Металлдар мен құймалар арқылы электрхимиялық қаптамалар алудың технологиясы


-бөлім Қаптамалар жайында жалпы мағұлмат



Pdf көрінісі
бет3/64
Дата07.02.2022
өлшемі1,78 Mb.
#83701
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   64
Байланысты:
Все лекции по Гальвантехника
шах книга
1-бөлім Қаптамалар жайында жалпы мағұлмат 
1-Қаптамаларды қондырудың тәсілдері
1.1.- Физикалық тәсіл
Жалпы қаптамалар қондырудың тәсілдерін бірнеше топқа бөлуге болады: 
физикалық, химиялық және электрохимиялық. Қаптамаларды қондырудың 
физикалық тәсілі балқымаға, диффузияға, металдандыруға (металлизация) және 
вакумде конденсациялауға енгізумен жүзеге асады. Химиялық және 
электрхимиялық тәсілдер өзіне сәйкес электролит ортасында, бұйымның 
бетінде жүретін тотығу-тотықсыздану реакцияларына негізделген. Химиялық 
тәсілмен қаптамаларды әртүрлі температурада сұйық, паста түрде және газ 
тәрізді ортада қондыруға болады. Электрхимиялық тәсіл тек қана электр өтімді 
ортада, сыртқы тоқ көзін қолдану нәтижесінде жүреді

Металдық қаптамаларды айтылған тәсілдердің барлығымен жүзеге асыруға 
болады. 1.1.- кестеде едәуір кеңірек таралған қаптамаларды қондырудың 
тәсілдері көрсетілген.
1.1.- кесте Металдық қаптамаларды қондырудың тәсілдері 
Қондыру тәсілі 
Алюминий 
Кадмий 
Қалайы 
Цинк 
Хром 
Балқымаға салу 





Диффузия 





Метализация 





Вакумде 
конденсациялау 





Электрхимиялық - 




Химиялық 





Металл емес қаптамалар (лактар , краска, пластмассалар) көбінесе физикалық 
тәсілмен қондырылады. Оксидтік және фосфаттық қаптамаларды химиялық 
немесе электрхимиялық жолмен өңдеу арқылы алады.
Көптеген ғасырлар бойы темір бұйымға металдық қаптаманы 
ыстық тәсілмен
қондырып келеді. Өзінің қарапайымдылығымен және жоғары өнімділігімен бұл 
тәсіл қазіргі уақытқа дейін кең қолдануда. Бұйымды дайындап болған соң 
азғана уақытқа металл қаптамасының балқымасына салады. Балқымадан алған 
соң қалыңдығы 20 дан 200мкм –ға дейінгі мықты жабысқан қабыршақ қалады. 
Ыстық тәсілдің 
кемшілігі – қаптама қалыңдығын басқарып отыру қиындық 
туғызады. Өндірістік практикада ыстық тәсіл қалайылау және мырыштауда кең 
қолданылады. 
Бұл тәсілмен қаптаудың негізгі жағдайлары: 1) металл бұйымының беті 
балқытылған металмен жақсы сулану керек; 2) металл қаптамасы негізінен 
металда еруі қажет; 3) негізгі металдың балқу температурасы металл 
қаптамасының температурасынан өте жоғары болу керек. Бұл талаптарды 
мырыш, қалайы, алюминий металдары қанағаттандырады. Кадмийді өзінің 
буының улылығы жоғары болуына байланысты бұл тәсілді пайдалануға 


болмайды. Қорғасын болатта нашар суланады, сондықтан оған қалайының жұқа 
қабатын қондыруға болады, қалайыны қорғасыны бар астауға (ваннаға) салуға 
болады. Сонда бұйымда қорғасын-қалайы құймасы түзіледі.
Диффузиялық тәсіл
дің металл балқымасына салу тәсілінен айырмашылығы 
қапталатын бөлшегімізге балқу температурасы төмен (қапталатын бөлшегімізге 
қарағанда) ұнтақ тәрізді металмен жанастырады. Бұл жағдайда да процесс 
металл негізге қаптайтын металдың диффузиялануымен жүреді. Диффузиялық 
тәсіл жоғары температурада коррозиядан қорғауда болатты бөлшектермен 
алюминирлеуде кең қолданыс тапты. Диффузиялық қаптама атмосфералық 
жағдайда 
тасмалдауда 
жоғары 
коррозиялық 
тұрақтылығымен 
және 
тегістілігімен ерекшеленеді. 
Металдау тәсілі

әмбебап тәсілдің біріне жатады. Бұл тәсіл арнайы 
аппаратты-пистолетте тығыз ауаның немесе инертті газдың әсерімен металл 
балқымасын тозаңға айналдырумен жүзеге асады. Мұндай қаптаманы қондыру 
үшін арнайы пистолетті-тозаңға айналдырғыш-металлизаторлар қолданылады. 
Сым тәрізді электрометаллизаторлар кең қолданылады. Бұл тәсілмен балқу 
температурасына тәуелсіз молибден, мыс, қалайы, мырыш, алюминий 
металдарын қондыруға болады. Металлизация тәсілінің артықшылығы - ірі 
габаритті конструкцияларда атап айтсақ – темір жол көпірлерінде, машина, 
вогондарда, қысымды бактарда, электр жүйелерінде кең қолданылады
кемшілігі – алынған қаптамалар кеуекті болып келеді.
Өте тиімді және әмбебап тәсілдердің бірі
вакумде конденсациялау арқылы 
қаптамалар
алу. Бұл тәсіл металлизация тәсілі тәріздес әртүрлі материалдарда 
металдық қаптамалар алады. Бұл мақсатта көбінесе хром, титан, мырыш, күміс 
және алтын жие қолданылады. Қаптама қалыңдығы бірнеше микрометрден 
аспайды. Процестің механизміне келер болсақ, металл вакумде қыздырғанда 
партәрізді күйге өтіп, содан кейін қатты бетке конденсирленеді. Барлық өңдеу 
циклы 15-20 мин уақытты алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   64




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет