Микробиологиялыќ зертхана



Pdf көрінісі
бет175/277
Дата12.03.2022
өлшемі6,39 Mb.
#135374
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   277
Байланысты:
сабақ түсіндірген бойынша

57-сурет. Салмонеллалардың
ЕПА өсіндісі
137


сарысуларымен зерттеледі. Сонымен қатар иммунды флюоресценция
реакциясы сальмонеллалардың серологиялық О-топтарын (А, В, С
1
, Д
1
)
бір-бірінен ажыратуда қолданылады.
БҰЗАУ САЛЬМОНЕЛЛЕЗІНІҢ ҚОЗДЫРҒЫШЫ –
Salmonella
enteritidis (dublin). 
Антигендік құрылымы жағынан «Д» тобына жатады.
Ақ тышқандар үшін патогенді. Кейде бұзау сальмонеллезін
Salmonella
typhimurium
қоздырады. Бұл суда жүзетін құстардың және адамның
сальмонеллезін де қоздырады. Антигендік құрылымы жағынан «В»
тобына жатады. 
ТОРАЙ САЛЬМОНЕЛЛЕЗІНІҢ ҚОЗДЫРҒЫШЫ –
Salmonella
typhisuis
немесе
Salmonella cholerasuis
. Олар адамның тамақ арқылы
улануын да тудырады. О-антигенінің құрылымы жағынан «С» тобына
жатады.
БИЕ САЛЬМОНЕЛЛЕЗІНІҢ ҚОЗДЫРҒЫШЫ –
Salmonella
abortusequi. 
Сальмонеллезге шалдыққан биелер іш тастайды. Жылқылар
агглютинация реакциясымен тексеріледі. АР-ның оң нәтижесі ретінде
қан сарысуының 1:400 және одан да жоғарғы титрлері алынады. О-
антигені бойынша «В» тобының сальмонеллаларына жатқызылады. 
ҚОЙ САЛЬМОНЕЛЛЕЗІНІҢ ҚОЗДЫРҒЫШЫ –
Salmonella
abortusovis.
О-антигені бойынша сальмонеллалардың «В» тобына
жатады. 
ҚҰС САЛЬМОНЕЛЛЕЗІНІҢ ҚОЗДЫРҒЫШЫ –
Salmonella
pullorum, Salmonella gallinarum.
Антигендік қасиеттері жағынан «Д
1
»
тобына кіреді. Сальмонеллез (пуллороз) жедел түрде, сепсисті формада
өтетін жұқпалы ауру. Ауруға шалдыққан бір апталық балапандар мен
эмбриондардың көбі (100%-ға дейін) өледі. Лабораторияға бірнеше
балапандардың өлексесі жіберіледі. Ересек құстардың қан сарысуларын
қанды-тамшылы АР-мен тексеру үшін пуллороз антигенімен
сенсибилизацияланған эритроциттерді қолданады. 
Сонымен әр түрге жататын жануарлардың сальмонеллезіне
бактериологиялық
диагноз қою
үшін патологиялық материалдардан
бөлініп алынған қоздырғыштардың морфологиялық, тинкториальдық,
биохимиялық және антигендік қасиеттері жан-жақты зерттеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   277




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет