«Мен өз елімнің патриотымын!» Тақырыбы: «Мен өз елімнің патриотымын!» Мақсаты


-оқушы: Ия, бүгін «Тілдің мерейі-елдің мерейі»-атты сынып сағаты болады. 2-оқушы



бет6/9
Дата18.02.2018
өлшемі1,56 Mb.
#37915
1   2   3   4   5   6   7   8   9

1-оқушы: Ия, бүгін «Тілдің мерейі-елдің мерейі»-атты сынып сағаты болады.

2-оқушы:- Осы тіл не үшін керек?

1-оқушы:-Досым-ау, тіл бір-бірімізбен сөйлесу, түсіндіру үшін қажет қой.Мұғалім «Тіл-қарым-қатынас құралы» деп түсіндірді емес пе?»

2-оқушы: Жарайды, тіл қарым қатынас құралы-ақ болсын, онда адамдардың бәрі бір тілде сөйлеп, түсіне бермей ме?Ана тілі деп бөлгені несі?

3-оқушы: Ой-ой,тапқышбегім-ай!Кез келген адамның өз анасы болатыны сияқты дүние жүзіндегі халықтардың да өз анасы, өз тілі,өз Отаны бар емес пе?

4- оқушы: Ана тілі дегеніміз- ананың ақ сүтімен бойға дарыған өз анамыздың тілі ғой.Ал ана деген- бәрінен қастерлі,аяулы асыл жан.

5-оқушы: Мен сендерге С.Мәуленовтың бір өлеңін оқып берейін,

Сол тілммен дүниені атадым,

Таптым бүкіл тіршіліктің атауын.

Жатты онда уыз сүті ананың,

Жатты онда аманаты атаның.

Сол тіліммен махабатқа тіл қаттым,

Сол тіліммен талай гүлді жинап тым

Сол тіліммен сәбилерді сөйлеттім,

Сол тіліммен көз жастарын құрғаттым.

Сол тіліммен аспан көрдім, жер көрдім.

Сол тіліммен көгергенше жер бердім.

Сол тіліммен дүниеден кетемін,

Сол тіліммен дүниеге мен келдім.

6-оқушы: Керемет екен. Ал Әбділда Тәжібаев атамыздың мына өлеңі естеріңізде ме?

Туған тілім –тірлігімнің айғағы, 

Тілім барда айтылар сөз ойдагы.

Өссе тілім-мен де бірге өсмін,

Өшсе тілім мен бірге өшемін.

7-оқушы: Ана тілім-бәрің сөйлер шежірем,

Тілсіз нені білдіре алам,не білем?

Тілім барда ғанамынау ғаламның,

Кілтін табар саналысы сезінем.

О,адамдар,қадіріне жетіңдер,

Ана тілін-анаң, сыйлап өтіңдер!



8-оқушы: Дұрыс-ақ, бірақ кейде  өзінің ана тілін сыйламайтын,білгісі келмейтіндер де кездесіп қалады.Олар туралы не айтар едіңдер?

9-оқушы: Әрине, адамның бәрі  бірдей емес,түсінігі төмен,білімі таяз кейбірмәңгүрт жандар болатыны рас,ондайлар жайлы қыргыз ақыны Сарноғаев былай деген:

Ана тілін білмеген,

Ақылы жоқ желік бас.

Ана тілін сүймеген-

Халқын сүйіп жарытпас.

10- оқушы: Ал халқымыздың кемеңгер жазушысы Ғ.Мүсірепов атамыз: «Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де,болашағынан да қол үзеді.Ана тілін өгей ұлдар ғана менсінбейді»деген,сондықтан өз тілімізге, өз ұлтымызға өгей болмайық, достар!

11-оқушы: Біздің ана тіліміз-қазақ тілі.Ол тек отбасы,ошақ қасының тілі емес,мемлекеттік тіл ғой.



12-оқушы: Иә,иә, оның рас.1995 жылы 30 тамызда қабылдынған жаңа Конституцияда қазақ тілі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тілі болып бекітілді.Ал1997 жылы 11 шілдеде «Тіл туралы» Заң қабылданап, оның 4-бабында «Қазақстан Республикасының Мемлекетттік тілі-қазақ тілі» екені  жазалды.

13-оқушы: Олай болса, қазақ тілін жете білу арқылы біздер өнер мен білімнің, мәдениет пен ғылымның биігіне жетіп, өз халқымыздың өткен-кеткенін зерделеп, оны жете таныта аламыз.Өз тілімізді құрметтеу арқылы басқа тілді де үйреніп,мәдениетін қадірлей аламыз.

14-оқушы:-Мен сендерге  «Ананың тілі» әнін орындап  берейін.

ІІ-бөлім.

Мұғалімнің сөзі

      -Бәрекелді,балалар, тіл туралы қаншама пікірталаптар,әңгіме жүргізіп жатсыңдар оларың дұрыс екен.

-Ал мен сендерге тіл туралы жалпы түсінік бере кетейін.

-Дүние жүзінде халық та, тіл де көп,ұлттарды бір-бірімен ажыратып бөлетін де жақындаттырып туыс ететін де басты белгісі оның тілі.

Тіл әр ұлттың ұлт ретінде сақталуының кепілі.

Сұрақ:

-Қандай тілдерді білесіңдер?

-Біздің президентіміз Нұрсұлтан Ә.Н., үш тілді бірдей меңгер-дейді:-ол қандай тілдер?  Қазақ,орыс,ағылшын.

-Бірақ Қадыр Мырзаәлі былай дейді «Өзге тілдің бәрін біл өз тіліңді құрметте».

Біздің ата жазушыларымыз, данышпандарымыз Әл-Фараби, Олжас Сүлейменов, Ш.Уалиханов, Мұхтар Әуезов бірнеше тілді меңгерген.Барлық мемлекеттердің президенттері негізгі 7 тілде  бір-бірімен қарым-қатынас жүргізеді: Орыс , ағылшын ,араб,қытай ,француз ,япон,испан тілі.

Сөз жұмбақ шешу.  

Сұрақтар:

1.Біздің Республикамыз қалай аталады?

2.Біздің ел ордамыз қалай аталады?

3.Өте жақсы оқитын оқушыны басқаша қалай атаймыз?

4.Ең алғаш мектеп ашқан адамның аты?

5.Бізге көрші мемлекеттердің бірі?

6.Әкеміздің әкесін кім деп атаймыз?

7.Мектепке не алу үшін келеміз?

8.Бізге жақын орналасқан кең орны?

9.Біздің Ақмола облысы қандай шаруашылықпен айналысады?

-Біздің мемлекеттік тіліміз-қазақ тілі.

Қазақ тілі әлемдегі тілдер арасынан көркемдігі мен бейнелігі,тазалығы мен сөздік құрамының молдығы жөнінен ойып орын алған тілдердің бірі.                              

Қазақ тілі қазақ халқының тілі ретінде таным,дәстүр,рухани құндылықтарды сақтаушы,ұрпақтан ұрпаққа жеткізуші қызметін де атқарып келеді.Кез келген ұлт,халық ең бірінші рухани өресімен,жан байлығымен өлшенеді.Ал халықтың өнері мәдениеті-тілінде. Біздің мақсатымыз-ата баба аманат еткен тілді қадірлей білу көркемдігі мен байлығын сақтап келесі ұрпаққа жеткізу.



Ребус шешу

4-1 , 1-2,6-2,1-1,У,6-4,10-2,5-3,6-4,8-5,9-2, Й,4-1,3-1,П,8-1,1-2,8-5.



«Мақал-мәтел» сайысы

14-оқушы:   Тілім менің - тірлігім мол мұрамсың,

                     Ата рухын жаныма қондырасың.

Өзіңменен таныдым тарихымды,

                     Кемелденген өзіңмен толды жасым.

                     Тілім менің сарқылмас қазынасың,

                     Бір сенімен болмыстың назы басым.

                     Көне тарих сөйлейді өзің болып,

                     Жыр - ғұмыр боп бүгінде жазыласың.



15-оқушы:   Отан-тарих,Отан-тіл.

                     Жасаған елім, ер халқым,

                     Отан - өлең, Отан-жыр,

                     Көтерген көкке ел даңқын.



16-оқушы:   Ана тілің- арың бұл,

                      Ұятың боп тұр бетте.

                      Өзге тілдің бәрін біл,

                      Өз тіліңді құрметте!

  Ән орындалады: «Анамның тілі-аяулы үн»

Ұранымыз: Ақпыз,қара,сарымыз,


Ағайынбыз бәріміз!

Сабақтың мақсаты:

Қазақстан Республикасындағы халықтардың ынтымақтастықпен, бірлікпен, тең құқықпен өмір сүріп жатқандығын және оны үлгі етіп, әр халықтың салт-дәстүрлерін сақтап келе жатқан қаншама ұлттардың салт-саналарынан хабардар ету, балалардың өз өнерлерін көпшілік ортаға салу арқылы шығармашылық білімдерін көрсету, балалардың жаңа қырларын ашу.

Көрнекілігі: плакат, әр ұлт өкілдерінің киім үлгілері.



Барысы:

Жүргізуші: «Сәлеметсіздер ме, оқушылар, ұстаздар қауымы.Бүгінгі біздің «Халықтар достығы-ел бірлігі» деп аталатын мәдени-мектепішілік тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!



Жаса елім, жаса достық бірлікпен,
көштен қалма, қалма және тірліктен.
Елім менің-Қазақстан Отаным.
Алға өрле үшінші мың жылдықпен
Тек достықпен,өзгеде ел-халықпен-деп бүгінгі тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.
Қазақстан көп ұлтты мемлекет.Онда қазақтар, орыстар,түріктер, қытайлар,өзбектер,корейлер украиндар,дүнгендер және т.б ұлт өкілдері тұрады. Олар өздерінің осындай кең байтақ Қазақ жерінде өмір сүріп жатқандарына қанша жыл өтседе Қазақ халқының осынша кең пейіл, қонақжай екендігіне көз жеткізді.Олар өз елдерінің болмасада, қазақтардың елін елім деп, жерін жерім деп құрметтеп, үлкен үлгілі отбасының кейпін көрсетуде, әлем халықтарының мұндай көп ұлттан құрылған мемлекетте осыншалық тату-тәтті, бейбітшілікте өмір сүріп отырғандығы біздің елдің арқасы және олар мұны жақсы біледі, рахметтері шексіз екендіктерін білдіреді. Бүгінгі біздің 8-10 сынып оқушыларымен бірге ұйымдастырып отырған тәрбие сағатымызда, оқушыларымыз шама -шарқына қарай 5 топқа бөлініп өнер көрсетеді.
1.Таныстыру
2.Өнері
3.Тамақ
4 Көрініс
5 Сол елдің тарихына байланысты слаид көрсетіп , сайысқа түспекші.
1 топ Қазақтар 2 топ Өзбектер
3 топ Корейлер 4 топ Үнділер
5 топ Қытайлар
Жүргізуші:
Қара қылды қақ жарған,
әділ сынды дәл айтқан
бағаларын береді
Көрсеткен жақсы өнерге-дей келе әділ қазылар алқасын сайлап алайық.
Алғашқы болып Қазақтар бастайды.
Топтарымызға рақметімізді айта отырып, әділ қазыларына сөз кезегін береміз.
Жүргізуші: Бірлігі жоқ ел тозады дейді қазақ мақалында. Бұл сөздің қаншалықты дұрыстығын өмір көрсетіп отыр. Мынадай бір аңыз бар:Бір қарт өзінің ұлдарына бір бума шыбықты сындыруды ұсынады.Ұлдары олай әурелеп, былай әурелеп шыбықты сындыра алмайды. Сонда қарт буманы шешіп, шыбықтарды бір талдап сындырып көруді ұсынады. Шыбықтар оңай сынады.Сонда қария: Бірігіп өмір сүрсеңдер, сендерге ешкімнің әлі келмейді, ал жеке-жеке өз беттеріңмен жүрсеңдер, әр қайсысыңды біртіндеп құртады.- дейді. Әрине мұның барлығы шындық. Бірлігі жарасқан елдің болашағы жарқын болады. Сонымен кезекті «Өнерлі біздің халқымыз» атты сайысқа береміз.Ортада Қазақтар тобы.
Келесі Өзбек ұлтының биіне кезек береміз.
Келесі Корей ұлтының биыне кезек береміз
Келесі үнді ұлтының биіне кезек береміз
Келесі Қытай ұлтының биіне кезек береміз.
Ал халқымыздың өнеріне тәнті болдық. Бағасын әділ-қазыларымыз бере отырсын.
Жүргізуші:Қазақстанда 130 жуық ұлт өкілдері тұрады. Адам санының өсімі мен дамуы жағынан Қазақстан БҰҰ-на мүше мемлекеттер қатарында да қомақты орын алады. Даму жағынан қазіргі күні ТМД-ға кіретін мемлекетердің ішінде алдыңғы орында.,Қазақстанда 84 қала,200 кент,2036 аудандық округ, 7684 ауылдық мекендер бар.
Қанша ұлт болсын
Қанша салт болсын
Ынтымағы жарасқан
Мәдениетті ел болсын-дей келе сайысқа түсуші қонақтарымызға кезекті берсек.
Олар бізге өздерінің ұлттық тағамдарымен таныстырса.
Жүргізуші: Әрбір халықтың бай мәдениеті бар.Ертегі, аңыз, салт-дәстүрлер ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырады.Әр халықтың өзінің ұлттық ертегісі, бесік жыры бар.Бірақ олардың бәріде бір атаның баласындай бақыт, бейбітшілік, жарқын болашақ үшін өмір сүреді. Бұл мақсат бәрінің басын біріктіреді. Сонымен ортада әр халық өздерінің көріністерін көрсетеді.
Енді әділ қазылар алқасы өз бағаларын көрсете отырсын.
Жүргізуші:
Келесі кезекте соңғы турымыз әр елдің өз тарихы бар демекші келесі кезекте өз елінің тарихына байланысты слаидтарын қорғап өтеді.
Бастайтын қазақтар тобы
Сонымен кезекті әділ қазылар шешіміне берсек.
Ендігі кезекте бүгінгі мерекеміздің әділ қазылар алқасына сөз берсек.
Мектебіміздің тәрбие ісінің меңгерушісі Сарсенбаева Ұлтуар Ыдырысқызы
Онгарова ЖанарАйтбайқызына , Бастауыш сынып мұғалімі Боранбаева Аманкүл апайға сөз береміз.Қатысқан топтарды мақтау грамотасымен марапаттаймыз.

Жеңімпаздарды құттықтай отыра мына өлең жолдарын сіздерге арнаймыз:


Көз тойғысыз қазағымның жері бар
Ну орманы, тауы, өзені, көлі бар,
Қазағымның елін, туған жерін сүйетін
Біз қазақтың ұланымыз, еріміз-дей келе барлықтарыңызға рахметімді айтамын.Оқушылар өз өнерлерін көрсеткені үшін және қатысқан ұстаздарымызға алғысымыз шексіз. Келесі кездескенше сау болыңыздар!

Тақырыбы:  Әдептілік - әдемілік.
Мақсаты
:

  • оқушыларды әдептіліктің алтын ережелерін қастерлеуге, өмір заңдылықтарын білуге үйрету.

  • Адамгершілік қасиеттерге тәрбиелей отырып, оқушылардың рухани көзқарасын байыту.

  • Адамгершілік қасиеттерді сезіне білуге және үлгі етуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: гүлдер, жүрекшелер, жұлдыз, күн суреттері, слайд

Шаттық шеңбері

Сабақтың алдында қағаздан қиылған жүрекшелер қобдишаға  салынып қойылады.

-  Балалар мен бүгінгі сабақта көргеніме қуаныштымын. Сендердің күлімдеген жүздеріңді көріп, сүйсініп тұрмын. Сол себептен мен сендерді көңілашар сәтіне шақырамын! Бұнда түрлі-түсті жүрекшелерге толы. Есімізде түстерді сақтайық. Олар адамның құнды қасиеттерін білдіреді екен. Қызыл-адамгершілік, сары-адалдық, қызғылт- мейірімділік, көгілдрі- сүйіспеншілік, жасыл- әдептілік, көк-ізеттілік, ақ- қайырымдылық.

- Балалар осы жүрекшелерді алып, биікке ұшыруға тырысайық. Балалар жүрекшелерді аспанға лақтырады.

- Қараңдаршы қандай керемет! Біздің сыныптың іші осы құнды қасиеттерге  толды. Балалар бұл түрлі-түсті қағаздан жасалған жүрекшелердің ұшқанын неге ұқсаттыңдар?

Балалардың жауаптары.

- Ондай болса бәріміз бірге әдептілік, мейірімділік сыйлайтын күнмен сәлемдесейік.

Сәлем Күн-Анамыз! /қол жоғарыда/

Қуанатын күн бүгін / қол ұстасады/

Қайырлы таң! Қайырлы күн! /қол көкіректе/

Күліп шықты күн бүгін! /қол жоғарыда/

Шығармашылық жұмыс

   Парталарыңыздың үстінде екі парақ қағаздың біріне адам бойындағы жаман қасиеттерді жазыңыздар. Екінші параққа адам бойындағы жақсы қасиеттерді жазасыздар.

    Жазып болсақ, жаман қасиеттерді жазған қағаздарыңызды бүктеп қоямыз да ал жақсы қасиеттерді оқимыз.

Топтастыру стратегиясы.

адалдық әдептілік әділдік имандылық

жақсы қасиеттері Әдептілік қанағатшылық

мейірімділік ізеттілік қайырымдылы қ                          



Мұғалім: осы жаман қасиеттерден аулақ болу үшін манағы жазған жағымсыз қасиетерді жыртып тастайық.

Балалар, енді әдептілік алтын ережелері туралы не айта аласыңдар?



Оқушы: адамның бойындағы асыл қасиеттерінің бірі-әдептілік сезімі. Өзіңді әр түрлі жағдайда эстетикалық және этикалық талаптарға сай ұстай білу. Шын жүректен шыққан әдептілік сезімі өзге біреудің жанына кірбің салмай, адамға қуаныш әкеле алатынның бәрін түсінуді және басқа біреудің уайым- қайғысына ортақтаса білуді талап етеді. Әдепті адам әр уақытта қоғамға, басқа адамға қиянат жасаудан бойн аулақ ұстайды. «Әдебі жақсы-әдемі» деген қанатты сөз осының айқын дәлелі.

Мектептегі әдептілік деген не?

Оқушы: мектептегі әдептілікке мектеп ережесін сақтау, сабаққа кешігіп келмеу, мұғалімдермен, жолдастарыңмен амандасу, мектеп мүлкін сақтау, үлкендермен, кішілермен қарым-қатынаста болу.

 Оқушы: Әдептілік амандасудан басталады. Амандасу үшін айтылатын сөз: Сәлеметсіз бе? Ассалаумағалейкум, Қайырлы таң, Қайырлы күн? Кеш жарық…

Балалар амандасудың тәртібі туралы не айта аласыздар?


  • Үлкендермен амандасу

  • Қол алысып амандасқанда, қолғапты шешу керек.

  • Таныс адам алыс жерден келсе, оған барып амандасу.

  • Үлкендермен және қыздармен сөйлескенде түзу түрып, дұрыс жауап беру керек.

  •  Қолыңды екі қалтаңа салып, шіреніп тұру сыйламаушылықтың белгісі.

Ал қайырымдылық деген не?

Оқушы: қайырымдылық-өзіңнен кішілерге, жетімдерге, мүгедектерге, қарт кісілерге рухани және материалдық көмек көрсету.

Мақал –мәтел жарысы:

Әдептілік, ар-ұят—адамдықтың белгісі,

Тұрпайы мінез, тағы жат—надандықтың белгісі.

Әдепті бала—арлы бала,

 Әдепсіз бала—сорлы бала.

Әдепті елдің баласы

Алыстан сәлем береді.

Әдептілік белгісі –иіліп сәлем бергені,

Жақындықтың белгісі—келіп –кетіп жүргені.



Ән : «Мен әдепті – баламын»

Е. Өтетілеуовтың «Әдептілік –әдемілік » өлеңін оқу

Мұғалім :Әдеп әліппесі туралы кім не біледі

Ә – әрпі

Әдеп, тәртіп білемін,

Әдеппен сөйлеп күлемін.

Әрқашан жұрт алдында

Әдеппен сөйлеп жүремін.

Д –әрпі

Досты сыйлау салтымыз,



Достық жасау шартымыз.

Достық жасап бар елмен,

Достасады салтымыз.

И –әрпі


Иландырған әдепті

Иман- сенім әдепке.

Иманды жан біледі,

имандылық әдетті.

С – әрпі

Сабырлы жетер мұратқа,

Сабырсыз қалар ұятқа.

Сабырлық ақыл туындай

Сабырдың туын құлатпа.

Бой сергіту жаттығуы: өлеңді қимыл арқылы жасау

Көрініс: « Жаман әдет » .

Мақал – мәтел:

оқушы: Жаман бала –өле жейді

Жақсы бала бөле жейді.

оқушы: Жаман туғаның болғанша,

Жақсы жолдасың болсын.

оқушы : Жаманнан жирен ,

Жақсыдан үйрен.



Сөзжұмбақ шешу.

Ж- жақсы бол

А – ақылды бол

Қ – қамқор бол

С - сабырлы бол

Ы – ынтымақты бол

Ә –әдепті бол

Д - дос бол

Е – еңбекшіл бол

Т – тәртіпті бол



Ойын : « Жақсы -жаман» сурет бойынша жаман – жақсы әдетті айыру.

Би: «Қамажай» Аружан , Аяна.

Қорытынды жасау:

Ән: « Болайықшы осындай» әнін орындау.

«Әдептілік –әдемілік»

Тақырыбы: Жасөспірім . Қылмыс. Жаза

Мақсаты: Оқушыларға  қылмыс  жайлы  түсіндіру. Жаман  әдетке  жоламауға,  мектеп  тәртібін  дұрыс  орындауға  тәрбиелеу.

Көрнекілігі: слайд, плакаттар

Барысы:

Мұғалім: Армысыздар  құрметті  ұстаздар, қадірлі  қонақтар!  Адамды  қылмыс жасағаны  үшін жазаға  тартқаннан  гөрі  оның  алдын  алған  әлдеқайда  жақсы. Алдын алу  жұмысының  нәтижелі  болуы  алғаш  жасалған  теріс  қадамның  дер-кезінде  анықталуынан  ғана  емес, сонымен  бірге  кәмелетке  толмағандардың  жеке  тұлғалық  ерекшеліктерін  ескеруге  де  байланысты.  Мектеп  жасындағы  балалардың  құқықтық  санасының  төмендігі  олардың  қылмысты  көп  жасауынан,  заң талаптарына  өз   талаптарын  қарсы  қоюына  әкеліп  соғады. Сондықтан  оқушылар қылмысының  алдын  алып,  құқықтық  тәрбие  беру  бүгінгі  күннің  өзекті  мәселесі.  Құқықтық тәрбие кәмелетке толмағандар арасында заң ұғымдарын насихаттай отырып, жасөспірімдерді қажетті заңдылық біліммен қамтамасыз  етуді мақсат етеді.Жастарды заңның негізгі принциптерін біліп қана қоймай оны меңгере білуге де үйрету қажет. Осы мақсатта ата – аналармен оқушылар арасында өткізілгелі отырған «Жасөспірім қылмыс, жаза» атты дөңгелек үстелімізге қош келдіңіздер.

                                               Дөңгелек үстел 5 бөлімнен тұрады:



  1. Күнделікті көрініс

  2. Мен заңды қаншалықты білемін.(яғни сіздерге бірнеше жағдайлар оқылады.Мұның ішінен оқылған жағдайды қылмыс деп тапсаңыздар оң қолды көтересіздер де, себебін айтасыздар, егер қылмыс емес деп тапсаңыздар сол қолды көтересіздер себебін тағы айтасыздар.

  3. Ешқандай заңы жоқ арал.(бұл сіздердің алдарыңызға плакат беріледі соған өз ойларыңызды сурет арқылы бейнелеп түсіндіріп бересіздер.)постер әдісі деп аталады

  4. Қызыл, сары ,көк ауыл атты тренинг

  5. Қылмыскер бала қайдан шығады деп аталады.(Ой қозғау)

Бүгінгі дөңгелек үстелімізге келген қонақтарымызбен таныс болыңыздар.

  1. Арал аудандық Жасөспірімдер аға капитаны Гүлнар Есенжолова

  2. Мектеп басшысы Қалия Дәулетова

  3. Мектебіміздің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Лиман Исаева

  4. Мектебіміздің оқу ісі жөніндегі орынбасары Дәуіржан Жұбанов

 Мұғалім: Ақылды  болу  айналаңдағы  адамдарды  сыйлай, қадірлей  білу  деген  сөз. Құқықтық  тілмен  айтқанда  бұл – заңды  білу , яғни  заңды  білген  адам  өзгелерге  құрметпен  қарайды. Заңды  білмегендіктен  заңсыз  істер  істеп, зардап  шегіп,  өзін  қорғай  алмай  жүргендерді  көптеп  кездестіреміз. Ендеше кезекті күнделікті өмірде болып жүрген көрініске берейік.                                           

Мұғалім: Мінекей көріп отырғандарыңыздай әр мектепке  жаңадан келген оқушының басынан осындай жағдайлар өтіп тұрады. Осы туралы не айтасыздар? Сіздің жұмыс тәжірибеңізде осындай көріністер болды ма?

  • Кім қалай заң бұзды?

  • Ата – ана,сіздің тарапыңыздан қандай жауапсыздық кетті

  • Мұндай жағдайға мұғалім кінәліме, әлде ата – ана ма? Пікірлеріңізді айта отырсаңыздар.

(Бұлардан соң заң қызметкерлерінің пікірі тыңдалады.. Ол демалып отырған жастардың заңның қандай бабымен танысуына тура келеді).

Мұғалім: 2 – бөлім. «Мен заңды қаншалықты жақсы білемін?» деп аталады. Қазір мен бірнеше жағдайларды оқимын. Бұның ішінен оқылған жағдайды қылмыс деп тапсаңыздар оң қолды көтересіздер, себебін түсіндіресіздер, егер қылмыс емес деп тапсаңыздар сол  қолдарыңызды көтересіздер, себебіне  әр жағдайға жеке тоқталып , түсініктеме бересіздер.

  1. Дүкенде спирттік ішімдікпен бірге  есірткі  де  сатылады.

  2. Түнгі көшеде жастар  айқайлап  өлең  айтып  келе  жатыр.

  3. Сатушы сатып алушыға  байқамай  артық ақша  беріп  жіберді, ал  сатып алушы  өзіне  тиесілі  ақшадан  артық  екенін біле  тұра  қайтіп  бермеді.

4.Бір  оқушы  сыныптасына: «ертең   20 теңге  әкеліп  бересің, әкелмесең  басқаша  сөйлесеміз.» деп күш  көрсетті.

  1. Химиялық завод өзінің  зиянды  өнімін  өзенге тастады, сол өңірдің ауасы  бұзылды.

  2. Жоғарғы сынып оқушылары төменгі сынып оқушыларының бір – бірінің заттарын ұрлауы

 7.Сыныптағы  бір  бала  екінші  баланың  сумкасын  сызып  тастады.

  1. Мектепте ұялы телефонды үнемі пайдалануы.

(Оқушылар  түсініктеме  берген  соң  заң  қызметкері  заңға  сүйене  отырып, өз  ойын  айтады).

Мұғалім: Келесі  бөліміміз  «Заңсыз  арал»  деп  аталады.(бұл сіздердің  алдарыңызға плакат беріледі соған өз ойларыңызды сурет арқылы бейнелеп түсіндіріп бересіздер.

Біз  ешқандай  заңы  жоқ  аралда  өмір  сүрсек, не  болар  еді ?        (Оқушылар  пікірі  тыңдалады).

  Заңсыз  елде  әркім  өз  білгенін  істейді, тәртіп  сақталмайды.Сондықтан  адамдар  қалыпты  жағдайда  өмір  сүре  алмайды, ал  тәртіп  пен   заң  біздің  қалыпты  тіршілігіміз  үшін  қажет. «Тәртіпсіз  ел  болмайды, тәртіпке  бас  иген  құл  болмайды»  деген  Б.Момышұлының  сөзін  естен  шығармайық.



Мұғалім: Енді келесі бөлімді тренингке берсек.

       Баяғы өткен заманда Арал деген шахарда адамдар тату тәтті  өмір сүріпті. Адамдар бір – бірімен дос, бауыр, бір –бірінен еш нәрсе аямапты. Бір күні  аспаннан әр түрлі  ленталар түсінті де адамдар үлгергенінше бірі көгін, бірі қызылын, бірі сарысын таласып алыпты. Күндердің күнінде қатты жел, боран соғып қызыл лента алғандар қызыл, көк лента алғандар көк болып шанхай, жаңа ауыл, автобаз деген ауыл – ауылға бөлініпті. Әр ауыл бөлек – бөлек қорған тұрғызыпты.Сөйтіп адамдар бір  – бірімен достықты ұмытып, бір – бірімен араласпай араларында алауыздық туындайды. Шанхай ауылында су бар азық жоқ, Жаңауылда азық бар су жоқ, Автобазда  азық та, су да бар от жоқ . Енді қалай өмір сүруге болады,не істейсіздер?  Бұл әңгіменің астарында бір жұмбақ жатыр, сол жұмбақты кім шешеді?

                  Арайлым:

Адамдар ауыл – ауыл , көше – көше болып бөлінгендіктен сол бөліну кезінде құқықтары бұзылады, бір – бірінің заттарын ұрлап осы жоқшылықтың кесірінен қылмыс туындайды.(құқық қызметкері сөйлейді)

Мұғалім:Бүгінгі күні қоғамды алаңдатып отырған жағдайлардың бірі ол – мектеп жасындағы балалардың қылмыс жасауы. Құқық бұзушылық істейтін жұмыстың жоқтығынан, Абай атамыз айтқандай «көйлегі көктік, тамағы тоқтық аздырар адам баласын» дегендей қазір сіздердің алдарыңызға екі сурет көрсетіледі. Біріншісі тіп – тік әдемі салынған үйдің суреті.Екіншісі – фундаментінен бастап кірпіші дұрыс қаланбаған, төбесі жарылып кеткен үйдің суреті. Бұл тек үйдің суреті ғана емес,бүгінгі күн тәртібіндегі жасөпірімдер арасындағы құқы қбұзушылықтың алдын алу бағытындағы  бала тәрбиесі туралы не айтуға болады?Яғни бала тәрбиесі үйдің фундаменті сияқты жас күнінен басталады ата – аналар назар аудару керек.

«Отбасы – барлығының басы, жан – жақты негізі болатын тәрбие институты. Ата – анамен баланың қарым – қатынасы нәтижесінде адамгершілік, эстетикалық, дене тәрбисінің алғашқы үлгісі қалыптасады. Ал әке мен шеше, ата мен әже,апа мен ағалар баланың алғашқы тәрбиешілері» – деп В. А. Сухомолинский айтқандай, алғашқы тәрбиешілердің алғашқы тәрбиесі ерте бастан яғни бесіктен басталуы тиіс. Яғни, келесі сурет бала тәрбиесінің о бастан дұрыс басталмағанын көрсетіп тұр.Суреттегі тау ортасынан көтерілгелі тұрған жанартауға қараңыздар, тау сіздің балаңыз болса, ал тауды жарып шыққалы тұрған жанартау балаңыздың қылмыскер болуы мүмкін дегенді білдіреді.

     Бала бір күнде қылмыскер болмайды. Жанартаудың атқылауына дейін қаншама процестер жүретіні  сияқты  бала  қылмыскер  болуы  үшін де   бірнеше  жағдайлар  әсер  етеді.Оған  ата-ананың  баланы  бақылауынсыз  жіберуі, баланың  нашар  топқа  кіруі, жақсы  жолдастарының  болмауы, деген сияқты.  Мұның барлығын  дер  кезінде  байқап, балаға  көмекке  ұмтылсақ, оны  сақтап  қалуға  болама  осы жөнінде  не айтасыздар ( Бұл бөлімде  ата-анаға  көп  сөз  беріледі,) Бұдан  соң  заң  қызметкерлері  сөйлейді.



Мұғалім: Ж.Аймауытов: «Тәрбиеге  әсер  ететін  нәрсе  өскен  орта, ата-ананың  тәрбиесі. Соңғысы  күшті  болмаса, бара-бара  адамды  замандас,  жолдастың азғырып, адам  неше  түрі  жаман  мінезді  жұқтыратыны  белгілі»,-деген. Сол  сияқты  балаңыздың  қылмыс  жолына  түспеуіне  бірден-бір жауапты  ата-ана , өздеріңізсіздер.

Бүгінгі дөңгелек  үстелімізді  бала  тәрбиесінде  басты  рөлді  ата-ана атқаратындығын, сондықтан  олар  әр  уақытта  мектеппен,  ұстаздармен  байланыс  жасап  және  достарының  кім  екенін  біліп  отыру  керек  деп  қорытындылай келе сөз кезегін мектеп басшысына береміз.

Хаттама

2014 жылдың 24 желтоқсаны күні №2 облыстық арнайы санаториялық мектеп – интернатында 6 – сынып тәрбиешісі Алдажарова Гүлзаданың ұйымдастыруымен  Жасөспірім. Қылмыс. Жаза атты дөңгелек үстел болып өтті.

                                                                                                             Қатысқаны – 25



Қатыспағаны:жоқТыңдалды:

Дөңгелек үстелге 7 – 8 – 9 – 10сынып оқушылары және  Аудандық Жасөспірімдер аға капитаны  Гүлнар Есенжолова, ата – аналар  қатысты. Тәрбиеші дөңгелек үстелдің бөлімдерімен таныстырды. Дөңгелек үстел бес бөлімнен тұрды. Дөңгелек үстел 6 – сынып оқушыларының ұйымдастырыуымен қойылған күнделікті көрініспен ашылды. Осы көрініс жөнінде Гүлнар Есенжолова өз пікіірін білдірді. Ата – аналарға бала тәрбиесіне байланысты сауалдар беріліп оқушылармен арада тартысты ой- пікірлер айтылды. Оқушылармен тренинг ұйымдастырылып бұл тренингте жасырылған жұмбақтың шешуін 9 сынып оқушысы Кенжебаева Арайлым тауып өте ұтымды жауап қайтарды.Мұнан кейін әр топқа постер әдісі бойынша плакаттар таратылып әр топ өз ойларын сурет арқылы бейнелеп түсіндіріп берді. Бір – біріне «Екі жұлдыз бір тілек» әдісі бойынша өз пікірлерін білдірді. Интерактивті тақтада жанартау бейнесінде берілген «Қылмыскер бала қайдан шығады» атты ой қозғау сауалына ата – аналар өз ойларын жеткізді. Оқушыларда қалыспай пікірлерін білдірді. Тәрбиеші Алдажарова баланы қылмыскер болуға итермелейтін араласатын ортасы, жанұя жағдайы, ата – ананың ажырасуы, жетіспеушілік,байлықты көтере алмауы тағы басқа жағдайлардың әсерінен деп толықтырып кетті. Г. Есенжолова осы жөнінде оз ойын және жұмыс тәжірибесінде кездескен жағдайларды атап айтып өтті. Тәрбиеші Алдажарова: Ж.Аймауытов: «Тәрбиеге  әсер  ететін  нәрсе  өскен  орта, ата-ананың  тәрбиесі. Соңғысы  күшті  болмаса, бара-бара  адамды  замандас,  жолдастың азғырып, адам  неше  түрі  жаман  мінезді  жұқтыратыны  белгілі»,-деген. Сол  сияқты  балаңыздың  қылмыс  жолына  түспеуіне  бірден-бір жауапты  ата-ана , өздеріңізсіздер.Бүгінгі дөңгелек  үстелімізді  бала  тәрбиесінде  басты  рөлді  ата-ана атқаратындығын, сондықтан  олар  әр  уақытта  мектеппен,  ұстаздармен  байланыс  жасап  және  достарының  кім  екенін  біліп  отыру  керек  деп  қорытындылай келе сөз кезегін мектеп басшысына берді. Мектеп басшысы келген қонақтарға, ата – аналарға алғысын айтып бүгінгі дөңгелек үстел тартысты пікір алмасуларға толы болды, көптеген оқушылардың көкейінде жүрген сауалдарға қанық болдық, өте жақсы өтті деп қортындылады.

Каталог: uploads -> doc -> 0d80
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0d80 -> Сабақтың тақырыбы: «Еуразия материгінің зерттелуі.»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет