Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын бекіту туралы


-параграф. Қоршаған ортамен танысу



бет12/13
Дата06.05.2020
өлшемі251,16 Kb.
#66133
түріБағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Әділет. Программа Дошк и воспит. v1600014235.12-08-2016.kaz
Әділет. Программа Дошк и воспит. v1600014235.12-08-2016.kaz
22-параграф. Қоршаған ортамен танысу

      278. Мақсаты балалардың қоршаған орта, адамдардың іс-әрекеті жайлы түсінігін кеңейту болып табылады.

      279. Міндеттері:

      балаларда жақындарына деген сүйіспеншілік сезімі, оларға қамқорлық көрсету ұмтылысы, туған еліне, қаласына деген бауырмалдық пен оның тарихына қызығушылық таныту сияқты адамгершілік сапаларды тәрбиелеу,

      адам еңбегіне деген құрмет сезімін қалыптастыру, адам қолымен жасалғанның барлығына ұқыпты қарауды; балалардың сөйлеу тілін, зейінін, қиялын дамыту,

      Қазақстан Республикасы аумағында тұратын басқа ұлттың адамдарына, олардың мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне мейірімділік және құрметтілік қарым-қатынасқа тәрбиелеу.

      280."Қоршаған ортамен танысу" сабағының мазмұны оқу бөлімдері бойынша ұйымдастырылған, олар күтілетін нәтижелер түрінде берілген оқу мақсаттарын көздейтін бөлімшелерден тұрады. Әрбір бөлімше ішінде реттілікпен құрылған оқу мақсаттары педагогқа жұмысын жоспарлауға, балалардың жетістіктерін бағалауға және оларға оқудың келесі кезеңдері туралы ақпарат беруге мүмкіндік береді.

Бөлім

Бөлімше

1.Мен және қоғам

1.1 Мен және менің отбасым

1.2 Менің мектебім

1.3 Мамандықтар

1.4 Көлік және байланыс құралдары

2.Туған өлкем

2.1 Туған өлке

3.Тарих беттерінен

3.1 Қазақстанның тарихи тамырлары

3.2 Өнер және мәдениет

3.3. Тәуелсіз Қазақстан

      2. Оқу мақсаттарының жүйесі

      1-бөлім. Мен және қоғам



Бөлімше

Оқу мақсаттары

1.1 Мен және менің отбасым

0.1.1.1 отбасындағы өзара тату қарым-қатынастың маңызын түсініп, отбасы мүшелерімен бірлесе жұмыс жасау

0.1.1.2 отбасы мүшелерін атап, міндеті мен өзіне тағылған жауапкершілікті білу

0.1.1.3 түрлі іс-әрекет түрлеріндегі өз жетістіктеріне тең баға беру

1.2 Менің мектебім

0.1.2.1 мектептегі және сыныптағы негізгі ережелерді білу және оларды сақтау

0.1.2.2 түрлі әлеуметтік жағдаяттарда шешім қабылдау

0.1.2.3 қарапайым этикалық нормаларды, этикалық нормаларды біліп, сақтау

0.1.2.4 бірлесе жұмыс жасау, еңбек нәтижесін бағалау

1.3 Мамандықтар

0.1.3.1. еңбектің маңызын және адам өміріндегі барлық мамандықтардың қажеттігін түсіндіру

1.4 Көлік және байланыс құралдары

0.1.4.1 байланыс құралдарының адам өміріндегі қажеттілігін түсініп, олардың қолданылу аясын атау

0.1.4.2 қозғалыс ортасы мен қолданылуы бойынша көлік түрлерін ажырату және сипаттау

      1.1. Мен және менің отбасым. Туыстық байланысты түсінеді, ата-анасының, отбасы мүшелерінің аты-жөнін, мектеп, сыныптың нөмірін атайды, үйден мектепке дейінгі жолды анықтайды. Өз отбасының мүшелеріне қамқорлық білдіреді, үй тапсырмаларын орындайды, өзінің мейірімді сезімдерін отбасы мүшелеріне сөзбен жеткізеді. Отбасы мүшелеріне деген өзінің қарым-қатынасын, жақындарына деген өзара сыйластық, қамқорлық негізінде құра біледі.

      1.2. Менің мектебім. Мектеп қызметкерлерінің еңбегі туралы (директор, оқу бөлімінің меңгерушісі, шаруашылық меңгерушісі, мұғалім, кітапханашы, еден жуушы, аспаз, аула сыпырушы, медбике, көлік жүргізушісі) ұғымдарға ие. Мектеп қызметкерлеріне сыйластық танытады.

      1.3. Мамандықтар. Әртүрлі мамандық иелері мен олардың еңбегінің ерекшеліктері, маңызы туралы біледі. Өз ата-анасының және туыстарының еңбегі туралы әңгімелейді. Ересектердің еңбегіне деген қызығушылық және оның нәтижесіне деген құндылық қатынасын білдіреді.

      Ауыл шаруашылық саласы мамандары (фермер, тракторшы, комбайншы, көкөніс өсіруші, бақташы, қойшы, сауыншы және т.б.) және олардың еңбек әрекеттері, бидайды өсіру кезеңдері туралы біледі. Нанды және азық-түлік тағамдарын қадірлей біледі, қала тұрғындары үшін ауыл шаруашылық еңбегінің маңыздылығын түсінеді.

      Қоғамдық игілік туралы ұғымға ие. Қоғамдық игілікті сақтау мен ұлғайтуға ұмтылысын және қажеттілігін білдіреді.

      1.4. Көлік, байланыс құралдары. Арнайы көлік құралдарының көп түрлілігі, олардың атқаратын қызметі, жұмыстың нақты түрлерін орындауға арналған жабдықтар (суаратын машина, жедел жәрдем, өрт сөндіру машинасы, қар тазалайтын машина) туралы ұғымдарға ие.

      Көлікте жұмыс істейтін адамдарға құрметпен қарайды, көлік түрлері (жердегі, ауадағы, судағы, су астындағы), байланыс құралдары, олардың адам өміріндегі маңызы туралы біледі.

      Телефонның, компьютердің, теледидардың, радионың атқаратын қызметтері және оларды қолданудың кейбір қарапайым ережелері туралы біледі.

      2-бөлім. Менің туған өлкем

Бөлімше

Оқу мақсаттары

2.1 Туған өлке

0.2.1.1 өз өңірінде бағдарлану тәсілдерін және өз үйінің (тұрғылықты мекен-жайын) мекен-жайын атау

0.2.1.2 өз өңірінің климаты мен табиғатын сипаттау

0.2.1.3 өз өңірін сурет/сызбада бейнелеу

      2.1. Туған өлке. Өзі туған елді мекені, туған елі туралы біледі. Өз өңірінің климаты мен табиғатын сипаттайды. Өз өңірінің суретін/сызбасын бейнелейді.

      3-бөлім. Тарих беттерінен



Бөлімше

Оқу мақсаттары

3.1 Қазақстанның тарихи тамырлары

0.3.1.1 көрнекі материалдарды зерделеу негізінде қазақ халқының көшпенділік тұрмысын сипаттау

0.3.1.2 тарихи тұлғалардың және көрнекті батырлардың рөлін түсіндіру

3.2 Өнер және мәдениет

0.3.2.1 киіз үйдің құрылысы мен жабдықтарын атау, олардың қолданыстағы икемділігін түсіндіру

0.3.2.2 ұлттық қолданбалы өнер туралы алған түсінігі мен әсерлерін түрлі тәсілдермен жеткізу

3.3 Тәуелсіз Қазақстан

0.3.3.1 мемлекеттік рәміздерді атау

0.3.3.2 Қазақстанның астанасын атау, мемлекеттік рәміздерді білу

      3.1. Қазақстанның тарихи тамырлары. Қазақстан Республикасы – үлкен көп ұлтты мемлекет екендігі, байырғы тұрғындардың және басқа ұлттардың өз мәдениеті (тұрмыстық заттар, киімдер, ерекше ұлттық өзгерістер), салт-дәстүрі бар екендігі, табиғи байлықтары, біздің республикамыздың жетістіктері туралы біледі. Көрнекі материалдарды зерделеу негізінде қазақ халқының көшпенділік тұрмысын сипаттайды. Тарихи тұлғалардың және көрнекті батырлардың рөлін түсіндіреді.Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ерлігіне құрмет танытады.

      3.2. Өнер және мәдениет. Киіз үйдің құрылысы мен жабдықтарын атайды, олардың қолданыстағы икемділігін түсіндіреді. Қазақтың ұлттық салт-дәстүрлері, туған өлкенің мәдениеті мен тұрмысы, Қазақстанның халықтары (татарлар, орыстар және басқалары) туралы біледі. Ұлттық қолданбалы өнер туралы алған түсінігі мен әсерлерін (суреттер, фотосуреттер арқылы) түрлі тәсілдермен жеткізеді.

      Халықтық дәстүрлерге негізделген үлкендерге және өзінен кішкентайларға құрметпен қараудың адамгершілік мінез-құлық ережесін орындайды.

      3.3 Тәуелсіз Қазақстан. Біздің еліміздің бас қаласы - Астана және оның көрікті жерлері (Бәйтерек, Ақорда, Бейбітшілік және келісім сарайы, Океанариум және т.б.), Қазақстанның ірі қаласы – Алматы туралы біледі. Қазақстан Республикасының Президентін, мемлекеттік рәміздерді біледі. Әнұранды біледі және оң қолын сол жақ кеудесіне қойып орындайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет