Металлдар мен құймалар арқылы электрхимиялық қаптамалар алудың технологиясы



Pdf көрінісі
бет14/64
Дата07.02.2022
өлшемі1,78 Mb.
#83701
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   64
Байланысты:
Все лекции по Гальвантехника
шах книга
2.7 Көп қабатты кабинирлі қаптама 
Қаптаманың талаптарына байланысты тек бір қабатты қаптаманы қондыру 
жеткіліксіз болып жатады, осыған орай гальванотехникада екі және одан көп 
қабаттан тұратын камбинирлі көп қабатты қаптамалар қолданылады. Оларды 
екі топқа бөлуге болады: әрқалай қасиетке ие, әртүрлі металдардан тұратын көп 
қабатты қаптама және бір металдан тұратын көп қабатты қаптама. Бірінші 
вариантқа мысал: мыс - никель, никель - хром, мыс – никель - хром. Мұндай 
камбинация қорғаныш декаративті қаптама ретінде қолданылады. Олар бір 
қабатты қаптамаға қарағанда көптеген артықшылықтары бар. Кез келген 
қаптаманың ең басты жағдайы кеуектілігі болып табылады. Бұл жағдайды екі 
қабатты қаптаманы қондыру арқылы жүзеге асыруға болады, себебі кеуектегі 
каналдардың құрылысы мен қасиеті әртүрлі болғандықтан бір біріне кеуектер 
сәйкес келмеуі мүмкін. Екі қабатты қаптаманың декаративті қасиеті жоғары 
болу мүмкін. Мысалы, мыс қабаты барлық кеуектерді жауып, жылтырағанша 
егелеуге мүмкіндік береді және никель қаптамасын жалтыратады.
Сонымен қатар көп қабатты қаптаманың экономикалық жағынан 
артықшылығын естен шығырмау керек. Мысалы, мыс никельге қарағанда 
әлдеқайда арзан. 
Үш қабатты қаптамада (мыс никель хром), хром қабатының қалыңдығы 
бірнеше микрометрден аспайды, сонда да сулы атмосферада жалтырлығын 
сақтап тұрады. Осыған байланысты бұл қаптамалар автомобиль өндірісінде 
кеңінен қолданылады.
Жоғарыда аталған қаптамалардан басқа өндірісте мыс - күміс, мыс - алтын 
жүйесі және т.б. қолданылады.
Көп қабатты қаптаманың екінші вариантына цианидті, содан кейін 
қышқылды электролитте қаптау жатады. Цианидті электролитпен алынған 
мысты қаптамалар майда кристалды құрылысты, ал қышқылды электролитпен 
алынған қаптамалар ірі құрылысты болып келеді. Осыған жоғары тоқ 
тығыздығында мыстың қалың қабатын өсіруге болады. 
Қазіргі уақытта бір-бірінен қасиеті бойынша ерекшеленетін көп қабатты 
хромды қаптамалар алуға болады. Тоқ тығыздығы мен температураны өзгерту 


арқылы алғашқыда жұмсақ, сонан кейін қатты және жалтырауық хром қабатын 
алуға болады. 
Оптикалық приборларда никель және қара никельді екі қабатты қаптамалар 
қолданады. Жылтыр никель қаптамаларының коррозиялық төзімділігін арттыру 
үшін би - никель, три - никель типтері қолданылады. Сонда коррозиялық 
төзімділігін 2-5 есе жоғарлатады. Мұндай процестерді енгізу қымбат және 
тапшы никельді үнемдеуге мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   64




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет