«М.ӘУезовтың «абай жолы» роман-эпопеясындағы жер-су атауларының тілдік-танымдық сипаты»



бет3/6
Дата02.05.2020
өлшемі427,35 Kb.
#65448
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Ғылыми жоба Алмасханұлы Мағжан

1.ойконим - елді мекен аттары: Айдарлы, Жетісу, Қараөткел, Омбы, Омск, Орынбор, Жыланды, Көкшетау, Қарауыл, Петербург, Петербор, Алтай, Бақанас, Россия, Устькаменгорск, Тарбағатай, Тобыл, Торғай, Тройцк, Семей, Сібір, т.б.

2.гидроним - су аттары: Ертіс, Қарасу, Зайсан, Лепсі, Суықбұлақ, Шүйгінсу, т.б.

3.ороним - тау аттары: Қарашоқы, Ақшоқы, Шыңғыс, т.б.

4.урбононим - қала нысандары аттары: Петербург, Петербор, Орынбор, т.б.

5.гороним - көше аттары: роман бойында көше аттары кездеспеді.

6.некроним - зираттар мен молалар аттар: Қоңырәулие, т.б.

шағын географиялық нысандар атауын - миркотопоним,

ал белгілі бір немесе бірнеше аймақты қамтитын көлемді жер-су атауларын макротопоним деп атайды.

7.Түр-түске байланысты қойылған атаулар: Ақшоқы, Қарабатыр, Қаракесек, Қарқаралы, Қарақошқыл, Қарамола, Қоңырәулие, Қызылқайнар, Қызылшоқы, Шұбартау, Шұбарағаш, т.б.

Шығыс Қазақстан облысы жер-су аттарының тарихи қабаттары аса бай тарихи бар Қазақстан территориясындағы жер-су атауларын бірыңғай топонимикалық жүйеде қалыптастыру мүмкін, қалыптасуы жағынан тарихи тілдік қабаттардан тұрады: көне түрік қабаты; оғыз-қыпшақ қабаты; араб-парсы қабаты; моңғол қабаты; орыс қабаты; жаңа қабат.

М.Әуезов романындағы біз талдайтын сөздер төмендегідей:

СЕМЕЙ. Көне түрік қабатына Әбілхан Әбіласанның «Көне сөздер құиясы» еңбегінде, «Семей ме» әлде «Семипалат па» деген тақырыбында «Семипалат» сөзі дереккөздеріне сүйенсек, бұл екінші атау яғни, «Семипалат» - қазақ жерінде «шәпкі қоқайтқан» орыс бекінісіне байланысты ХVIII ғасырдың басында, дәлірек айтсақ, 1718 жылы пайда болған көрінеді.

«Семей» атауының түп негізі «көне тас ғимараттар үйіндісінің» жанынан бой көтерген тас мешіттерге қатысты және «Семьпалат» «Жетісарай» да осы аттан туындаған деген пікірлер де бар [3]. Бұны дәлірек, түбін қазбаласақ, бұл «тас мешіттерге» емес, ана «көне тас ғимараттар үйіндісіне» қатысты атау болса керек. Сол Семей аты ежелгі есім, осы уақытқа дейін сақталған. Біз айтып отырған «тас мешітіміз» негізінде ол мешіт те, храм да, шіркеу де емес, бұл көне түркі қауымдары құлшылық ететін орын – ғибадатхана болған.

Мысалы: Баба түркілер сары ұйғырлардың тілінде «Семей» сөзі «семе», «семі», «семь» тұлғасында да айтыла береді. Ғибадатхана моңғолша «сумэ», «сүме», «семе» делінеді. Сонымен «Семей» атауының түп негізі - сонау көне сақ, ғұн тілдерінің сарқыты. Олай болса, бүгінге жеткен тұмар сөз.

АЛТАЙ – түркітанушы ғалым В.В.Радлов атаудың төркінін түркі-моңғол тіл бірлестігі тұтас «заңғар тау» мәндес сөздерден деп айтса, профессор Т.Жанұзақов алтай сөзін екіге бөліп қарайды «ал» және «тай».

«Ал» көне түркі тілдерінде «қызыл» немесе «алтын» мағынасындағы «бірлік», дербес сөз болған. «Тай» - көне түркі «қызыл, қызғылт» яғни, «алтын тау» деп түсіндіреді.

В.В.Радлов алтай атауын «алып тау» тіркесінен шығарған көзқарасында басқа болжам-пікірлерге қарағанда шындыққа жанасымды деп бағалай келе, өз тарапымыздан атау төркіні туралы тағы бір жорамал ұсынғымыз келеді.

Алтай «алдыңғы тау», қарсы бетке орналасқан тау мәніндегі атау болуы мүмкін. Өйткені атаудың бірінші буыны алт қазіргі тілде «алдыңғы жақ» мағынасын береді.

Мысалы: қазақ тілінде – алд (ы) қырғыз тілінде – алд (ы), түрік тілінде – ах екенін ескерсек, сонымен алтай тауы (алдыңғы тау) деген болжамдар да бар. Сонымен Алтай тауының көп түрі пікір-зерттеулерден кейін Алтай тауының түп-төркіні қайдан, әлдеқандай мағына беруі әлі бізге беймәлім.

ЕРТІС - өзенінің атауы осы түрде XVIII ғасырда Күлтегін мен Тоныкөк ескерткіштерінде кездеседі. Күлтегін ескерткішінде түркілер, Алтай тауына көтеріліп, Ертіс арқылы өтіп, түргеш тайпасын жеңгендері баяндалады.

ХІ ғасырдағы М.Қашқаридың «Диуани лұғат ат-түрк» (Түркі тілдерінің сөздігі, ХІғ.) атты еңбегінде Ертіс – Иемек даласындағы бір өзеннің аты. Бірнеше тармақты бұл дария сол жердегі бір көлге құяды. Бұл дарияны «Ертіс суы» дейді. Бұл судан өтерде «кім тез өтеді» деген мағынада айтылған. Өйткені, «өзен талай ойды, қырды кесіп өтеді».

Топонимист Ә.Әбдірахманов Ертіс өзені атауының шығу түп негізі «Ертіс» сөзін екіге бөліп қарайды. Бірінші буынын «ир» ер түркі сөзі қазақша қарағанда «иір» дегенге келеді. Ал, екінші буыны «тіс» түркі тілдерінде «сес» «өзен» деген мағына береді.

Е.Қойшыбаевтың пікірінше, Ертіс сөзі түпкі тілдері «артыш» сөзі негізінде қалыптасқан. Бұл атаудың қалыптасуының себебі бұл өзен арнасы қилы-қилы жолдардан өтуінен.

Мәселен, әуелде жазық даламен аққан Ертіс ағып Алтайдың Нарын және Қалба жоталары биіктерінен оңай асады. Сондықтан «артыс» немесе «асқыш» атауына себеп осы деп түсіндіреді.

Сонымен Ертіс өзені «Ертіс» деп аталуы ол жоғарыда айтылған «Ертіс-Иемек», «Иртис», «Артыш», «Асқыш» түп төркіні бір болды. Ол - көне түркі бабалар атаған есім.

ҚАРАСУ – түркітанушылардың айтуынша, атау үлкен емес. Жер астынан, сай-жыралардан ағып өтетін болғандықтан, Қарасу деп аталған. Бұл атаудың қарасы өзін байырғы түркі бабалардың тілінде жер деген мағынаны берген. Демек, «жер суы» деген мағынада айтылған.

ТАРБАҒАТАЙ – Қазақстан мен ҚХР-ның шекарасында орналасқан тау жоталары. Биіктігі – 2993 м. Ұзындығы – 3000 шақырымға жуық. Тарбағатай тауының түп-төркіні жөнінде Ғ.Қоңқашбаев «бұл моңғолдардың тарбаған (суыр) деген сөзінен шыққан. Моңғолдарда жиі кездесетін атау» дейді.

Ә.Әбрахманов «Тарбаға сөзі мен тай жұрнағының қосылуынан жасалған сөз» деген пікір айтқан.

Ал, Қойшыбаев пікірі бұған қарама-қайшы, оның пікірінше, Тарбаған (суыр) және тай (тау) сөздерінен қалыптасқан тау. Сонда Тарбағатай тауының мағынасы «Суырлы тау» деп түсіндіріледі.

А.Махмұтов бұл ой-тұжырымдармен келіспейді: «Тарбағатай тауы дыбысталуы жағынан (суыр) сөзіне ұқсап тұрғанымен, логикалық жағынан ұқсамайды. Өйткені алтай тілдерінде суыр әртүрлі аталады.

Оның себебі, әр халық суырға ат бергене, біреуі түсіне (сұр) қараса, екінші, жүріс-тұрысына балп-балп, балпаң мағына тапқан, үшінші тарбиған аяғына көңіл аударған. Корей тілінде корей ноги лапа, положение ног» аяқ, аяқтың пішіні деп түсіндіреді. Мысалы, моңғол тілінде тарбиған сөзі жоқ, осы тари (аяқ) сөзінен жасалған. Қазақ тіліндегі «тасбақаша тарбима» дегенде тарби да аяқ. Жер-су аттарында, көбіне, алтай тілдеріне тон ортақтық болады.

Сонымен, біздің ойымызша, Тарбағатай тауының сырт пішіні тасбақаға ұқсас болып келуі де осыған дәлел болады.

Бүгінгі өзекті мәселелердің бірі болып саналатын мәселе жер-су атауларының қазақшалануы. Өйткені әрбір халықтың болмысы мен дүнеитанымы, этникалық мәдениеті мен рухани өмірі қай кезде, қандай жағдайда болсын, белгілі бір географиялық кеңістікте көрініс табады, нақтылы тарихи дәуірлердің жемісі болып саналады.

Біз қарастыратын жер-су атаулары М.Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясындағы Абай өмір сүрген дәуірдегі жер-су атаулары және ондағы танымдық ерекшеліктер.

Әбдуәли Қайдар: «бүгін Қазақстан картасына бажайлап қарасаңыз, алабажақ «ақтаңдақтардан», шұбарланған атаулардан көзің тұнады, - деп жазған. («Атамекен атауындағы ақтаңдақтар»).

Қазақстан картасына елеулі «өзгеріс енгізген кезең тың және тыңайлы жерлерді иегрген кезеңдердегі тоқырау дәуірі» тың және тыңайған жерлерге шабуыл «миллондаған гектар жердің қыртысын айналдырып, қопарумен ғана, кеңес одағының барлық жерімен» миллиондаған тыңгерлерді әкелуімен ғана тынған жоқ. Бұл өлкені толық «иелену» үшін оның аты-жөнін де түгел өзгертіп үлгерді.

Ә.Әбдірахманов «Қазақстанның жер-су аттары» кітабында: «қазақ тіліне туыстас емес тілдердің (парсы, неміс, корей, моңғол, дұңған) топонимдері, сонымен бірге, орыс тілі арқылы еніп, түпкі төркіні түсініксіз болып кеткен атаулар да баршылық» деген пікірі де бар [4].

Жер-су атаулары сияқты қала көшелері мен алаңдардың аттары да ұлттық мәдениеттің көрнекті саласы. Олай болса, бұл мәселеге ел-жұрт болып атсалысу керек. Біз жер-су атаулары қазақшаға ауысып келеді дейміз. Бірақ ауысқаны мен атауға сай болса тарихына көз жеткізіп атына заты сай атау қою қажет.

Мысалы. Қазақ жерін, елін қорғаған, Отан үшін қан төккен, ер-жүрек батырлар, халықтың, елдің бірлігін сақтаған хандардың есімдері, әділеттің туын тігіп елге жол сілтеген билеріміз, ақын-жырауларымыз, күй атасы, ән құдіреті, салт-серілер, мың бұралған бишілер, әннің майын тамызған бұлбұлдар, тағысын тағылар толып жатыр.

Осы есімдермен атасақ, нұр үстінен нұр болар еді. «Жердің аты - тарихтың хаты» деген ұлағатты сөз бар. Тарихымызды жасап дүниеден өткен ұрпақты да ұмытпағанымыз жөн. Елдің елдігі де сонда. Сонда ғана біз тарихымыздағы ақтаңдақтардан арылар едік.

М.Әуезов былай деп лебіз білдірген екен: «Особенно замечательна, сильна и мощна была струя в традициях акынов и сказителей казахского народа, особенно акынов - исполнителей и слагателей по преимуществу героических песен. У них были целые поколения, унаследовавшие преемственно передачи, еще начиная с легендарного эпика Сыпыра жырау, продолженного далее школой Мурына и еще далее сказителями Шалкиизом, Нуртуганом, Мергенбаем».

Халқымыздың аяулы азаматы Х.Досмұхамедұлы өзінің «Аламан» жинағына қазақ ақын-жырауларының біршама өлең, жыр, толғауларын енгізіп, ондағы жер-су, адам атауларына түсінік береді. Бұл атаулардың баршасы да қазақ жерінің тарихына қатысты, осы аймаққа түгел таныс, етене есімдер мен жер-су аттары.

Ғалым қазақ ақын-жырауларының тіліне тән ерекшелік ретінде көрсетілген сой сөзі туралы да: «ХІХ ғасырдың І жартысында қазақ даласынан шыққан ақындар тілінде қазірде әдеби нормаға жатпайтын біраз сөздер бар. Үлкен мағынасындағы сой сөзі –батырлар жырлары мен ақындар тілінде кездесетін диалектілік архаизмдер - дей келіп, сой сөзінің Махамбетте, басқа да қазақ ақындары тілінде кездесетінін, бірақ Абайдың баласы Ақылбайда: Үлбіреген ақ тәнді, көзі көкшіл, Не қылса да ол – жақсы адам сойы.

Дулатта: Адам сойы мен емес, Пірдің сөзін тұтынған, - тәрізді қолданыстармен келетінін айтады.

«Бұл көрсетілген сөздер қазіргі қазақ лексикологиясының әдеби нормасы бойынша диалектизмдер болып саналғанымен, олар өткен дәуірлерде әдеби тіл элементтеріне жатады», - деп қорытындылайды ғалым [10, 15].

ІІ БӨЛІМ. АНТРОПОНИМДЕР МЕН ЭТНОНИМДЕР АРҚЫЛЫ ЖАСАЛҒАН ЖЕР-СУ АТАУЛАРЫНЫҢ ҚОЛДАНЫСЫ





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет