды сахналауға атсалысуға ұмтылдыру, ондағы кейіпкерлер бейнесін еркін түрде көркем шеберлікпен сомдай білу білігін дамыту.

1

17

Тақырыбы: «Біз қалай, Аяз атаны қарсы алдық?» (өз тәжірибесінен әңгімелеу)

Мақсаты: Өз тәжірибесіне сүйене отырып, бір түбірлі сын есімдерді қолдану белсенділігін арттыра әңгімелеуге үйрету. Балалардың айтылған ойды тыңдауға және ұғынуға, әңгімеге араласып, сұрауға және сұраққа жауап беру білігін дамыту.

1

18

Тақырыбы: «Қыс қызығы» (сурет бойынша әңгімелеу)

Мақсаты: Балаларды сурет бойынша әңгіме құруға үйртуді жалғастыру. Балаларды анықтауыш синонимдерін жинақтауға жаттықтыру.

1

19

Тақырыбы: «Ұзын құлақ сұр қоян» (кескін бойынша қоян жайлы әңгіме құру)

Мақсаты: Үлгі бойынша бейнелік сипатты әңгіме құруға үйрету. Сөздің түрленуіне жаттықтыру.

1

20

Тақырыбы: «Әңгімеле...» (көлемі әр түрлі, екі бірдей ойыншықты бейнелеп, сипаттау әңгімесін құру)

Мақсаты: Балаларды екі ойыншық жайлы шағын әңгімелерді бейнелеп айта білуге, жай және күрделі сөйлемді қолдану арқылы өз ойларын дұрыс жинақтап, қысқаша әңгіме құруға үйретуді жалғастыру.

1

21

Тақырыбы: «Менің сүйікті үй жануарларым» (өз тәжірибесінен әңгіме құру)

Мақсаты: Балаларды өз іс-тәжірибесінен әңгіме құруға, сөйлеу барысында сын есімдер мен етістіктерді қолдана білуге үйретуді жалғастыру. Балалардың айтылған ойды тыңдауға және ұғынуға, әңгімеге араласып, сұрауға және сұраққа жауап беру білігін дамыту.

1

22

Тақырыбы: «Ертегіні тауып айт» (үлгі бойынша мазмұнын айту)

Мақсаты: Үлгі бойынша орыс халық ертегісін қайталап айта білу білігін бекіту.

Сұраққа жауап беруде, ертегі жолдарын қолдану арқылы, толық сөйлеммен айта білуге үйретуді жалғастыру.

1

23

Тақырыбы: «Үй жануарлары» (суреттің осы көрсетілім бойынша әңгімелеу)

Мақсаты: Балалардың үй жануарлары мен олардың төлдерін білдіретін сөздерді қолдана отырып жануарлар туралы айту білігін бекіту.

Сөйлеу барысында жануарлар мен олардың төлдерінің атауын білдіретін зат есімдердің жекеше және көпше түрлерін (үйрек-үйректер-үйректің балапаны; түйе-түйелер-бота-боталар) қолдана білу іскерлігін дамыту және оларды топтарға қарай жіктелуін ұғындыруды жалғастыру.

1

24

Тақырыбы: «Ойыншықтар дүкені» (ағаштан, шыныдан, пластмассадан жасалатын ойыншықтар жайлы әңгіме құру)

Мақсаты: Сызба нұсқасы бойынша бейнелі әңгіме құрастыра білуге, жасалуы бірдей заттарды топтастыруға, сөйлеу барысында: ағаштан, шыныдан, пластмассадан деген сөздерді қолдана алуға үйретуді жалғастыру. Ілік септігіндегі зат есімнің көпше түрде түрлендіре (ойыншықтардың, нәскилердің, қолғаптардың, боталардың, қонжықтардың) білуге үйрету.

1

25

Тақырыбы: «Анама сыйлық» (өз тәжірибесінен әңгіме құру)

Мақсаты: Әңгіме құрастыра білуге, сөздерді жұрнақтың жіңішке-майда түрі арқылы түрлендіру білігін дамыту. Балалардың айтылған ойды тыңдауға және ұғынуға, әңгімеге араласып, сұрауға және сұраққа жауап беру білігін дамыту.

1

26

Тақырыбы: «Ж» және «Ш» дыбыстық сөйлеу мәдениеті

Мақсаты: «Ж» және «Ш» дыбыстарының дұрыс жазылуын көрсету, айтылу жолына қарай ызың, жасалу орнына қарай тіл алды, ұяң дауыссыз дыбыстарды дұрыс игеруге баулу. Ауыз қуысынан, тыныс алу жолдарынан кедергіге ұшырап шығатын барлық дыбыстардың дұрыс айтылуын игертуді дамыту. Сөздердегі барлық дауысты және дауыссыз дыбыстардың толық таза айтылуын бекіту.

Дыбыстық қабылдауды дамыту (сөздегі берілген дыбысты дұрыс есту және анық айта білу).

1

27

Тақырыбы: «Қуыршаққа бөлме жасалық» (дидактикалық ойын)

Мақсаты: Балаларды жиһаздық заттардың атауын дұрыс атай білуге жаттықтыру. Сөйлеу барысында зат есімдер мен сын есімдердің сандық және септеулік түрленуін қолдана білуге баулу.

1

28

Тақырыбы: «Суреттеу бойынша тап» (дидактикалық ойын)

Мақсаты: Балаларды заттар мен ойыншықтардың сипаттық бейнесін баяндау арқылы әңгімелеуге үйретуді жалғастыру. Балалардың сөздік қорын ұлттық дүниелер мен жаңалықты заттардың атауымен байыту (сандық - әбдіре, малақай - тымақ; желпіуіш, жалған шаш; теңге сөздерінің мәнін, қолданылу аясын түсіндіру). Зат есімдер мен сын есімдерге жалғанған қосымшаларды бағдарлауға деген бейімділіктерін дамыту. Жай сөйлемдердің құрылымын еркін игеруге, жай және күрделі сөйлемді қолдану арқылы өз ойларын дұрыс жинақтап, қысқаша әңгіме құрауға үйретуді жалғастыру.

1

29

Тақырыбы: «Күшік неге көңілсіз?» (сурет бойынша шығармашылық әңгімелеу)

Мақсаты: Балаларды сурет бойынша әңгіме құруға, зат есімнің «күшік» сөзіне қандай анықтауышты үйлестіруге болатынын көрсету.

Сөздік жұмыс: көңілсіз, жабырқаулы.

1

30

Тақырыбы: «Ертегіде қонақта» (таныс ертегілердің қойылымдық жабдықтары арқылы әңгімелеу)

Мақсаты: Балаларды сурет бойынша, өздеріне таныс ертегілердің мазмұнын қысқаша баяндай білуге үйретуді жалғастыру. Сөздік қорларын сөйлеу барысында қолдана білулерін белсендіру. Балалардың айтылған ойды тыңдауға және ұғынуға, әңгімеге араласып, сұрауға және сұраққа жауап беру білігін дамытуды жалғастыру.

1

31

Тақырыбы: «Алтын дән мен әтеш» (орыс халық ертегісін баяндау)

Мақсаты: Кейіпкерлердің өзара сөйлесуін көркем түрде қолдану арқылы ертегінің ішкі сырын, айтылу керек ой-түйсігін, мән-мағынасын бұзбай, байланыстыра баяндай білуге үйретуді дамыту.

1

32

Тақырыбы: «Қолғап» (украин халық ертегісін сахналау)

Мақсаты: Сахнада ойнай білу іскерліктерін дамыту. Сөйлеу мәнері мен қарқынына аса мән бере отырып, кейіпкерлер бейнесін көркем сомдауға, олардың ішкі жан-дүниесін жеткізе суреттеуге ұмтылыстарын арттыруды дамыту.

1

33

Тақырыбы: «Жаңа үйді кім тұрғызды?»

(шығармашылық әңгіме құру)

Мақсаты: Балаларды шығармашылық тарихына ынталандыру. Сюжетті дамыта келе, жай және күрделі сөйлемдерді қолдана отырып, ойлау деңгейлерін арттыру. Балалардың айтылған ойды тыңдауға және ұғынуға, әңгімеге араласып, сұрауға және сұраққа жауап беру білігін дамытуды жалғастыру.



1

34

Тақырыбы: «Серуенде…» (өз тәжірибелерінен әңгімелеу)

Мақсаты: Өз іс-тәжірибесінен әңгімелей білу қабілеттіліктерін дамыту (сурет мазмұнын зерттеу бойынша).

1

35

Тақырыбы: «Арыстан күшігін асыраған мысық» ертегі

Мақсаты: Кейіпкерлердің өзара сөйлесуін көркем түрде қолдану арқылы ертегінің ішкі сырын, айтылу керек ой-түйсігін, мән-мағынасын бұзбай, байланыстыра баяндай білуге үйретуді дамытуды жалғастыру.

1

36

Тақырыбы: «Қоянның туған күні» (ойдан ертегі тудыру)

Мақсаты: Балаларды берілген тақырып бойынша ертегі ойлап табуға, онда бірнеше кейіпкердің рөлін көркемдеп сипаттай білуге үйретуді жалғастыру.

1




Барлығы:

36



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   30




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет