Методические рекомендации «повышение эффективности деятельности общественных советов»



бет4/17
Дата02.07.2018
өлшемі92,99 Kb.
#45424
түріМетодические рекомендации
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

ҚОҒАМДЫҚ ТЫҢДАУ

Қоғамдық тыңдау қоғамдық кеңес бастамасы бойынша өткізіледі. Қоғамдық тыңдау формасына жиналыс жатады, осы жерде бюджеттік бағдарламалар, жобалардың стратегиялық жоспарлары, аумақтарды дамыту бағдарламалары, мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар, қызметтік этиканы сақтау және мемлекеттік органдардың жұмысына қатысты маңызды мәселелер талқыға ұсынылады. Сонымен бірге қоғамдық тыңдау жиналысы азаматтардың құқығы, еркіндігі және міндеттері бойынша нормативті құқықтық актілер жобасын,мемлекеттік басқару және мемлекетік аппаратының жұмысын ұйымдастыруда ашықтығын дамытуында заңды тұлғалар мен азаматтардың ұсыныстарын ескереді.

Кезкелгенжиналыс сияқты,қоғамдық тыңдау хаттамаға түсіріледі. Жиналыс шешімі Қоғамдық кеңестің қатысып отырған мүшелерінің дауысының жартысынан кем болмаған жағдайда жарамды болып саналады. Әрі қарай хаттама барлық ұсыныс, ескертпе, нұсқаулармен тиісті мемлекеттік органға жіберіледі және БАҚ және/немесе тиісті ақпараттық кеңістікте шығарылады.

ҚОҒАМДЫҚ САРАПТАМА

Қоғамдық сараптама Қоғамдық кеңес бастамасымен немесе қоғамдық бірлестіктер мен азаматтық қоғам өтініштері бағытталған негізінде өткізіледі.

Қоғамдық сараптама өткізу Қоғамдық кеңестің шешімімен қоғамдықбірлестіктерқұрған, сарапшыларкомиссиясының отырысында

белгіленеді. Қоғамдық сараптама мемлекеттік органдардың заңды және жеке тұлғалардың құқықтары мен қызығушылықтарын сақтау бойынша шешімдеріне баға береді.

Сонымен бірге қоғамдық экологиялық сараптама да жасалады, бұнда қоршаған ортаның адам денсаулығына және өміріне қолайлы жағдай жасау, өндірістік объектілерінің адам өмірі мен денсаулығына кері әсер ететін факторларды шектету. Қорытынды мазмұны мен тіркеу тәртібі Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінде белгіленеді, ол жайында әдістемелік нұсқаулықтың келесі бөлімінде берілген.

ҚР заң шығарушы актілерінде көрсетілгендей, сараптаманы керек кезі, қоғамдық сараптама, оны өткізу тәртібі, ұйымдастырушысы/ бастаушысы, қоғамдық сараптама басқашада болуы мүмкін.



ҚОҒАМДЫҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА

Бүгінгі күнде Қазақстанда екі түрлі экологиялық сараптама жүргізіледі. Мемлекеттік – міндетті және қоғамдық өкілетті органдармен жүргізіледі. Азаматтардың, заңды тұлғалардың, қоғамдық бірлестіктердің, Қоғамдық кеңестердің мемлекеттік органдарға түсірген шағым, ұсыныстарының негізінде, ерікті, міндетті емес және мемлекетпен қаржыландырмайды. Жоғарғыда көрсетілгендей қоғамдық экологиялық сараптама жүргізілетін аумақтағы жергілікті атқарушы органға өтініш жазылады. Жергілікті атқарушы орган өтініштің берілген күнінен бастап, он күн ішінде тіркеп, келісетінін немесе келіспейтінін қарау керек. Жергілікті атқарушы орган бас тартқан жағдайда жазбаша түсініктеме ұсыну қажет. Егер жергілікті атқарушы орган он күннің ішінде жауап бермеген жағдайда, өтініш автоматты түрде тіркелген болып есептеледі.



ҚР Экологиялық Кодексінің 61 бабына сәйкес, Қоғамдық кеңес, қоғамдық экологиялық кеңестің ұйымдастырушысы ретінде, құқылы:

  1. Объектке тапсырыс берушіден қоғамдық экологиялық сараптама жүргізу үшін керекті қоғамдық экологиялық сараптама құжаттары мен материалдарын сұрау;

  2. сараптама жасау үшін , сараптама комиссиясын құру;

  3. жергілікті атқарушы органға және қаржы ұйымдарына қоғамдық экологиялық сараптама қорытындысын тапсыру;

Қоғамдық экологиялық сараптама жүргізе отырып, Қоғамдық кеңес міндетті:

  1. қоғамдық экологиялық сараптаманы, ҚР Экологиялық Ко- дексінде жазылған талаптарына сәйкес ұйымдастыру;

  2. қоғамдық экологиялық сараптаманың барысы мен қорытындысы туралы қоғамды ақпараттандыру, қоғамдық экологиялық сараптаманың қорытындысын шығарарда қоғамдық пікірді ескеру;

  3. қоғамдық экологиялық сараптаманың қорытындысын барлық мүдделі тараптар үшін ашық болуын қамтамасыз етуге міндетті.

ҚР Экологиялық Кодексінің 62 бабында қоғамдық экологиялық сараптама сарапшыларына келесі талаптар қойылады :

  1. Қоғамдық экологиялық сараптама сарапшысы болып,қоғамдық экологиялық сараптама ұйымдастырушылардың қарайтын мәселесі бойынша ғылыми және/немесе практикалық білімі бар жеке тұлға саналады.

  2. қоғамдық экологиялық сараптаманың сарапшысы бола алмайды:

  1. қоғамдық экологиялық сараптамаға тапсырыс беруші өкілі;

  2. қоғамдық экологиялық сараптама объект әзірлеушілер өкілі;

  3. тапсырыс берушімен еңбек немесе басқа да келісім шартта тұрған жеке тұлғалар, қоғамдық экологиялық сараптама объект әзірлеушілері;

  4. қоғамдық экологиялық сараптама объект әзірлеушілері және тапсырыс берушімен келісім шартта тұрған заңды тұлғалар өкілдері;

  1. қоғамдық экологиялық сараптамаға ҚР заңдылықтарына сәйкес және қоғамдық экологиялық сараптаманы ұйымдастырушылар тапсырмасына сай сарапшылар қатыса алады.

  2. Қоғамдық экологиялық сараптаманың сарапшылары қоғамдық экологиялық сараптаманы жүргізуде және қорытындысын объект бой- ынша өзінің жеке ерекше пікірін білдіре алады.

  3. Қоғамдық экологиялық сараптаманың сарапшысы міндетті:

  1. Қазақстан Республикасының экологиялық заңдылық талаптарын сақтауға;

  2. қоғамдық экологиялық сараптама жасау кезінде және қорытындысын шығаруда объективтілігі мен негізділігін қамтамасыз ету,сондай-ақ қоғамдық экологиялық сараптаманың атына мүдделі жеке тұлғалар мен қоғамдық бірлестіктерден түскен ескертулер мен ұсыныстарды ескерту;

3)қоғамдық экологиялық сараптамаға ұсынылғанматериалдардың сақталуын қамтамасыз етуге және мәліметтер құпиялылығын, сондай- ақ зияткерлік меншіктің қорғалуын қамтамассыз ету.

Жүргізілген қоғамдық экологиялық сараптаманың қорытындысы бойынша ұсынымдық қорытынды шығарылады. Қорытынды қоғамдық экологиялық сараптама өткізуге байланысты өтінішті қабылдаған және осы объектіге мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізуші жергілікті атқарушы органға, тапсырыс беруші,

шешім қабылдаушы органға және БАҚ жіберіледі . Осы қорытынды мемлекеттік экологиялық сараптама және қоғамдық экологиялық сараптама ұйымдастырушыларына, облыстық қоршаған ортаны қорғау өкілетті органына жіберіледі.

Осы іс-әрекеттің тапсырушысы өз жағынан қоғамдық экологиялық сараптама қорытындысын алған уақыттан бастап, бір ай ішінде қарап шығуға және өзінің пікірін жазбаша түрде мемлекеттік экологиялық сараптама және қоғамдық экологиялық сараптама ұйымдастырушыларына жіберуге міндетті.

Сонымен бірге қоғамдық экологиялық сараптама қорытындысын шығаруда, ғимараттар салу, қоршаулар мен кешенді инженерлік және транспорттық коммуникациясы, жергілікті атқарушы органдардың, қаржы ұйымдарының (техникалық-экономикалық негіздемесі және жобалық-сметалық құжаттары) ескеріледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет