Методические рекомендации по организации дистанционного обучения для мкш


Қашықтықтан оқыту технологиялары қолданылатын білім беру



бет2/33
Дата17.06.2018
өлшемі2,66 Mb.
#43072
түріМетодические рекомендации
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33

Қашықтықтан оқыту технологиялары қолданылатын білім беру


модельдері
Соңғы онжылдықтарда заманауи ақпараттық технологияларды қолдану білім және ақпараттық мәдениетте әлемдік құбылыс болды, ол әлемнің көптеген мемлекеттерінде білім беру тәсілдерін өзгертті. Ақпараттық білім беру технологиялары өте тез дамып келеді және олар білім беру процесінде дәстүрлі оқыту түрімен қатар өз орындарын тапты. Олардың ішінде жиі айтылатыны қашықтықтан оқыту болып табылады, ол оқыту әдістерінің ішіндегі ең еркіні және ыңғайлысы. Қашықтықтан білім беру ЮНЕСКО-ның «Барлық адамдар үшін білім беру», «Өмір бойы білім алу», «Білім беруде шекара жоқ» білім беру бағдарламаларының негізгі түйінді бағыттарының бірі болып танылды. Қашықтықтан білім беруді дамытуға қолғабыс тигізу Еуропа одағының құрылтайшы келісім-шарты болып табылатын Маастрихт келісім-шартының 126 бабына сәйкес негізгі мәселе болып саналады.

Анықтама бойынша қашықтықтан оқыту оқытушы мен білім алушылардың тікелей түйісуінсіз алыс қашықтықта оқытуға мүмкіндік беретін заманауи ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды пайдалану негізінде білім беру процесін ұйымдастырудың әдісі деп қарастырылады.

Қашықтықтан оқыту технологиясын қолдану арқылы оқытуды іске асыру және берілген тапсырмаларды орындауға бақылау жасау Интернет компьютерлік жүйесі арқылы on-line және off-line режимдерінде жүзеге асырылады.

Қашықтықтан оқыту компьютерлерді және телекоммуникациялық желілерді пайдалануға негізделген. Компьютерлік құралдар ара қашықтық мәселелерін шешеді және оқытушы мен білім алушылардың байланысын қолма-қол етеді. Ақпараттық технологиялардың заманауи құрал-жабдықтары оқыту барысында материалдарды көрсетудің: вербальды және бейнелік (дыбыс, графика, видео, анимация) түрлерін қолдануға мүмкіндік береді. Қашықтықтан оқытудың оқу процесін жүргізу барысында мынадай түрлері қолданылады:



- электрондық пошта (электронды пошта арқылы оқытушы мен оқушы бірі-бірімен байланыста болады: оқу тапсырмаларын және материалдарды жіберу, білім алушылардың оқытушыға сүрақтары және керісінше, іскерлік қатынасхаттарды сұрыптау);

- телеконференциялар (олар оқу тақырыптары бойынша оқушылар арасында пікірталас ұйымдастыруға; пікірталастың тақырыбын таңдап алып, оны мұғалімнің басқаруына; конференция атына келіп түскен хабарламалардың мазмұнын бақылауға; келіп түсіп жатқан ақпараттарды қарап талдауға; өзінің хаттарын (хабарламаларын) жіберуге; осылардың арқасында пікірталасқа қатусуына мүмкіндік береді;

- деректерді қайта жіберу  (FTR-серверлер қызметі); 

- гипермәтіндік орталар  (WWW – серверлер, мұнда гипермәтіндер ретінде оқытушы оқу материалдарын орналастыра алады. Гипермәтін құрамы жағынан сұрыптайды, бірін бірі толықтыратын оқу материалдарының бөлімдеріне сілтеулерді (гиперсілтеулерді) байланыстырады,  WWW – құжаттарында мәтіндік қана емес, сонымен қатар графикалық, дыбыстық және бейне ақпараттарды да орналастыруға болады;

- Интернет әлемдік желісінің ресурстары  (гипермәтін ретінде ұйымдастырылған әлемдік WWW-желісінің ресурстарын оқыту барысында бейне және анықтамалық материалдар ретінде қолдануға болады;

- видеоконференциялар  (Видеоконференциялар қазіргі кезде мектептерде аса тарала қойған жоқ, оған себеп конференция өткізу үшін қажетті қондырғылардың бағасының қымбаттығы.Алайда оқытудың бұл түрінің келешегі өте зор: оқытушылар тыңдаушыларға дәріс беруді, сабақ жүргізуді «тірі эфирде» өткізеді, оның барысында тыңдаушылармен өзара қарым-қатынас жасауға (тікелей эфирде) мүмкіндік болады. Оқытудың мұндай практикасы Еуропа елдерінде, АҚШ-та кең тараған, себебі телекоммуникациялық байланыс каналдары арқылы видеоконференциялар өткізудің техникалық проблемалары шешілген.

Қашықтықтан білім берудің дамуының басым бағыттарының бірі ақпараттық технологиялар идеялары мен алдыңғы қатарлы педагогикалық технологиялардың өзара байланысы болып табылады. Бүгінгі күні оқытуды тек оқытушыдан оқушыға білім беру процесі, оны білім және дағдыларды қалыптастыру деп қана қарастыруға болмайды, дегенмен де айтылғандарды оқу процесінің элементтері екендігін де естен шығаруға болмайды. Қашықтықтан білім беру оқу курсына қолданатын педагогикалық тәсілдердің қарапайым деңгейіне кіреді.

Қашықтықтан оқыту режимінде оқу материалдарын жіберуге болады. Бұл жағдайда телекоммуникациялық каналдар арқылы тек қана мәтінді ақпараттарды ғана емес, сонымен қатар бейне материалдарды да жіберуге болады. Тестілер жүйесі және оқушылардың бақылау сұрақтары арқылы оқу материалдарын меңгеру дәрежесін бақылау аса қиындыққа соқпайды. Бұл мақсаттар үшін компьютерлік тестілеу және өңдеу жүйесін пайдалануға болады. Сонымен қатар қашықтықтан оқыту элементтерін оқушылардың шығармашылық қабылетін дамытуға бағытталған оқытудың инновациялық түрлерінде де толық қолдануға мүмкіндік бар.  

Қашықтықтан оқыту технологияларының жүйесін қолданудың халықаралық және отандық практикасын зерделеу қашықтықтан білім беру қызметін модельдеуде білімді берудің белгілі бір моделі қолданылатыны белгілі болды. «Модель) деген сөз латын тілінен аударғанда «өлшем, ұқсас,үлгі» деген мағына береді. Анықтама бойынша бұл жүйенің зерттеуі басқа жүйе туралы ақпаратты алумен; белгілі бір нақты процесс, қондырғы немесе тұжырымдама туралы көзқарас қалыптастырумен айналысады.  

Әрбір модельдің өз ерекшеліктері бар және ол нақты дидактикалық мәселелерді шешу үшін қолданылады. Қашықтықтан оқыту бойынша оқу процесінің әр моделінің ерекшелігі оқыту мазмұнын таңдап ала білуді және оны құрылымдауды, әдістерді, оқытудың ұйымдастыру түрлері мен құралдардың бар болуын талап етеді.

Білім беру моделі қашықтықтан оқыту барысында оқу процесі не үшін қажеттігін анықтайтын білім берудің мақсатын және схемасын қалыптастырады.

Білім беру процесі субъектілерінің өзара қарым-қатынасының түрлері мен әдістерінде; білім беру контенттерін жасау технологиясында, оларды беруде және сақтауда; білім алушылардың білімдері мен практикалық дағдыларын қалыптастыру мен бекітуде өзгешеліктері бар модельдердің маңызы зор. Бірінші ретте оларға білім берудің маңызды құралы деп қарайтын оқытуды ұйымдастырудың моделін айтуға болады. Білім беруде дамыта оқытатын модель, проблемалық оқыту моделі, бағдарламалық оқыту моделі, эвристикалық оқыту моделі, «мәдениет диалогы» моделі, оқу процесін жобалау моделі және т.б. кең қолданылады.

Оқытудың дәстүрлі түрлерімен қатар, оқу процесін ұйымдастырудың инновациялық модельдері көптеп қолданылуда Олар мынадай параметрлерімен: оқытушы мен білім алушының педагогикалық қарым-қатынасы қарқындылығымен; теоретикалық оқыту мен кәсіптік практикалық қызметтің интеграциялану деңгейімен; білім беру ұйымы тарапынан білім алушының жеке жұмысына ұйымдастыру-әдістемелік қолдау көрсету және бақылау деңгейімен ерекшеленеді. Мысалы, білім беру ақпараттандыру оқыту сапасын арттыруға мүмкіндік беретін білім беру процесінің жаңа модельдерінің туындауына әсер етті.

«Қашықтықтан оқыту» деген сөздермен анықталатын компьютерлік технологияларды (оқыту бағдарламалары, электронды оқулықтар, емтихан алушыдан қашық орналасқан оқушының білім деңгейін объективті бақылау-өлшеу материалдары және т.б.) қолдана отырып қашықтықтан білім беру әлемдік білім беру лексиконына берік кірді деуге болады. Соңғы үш онжылдықта қашықтықтан оқыту ақпараттық мәдениетте бүкіл әлемдік сипатқа ие болды. Білім беру қызметінің тұтас бір индустриясы пайда болды және ол білім алушылардың, білім беру ұйымдарының сандарымен, инфрақұрылымдарының көлемі мен күрделігімен ерекшеленеді және өте қарқынды дамып келеді.

Зерттеушілердің пайымдауынша «дәстүрлі және қашықтықтан оқыту түрлерін интеграциялау» болып табылатын аралас оқытудың болашағы аса зор [10].

Қазіргі кезде мұғалімнен оқушыға білімді тікелей беруге негізделген дәстүрлі әдістерді ескірді деп санауға болады. Бірыңғай ақпараттық кеңістік жағдайында заманауи ақпараттық технологиялардың маңызы аса қарқынды жағдайда артып келеді.

Мысалы, оқытудың аралас моделін қолдана отырып, жалпы білім беретін мектептердің жоғары сыныптарында оқу процесін тиімді ұйымдастыруға болады.

Қашықтықтан оқыту мен дәстүрлі білім беру бағдарламалырының әртүрлі қатынастарын қолданып, білім беру процесін ұйымдастырудың мынадай варианттарын пайдалануға болады:

1) оқу сабақтары кәдімгідей өтеді, бірақ оқу процесі барысында оқушылар өздерінің мұғалімдерімен Интернет арқылы алыста орналасқан ақпарат көзімен, басқа мектептердегі оқушылармен, өз саласындағы мамандармен байланысады. Бұл жағдайда дәстүрлі оқу процесін қосымша ақпарат көздерімен (оларды Қашықтықтан оқыту элементтері деп айтуға болады) толықтыру үшін Интернет желісінің ақпараттық және телекоммуникациялық мүмкіндіктері қарқынды қолданылады;

2) Оқыту дәстүрлі жалпы білім беру мектептеінде жүргізіледі, онда оқушылар әр күні мұғалімдермен сабақтарда, сабақтан тыс уақытта жолығады, бірақ сонымен қатар осы мектептің педагогтерінен басқа оқушылар нақты пәндер бойынша алыста орналасқан мұғалімдермен де байланыста болады. Ол мұғалімдермен байланыс қашықтықтан болады, оның мақсаты белгілі бір пәнді терең білу үшін немесе жоғары оқу орындарына түсу үшін дайындық курстарын жүргізу және т.б. болып табылады.

3) Бұл үшінші вариант ең күрделісі, бұл жағдайда оқушылар бір дәстүрлі мектепте оқымайды, бір мезгілде әр мектепте оқитын оқушылар, білім беру процесі олар үшін Интернет желісі арқылы бірыңғай кешенге біріктіріледі. Бұл жағдайда білім беру кешенді бағдарламасы әр білім беру мекемесінде оқу пәндері әртүрлі болатыны және оларды әртүрлі педагогтер беретіні ескеріле отырып жасалады. Үйлестіру ролін бұл жағдайда қашықтықтан оқыту орталығы болып саналатын нақты мектеп атқарады.

Қазіргі кезде білімді мұғалімнен оқушыға тікелеей беретін дәстүрлі оқыту әдісі мүлдем ескірген әдіс десек те болады. Бірыңғай ақпараттық кеңістік жағдайында заманауи білім беру технологиясының маңызы күн сайые артып келеді.

Пән аралық байланыс және білім берудің әртүрлі нысандарының интеграциялануы білім беру процесін модельдеудің негізгі факторы болып табылады. Модельдеу барысында адам бүкіл саналы өмірінде білім алуды іске асыратынын және оның барысында өзін-өзі білім алуының негізгі роль атқаратынын ескеру қажет.

Оқыту барысында білім алушылардың жеке басының ерекшеліктерін ескере отырып, мысалы, Е.А. Соловьева және Ю.П. Антонов ұсынған оқытудың дидактикалық моделін, іске асыруды жобалау қажет. Осы модельде авторлар –педагог пен білім алушылардың қарым-қатынасына негізгі көңіл бөледі, сондықтан оны жекелеп оқыту моделі деп қарастырады [11]. Оқытуды жүйелі түрде қарастыру үшін басқа да факторларға және компоненттерге көңіл бөлу қажет.

Оқытудың аса маңызды компоненті ретінде көптеген педагогтер: оқытудың дұрыс әдіснамалық және әдістемелік негіздерін таңдап ала білу арқылы педагогикалық мәселелерді бірізділеп шешуге мүмкіндік беретін оқытудың тиімді моделін құруға және жоспарланған мақсатқа жетуге мүмкіндік беретін әдістемелік жүйені алдыға тартады [12]. Сондықтан оқытуды осындай әдістемелік жүйеге негіздеп құрады [13].

Е.Д Тельманова оқытудың мультимедиялық дидактикалық моделін ұсынады, бұл модельде негізге оқыту құралы ретінде компьютерге – модельдейтін компьютерлік бағдарламаларға және кешенді оқыту-әдістемелік қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінеді [14].

Т.Ш. Шихнабиева оқытудың мазмұндық және процессуалдық жағын ескере отырып, қашықтықтан оқыту моделінің құрама бөліктері ретінде оқу ақпараттарын көрсету түрлерін және оқыту процесінің моделін айрықша атап өтеді [15].

Оқыту процесі тиісті ақпаратты қабылдау, сақтау және қайта өңдеумен тығыз байланысты болғандықтан [16], оқыту моделінің басты бөлігі оқыту ақпаратын көрсете білу моделі деп санайды. Мысалы, И.И. Зайцева студенттердің оқу ақпараттарын түсініп, қабылдауларын қамтамасыз ететін оқытудың вербалды-графикалық моделін ұсынады. Модельдеудің вербалды және графикалық құралдарын қолданып, оқу мазмұнын көрсете білу моделі үлкен маңызға ие болады [17].

Т. Ш. Шихнабиева қашықтықтан оқыту нысандары үшін оқу ақпараттарын семантикалық желі арқылы көрсету моделін қолданады. Оның ойынша, мүндай модель оқу ақпаратының логикалық құрылымына көрнекілік, сонымен қатар қатаң сипат береді, ал семантикалық желілер модель ретінде объектінің бейнесін және таңбаларын біріктіреді. З.Л. Шулиманова және Н.В. Заглядимова оқытудың кешенді жүйелі-іс-қимылды түрін ұсынады, бұл модель бір уақытта үш бағытта жүргізіледі: «оқытудың мазмұнын (тұспалдау, ақпарат тарату) модельдеу; Ойлау процесін (басқару, бақылау) модельдеу; оқытудың ұжымдық нысанын (тілдесу, ынтымақтастық) модельдеу. Авторлардың айтуынша, мұндай бір-бірімен тығыз байланыстағы жүйедегі негізгісі басқа екі элеемент арқылы мазмұнды модельдеу болып табылады [18].

Оқытуды модельдеу тәсілдерін қорыта келе, оқытудың негізгі модельдерін көрсетуге болады: оқыту субъектілері, сабақ беру (оқыту), оқу, оқыту субъектілерінің бір-бірімен байланысы, әдістемелік жүйе құралдары арқылы оқу ақпараттарын тасымалдау және қабылдау.

Біздің жағдайда оқытудың субъектілері – тірек мектептері (ресурстық орталықтар) және магниттік мектептер, олардың оқыту субъектілері ретінде өзара қарым-қатынасы қашықтықтан оқыту арқылы жүзеге есырылады. Қазіргі уақытта 5 348 ауыл мектептерінің 2 944-і шағын жинақты мектеп болып табылады.

Егер дәстүрлі толыққанды мектептер үшін жеке пәндерді қашықтықтан оқыту және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданып оқыту тек білім алу ресурстарының бірі ғана болып саналса, шағын жинақты мектептер үшін қашықтықтан білім беру нысаны тек қана мүмкіндік қана емес, сонымен қатар ол нақты өзекті де қажетті шара. Жаңа қашықтықтан оқыту және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар шағын жинақты мектептердің негізгі проблемасын (бір оқушыға есептегенде штаттағы мұғалімдер корпусының тиімділігін сақтап, оқу процесінің сапасын арттыру мүмкін еместігі) шешу үшін аса қажет.

Шағын жинақты мектептер үшін қашықтықтан оқыту моделін таңдау білім беру қызметін алыстан көрсетуге бағытталған оқу процесін ұйымдастыру нысанын анықтайды. Тірек мектептерінің (ресурстық орталықтардың) жұмыстарының ерекшеліктерін ескере отырып, қашықтықтан оқыту моделін дұрыс таңдай білу өте жауапты іс болып табылады. Талдаудың көрсеткеніндей нақты бірыңғай модельдердің жіктеуіші жоқ, сондықтан практикада қашықтықтан оқытудың қолданыстағы модельдерінің бірін пайдалануға болады. Егер олар жергілікті жердің нақты талабына сәйкес келмесе, онда шағын жинақты мектептің өзара қарым-қатынасы және жұмыстың нәтижелілігі үшін басқа экономикалық жағынан тиімді модельді құруға болады. Қолданыстағы модельдердің бірі таңдап алынатын жағдайда, немесе оқытудың жаңа моделін қолданатын жағдайда, тірек мектебінің (ресурстық орталықтың) режимінде қолдануға болатындығы зерттелуі қажет. Оған себеп, тірек мектебіне бірнеше шағын жинақты магниттік мектептер қосылады және қашықтықтан оқыту сессия аралығында бір уақытта өтеді.

Қашықтықтан оқыту моделінің құрылымы қолданыстағы техникалық құралдардың, оқыту технологияларының, білім беру процесінің барлық қатысушыларының өзара байланысының барлық кешенін қолдануы тиіс. Оқыту технологиясын сессия кезінде немесе сессия аралығында магниттік мектептермен байланыс ерекшелігін ескере отырып таңдау қажет, осылай болған жағдайда қашықтықтан оқыту жүйесі өз функциясын толық атқара алады. Мысалы, ерекшеліктерге әртүрлі жағдайларға байланысты сессия аралық қана емес, сонымен қатар сессиялық жұмыстарды жүргізуді, магниттік мектептерде пәнді оқытатын мұғалімнің болмауын және т.б. жатқызуға болады.

Шағын жинақты мектептердің тірек мектебі үшін қашықтықтан оқытудың оқу процесін ұйымдастыру,а байланысты мынадай модельдерді ұсынуға болады:



1- модель. Оқу процесі шынайы уақыт режимінде. Тірек мектебі + “магниттік мектептер”, білім алушылардың өзара іс-әрекеттері видеоконференция арқылы іске асырылады.

2- модель. Білім алушылар өздері дайындалады, олар әдістемелік және оқу материалдарымен, бағдарламалармен (силлабустермен) қамтамасыз етіледі. Тірек мектептерінің мұғалімдері ойлайн-консультация өткізеді.

3- модель. Дәстүрлі материалдарды қолдану (оқулықтар, видео, CD) білім алушыларға жеке жылдамдықпен жұмыс істеуге мүмкіндік береді, соның барысында интерактивті технологиялар топтық жұмыс барысында керек болған жағдайда қолданылады.

Модельдерді оңай немесе қиын деп бөлудің нақты шекарасы жоқ. Соған қарамастан, атқарылатын функциялардың ауқымдылығына, бекітілген мектептердің санына, үздіксіз педагогтермен, магниттік мектептердің білім алушыларымен, кәсіптік желі қоғамдастығымен, кездейсоқ жағдайладың болу мүмкіндігін ескере отырып, тірек мектептер базасында шағын жинақты мектептерді қашықтықтан оқыту қиын деп айтуға толық негіз бар.

Кейбір авторлар қашықтықтан оқытудың екі моделін бөліп қарастырады және мынаны ұсынады:

1-ші модель. Толық қашықтықтан оқыту. Бұл модельде мұғалімдер алыс қашықтықтан оқытады. Оқушылар біртіндеп мынадай жұмыстар атқарады: Оқу материалдарын алу – зерделеу – есептерді шығару – орындаған тапсырмаларды мұғалімге жіберу – тексеру және бағалау. Педагог пен оқушының, оқушы мен басқа оқушының, педагог пен оқу мазмұнының, оқушы мен оқу мазмұнының өзара бауланыстары автордың айтуынша қте қысқа және азайтылған болады. Интернетті қолданғанда бұл модель мынадай түрде болады: педагог — Интернет — оқушы.

2-ші модель. Оқытудың дәстүрлі нысанымен қосыла отырып жартылай қашықтықтан оқыту. Бұл модель шеңберінде оқу процесінде қашықтықтан оқытудың элементтерін әртүрлі қолдануға болады. Біріншіден, кәдімгі сынып бөлмесінде тікелей оқыту үшін қашықтықтан оқыту курстарының мазмұнын қолдану (педагог және Интернет — оқушы). Екіншіден, оқушыларды қашықтықтан оқытуға үйрету (педагог — Интернет және оқушы).

Пед.ғылым. докторы, РБА мүше-корреспонденті, член «Халықаралық педагогика академиясының» мүшесі, член «Я.А.Коменский атындағы Халықаралық славян акдемиясының» мүшесі А.В. Хуторской [19] қашықтықтан оқытудың бес түрін (моделін) атап көрсетеді, олардың негізіне білім алу барысында оқушылардың бір-бірімен, мұғалімдер мен білім беру ақпараттық объектілерімен, мысалы веб-материалдармен өзара байланысы жатады. Қашықтықтан оқытудың әрбір келесі түрі алдыңғыға қарағанда білім беру процесінің ауырпалық орталығы қашықтықтан оқыту компонентіне қарай ығысқанын байқауға болады.

Автордың айтуынша, жоғарыда көрсетілген қашықтықтан оқыту түрлері басқа мүмкін комбинацияларды жоққа шығармайды, керісінше оларды жеке білім беру бағыттар деп, немесе іштей және қашықтықтан білім беру процесінің жылдам дамитын жиынтығы деп қарастырады.



1-ші модель. Мектеп – Интернет. Бұл модель шеңберінде негізгі оқу процесі дәстүрлі мектепте күндізгі оқу сияқты өтеді. Интернеттің қолжетімділігі қосымша ақпарат көзі ретінде қарастырылады. Бұл жағдайда қашықтықтан оқыту дәстүрлі жалпы білім беру мәселелерін шешудің қосымша құралдары болып табылады.

2-ші модель. Мектеп – Интернет – мектеп. Екіден көп мектептердің оқушылары мен педагогтерін қамтиды, олар жалпы қашықтықтан білім беру жобаларына қатысады. Алыстағы оқушылармен тілдесіп байланысу ұйымдасқан түрде (бірақ жүйелі түрде емес) өтеді.

3-ші модель. Оқушы – Интернет – Мұғалім. Қашықтықтан оқыту күндізгі оқуды жартылай алмастырады. Оқушымен алыста орналасқан мұғалім үздіксіз немесе мезгіл-мезгіл жұмыс істейді. Оқыту процесі барысында сабақтардың әр түрі: қашықтықтан оқыту курстары, семинарлар, консультациялар қолданылады. Оқу сыныптары күндіз оқитын және қашықтықтан оқитын оқушылардан тұрады. Сабақтар қосымша білім беру режимінде қашықтықтан оқытылады, оның мақсаты белгілі бір пәнді немесе тақырыпты тереңдетіп оқыту, жоғары оқу орнына түсу үшін оқыту және т.б. болып табылады.

В рассмотренных трех моделях речь идет о получении дополнительного образования в дистанционной форме.



4-ші модель. Оқушы – Интернет – Орталық. Қашықтықтан оқыту жекелеп оқыту құралы болып қарастырылады. Виртуалды сыныптардағы оқушылардың жұмысы барлық білім беру субъектілерінің бір бірінен қашықта орналасуымен ерекшелінеді. Қашықтықтан оқыту бұл модельде білім берудің жеке түрі – күндізгі оқумен сағат көлемі жағынан кем емес негізгі түрі ретінде қарастырылады. Дәстүрлі білім берудің барлық оқыту компоненттерінің: мақсаттарының, мазмұнының, нысандарының, оқытуды бағалау критерийлерінің ролі және орны өзгереді.

5-ші модель. Оқушы – Интернет -..... Қашықтықтан оқыту кеңістікте және уақыт бойынша таратылған білім берудің функциясын атқарады. Оқушы тек күндізгі немесе қашықтықтан оқыту мектебінде ғана болмай, ол бір уақытта бірнеше мектепте білім алады. Оқушының кешенді білім алу бағдарламасы оның әрбір пәнді әртүрлі мектепте немесе әртүрлі педагогте оқитыны ескеріле отырып, жасалады. Үйлестіру ролін күндізгі оқытатын немесе қашықтықтан оқытатын мектеп, ата-аналар атқарады. Мектеп жеке оқытатын білім беру орталығына айналады. Қашықтықтан оқытудың бұл моделі оқушының жеке басының ерекшелігі мен мақсатын икемді ескеруге, оның жеке білім алу траекториясын ескеруге мүмкіндік береді.

Қашықтықтан оқыту моделін таңдау барысында оқытудың мақсаты, мазмұны, ұйымдастыру құрылымы, оқытудың нысаны мен әдістері, диагностика жүйесі және нәтижелерді бағалау жүйесі анықталып бекітіледі, былайша айтқанда дидактикалық жүйе жасалады. Одан басқа, нақты жағдайда әрбір білім беру ұйымының қашықтықтан оқыту қызметінің жүйесі тұрғызылады. Таңдап алынған қашықтықтан оқыту түрі күндізгі және қашықтықтан оқытудың ара қатынасын жоспарлауға мүмкіндік береді.

Жоғарыда қарастырылған модельдерде қашықтықтан оқытудың мынадай сипаттамалары: коммуникация түрі, өзара қатынастың синхронды болуы немесе мезгілдігі, өзара қарым–қатынас жүргізілетін ақпараттық-білім беру ортасының мүмкіндігі және т.б. нақтыланбайды. Оларды анықтап алмай, жоғарыда айтылған қашықтықтан оқыту модельдеріне байланысты дидактиканы, әдістемелік жүйені тұрғызу туралы айту дұрыс болмайды.

Қашықтықтан оқытудың әрбір моделі мынадай принциптерге негізделген:

- интерактивті принцип, оқу процесінің барлық қатысушылары арнайы ақпараттық-білім беру ортасының (оның ішінде электронды пошта, видеобайланыс, интернет-конференция, on-line, off-line – тестілері) көмегі арқылы тұрақты байланыста болу мүмкіндігін қарастырады;

- адаптивті принцип, нақты оқу процесі жағдайында цифрлы білім беру ресурстары бар жаңа буынды оқу материалдарын қолдануға мүмкіндік жасайды;

- икемділік принципі, оқу процесіне қатысушыларға, олар үшін тиімді қарқынмен және ыңғайлы уақытта жұмыс істеуге ; оқушыға өзінің жеке оқу қызығушылығын жүзеге асыру үшін қажетті оқу ресурстарын қолдануға мүмкіндік береді;

- оперативті принцип және оқушылардың оқу жетістігін объективті бағалау.

Сонымен, оқу процесін жүргізу әдістемесі тұрғысынан шағын жинақты мектептер үшін тіректі мектептегі қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру үшін екі модельді ұсынуға болады, олар оқу процесін қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша ұйымдастырудың барлық түрін: теледидарлық технологияны, желілі технологияны және кейс-технологияны қолданыстағы Ережеге сәйкес қамтиды [137].

Бірінші модель «Виртуалды мектеп», ол қашықтықтан оқытуды ұйымдастырудың түрлерін анықтайды:

- интернет/веб-технологиясы негізінде білім беру ортасын қолдана отырып, желілі оқытуға бағытталған;

- желілі оқыту + кейс – технология негізінде жүргізіледі, мұнда оқу материалдары пошта арқылы жіберіледі, ал педагогикалық білім алушының мұғаліммен өзара қарым-қатынасы желіде ұйымдастырылады;

- видеоконференциялар және интерактивті теледидар негізінде ұйымдастырылған, мұнда оқу процесі интерактивті теледидар, телемостар, форумдар, семинарлар, вебинарлар, сонымен қатар ресурстық орталықтың және шағын жинақты мектептердің озық мұғалімдерінің тәжірибелерін бейнесабақ ретінде таратады.

Интернет/веб – технологиясы

Бұл қашықтықтан білім беру технологиясы, ол білім алушыларға ақпараттық білім беру ресурстарының қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін жаһандық және жергілікті компьютерлік желілерді қолдануға негізделген. Бұл технология субъектінің қайда орналасқанына қарамай оқу процесін іске асыру мен ұйымдастырудың әдістемелік, ұйымдастырушылық, техникалық және бағдарламалық құралдарының жиынтығын қалыптастырады.


Желілі оқыту және кейс-технология 

«Виртуалды мектеп» моделін енгізу негізінде қашықтықтан оқыту мыналарды: мұғаліммен, оқушылармен өзара қарым-қатынасты, ақпараттық интернет-ресурстарды, телеконференцияларды, чатты, веб-квесттерді, әртүрлі компьютерлік бағдарламалардың видео-аудио жазылымдарын, оқулықтарды (басылымдағы және CD-дискідегі электронды), әдістемелік ұсынымдарды, сонымен қатар бақылау және тестілеуді қолдануды қажет етеді. Басылымнан шыққан оқулықтар мен оқу құралдарына сүйене отырып және желіде орналасқан қосымша материалдардың көмегімен оқыту, немесе осы материалдарды жақсы оқитын оқушылар үшін тереңдетіп, немесе нашар оқитын оқушылар үшін қосымша түсіндіру, есептер шығару арқылы оқыту тиімдірек болады. Бұл жағдайда мұғалімдердің қосымша консультациялары, тестілеу және бақылау жүйесі, қосымша зертханалық және практикалық жұмыстар, біріккен жобалар қажет болады.

 Негізінде желілі оқыту және кейс-технологиялар моделі тірек мектебі (ресурстық орталық) базасында шағын жинақты мектептердің оқушыларын дифференциалдап оқытуға арналған.

Желілі оқыту барысында қашықтықтан оқыту технологиясын қолданғанда пайданылатын білім беру қызметінің түрлері және оқу материалдары, атап айтқанда: оқу процесінің құжаттары, білім алушылардың тізімі, қашықтықтан оқыту курстары, оқылатын курс туралы жалпы ақпарат, электронды оқулықтар, ақпараттық-анықтамалық материалдар, виртуалды практикалық-бағытталған тапсырмалар, цифрлық білім беру ресурстары, практикалық зертханалық жұмыстар, әртүрлі (жекелеген немесе топтық) тапсырмалар, бақылау тапсырмалары мен тестілер, телеконференциялар, чаттар, веб-квесттер, веб-сайттар, ағымдағы хабарландырулар, оқушылардың бірігп жасаған іс-қимылдары жоғарыда көрсетілді.

Кейстік технология – бұл ақпараттарды әртүрлі тасымалдауды қолдана отырып өзіндік оқуға арналған арнайы оқу-әдістемелік кешендердің жинағы ретінде ақпараттық білім беру ресурстарын білім алушыларға беруге негізделген қашықтықтан оқыту технологиясы болып табылады. Оқу ақпаратын сақтау және беру осы өзара қарым-қатынас нысаны арқылы жақсы іске асырылады және ол оқушыларға оқу ресурстарын толық көлемде қолдануға мүмкіндік береді.

Екінші, оқытудың «Интеграцияланған моделі» күндізгі және қашықтықтан (сырттай) аралас оқытуға бағытталған оқыту моделі болып табылады.

Күндізгі және қашықтықтан оқыту нысандарының интеграцияланған моделі оқу процесін күндізгі оқытудан, бейінді курастардан, тереңдетіп оқыту курстарына, білім беру бағдарламаларының кемшіліктерін жоюдан, оқушылардың өзіндік жобалық зерттеу жұмыстарынан, жеке дара оқыту бағдарламаларынан, консультациялардан, оқушылардың бірігіп (топпен бірігіп) жасаған жұмыстарынан, зертханалық-практикалық жұмыстардан тұрады.

Өзінің әдіснамасы бойынша қашықтықтан оқыту оқытудың жеке нысанына (күндізгі, сырттай, кешкі, экстернат) теңестіріледі.

1) дәстүрлі (сыртай) оқыту: бұл оқытушы мен оқушының өзара қарым-қатынасының болуын ескермеген, тек өзіндік жұмысқа бағытталған, қысқа дәріс оқылып, қалған уақытта әдістемелік қамтамасыз ету кешенінің көмегімен оқушылардың жеке дара өзіндік жұмыс жасауына бағытталған;

2) фрагментарлық: оқу-әдістемелік қамтамасыз ету комплектісін (әртүрлі байланыс түрлерінің көмегімен электронды түрде) қолданып оқушылардың өзіндік жұмысына негізделген ақпараттық–коммуникациялық технологияларды қолдану;

3) электронды: электронды пошта арқылы оқу-әдістемелік қамтамасыз ету материалдарын алу және оларды өзіндік зерделеу, осылардың барысында оқушылар мен педагог арнайы құрылған орта арқылы жүйелі түрде өзара байланыста болады;

4) аралас: оқу процесі күндізгі оқыту мектебі аясында ұйымдастырылады, Интернеттің қолжетімділігі қосымша ақпарат көзі ретінде қолданылады. Оқушылар өздерінің оқытушысымен бірігіп ақпарат алады, оның барысында сабақтардың әртүрлі нысандары — қашықтықтан оқыту курстары, семинарлар, консультациялар пайданылады. Қашықтықтан оқытудың осы түрі күндізгі оқытуға қосымша реінде қолданылады.



Қашықтықтан оқытудың бұл моделі оқушының жеке басының ерекшелігін және оқушының мақсатын икемді түрде ескереді, оның жеке оқу траекториясын құрады. Мұндай мүмкіндікті іске асыру үшін белгілі тұрақталған педагогикалық жүйедегі тьюторлар немесе басқа педагог-тәлімгер тарапынан жоғары білікті үйлестіру жұмысын атқару қажет. Сондықтан қашықтықтан оқыту түрлеріне сәйкес мақсаттар, мазмұндар, ұйымдастыру құрылымдары, нысандары және оқыту әдістері, диагностика жүйесі және нәтижелерді бағалау, былайша айтқанда дидактикалық жүйе құрылады.

Дидактикалық жүйе дәстүрлі білім беруден белгілі элементтерден тұрады, сонымен қатар олар онлайн-оқытудан интеграциялық (аралас) моделіне келген элементтердің қосымша тізімімен толықтырылған:

- Дәрістік сабақтар. Материал онлайн курсындағыдай материалдардан тұрады, былайша айтқанда, әрбір оқушыға өзіндік оқуы үшін қолжетімді және оңай қолдануға болады.

- Семинарлық сабақтар. Аралас оқытуда семинарлық сабақтарда курстың ең қызық және маңызды тақырыптары қарастырылады және практикалық дағдылар қалыптастырылады.

- Курстың оқу материалдары (оқулықтар мен әдістемелік құралдар). Бұл материалдар баспа және электронды түрінде беріледі, пәнді жақсы меңгеру үшін электронды материалдар әртүрлі қосымшалармен толықтырылған.

Былайша айтқанда, курстың материалдарын рәсімдеу үшін әртүрлі мультимедиялық қосымшалар қолданылады, және ол курс білім алушылардың қызығушылықтарын тудырады.

- Ойлайн тілдесу. Бұл процестің мүлдем жаңа элементі, ол онлайн-оқытудан интеграциялық (аралас) оқытуға келген. Бұл жерже әртүрлі құралдар бар: чат, форум, e-mail – бұл элементтер оқушыларға бір-бірімен байланысқа шығуға және бірігіп жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Мұғалімге кез келген уақытта сұрақ беру және қысқа уақытта жауап алу мүмкіндігі туады.

- Жекеленген және топтық онлайн-жобалар. Мұндай жобалар Интернетте жұмыс істеу, әртүрлі көздердің ақпараттарын талдау, сонымен қатар топпен бірігіп жұмыс істеу, жұмысты орындау міндеттерін және жауапкершілігін дұрыс тарату дағдысын қалыптастырады. Осындай тапсырмалардың көмегімен оқушы өзінің келешек жұмысына қажетті дағдыларды қалыптастыра алады.

- Виртуалды сынып бөлмесі. Бұл инструмент Интернет-коммуникация құралдары арқылы оқушылардың оқытушымен тілдесулеріне мүмкіндік тудырады. Мұғаліммен тек сыныпта ғана емес, сонымен қатар жаңа коммуникация құралдары арқылы сыртта да тілдесу мүмкін болды. Бұл ағын жинақты мектепдің оқушыларына оқыту барысында белгілі бір еркіндік алуына болатын болды.

- Аудио және видео дәрістер. Интеграциялап (аралас) оқытудың бұл элементтері оқыту процесін оңайлатады және мазмұнды етеді [20].

Интеграциялап (аралас күндізгі - сырттай) оқыту элементтері осындай. Бұл тәсілдің артықшылығы – икемділігінде. Аралас оқыту барысында сыныптардағы сабақтар саны азаяды – сабақтардың кейбір бөлігі онлайн режиміне көшеді. Сонымен қатар, курстың оқу материалының бөлігі оқушыларға өзіндік жұмыс ретінде беріледі.

Онлайн сабақтар форумда, чатта немесе виртуалды сынып бөлмесінде өтуі мүмкін. Мұғалімнің басқа балалармен электронды пошта арқылы тілдесулеріне болады. Онлайн сабақтар сұрақ-жауап схемасы бойынша өткізіледі немесе оқытушы балалардың талқылаулары үшін тақырып беріледі. Әрине, онлайн сабақтар үшін белгілі бір материалдарды немесе тапсырмаларды оқушылардың өзіндік меңгерулері қажет.

Оқушылар оқытушыға орындаған тапсырмаларын электронды пошта арқылы жібереді. Сонымен қатар қашықтықтан оқыту жүйесінің алмасу файлдарына арналған қалташаға салуына болады (кері байланыс).

Интеграциялық (аралас) оқытуда тапсырмаларды орындау мезгілі шектелген, кестеде тапсырманы орындау мезгілі нақты көрсетіледі, сондықтан орындалған тапсырманы осы мезгілге дейін ғана тапсыруға болады. Мұғалімнің мезгілі өтіп кеткен тапсырманы қабылдамауға құқығы бар.

Оқушылардың үлгерімін бағалау онлайн режимінде немесе сыныпта жүргізілуі мүмкін. Онлайн режімінде әртүрлі тапсырмалардың, тестілеудің, сонымен қатар жеке немесе топтық жобалардың орындалуы мүмкін. Тестілеуді педагогтің қатысуымен сыныпта да өткізуге болады. Қорытынды бағалау – сынақ немесе емтихан – тек сыныпта өткізіледі.

Аралас оқытудың оқушылар үшін бірнеше артықшылықтары бар екенін айту қажет. Бұл артықшылықтар Интернет-технологиялар арқылы жүргізілетін аралас оқытудың бөлігіне ғана қатысты.



Аралас оқытудың компьютерлік бөлігі:

- материалдарды жандандырады және оқушыға олармен «тілдесуге» мүмкіндік туады;

- көп материалдарды интерактивтік береді және белсенді оқуға жетелейді;

- сабақта немесе мәтінде түсіндірілуі қиын кейбір идеяларды көрнекті көрсете біледі;

- әртүрлі көзқарас арқылы зерделенетін процестердің ішіне қарауға мүмкіндік туады;

- өзіндік оқыту және өзіндік бақылау дағдыларын дамытады;

- оқушыларға басқа форматта (қағаз түрінде) көрсетуге болмайтын күрделі ситуацияларды, ИКТ технологиялар негізінде модельдеуге мүмкіндік береді.

Сондықтан, интеграцияланған (аралас) оқыту оқушылар үшін тиімді және оларға оқу барысында көптеген қызықты мүмкіндіктер тудырады.

Қашықтықтан оқыту электронды білім беру ресурстарын кең қолдану нәтижесінде және материалдарды өзіндік меңгеру үлесінің артуына байланысты білім беру сапасын көтеруге мүмкіндік береді. Бұның өзі оқушының мынадай: өзін-өзі қамтамасыз ету, жауапкершілік, жинақылық және өз күшін нақты бағалай білу және орнықты шешім қабылдай білу сияқты сапалық қасиеттерін тудыруға мүмкіндік береді.

Оқушыларды оқытуда қашықтықтан білім беру технологияларын қолдану жекелендіріп оқытуға мүмкіндік тудырады. Педагогтің ролі оқушылардың жеке немесе ұжымдық жұмыстарын ұйымдастыру, оқушылардың оқу барысындағы проблемаларын анықтау және оларды жылдам шешу болып табылады.



Каталог: files -> blogs
blogs -> Тақырыбы: Ленинград қорғанысы Мақсаты: Білімдік
blogs -> Программа по предмету «Русский язык»
blogs -> Сабақ түрі : Аралас сабақ Әдіс-тәсілдері : баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап, ой туғызу, қызығушылығын ояту,топпен жұмыс
blogs -> «Мұрагер»» бағдарламасы жайлы
blogs -> Негізгі орта білім беру деңгейінің «Өнер» білім саласы пәндерінің
blogs -> Оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы
blogs -> Национальная академия образования им. Ы. Алтынсарина
blogs -> Бастауыш білім беру деңгейінің «Өнер» білім саласы бойынша
blogs -> Сабақ тақырыбы: Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа»
blogs -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет