Методические рекомендации Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі


  Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды оқытуда, тәрбиелеуде



Pdf көрінісі
бет4/35
Дата06.02.2022
өлшемі5,14 Mb.
#80686
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
Байланысты:
1493900839314 (1)


Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды оқытуда, тәрбиелеуде, 
дамытуда және әлеуметтік бейімдеуде психологиялық-педагогикалық 
қолдау ерекшеліктері
 
 
 
Қазіргі әлемде, сонымен қатар Қазақстанда да әлеуметтік-экономикалық 
ахуалдары ауыр жағдайдағы отбасылар санының өсуіне байланысты педагогика 
мен психологияда «өмірлік қиын жағдайда жүрген балалар» түсінігі жиі 
қолданыла бастады. Кейінгі жылдары бұл өмірлік қиын жағдайда жүрген 
балаларды әлеуметтік-педагогикалық қолдау қазіргі күннің көкейтесті 
мәселелерінің біріне айнала бастағаны да белгілі болды. Бұл мәселенің басты 
себептерінің бірі өскелең ұрпақтың қалыптасуында айтарлықтай әсері бар, 
балалар мен жасөспірімдердің дамуы үшін аса маңызды отбасы, білім беру, дем 
алу уақытын ұйымдастыру, денсаулықты сақтау секілді салаларға әсер еткен 
соңғы онжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық дағдарыстың зардаптары да 
болуы мүмкін.
Өмірлік қиын жағдайда жүрген балалар ұғымының мағынасы қөптеген 
мәселелерді қамтитын күрделі мазмұн болып табылады.
Өмірлік қиын жағдайға душар болған балалар қатарына элеуметтік аз 
қорғалған және жағдайы төмен отбасылардан шыққан, ата-аналарының 
қамқорлығынан айрылған, мүгедектігі бар және дамуында бұзылыстары бар, 
оқыс жағдайларға тап болған, зорлық-зомбылық көрген және де бұл 
қалыптасқан мән-жайлардың салдарынан тыныс-тіршілігі бұзылған және осы 
мән-жайларды өз бетінше немесе отбасының көмегімен еңсере алмайтын 
балалар жатады.
Өмірлік қиын жағдайда жүрген балалар ұғымына толық түсінік бере 
отырып, бұл балалардың әлеуметтік-педагогикалық сипаттамасын берудің 
маңызы бар. 
Бала – бұл әрбір жас кезеңіне тән өзіндік морфологиялық, физиологиялық 
және психологиялық ерекшеліктері бар, үнемі өсу және даму үстіндегі 
организм [1]. 
Әрбір бала, өз өмірінің әртүрлі кезеңдерінде, әлеуметтік жағдайына да
қарамастан, өзінің де қалауынсыз түрліше қиын жағдайларға тап болып әртүрлі 
деңгейдегі көмекке, қолдау мен қорғауға мұқтаж болуы мүмкін.
И. Г. Кузина «өмірлік қиын жағдай» ұғымын, «адамның өзінің 
айналасындағылармен әлеуметтік қарым- қатынасы мен қалыпты өмір сүру 
дағдыларын объективті түрде бұзатын және субъективті тұрғыдан «күрделі» 
деп танылатын, ақырында адамды өз мәселелерін шешу үшін арнайы 
әлеуметтік қорғау қызметтерінің көмегі мен қолдауына жүгінуге мәжбүрлейтін 
жағдайлар» деп қарастырады [2]. 
Н. Г. Осухова болса, бұл ұғымды «сыртқы жағдайлардың немесе іштей 
өзгерістердің әсерінен баланың өмірге бейімделуі бұзылады да, нәтижесінде ол 
осыған дейінгі қалыптасқан мінез-құлық тәсілдері мен модельдері арқылы 
өзінің күнделікті өмірлік қажеттіліктерін қанағаттандыра алмайтындай күйге
жетеді» деп түсіндіреді [3]. 



«
Өмірлік қиын жағдайлар» ұғымын анықтаудағы түрліше көзқарастар 
мен ұстанымдарды зерттей және саралай отырып, оның нақты белгілерін 
ажырату мақсатында келесі анықтаманы қарастыруға болады: өмірлік қиын 
жағдай, бұл – адамның қалыпты және қауіпсіз өмір сүруіне зардабын тигізетін 
және оның бұл жағдайдан өз бетінше шығып кетуі екіталай. белгісіз 
болатындай күйге түсуіне жеткізетін күйзелісі». Бұл жағдайда адамға міндетті 
түрде көмек керек. Әсіресе, өмірлік қиын жағдайларға тап болған балалар 
көмекке аса мұқтаж болады. Олар үшін, қиын жағдайлардан шығудың мүмкін 
жолдарын табу өте күрделі мәселе болып табылады. Бұл фактілерді ескере 
отырып, әлеуметтік-педагогикалық қолдау барысында өмірлік қиын жағдайда 
жүрген балаларға көмек көрсетудің барынша тиімді жолдарын табу мен болжау 
қажет. Мұндай қолдаудағы басты мақсат- баланың қалыпты өмір сүруі мен 
тәрбиеленуі үшін барынша қолайлы жағдай жасау.
Қазіргі заманда өмір сүретін балалар үшін іс-әрекеттің екі саласы бар, 
және де олар бала тәрбиесіндегі негізгі институттар болып келеді - бұл, отбасы 
және білім беру жүйесі. Бала өміріндегі көптеген мәселелер де осы екі 
институттың әсеріне көбірек байланысты болып келеді.
Бала үшін отбасы – бұл, оның дене бітімінің, психикасының, мінез-
құлқының және интеллектісінің жақсы қалыптасып, дамуына ыңғайлы 
жағдайлар жасайтын орта. Әлеуметтік институт ретінде, отбасының бала өмірі 
мен тәрбиесі үшін қажет жағдайларды қамтамасыз ете алмауы, өмірлік қиын 
жағдайда жүрген балалардың пайда болуына әкелетін басты факторлардың бірі 
болып саналады.
Жалпы әлемдік тәжірибедегі инклюзивті білім беру, білім беруге ерекше 
қажеттіліктері бар адамдарды оқыту мен тәрбиелеуде жекелей оқыту 
ұстанымын жүзеге асыруға негізделген.
Білім беруге ерекше қажеттіліктері бар балаларға мыналар жатады: 

мүмкіндіктері шектеулі балалар; 

мигранттардың, оралмандардың, босқындардың, саны аз ұлттар 
отбасыларынан шыққан балалар; 

қоғамда әлеуметтік бейімделуде қиындықтары бар балалар (жетім 
балалар, виктимді балалар, девиантты мінез-құлықты балалар, әлеуметтік-
экономикалық және әлеуметтік-психологиялық мәртебесі төмен отбасынан 
шыққан балалар) 
[
4
]

Өмірлік қиын жағдайда жүрген балалар - қалыптасқан мән-жайлардың 
салдарынан тыныс-тіршілігі бұзылған және осы мән-жайларды өз бетінше 
немесе отбасының көмегімен еңсере алмайтын балалар; арнаулы білім беру 
ұйымдарындағы, ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарындағы балалар 
[5
]. 
«
Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 
жылғы 29 желтоқсандағы N 114-IV Заңына сәйкес, өмірлік қиын жағдай - 
адамның тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере 
алмайтын, осы Заңда көзделген негіздер бойынша танылған ахуал [6
].
Бұл заң бойынша, адам (отбасы) мынадай:



1) жетімдік;
2) ата-ананың қамқорлығынсыз қалу;
3) кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз қалуы, оның ішінде девианттық 
мінез-құлық;
3-
1) кәмелетке толмағандардың ерекше режимде ұстайтын білім беру 
ұйымдарында болуы; 
4) үш жасқа дейінгі балалардың туғаннан бастапқы психофизикалық дамуы 
мүмкіндіктерінің шектелуі;
5) дене және (немесе) ақыл-ой мүмкіндіктеріне байланысты организм 
функцияларының тұрақты бұзылуы;
6) әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналасындағыларға қауіп 
төндіретін аурулардың салдарынан тыныс-тіршілігінің шектелуі;
7) 
әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соқтырған 
қатыгездік;
8
) баспанасыздық (белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар);
9
) бас бостандығынан айыру орындарынан босау 
[
6
]

Қазақстан Республикасындағы балаларға қатысты мемлекеттік саясат
бала мен ананы, отбасын жан-жақты кепілді мемлекеттік қорғауды өзінің 
маңызды міндеттері ретінде анықтайды.
Әлеуметтік саладағы біртіндеп жүзеге асырылып келе жатырған 
мемлекеттік саясаттың нәтижесінде демографиялық процесстердегі оң 
динамика өз жалғасын таба бастады. Елдегі демографиялық ахуалдың 
жақсаруымен байланысты республикадағы халық саны, сонымен қатар балалар 
саны да өсіп келеді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Экономика Министрлігі Статистика 
комитетінің деректері бойынша 2015 жылдың 1 қаңтарында республика 
тұрғындарының саны 17 417 673 адамды құрады (2014 жылдың 1 қаңтарында -
17 160 774 
), халық санының өсімі 260 мың адам. Әйелдер саны 9 003 150 
құрады, ал ерлер - 8 414 523, яғни ерлер саны әйелдермен салыстырғанда 588 
мың адамға кем.
2015 жылдың 1 қаңтарында 0 – 17 жас аралығындағы балалар саны 5 
298 488 
құрады, бұл көрсеткіш 2014 жылы - 5 151 221 болды. Өсім 147 267 адам 
(2014 
ж .- 121 285). Ер балалар саны, қыз балалармен салыстырғанда 141 132 
адамға артық (2719810/ 2578678).
Бір жасқа дейінгі балалар саны да жыл сайын артып келеді. 2015 жылы 
республикадағы бір жасқа дейінгі балалар саны 2014 жылмен салыстырғанда 
13 
207 адамға көбейді (2014 г.- 383507, 2013 г. -376574). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет