«Мектептегі тәжірибе» кезеңінде орындауға арналған тапсырмаларға қатысты топтық таныстырылымдар бойынша рефлексивті есеп



Дата17.06.2018
өлшемі25,65 Kb.
#42569

Раманова Мульдер Джаксимуратовна Мұғалім портфолиосы В3 есебі

№5 топ ІІІ деңгей

Тараз қаласы 21.04.2015



«Мектептегі тәжірибе» кезеңінде орындауға арналған тапсырмаларға қатысты топтық таныстырылымдар бойынша рефлексивті есеп

Дәстүрлі білім беруден арылып,оқытудағы Кембридж тәсілінің теориялық негіздері тұрғысынан оқытуды өз тәжірибеме енгізіп жатырмын.Мектептегі тәжірибе жұмысын бастамас бұрын бірінші бетпе –бет кезеңіндегі ресурстар мен нұсқаулықты қайта қарап шықтым. Форум арқылы тренер мен мұғалімдермен байланыста болып,ғаламтор жүйесінен өзіме қажетті ақпараттарды қарадым. Бос уақытым мен жұмыс уақытымды дұрыс пайдалануды, әр сабақтан кейін рефлексия жазуды үйрендім. Әрине бастапқыда маған өте қиын болды. Мұндай жұмыс жасау тәжірибемде болмағандықтан, күнделікті өзімді-өзім жұмысқа бағыттап отырдым. Алғашқы күндері жазған рефликсивті есептерім жай күнделікті не жоспарлап,не істегенім жайлы болса,өзімді құнттап жұмыс жасай бастаған соң, күннен күнге рефлексивті есебім мағыналы бола бастады. Мен күнделікті жұмысымды ғана жазып қоймай,не қиын болды, не оңай болды сонысын атап көрсете бастадым. Ойлау қабілетімнің де жоғарылай бастағанын байқап, өзімнің әрбір әрекетіме сыни көзбен қарауды назарда ұстадым.

Екінші кезең «Қашықтықтан оқыту» кезеңі басталғалы тұрғанда тренерімнен алған бағыт-бағдар мұғалім ретінде тәжірибеме өзгеріс енгізуіме көмектесті деп айта аламын. Осылайша мен сабақ өткізу әдісімде оқушылардың таным қабілетіне назар аудардым.Себебі, «Оқу да бар және сонымен қатар оқытуды үйрету де бар» [1].

Мектептегі тәжірибе кезеңінде ең алдымен мектеп директоры және директордың оқу ісі- жөніндегі орынбасарымен кеңестім. Ол кісілер мазмұнды оқу үшін өздерінің тарапынан көмегін аямайтындарын айтты. Кустан алған әсерім мен жеті модульдің сабақты меңгертуде тиімділігі туралы,осы бір ай тәжірибе кезеңінде жеті модульді сабақ жүргізу барысында қолданатынымды, сабағыма белгілі бір өзгеріс енгізгім келетінін айттым.

Төрт апта бойы бекітілген жоспармен сабақ өттім. Оқушыларым бұл жаңалықтарды жақсы қабылдады. Уақытты тиімді пайдалануға тырысып,азанғы уақытта оқитын оқушыларымды түстен кейінгі уақытта қосымша сабаққа шақырдым,әр оқушымен жеке сөйлесіп,мектеп психолыгінің көмегімен сауалнама алдым.Кері байланыс парағы арқылы оқушыларды мазалайтын сұрақтармен таныстым.Кез келген тапсырмаға оқушылармен бірлесіп критерийлерді дайындап, оқытудағы критериалды бағалауды пайдаландым.Тізбектелген сабақтарымның барлығының өз бойында бағдарламаның жеті модулі интеграцияланып кіріктірілді.

Оқушыларға топпен жұмыс жасау, бір-бірімен сұхбаттаса отырып проблеманы шешу жағы ұнады. Оқыту мен оқудың жеті модулін тәжірибе барысында сабақтарымда қолдану оқушылардың пәнге қызығушылығын оята білді. Жаңа әдіс-тәсілдердің оқушыларымның білім алуына септігінің болғаны мені қуантты.

Міне, екінші бетпе- бет оқыту кезеңінде сол мектептегі тәжірибеде орындауға берілген тапсырмалар бойынша өзіміздің топтық таныстырылымдар өтуде. «Практика қалай өтті?», «Оқушыларда қандай өзгерістер болды?» «Қандай кедергілер болды?», «Сабақтарың қалай өтті?» – деп, мектептегі іс-тәжірибеміз жайлы әңгімелесіп, пікір алмастық. Біз мектептен келген соң екінші бетпе-бет кезеңінде топтағы әріптестермен мектептегі сабақтар бойынша жүргізілген іс-әрекеттер туралы ойларымен бөлісіп, А, В1, В2, С презентациялық таныстырылымдар жасалынды. Әрбір әріптеспен жұмыс жоспарына талдаулар жүргізілді. Өзіміздің көзқарасымыз бен сенімділігімізді, болжамдарымызбен, қорытынды бағалау, болжамды көзқарастар, баламалы интерпретациялар, дәлелді деңгейлер қамтылды.

Әрбір мұғалім өзінің мектептегі іс- тәжірибесіндегі орындауға арналған сегіз тапсырмалар төңірегінде топтық таныстырылымдар жасап, оны қорғауға кірістік.

Топта екінші «бетпе -бет» оқыту кезеңінің бірінші күні С.Бичтің (2012) « Мұғалім неліктен өзгеруі керек?» деген еңбегін еске түсіріп,бірнеше пікірлер айтылып,нәтижесінде әлем өзгергендіктен мұғалімнің өзгеруі қажет,себебі,қазіргі уақытта өзгеріссіз қалу қоғам үшін қауіпті деген С. Бичтің пікірімен сәйкес келді.Барлығымыз бірге берілген сұраққа өз тәжірибемізде болған өзгерістер мен қиындықтарды ескере отырып,жауап бердік.Тапсырманы орындау барысында мектептегі әріптестеріңіз сізбен ынтымақтастық жасауға ұмтылды ма? Қандай қиындықтар орын алды? деген сұрақтарға әрбір топ мүшесі өз тәжірибесі төңірегінде әңгімеледі.Осыдан кейін басқа топтардың тәжірибесіндегі ұқсастықтар мен айырмашылықтарды талқыладық.

Алғашқы болып топта Байзақ ауданы, Қосақ ауылы, Қосақ негізгі мектебінде география пәнінен өз тәжірибесін өткізіп келген Жолдасбекова Айгүл практика кезінде әріптестермен кездесуде сіз кіммен және қандай мәселелер жөнінде кездестіңіз,күнделік жазып жүрудің маңызы жайлы тоқталып,тәжірибесінде уақытты ұтымды пайдаланып,сабағының тиімді өтуі күнделікті үзбей жүргізіп отырғанының оң ықпалы екенін айтты. Іс-тәжірибеден өту барысында мектеп әкімшілігімен кеңесу, зерттеуге берілген сыныбы, орта мерзім жоспарын құру, бұл Бағдарламаның мазмұны секілді ойларын нақты дәлелдермен көрсетті. Сындарлы оқытуда мұғалім оқушы үшін бағыттаушы, зерттеуші, ізденуші, ал оқушы – көшбасшы, ізденуші, өзі реттеуші болатынын нақты дәлелді ой-пікірлерін әріптестерімен бөлісті.

Келесі кезекте тізбектелген сабақтар топтамасы енгізілген орта мерзімді жоспарлау бойынша жеке таныстырылымдар өткізілді.Қордай ауданы,Бекқайнар ауылындағы, №27 Ыбырай Алтынсарин атындағы орта қазақ-орыс мектебіндегі орыстілді сыныпқа қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ беріп,тәжірибесін шыңдап келген Несіпбаева Индира өзінің тізбектелген сабақтар топтамасына жасаған орта мерзімді жоспарында жеті модульдің негізгі идеяларын қалай қамтығаны туралы таныстырып өтті. Сабақтың талдау кезеңіндегі қолданған әдіс тәсілдер,олардың оқушыға ықпалы қалай болғандығы жөнінде пікір бөлісті.Ол талдау кезеңінде «Автобус аялдамасы», «Елшілер», «Ыстық орындық» сияқты әдіс тәсілдерді қолданғанын, нәтижесінде оқушылар бойында көптеген өзгерістер көре алғанын айтты.Әсіресе, «Елшілер» әдісінде оқушылары тапсырманы орындауда қазақша сөздері таза,анық айтқандарын,орыстілді оқушылар қазақша пікірлей алатынын бақылай тұра қуанғанын баяндады.Бұл әріптестерімнің сыни ойлауға алған сұрақтары маған қатты ұнады және әдістерді өзіме қажет деп алдым.

Мен өз тәжірибемде жүргізілген зерттеуге алынған сыныбымда оқушы үшін сұрақ қоюдың маңызды рөл атқарады, өйткені оқушы жауабына тоқталады деп топтағы әріптестеріммен ой бөлістім.Сабақтарыма жеті модульді кіріктіре отырып, диалогтық оқыту әдісін қолдандым. Сыныпта сұрақ қоюдың үлгісі «бастама-жауап-кейінгі әрекет» нысаны бойынша қойылған сұрақты негізге ала отырып орындаттым [2]. Нәтижесінде оқушы өзі туралы мәліметтерді жинақтады. Мен ұсынған тапсырмалар мынадай болды «Өзін толық айтып таныстыру, қандай нәрсені жақсы көріп ұнатасың?», «Сен үшін қандай екі нәрсе қорқынышты болып көрінеді?», «Өз ортаңда мінез-құлқың қандай?» сұрақтары берілді. Осы сұрақтар беру арқылы оқушылардың жауаптарына қарай іс-әрекетті орындауға байланысты тақырыпты таңдау, мақсаты мен міндетін қою, күтілетін нәтиже, кездескен қиыншылықтар, шығу жолдарын ретке келтіріп алу. Мұғалім – оқушыға бағыт беруде не істеу керек, соны топта түсіндіру, ақпаратты жеткізуге ықпал ету. Бір сабаққа бірнеше модульді кіріктіру керек, бірлесіп талқылауға болатын сұрақтардың ауқымы да дәйекті ойлармен толығып отыру керек.Өз кезегінде әріптестерім де менің қосқан ой-пікірлерімнен өздеріне қажет жақтары болғандығын айта отырды.

Өзім бұл курстан көп мағлұмат алдым. Өйткені топтардың жұмыстарында тренеріміз мектеп тәжірибесіндегі тапсырмалар төңірегінде толық жеке-жеке түсінік берді және тыңдаушылардың сұрағына егжей-тегжейлі жауап беріп отырды.Мен осы топтарда жұмыс істеу арқылы «Рефлексияны қалай жазу керектігін»және «Портфолио» :күнделікті іс-әрекетті бақылаудың нәтижесі қалай жүргізу керектігін үйрендім. Одан кейін рефлексия жұмыстары басталды.Мен түбегейлі рефлексия жазу жайлы түсінігімді толықтырдым. Қай жерде қате жібердің, қай жерге өзгерістер енгізу керектігін біліп отырасың.Осы курстан алған білімдерім арқасында мен әр сабақтан кейін бес минут болса да, оқушыларым мен өзімнің іс- әрекетім жөнінде рефликсия жазуға дағдыланамын.Себебі,келесі сабақты жоспарлауға маңызды.Топтық жұмыстарда біз әріптестерімізбен «Сабақ әрекетінен үзінділер» тақырыбындағы жұмыстарымызбен бөлістік.Бұл жерде әр мұғалім өзінің сабақтарында әдістерді қалай пайдаланғанын көрсетті.Сабақта тиімді пайдаланған әдістермен өзара тәжірибе алмастық. Өз жетістігіміз бен кемшілігімізді бөлістік. Жалпы мұндай жұмыс екінші бетпе–бет кезеңінде рефликсия жазып,портфолио жинақтауға және де мектептегі тәжірибе бойынша топтық таныстырылымдарды өткізуге, дайындауда үлкен көмек болды. Білікті мұғалім үшін білім түрлері теория мен тәжірибе өзара тығыз байланысты. Теориялық және тәжірибелік білімдерді қолданған кезде олардың біртұтастығы оқыту мен оқу үдерісін жақсартуға жағдай жасайды[3].

Білікті мұғалім қазіргі заманғы ғылыми идеялар мен тұжырымдамаларды жеткілікті меңгерсе ол сындарлы оқытуға бағытталған білім беру бағдарламасын толықмеңгерген деген сөз.




Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. «Мұғалімдерге арналған нұсқаулық». Үшінші (негізгі) деңгей. Үшінші басылым. 2012 ж.

  2. «Мектептегі тәжірибе кезеңінде орындауға арналған тапсырмалар». Үшінші (негізгі) деңгей. Үшінші басылым. 2012 ж.

Каталог: uploads -> doc -> 11ea
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
11ea -> Сабақтың тақырыбы: Көміртек. Табиғаттағы айналымы
11ea -> Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгеру Әдісі: Сұрақ-жауап, тест, баяндау, слайд, пікірлесу т,б


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет