Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын бекіту туралы


-параграф. "Таным" білім беру саласы



бет5/13
Дата06.05.2020
өлшемі251,16 Kb.
#66133
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Әділет. Программа Дошк и воспит. v1600014235.12-08-2016.kaz
Әділет. Программа Дошк и воспит. v1600014235.12-08-2016.kaz
7-параграф. "Таным" білім беру саласы

      132. "Таным" білім беру саласының базалық мазмұны қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру, құрастыру, жаратылыстану ұйымдастырылған оқу қызметінде жүзеге асырылады.

      133. Мақсаты математикалық, конструктивтік ойлау дағдыларын, танымдық қызығушылықтарын, экологиялық білім негіздерін қалыптастыру болып табылады.

      134. Міндеттері:

      сенсорлық қабілеттерін, алғашқы ойлау операцияларын, жиын туралы қарапайым түсініктерін дамыту;

      жаратылыстану бойынша түсініктерін, тірі және өлі табиғат жайлы білімдерін, танымдық қызығушылықтары мен шығармашылық қиялды қалыптастыру;

      табиғатта өзін ұстай білу ережелерімен және қарапайым өзара байланыспен таныстыру;

      тірі және өлі табиғат объектілеріне деген ұқыпты қарым- қатынасқа тәрбиелеу;

      эстетикалық талғамды қалыптастыру, балалардың ой - өрістерін кеңейту.

8-параграф. І жартыжылдық

      135. Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

      Жиын

      1) әртүрлі түстен, өлшемнен тұратын заттардың жиыны туралы түсініктерді қалыптастыру;

      2) заттарды салыстырып қою арқылы оларды санамай-ақ жұптарын салыстыру салыстыру негізінде тең немесе тең еместігін анықтай білуді үйрету.

      Сан, санау

      1) 5 көлемінде санау, заттарды үлгісі бойынша және аталған саны бойынша санау дағдысын қалыптастыру. Сандарды тәртібі бойынша атауға және қорытынды санды атауға, "Барлығы қанша?" сұрағына жауап беруге үйрету. Бірінің астына бірі екі қатарда орналасқан заттардың екі тобын салыстыруды үйрету;

      2) теңдік және теңсіздік туралы ұғымдарды қалыптастыру. Салыстырылатын топтар: бір көп, бір және екі, екі және үш және төрт, төрт және бес;

      3) теңді кем топқа үстемелей отырып немесе артық топтан бір затты алып тастай отырып, екі тәсілмен орнатуға, "Қанша еді?", "Қаншасы қалды?" сұрақтарына жауап беруге үйрету;

      4) 5-ке дейін реттік санау дағдыларын дамыту, реттік сан есімдерді атау, "Нешінші?", "Саны бойынша қайсысы?" сұрақтарына жауап беру дағдыларын дамыту. Беске дейінгі сандармен таныстыру, сандық топты белгілеу;

      5) әртүрлі сезім мүшелерінің көмегімен санау дағдысын дамыту (көру, есту, иіс сезу). Тура және кері бағытта 5 көлемінде санатып жаттықтыру.

      Шама

      Заттар шамасы бойынша әртүрлі болатындығы жайлы түсінік беру.

      Дағдыларды қалыптастыру:

      1) ұзындығы және ені бойынша бірдей және екі түрлі заттарды салыстыру;

      2) биіктігі және жуандығы бойынша бірдей және екі түрлі заттарды салыстыру;

      3) шаманы салыстыруда беттестіру және тұстастыру тәсілдерін қолдану.

      Геометриялық пішіндер

      1) балаларды геометриялық пішіндерді: шеңбер және төртбұрыш, үшбұрыш сияқты геометриялық пішіндерді ажырату және дұрыс атай білуін; пішіндерді көру және сипап сезу арқылы іздену, зерттеу қызығушылығын дамыту.

      2) дағдыларды қалыптастыру: геометриялық пішіндерді тану және атау, пішіндерді зерттеу дағдыларын қалыптастыру.

      Кеңістікте бағдарлау. Өзінің дене бөліктерінің орналасуына қарай бағдарлай білуге үйрету. Дағдыларын қалыптастыру: өзіне қатысты кеңістік бағыттарын анықтай білу, заттарды оң қолымен солдан оңға қарай орналастыру, өзінің дене бөліктерін бағдарлау және атау (бас, аяқтар, қолдар).

      Уақытты бағдарлау. Таңертең, күндіз, кеш, түн тәулік бөліктерін ажырату және атай білу дағдыларын қалыптастыру.

      Күтілетін нәтижелер:

      5 көлемінде санай алады, сандарды ретімен атайды;

      теңдік және теңсіздік туралы ұғымдарға ие; шамасы әртүрлі 2-3 затты (ұзындығы, биіктігі, ені, жуандығы бойынша) өсу және кему ретімен орналастыра алады;

      геометриялық пішіндерді және геометриялық денелерді ажыратады және атайды; кеңістікті және уақытты бағдарлай алады.

      136. Құрастыру

      Құрылыс материалдарынан құрастыру

      Дағдыларды қалыптастыру:

      1) орналастыру тәсілдерін қолдана отырып, пластиналарды тігінен және кірпіштерді, бөлшектерді көлденеңінен орналастыру;

      2) схеманы қолданып, ірі және ұсақ құрылыс материалынан құрастыру;

      3) үлгі бойынша құрастыру;

      4) умаждау, жырту, шиыршықтауды қолданып, қағаз парақтарын көлемді пішіндерге айналдыру.

      Қағаздан құрастыру

      Қағаздан құрастыруға үйрету: қағазды тікбұрышты парағын жартысынан бүктеп, бұрыштарды және тараптарды біріктіру, детальдің негізгі түріне желімдеу. Қағаз парағын көлемді пішіндерге қайта келтіру, қағазды кесекке, орамдарға, ілмекке айналдыра білу дағдыларын бекіту.

      Табиғи, қалдық материалдардан құрастыру

      Балаларды табиғи материалдардан түрлі заттар даярлауға баулу.

      Конструктор бөлшектерінен құрастыру

      Конструктордан ойынға арналған ғимарат құрастыру дағдыларын қалыптастыру. Бөлшектерді бекіту тәсілдері мен ғимарат жасау туралы білімдерін жетілдіру.

      Күтілетін нәтижелер:

      құрылыс бөлшектерін атайды, оларды құрылымдық қасиеттерін ескере отырып, пайдаланады;

      құрылысты безендіру үшін түрлі түсті бөлшектерді қолданады;

      биіктігі, ұзындығы, ені бойынша құрылыстарды өзгертеді;

      бастаған ісін аяғына дейін жеткізеді;

      қағаздан көлемді пішіндерді жасай алады;

      табиғи материалдардан түрлі заттар дайындайды; конструктордан құрылыс жасайды.

      137. Жаратылыстану

      Өлі және тірі табиғат құбылыстары мен заттары. Тірі және өлі табиғат құбылыстары туралы түсініктерін қалыптастыру.Өлі табиғат нысандары туралы білімдерін кеңейту.

      Өсімдіктер әлемі

      1) балалардың бөлме өсімдіктері туралы білімдерін байыту;

      2) табиғаттағы, жыл мезгіліндегі маусымдық өзгерістер туралы түсініктерін қалыптастыру. Табиғаттағы ауа райының жағдайын бақылауға және бақылаудың нәтижелерін табиғат күн тізбесінде белгілеуге үйрету;

      3) балабақшаның ауласындағы және маңайдағы өсімдіктерді, көкөністер мен жемістердің 4-5 түрін, бөлме өсімдіктерін, ағаштар мен бұталарды атауға үйрету;

      4) қарапайым тәжірибелерді жүргізуге қызығушылықтарын, зейіндерін дамыту.

      Жануарлар әлемі

      Үй жануарлары және жабайы аңдар, олардың сыртқы келбеті, қозғалу және қоректену тәсілдері туралы білімдерін кеңейту. Үй жануарларының (ит, мысық) сыртқы белгілері мен қылықтары туралы білімді бекіту. Сиырдың, жылқының және үй құстарының (қораз, мекен, қаз) сыртқы келбетіндегі ерекшеліктері туралы білімін нақтылау.

      Күтілетін нәтижелер:

      үй жануарларын және олардың төлдерін, үй құстарын атайды;

      кейбір жабайы аңдардың түрлерін біледі;

      бөлме өсімдіктерін, балабақшаның ауласындағы өсімдіктерді атайды;

      табиғаттағы маусымдық өзгерістерде қарапайым байланыстар орната алады;

      қарапайым тәжірибеге қызығушылық пен әуестік танытады;

      табиғатта өзін ұстаудың қарапайым ережесін біледі.

9-параграф. ІІ жартыжылдық

      138. Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

      Жиын

      1) жиынтық сапасы бойынша әртүрлі заттардан тұратындығы туралы түсініктерін жетілдіру;

      2) осы заттардың сыңарларын қою негізінде салыстырып, теңдігін немесе теңсіздігін анықтау іскерліне жаттықтыруды жалғастыру.

      Сан, санау

      1) 5-ке дейін тура және кері санауды жетілдіру;

      2) Теңдікті кем топқа үстемелей отырып немесе артық топтан бір затты алып тастай отырып, екі тәсілмен орнатуға, "Қанша еді?", "Қаншасы қалды?" сұрақтарына жауап беруге үйрету. Топтарды салыстыру негізінде сандық мәндерді дұрыс талдап қорыта білуді дамыту;

      3) әртүрлі сезім мүшелерінің көмегімен санау дағдысын дамытуды жалғастыру(көру, есту, иіс сезу).

      Шама

      Ұзындығы, ені, биіктігі, жуандығы бойынша беттестіру және тұстастыру арқылы екі қарама-қарсы және бірдей заттарды салыстыру дағдысын бекіту.

      Геометриялық пішіндер

      Геометриялық пішіндерді; шеңбер, шаршы және үшбұрыш тану және атау, пішіндердің пішінін сипап-сезу және көру тәсілдерімен зерттеу.

      Кеңістікте бағдарлау. Өзінің дене бөліктерінің орналасуын бағдарлау дағдыларын бекіту, өзіне тікелей жақын кеңістік бағыттарын анықтау.

      Уақытты бағдарлау. Тәуліктің қарама-қарсы бөліктерін анықтау және тану дағдыларын қалыптастыру.

      Күтілетін нәтижелер:

      тәулік бөліктерін: таңертең, күндіз, кеш, күндер: бүгін, кеше, ертең, жылдам, баяу ұғымдарын атайды, өзіне қатысты кеңістіктегі заттардың орналасуын анықтай алады;

      жасалған әрекеттердің көмегімен түрлі мәселелерді шешудің әдістерін табады;

      қарапайым себеп-салдарлық байланыстарды анықтай алады.

      139. Құрастыру

      Құрылыс материалдарынан құрастыру

      1) құрылыс материалдарының негізгі бөліктерін, олардың бөлшектерін атауға үйрету, оларды көлемі, түсі бойынша ажырата білуге баулу;

      2) құрастыру кезінде сәйкес белгілері бойынша біріктіре білу және онымен ойнай отырып шығармашылық қиялдау дағдыларын қалыптастыру.

      Ұжымдық құрастыру

      Дағдыларды бекіту :

      1) олардың құрылымдық қасиеттерін ескере отырып пайдалану, құрылыс бөлшектерін ажырату және атау;

      2) жеке және ұжымдық іс-әрекет дағдыларын бекіту, құрылысты жалпы оймен біріктіру;

      3) құрдастар арасында міндеттерді бөлісу;

      4) қағаздан орамдар, жиектер, кесектер жасау;

      5) бөлшектерді өзара желімдеу, композиция құрастыру;

      6) әртүрлі "пластик" түріндегі үлгілер жасау;

      7) қағаздан "оригами" типі бойынша қарапайым пішіндер құрастыру.

      Табиғи, қалдық материалдардан құрастыру

      Балаларды қалдық материалдардан бұйым жасауға баулу. Бөліктерді біріктіру үшін желімді пайдалану. Шығармашылық қиялдауды дамыту, көрнекілікке сүйене отырып зат жасау.

      Конструктор бөліктерінен құрастыру

      Конструктормен ойындар үшін құрылыстарды құру дағдыларын жетілдіру, бөлшектерді бекіту мен құрылыстарды құру тәсілдерін жетілдіру.

      Күтілетін нәтижелер:

      заттарды атайды және ажыратады, олардың өлшемін, түсін, пішінін, жасалған материалын анықтайды;

      оларды топтастыра алады;

      құрылыс бөлшектерін ажыратады және атайды, олардың құрылымды қасиеттерін ескере отырып пайдаланады;

      өзінің құрылыстарымен ойнайды.

      140. Жаратылыстану

      Өлі және тірі табиғат құбылыстары мен заттары

      Табиғат құбылыстары туралы түсініктерін қалыптастыру, өлі табиғат нысандары туралы білімдерін байыту.

      Табиғаттағы маусымдық өзгерістер

      1) көктем, қыс, жаз, күз мезгілдерінде табиғатты бақылау дағдыларын дамыту;

      2) табиғаттағы ауа райының жағдайларын бақылау және бақылаулардың нәтижелерін табиғат күнтізбесіне белгілеу дағдыларын жетілдіру.

      Өсімдіктер әлемі

      Балабақша ауласындағы және маңайдағы өсімдіктер туралы білімдерін бекіту, оларды ажыратып,атауға үйрету.

      Көкөністер мен жемістердің 4-5 түрін, бөлме өсімдіктерін, ағаштар мен бұталарды танып, атай білу дағдыларын бекіту. Ағаштың және гүлдің бөліктерін атай білуге үйрету.

      Білімдерін қалыптастыру:

      1) көктем мезгілінде өсімдіктердің тіршілігі туралы;

      2) шөптесін өсімдіктер (4-5 түрін), жидектер, саңырауқұлақтар туралы;

      3) орманда, бақшада, далада өсетін өсімдіктер туралы;

      4) пияздың және шөптің бөлме жағдайында өсуі туралы.

      Жануарлар әлемі

      1) үй және жабайы жануарлар, олардың сыртқы келбеті, қозғалу және қоректену тәсілдері туралы түсініктерін кеңейту. Жабайы жануарлардың (түлкі, қасқыр, тиін) сыртқы белгілері мен әрекеттерін туралы білімдерін бекіту. Табиғат бұрышындағы тірі нысандар мен өсімдіктерге күтім жасау дағдыларын жетілдіру.

      2) жәндіктердің аттарын (қоңыз, көбелек, шыбын) бекіту, кейбір жәндіктер туралы (құмырсқа) қарапайым түсінік беру.

      3) бауырмен жорғалаушылар санатының өкілдерімен (кесіртке, тасбақа), олардың сыртқы түрімен және қозғалу әдістерімен таныстыру (кесірткенің денесі ұзын, құйрығы да ұзын ол оны тастап кете алады және ол тез қимылдайды).

      4) қарапайым экологиялық білімдерін қалыптастыру.

      Күтілетін нәтижелер:

      үй жануарларын және олардың төлдерін, үй құстарын атайды;

      бөлме өсімдіктерін, балабақшаның жер теліміндегі өсімдіктерді атайды;

      жәндіктерді атайды, олар туралы қарапайым түсініктерге ие;

      бауырымен жорғалаушыларды олардың сыртқы құрылысын және қозғалу әдістерін біледі:

      табиғаттағы маусымдық өзгерістердің қарапайым байланыстарын орнатады;

      қарапайым зерттеуге қызығушылық пен әуестік танытады;

      табиғатқа зиян келтіруі мүмкін жағдайлар мен әрекеттерді атайды;

      "Қызыл кітапқа" енгізілген және жойылып кету қаупі төнген жануарларды атайды;

      табиғатта өзін ұстау ережесін біледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет