«М.ӘУезовтың «абай жолы» роман-эпопеясындағы жер-су атауларының тілдік-танымдық сипаты»


Жер-су атауларының танымдық сипаты



бет4/6
Дата02.05.2020
өлшемі427,35 Kb.
#65448
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Ғылыми жоба Алмасханұлы Мағжан

Жер-су атауларының танымдық сипаты

Танымдық (когнитивтік) ғылым бастауын өте ерте заманнан келе жатқан ғылым саласы, оның нысаны ақыл мен таным және олардың арақатынасы деп саналады. Сондықтан классикалық мәселелер – тілмен, ойлаумен тікелей астасып жатқан күрделі құбылыс.

Қара - түркі географиялық терминологиясында негізгі мағынасынан басқа қосымша мағыналарға да ие бола алады. А.Н.Кононовтың байқауынша, «қара» кейбір түркі тілдерінде жер, құрлық, топырақ деген мағыналарды береді. Құрамында қара сын есімі анықтауыш қызметін атқарады және зат есімнің алдында тұрады. Бірақ та қара түрлі топонимдерде әртүрлі мағынаға ие болады.

Қарашоқықара сөзі алғашында заттың (шоқының) қаралығын, жердің қара түсін білдіреді. Мысалы, роман бойынан мынадай мысалдар таптық:

Жалма - жан аттарына тегіс міне сап, күншығыс жақтағы Қарашоқыны беттеп, тұмсық аса шаба жөнелісті [Іт., 26].



Қарашоқы Қодар қыстауынан алыс емес. Шыңғыстың үлкен биігінің бірі [Іт., 28].

Осымен екеуі, Абайдың құла бестісі ерттелгенше қымыз ішіп алды да, күнбатыс жақтағы Қызылшоқы деген ұсақ адырға қарай желе жортып, тартып кеткен [Іт., 33].

Бұлар Қызылшоқыға кіре бере, алғаш келген екпінімен бір қоянды бездіре қуып еді [Іт., 33].

Төрі – Талшоқы, ылдиы – Қарауыл [Іт., 53].

Еңкейсе Ертісі, шалқайса Шыңғысы [ІІт., 101].

Абай қазір Қарамолада шербешнай съезд шақыртып отырған зор-зор дауларды, ел шабуларды, барымтаны, үлкен тойымсыз ұрлық сияқты қылмыстарды санап өтті [ІІт., 277].

Қазіргі қазақ тілінде ұмытылған «биік, шоқы, төбе, тау» мағыналарында қолданылған. Осы мағыналардағы қара сөзі өте көне термин. Оның танымдық мағынасы көне замандарға тән екені айтпаса да түсінікті.

Ақшоқы - Қазіргі түркі халықтарының тілінде де жер-су атауларын өзара салыстыра қарағанда да, олардың құрамындағы түр-түстердің беретін, анықтайтын мән-мағыналары бірдей емес. Оларды зерттеу, әрине өз алдына жеке мәселе.

Ақ сөзі түркі тілдерінде ақ формасында қолданылып, бір-біріне жақын үш топ мағына аңғартады: 1) «ақ» деген негізгі түр-түстік мағына (белый); оның төңірегіне: ақшыл, көздің ағы, жұмыртқаның ағы, жарық түс, шаштың, сақалдың ағы, ақбоз, өңсіздік, сүт тағамдары, боз түсті кездеме т.б. мағыналар туған; 2) «ақ» сөзінің ауыс мағыналары: кіршіксіз таза, айыпсыз, ақжүрек, адал; 3) керемет, тамаша, ғажайып.

М.Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясының 4 бөлімнен тұратыны белгілі, соның ішінде көркем түрде берген ороним атауларымен кейбір тараушалары: Жолда, Бел-белесте, Өрде, Қияда деген аттармен берілуі, ал екінші бөлімде Жайлауда, Еңісте, Оқапта, Асуда, Биікте, ІІ томның бірінші бөлімінде Кек жолында, «Қарашығын», Қоршауда, ал екінші бөлімінде Түн-түнекте, Құз-қияда, Қапада деп аталуының өзі ерекше.



Антропонимді атауларға мысалдар: Жұрт Шыңғысқа, жайлауға қарай көшкенде елсіз боп қалатын жер[І, 5]. Дәл Есембай биігінің тұсы [І, 5]. Және дәл Есембай жырасының өзі екен [І, 5].

Жер бедері атауларының зерттелуі: Жер бедері атауларының зерттелуіне қатысты еңбектер саны көп емес. Соның ішінде М.Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясында кездесетін жер-су атаулары деп жер бедері атауларын да жинастыра қарастырдық. Жер бедері туралы зерттеулердің алғашқысы – географиялық терминдерді, халықтық қолданыстағы осындай жалпы есімдерді топтастыру мен бірізге түсіруде көп еңбек еткен ғалым-географ Ғ.Қоңқашбаевтың «Қазақ халық географиялық терминдері» атты кандидаттық диссертациясының авторефераты, ғылыми-зерттеу еңбектері мен мақалалары және сөздіктері кіреді. «Халық географиялық терминдері» деп атайтын географиялық лесикаға қатысты жалпы 540 – қа жуық сөздерді қамтыған. Біздің нысанымыз - соның ішіндегі жер бедері атаулары. Е.Керімбаевтың «Қазақстан оронимиясының лексикасы» деген ғылыми жұмысымен таныспыз. Жер бедері - Оронимдерге мысалдар: ...ұры сай [І т,7], жасырын жыралары... [І,7]. Бір белден ... екінші белдің өріне [І,7]. Белге шығып алып,... белдің ойына [І,7]. Бұл өңірдің... [І,7]. Қарауыл биігі... [І,7]. ... жасырын жырасы Есембай, Найзатастар ...Абайдың өз аулының аса мәлім қоныстары... [І,7]. Құнанбай ауылдары [І,7]. Төскейдің сай-саласы [І,7]. Бие бауы, ауыл қонысы, қой өрісі Осы қоныстан, Есембайдан [І,7]. Ыстық қоныс «Бұл жерде ұры бар, сұмдық жер, бәле жатқан жер» [І,7]. Жазықсыз сары биік, көкшіл қоныс, ақ көделі әдемі өлке, барлық айналадағы кең дүниеге, мынау өзі туған сахара, өлке белдеріне [І,7]. Ала көде мен селеу далалары ... дала емес - теңіздейі қандай! Жаман жер. қорықтан... Көлқайнардағы Құнанбай аулына, Абайдың өз шешесі Ұлжанның отырған аулына. Көлқайнар суы мөлдір, бұлақ болғанмен, кең қоныс емес[І,7].. Жайлауға. Құнанбай аулы. Өзінің аулы, жақын туысқандарының аулы. Көп үйлі ауыл – Абайдың екінші шешесі Ұлжан мен Айғыздың аулы[І,7].. Кешкі жайылымға. Жұрт Шыңғысқа, жайлауға қарай көшкенде елсіз боп қалатын жер[І,7].. Ұры сай, жасырын жыралары[І,7].. Дәл Есембай биігінің тұсы[І,7].. Және дәл Есембай жырасының өзі екен[І,7]..

Ал Қарауыл биігі анау, жасырын жырасы мынау «деген Есембай – Найзатастар болса, ол Абайдың өз аулының аса мәлім қоныстары[І,7]..



Көктем мен күз уақыттарында, жылында екі рет осы жерлерге Құнанбай ауылдары келіп қонып, ұзақ уақыт отырып, жайлап та кететін. Анау көрініп тұрған төскейдің сай-саласы, бие бауы, ауыл қонысы, қой өрісі – барлығы да соншалық таныс, жақын. Тіпті былтыр боқырауға, күзем үстінде, қалаға оқуға кеткенде дәл осы қоныстан, Есембайдан кеткен болатын.... [І,7]. Көлқайнардағы Құнанбай аулына, Абайдың өз шешесі Ұлжанның отырған аулына кеп жетіп еді[І,7].. Жайлауға қарай, Шыңғыс асқалы беттеп келе жатқан елдің үш-төрт аулы қоныпты[І,7].. Ұлжан мен Айғыздың аулы[І,7]..

Қазіргі Абай ауданының тарихи жерлері: Ботантай батыр – Бұғылы, Тағылы тау­ларының түйіскен жерінде өмір сүрген. Алтайұлы Ботантай әрі батыр, әрі би болған. Ботантай би балалары Аққошқар мен Жолшораға: «Адамзат ба­ласына жақсылық жасап жүр, жамандық жасау ойыңа да келмесін, дым қолыңнан келмесе, таң азаннан күн ұясына бат­қанша ең аз дегенде елден күніне үш рет «рахмет» деген сөз естісең, халқыңның қалаулысы, еліңнің елеулісі болмасаң да, азаматы боласың» деген екен. Атау Ботантай батыр есіміне байланысты қойылған    (Т.Асқартегі мағлұматы, А.Жар­тыбаев  кітабынан). Шерубай бейіті – Шерубай батыр қар­тайған шағында Бектас батырды ша­қырып алып, «менің мүрдемді тау тө­бесіне қой, жанымнан жау өтпес, мүр­демді мал баспас»  деп өсиет еткен екен. Шерубай Биболдыұлы 1693 жы­лы қазіргі Қарағанды облысы Шет ау­данындағы Сұлу Мәдина аулының ма­ңында туған деп жорамалданады. Демек, ол бүкіл қазақ халқының  1710-1770 жылдардағы  болған жоңғар – қалмақ бас­қыншыларына қарсы жанқиярлық ұрыс кезінде өсіп, шыңдалып, барлық са­налы өмірін қан майданда жаумен  арпалысумен өткізген. Шерубай батыр бала кезінен батыл, мерген, ат құлағында ойнаған епті де, қара күштің иесі болған. Ол – он ал­ты  жасында Сарыарқа жерінде өткен белгілі бір байдың асында «Түйе палуан­ды»  жыққан. Бай тамы  (Игілік би мазары) – Игілік би Өтепұлының бейіті қазіргі  Саран қаласына жақын  «Бай тамы» ( орысша «Байтамская») деген жерде тұр. Бұл атау Абай ауданы жеріне жатпаса да, Игілік байдың Қареке – Мұрат жеріне түгел ықпалы  жүргендіктен де аудан топонимиясы ретінде  қарастыруды дұрыс деп таптық (А.Ж.). Бейіт ұзын  жолдан алыстан  кө­рінетін, биіктігі 8-10 метр,ені көлденең шеңберінен  3-4 метр, төбесі үш қырлы, құбыла жағында ішіне  кіріп – шығатын ашық қуыс есігі бар,  шала пісірілген саз кірпіштен күмбез – мұнара тамның салынғанына 160 жыл  (1842 жылы баласы Даурабай қайтыс болғанда бидің өзі салғызған тамы  деген деректер бар)  болыпты. Мұнарада ешқандай белгі де, жазу да жоқ. Игілік би – Мұрат руынан шыққан. Ол 1769 жылы қазіргі Қарағанды об­лысының  Саран (Сораң, шөп аты-Қ.С.)  қаласының маңында дүниеге келген. 1860 жылы дүниеден өткен. Игілік Өтепұлы өз заманында аса беделді де, ақылды, адуынды, айтқа­нынан қайтпайтын бірбеткей, өжет би бол­ған. Игілік би жөнінде ел арасында тарихи деректер, аңыздар, әңгімелер өте көп.  «Әке көрген оқ жонады, шеше көр­ген тон пішеді» дегендей Игілік жас­тайынан әкесі Өтептің жанында жүріп, ел жағдайын, оның салт-санасын, батыр­лық дәстүрін, әдебиетін, мәдениетін ұға береді. Шешендік және билік сайыстың, ән мен жыр, айтыстың қайнаған ортасында жүріп есейеді. Ел аузында Игілік – денелі, көрікті, келбетті кісі болған деген сөз бар. Өлең сөзге де   жүйрік болған деуге негіз бар. Игілік есі кіргеннен бастап халық қа­мын ойлап, «ел-жұртым қайтсе ел қатарына қосылады» деп, жұрт тағ­дырын шешетін мәселелерге белсене араласқан (Р.Кәренов мағлұматы,  А.Жартыбаев  кітабынан). Байдәулет тауы XIX ғасырдың орта тұсына дейін осы өлкені Сарым- Көшкін руының байы – Байдәулет мекен еткен. Кейін бұл жерді Қареке- Мұрат руларына 40 атқа сатқандығы жөнінде  тарихи аңыздар сақталған. Содан бері бұл тау –  «Байдәулет» аталып келеді  ( М.Дуанбек мәліметі, А.Жартыбаев  кітабынан). Жалайыр бейіті – Қарабас тауы ма­ңындағы  қорым. Ол жер жергілікті тұр­ғындар арасында «Жалайыр жотасы» деп те аталады. Тарихи деректер Арғын тайпасының Арқа жеріне түпкілікті қоныс аударуы «Ақтабан шұбырындыдан» ке­йін болғандығын растайды. Ол ке­зеңге дейін Арқа даласы мен Сібір өл­кесіне, жалпы қазақ ру-тайпалары жаз­ғы жайлауға шығып, қыстауға Шу, Сыр­дария, Қаратау өңіріне қайтып отырған. Арқа даласындағы әрбір тау, төбе, өзен мен көлдер әрбір ірі рулардың ұлы көш жолындағы аялдар, уақытша тыныс алар меншігінде болған. Сондықтан да, Арқа даласындағы Керей, Қыпшақ, Байыс, Қоңырат және т.б. топонимдердің «Ақтабан шұбырынды» дәуіріне де­йін қойылғандығын, ол атаулардың ұзақ жылдар бойы сол руларға жаз айларында  уақытша жайлау қыз­метін атқарғандығын байқаймыз (А.Жар­ты­баев  пікірі).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет