«М.ӘУезовтың «абай жолы» роман-эпопеясындағы жер-су атауларының тілдік-танымдық сипаты»


І БӨЛІМ. РОМАН ТІЛІНДЕГІ ЖЕР-СУ АТАУЛАРЫНЫҢ ТАРИХИ-ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ



бет2/6
Дата02.05.2020
өлшемі427,35 Kb.
#65448
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Ғылыми жоба Алмасханұлы Мағжан

І БӨЛІМ. РОМАН ТІЛІНДЕГІ ЖЕР-СУ АТАУЛАРЫНЫҢ ТАРИХИ-ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ.

Түр-түске байланысты жер-су атаулары

Қоғам дамуының кез келген кезеңінде ономастикалық атаулардың тарихи маңызы зор болды. Адам қоғамдастығының бір де бірі, яғни бір де бір мемлекет өзінің даму үдерісінде өзінің антропонимдері мен топонимдерінің жинағынсыз өмір сүрген емес. Сондай-ақ, Қазақстандық қоғамдастықтың да ежелгі тарихи дәуірде қалыптасқан ұлттық ономастикалық жүйесі бар.

Қазақстанның көптеген ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық ономастика жүйесі ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап түбегейлі өзгерістерге ұшырады және патша үкіметінің отаршылдық мүдделеріне, кейіннен кеңес жүйесінің тоталитарлық саясатына қызмет етуге мәжбүр болды. Отаршылдық пен тоталитарлық режимдердің идеологтары ономастиканы қоғамның тарихи-мәдени санасына әсер етудің саяси құралына айналдырды. Нәтижесінде қазақ ономастикасының өзіндік болмысына, ұлттық ерекшелігіне, әсіресе оның топонимикалық және антропонимикалық жүйелеріне орасан зиян келтірілді. Қазақстан картасы едәуір бұрмалауларға ұшырады.

Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуымен және халықаралық қатынастардың субъектісі ретінде қалыптасуымен ұлттық ономастика әлемдік кеңістікке белсене араласа бастады. Роман бойынан кезінде проф. Е.Жанпейісов адам атауларын қарастыра келе, жалпы саны - 500 атау бар екенін дәлелдеп, ру аттарын жинастырған. Мысалы, Найман, Ноғай, Оразбай, Керей, Бөкенші, Ақтомар, Жуан, Жуантаяқ, Жігітек, Тобық, Сыбан, Уақ, Көтібақ, т.б.

Қазіргі кезде ономастикалық бірліктер халықаралық ресми құжаттарда белсенді түрде көрініс тауып келеді. Қазақстанның ономастикалық кеңістігінде қамтылған Түркістан, Астана, Байқоңыр, Қарашығанақ және басқалары тәрізді атаулар Қазақстанның экономикасымен, тарихымен, мәдениетімен өзара тығыз байланыста бола отырып, атаулы функцияны алып қана қоймай, сонымен қатар өзіне күшті ұлттық әлеуетті шоғырландырған жоғары ассоциациялық семиотикалық белгілер де болып табылады. Ұлттық ономастиканы дамытудың өзекті міндеттерін іске асыру жөніндегі шаралардың өнімділігі олардың нормативтік құқықтық қамтамасыз етілуімен тікелей байланысты.

Қазіргі кезде ономастикалық жұмыстың нормативтік құқықтық базасы Қазақстан Республикасы Конституциясының тиісті ережелеріне, «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 4 қарашадағы № 3186 өкімімен мақұлданған Қазақстан Республикасының тіл саясаты тұжырымдамасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік ономастика комиссиясы туралы ережеге сәйкес және т.б. ережелерде бекітілген ұйымдарды, темір жол станцияларын, әуежайларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы физикалық-географиялық нысандарды атау мен қайта атаудың және олардың атауларының транскипциясын өзгертудің тәртібіне негізделеді.

Еліміздегі демократиялық қайта құруларға сәйкес келетін ономастика саласындағы жұмысты жүйелендіруді және үйлестіруді одан әрі дамыту мақсатында Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ономастикалық жұмыстың тұжырымдамасын әзірлеу қажеттігі туындады.

Кез келген халық тілі – сол халықтың шынайы этникалық болмысының айнасы. Тілді жаңа ғасыр баспалдағына да теориялық-танымдық үрдісте зерттеудің қажеттігі туып отыр.

Бұл үрдіс тіл мен адам санасын тұтастықта қарастырып, тілдік білімді адам миының жемісі, күрделі ассоциативті-вербалды құрылым, болмысты рух пен ой бірлестігінде қараушы жүйе ретінде кешенді сипаттауға негізделеді.

Адамзат өзін қоршаған шындықты, әлемдегі сан алуан құбылыстар мен олардың сапа-қасиетін сезім мүшелері арқылы сіңіріп, санамен түйсініп қана қоймайды, оған жауап қайтарады. Ақпаратты өзінше жаңғыртып, жаңа сапада қайта жасауға саналы-санасыз күйде талпыныс жасайды, өңдейді, қорытады, елеп-екшейді, баға береді, тәжірибеде қолданады, бұлардың тұтас көрінісі ретінде ғаламның тілдік бейнесі жасалады. Ұлттық дүниетанымның негіздері саналатын жер-су атауларын тарихи-лингвистикалық сипаттамасын жасау бүгінгі күннің кезек күттірмес мәселесі.

Сол тың мәселелелердің бірі – аталымның жасалуындағы сананың, танымның, ойлаудың тілдегі таңбасы бүгінгі лингвистикада кешенді зерттелуде. Тіл мен ойлау – бір-бірімен байланысты заңды құбылыс.

Тілдегі таным көрінісі – таңбаны ғылыми тұрғыдан саралау – таңба аталым, атау неден басталады, қандай заңдылықтармен жүзеге асады, оның белгілері қандай, оның дамуы және қалыптасу үрдісін терең зерделегенде, талдағанда шешімін табады.

Тілдік аталымның, табиғатын зерттеу тілдің түрлі аспектісімен тығыз байланысты жүзеге асады. Тіл мен ойлау, оның көрінісі болып саналатын атау тіл білімінде өзекті мәселе болып есептелінеді.

Лингвистикалық бірліктерді жан-жақты талдау жасау үшін тілді түрлі деңгеймен салғастыра отырып саралау қажет. Сөз байлығының толығу арнасы – сол тілдің сөзжасау жүйесі. Күрделі атаудың толығуы мен кемелденуі, дамуы жаңа күрделі аталымдардың қалыптасуымен тығыз байланысты.

Ономасиология ғылым ретінде аталым үрдісін қарастырады: «о процессе обращение фактов вне языковой действительности в достояни к системы и структуры языка» деген тұжырымнан аталым жасауда және адамзаттың танымын анықтауда саралауда, зерделеуде тиімді тетіктің құралы болып саналы.

Егер аталымның қолданушысы халық деп танысақ, халықтың дүниетаным көрінісін аталым жасауда негізгі белгілерін жүйелеуге мүмкіндік береді. Номинацияның түрлерін қарастыруда негізгі қажетті, маңызды тетіктеріне көңіл бөлу: аталым жағдаятын тудыратын ара қатынас: символдық бағытына, жазушы тіліндегі тарихи аталымдарға назар аудару.

Ғылымда жер-суаттарын зерттейтін лексиканың көлемді бір саласы топонимика деп аталады. Топоним термині гректің topos – орын, мекен; onyma – есім, атау сөзінің негізінде қалыптасқан.

Шығыс Қазақстан облысының топонимикасына терең талдау жасап, оның қалыптасу тарихына тоқтамас бұрын «топоним», «топонимия», «топонимика» терминдеріне түсінік беріп, олардың арасындағы мағыналық бірлік пен алшақтықтарын анықтап алған дұрыс.

Сонымен топонимдер, жер-су аттарын, географиялық атаулар деген үш түрлі нұсқадағы сөздер синоним болып табылады. Осылардың ішінен топоним деген терминді жиі қолданудың қолайлы жағы бар, біріншіден, ол халықаралық термин, екіншіден, жер-су аттары, географиялық атау деген бірнеше сөздерден гөрі ол ықшамды әрі ғылыми дәлелді әрі дәл термин.

Жер-су атаулары өзі тектес атаулармен бірлесе отырып, жалқы есімдер тобын құрайды. Сондықтан топонимика тіл білімі ғылымының жалқы есімдерін зерттейтін саласы ономастиканың құрамына кіреді. Ономастика топонимикасы, космонимика, зоонимика және т.б. осы сияқты бірнеше салалардан құралады.

Топонимдер өз ішінен бірнеше түр мен тектерге бөлінеді.

Ономастикалық талдау:

Географиялық нысандардың сипатына қарай:



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет