Методическое пособие практических занятий по казахскому языку для детей подготовительной группы и учащихся 1 классов «Я бы язык учить пошел- пусть меня научат»


Қыс айлары- желтоқсан, қаңтар, ақпан. Қыста күн суық. аяз болады. Қыста қар жауады. Балалар коньки тебеді. Шаң



бет3/13
Дата16.03.2017
өлшемі2,67 Mb.
#11650
түріМетодическое пособие
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Қыс айлары- желтоқсан, қаңтар, ақпан. Қыста күн суық. аяз болады. Қыста қар жауады. Балалар коньки тебеді. Шаңғы тебеді. Қыста балалар ақкала жасайды. Қармен ойнайды. Қыста балалар шанамен сырғанайды. Маған қыс ұнайды.
- Тамаша әңгімеледіңдер. Қандай әдемі сурет шықты. Енді жолымыз ашық. («Қыскы» әнмен жолға шығу).

(Қыскы музыка әуені). Міне, орманга келдіқ. Біздің аңдар қайда? Мына шыршада не ілулі түр?

I тапсырма: «Үйқас сөздерді тапсаңдар қай аңдарға келгендеріңді білесіндер?»



Сонымен кандай аңдарга келдік? (Ұйқас сөздерді шыршадан алу, аңдарды атау).
II тапсырма

Фонограмма: Сәлеметсіңдер ме, балалар. Біз сендерді көруге қуаныштымыз. Біз тығылмақ ойнауды жақсы көреміз, енді бізді тығылған жерімізден табыңдар. Пиктограммалар табуға көмектеседі.

- Балалар, түлкі қайда отыр?

- Түлкі шыршаның артында отыр.

- Қоян қайда отыр?

- Қоян шыршаның үстінде отыр.


  • Аю қайда жатыр?

  • Аю шыршаның астында жатыр.

  • Қасқыр қайда түр?

  • Қасқыр шыршаның қасында түр.

(Жауаптарын басқа балаларға қайталатқызу) - Міне, біздің аңдар да табылды.

III тапсырма:

Фонограмма: Бәрекелді, бізді таптыңдар. Енді ойлаңдаршы, біз қандай түсті жақсы көреміз - тонымыз сол түсті болады. Жақсылап тыңдаңдар, айтылған түске шаршыны бояңдар.( штрихтау)


6

7

10

3

6-қоңыр, 10-ақ, 7-сары, 3-сүр

- Енді аңдардың тондарының түсін білеміз.

IV тапсырма:

Фонограмма: Біз туралы тағы не білесіңдер?


  • Балалар, осы аңдар туралы не білеміз? (Қоянды көрсете):

  • Мынау не? Қоян қандай? Қайда тұрады? Не жақсы көреді? Қазір қандай тон киеді? (Қалған аңдар туралы осындай сұрақтар қойылады).

  • Осымен аңдардың тапсырмаларын орындадық. Енді сыйлықтарын берейік, бірақ қайсысы қай аңдікі? Бізге енді жұмбақтар көмекке келеді.

Жылдам, бірақ касқыр емес

Секіреді, бірақ бақа емес

Жұмсақ, бірақ қолғап емес

Ақ, бірақ қар емес. Бұл не?

(Қоян).
Өзі қу, жүрген жері шу



(Түлкі).
Қыс бойына жатады,

Тәтті ұйқыға батады.

(Аю).

Орманда тұрады



Әркашаи аш жүреді.

(Қасқыр).
- Аңдар да көңілденіп қалды тамаша сыйлыктар алып. Біз де көңілдіміз, өйткені жақсы іс

аткардық. Енді қайтуымызға болады.( Қысқы музыка әуені).




УАҚЫТ ХАНДЫҒЫНДА

Сабақ мақсаты: Қытай ғажайып сағаты туралы түсінік беру; алған білімдерін қаншалықты игергенін байқау; сөйлеу, есте сақтау дағдыларын дамыту; қызықты әдістер арқылы тілге деген қызығушылығын, ынтасын, белсенділігін арттыру.

Көрнекілік: 5 түрлі сағат, тақырыптық суреттер, тапсырмалар Сабақ барысы:

Сағаттың қоңырауы :

Ежедневно в 6 утра

Я трещу вставать пора,

БАЛАЛАР,TҰРЫҢДАР!

Менімен бірге жүріңдер!


-Тсс, балалар ұйықтап жатыр Осылай,осылай дем алып жатыр,

Оянды! Күлімдеді! Сәлемдесті! (мұғаліммен, сағатпен сәлемдесу)

-Бізді сағат қайда шақырады Барайық бірге. (Бөлмеде әр-түрлі сағаттар макеті)


  1. сағат:

Мен күн тәртібі сағатымын.

Балалар, әрқашан күн тәртібін сақтаңдар!

Денешынықтырудан бастаңдар!

Сергіту сәті: 7-де тұрамын, жуынамын

8-де балабақшаға келемін-денешынықтыру жасаймын, тамақ ішемін

9-да сабаққа отырамын

11-де демаламын: ойнаймын, қыдырамын....

(күн тәртібін сағат бойынша жалғастыру)


  1. сағат: Мен жыл мезгілі сағатымын

Бір орында тұрмаймын.

Сендердің мезгілдер туралы

Әңгімелеріңді тыңдаймын.(жыл мезгілдерін әңгімелеу)


  1. сағат: Мен апта сағатымын

Менің жеті ағам бар

Әрқайсысының өз атауы бар

Осы ағаларымды атаңдар

Орнына ретімен қойыңдар.



4 сағат: Сағат 4-деп, балалар,

Менімен тынығып алыңдар



Сергіту сәті: Бір аяқпен-топ-топ

Алақанмен хлоп-хлоп

Көзбен миг-миг

Иікпен чик-чик

1 -мында, 2-анда,

Повернись, айнал, вокруг себя

1-тұрамыз

2-сабаққа отырамыз-қолды жоғары қоямыз.



5-сағат: Мен ғажайып Қытай сағатымын

Тарихымды тыңдаңдар,



Содан соң менің жануар-құстарымды атаңдар.




Қытай сағатының көрсеткіші:

Қытай сағатында минут және секунд көрсеткіші болмайды. Олардың орнына тышқан, сиыр, жолбарыс, айдаһар, жылан, am, қой, маймыл, әтеш, ит, доңыз сияқты 12 хайуанат атаулары қолданылады.


САҒАТ:

- Балалар. бүгін сендер менің хандығымда қонақта болдыңдар.

Менің хандығым сендерге ұнаған шығар.

Ал мынау тапсырма үйге:

Нүктелерді коссаңдар сурет шығады,

сендерге сыйлық болады. (сағат суреті шығады)



Каталог: download -> umnpk -> teacher -> 1 4 school
1 4 school -> Сабақтың тақырыбы: «Екі дос» Сабақтың мақсаты
1 4 school -> Шопаева Саяш Дуанбековна қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Тренинг сабақ
1 4 school -> 92 гимназия 3 «А» сынып жетекшісі Тлеубергенова Жанар Сайлаукызы Пән қазақ тілі Тақырыбы
1 4 school -> Сабақтың тақырыбы: Үшбұрыштың, тік төртбұрыштың (шаршының) периметрін табу.Қайталау
1 4 school -> Сабақ тақырыбы: Еуразияның табиғат зоналары. Мақсаты: Еуразия материгіндегі табиғат зоналарының ерекшеліктерін
1 4 school -> А. М. Акмагамбетова
1 4 school -> Мақал – сөз мәйегі (4-сынып оқушылары арасындағы мақал-мәтелдер сайысы)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет