МәШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку



бет70/105
Дата06.02.2022
өлшемі14,12 Mb.
#38799
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   105
БИСМИЛЛӘҺ -(بسم الله ) –би арабтың тіліндегі грамматика бойынша -мен -бен –пен көмектес септігінң жұрнақтарын білдіреді. «исми – есім, аты», ал, «ллаһи – Аллаһ» сөзінен шығып, жалпы мағынасы «Аллаһтың есімімен». Бұл сөзді толық түрде айтқанда: «Бисмилләһи – рахмани - рахим» яғни «Мейірімді, рахымды Аллаһтың атымен бастаймын»деген мағына береді. Ислам дінінің негізін қалаушы, адамзаттың сұлтаны хазіретті Мұхаммед (с.а.с.)-ға пайғамбарлық келгенде, Аллаһ Құранның алғашқы «Ғалақ» сүресінің 1-2- аяттары: «Оқы! Сондай жаратқан Раббыңның атымен оқы!» - деп, түскен. Содан бастап күллі мұсылман халқы әрбір істің басында, Құран оқығанда, әрбір амал-қимылда, тіпті шошынғанда да «Бисмилләһи рахмани рахим» деп, Аллаһтың есімімен бастайды. Себебі, Аллаһтың есімімен басталған дүниеге шайтан араласа алмайды деген ұғым бар.
Ақын Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің дінижырларында да «Бисмилләһ» сөзі жиі кездеседі. Мысалы:
Бастаймын пісмілләдан сөздің басын,
Екі елу он бес дейді ердің жасын.
Кей надан ғалымдарға қас болады,
Айтайын соның бірер хикаясын
- дейді. Ақын бисміллә және пісміллә п/б вариантын қолданған.
Әдеб.: Рүстемов. Л.З. Казахско – русский толковый словарь арабско – иранских заимствованных слов. – Алма – Ата., Мектеп, 1989. - Б. 74, 25. Мәшһүр-Жүсіп Көпеев. Таңдамалы. (Екі томдық шығармалар жинағы). – Алматы, 1990. –Б. 140.
ӘЛХАМДУЛИЛЛА (الحمد الله) – араб тілінде «әл» артиклі белгілі халдегі сөзге қосылып айтылады да, «хамд» сөзі «мақтау, мадақ», «лиллаһ» «Аллаһқа» деген мағыналарын береді. Яғни діни мағынасы: «Әлемдегі күллі мақтаулар мен мадақтарға тек Аллаһ ғана лайық». Мұсылман жұрты бұл сөзді бір-бірімен хал сұрасқанда, бір істі аяқтағанда, жақсы бір нығметке бөленгенде, шүкіршілік еткенде айтады. Бұл сөздің: әлхам, алхамду, алхамдилла, алхамдулла, әлхамдүлелла, алхамділилла, әл-һамду-лилла т.б. варианттары бар. Мәшһүр-Жүсіп Көпеев шығармаларында да Аллаһты мадақтау сөздері кездеседі. Мысалы:
Көзден соң мұрынына жан беріпті,
Жыбырлап сонда мұрын түшкіріпті.
Аузына жан барған соң, хамд айтып,
Дегенде: «Әлхамдулилла!» - тіріліпті.
Ақынның шығармалары діни лирикаға жазылғандықтан басқа да өлең – жырларында Аллаһты мадақ ету, шүкірлік етуде алхамдулиллаһ сөзі қолданған.
Әдеб.: Оңдасынов Н.Д. Арабша – қазақша түсіндірме сөздік. 1 том. –Алматы, Мектеп: 1984. – Б. 41. Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы. Шығармалары. 2 том. Павлодар. «ЭКО», ҒӨФ, - 2003. –Б. 122.

Каталог: fulltext -> transactions
transactions -> Казахстан республикасының Ғылым және білім министрлігі
transactions -> Азамат Тілеуберді
transactions -> Қырықбай Аллаберген тарих және баспасөЗ Қазақ мерзімді баспасөзінде тарихтың «ақтаңдақ» мәселелерінің жазылуыбаспасөзінде тарихтың
transactions -> Екінші кітап
transactions -> МӘШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку
transactions -> МӘШҺҮр тағылымы жинақ 2 Том
transactions -> Е. Жұматаева жоғары мектепте оқытудың біртұтас дидактикалық ЖҮйесінің теориясы монография Павлодар 2012 Кереку


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   105




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет