Микробиологиялыќ зертхана



Pdf көрінісі
бет178/277
Дата12.03.2022
өлшемі6,39 Mb.
#135374
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   277
Байланысты:
сабақ түсіндірген бойынша

Патологиялық материал.
Бруцеллезге бактериологиялық зерттеу
жүргізу үшін іш тасталған төл қабықшасымен, төлдің айналасындағы
сұйықтық, сиырлардың жыныс мүшелерінен аққан сұйықтықты, екі
жағы байланған төлдің асқазаны, төлдің бауыры мен көк бауырының
кесіндісі алынады. Сиыр сүтінің соңғы порцияларын стерильді шыны
түтіктерге 10-15 мл-ден алады. Қой мен ешкілердің желін
цистернасынан стерильді шприцпен алады. Сүтті тез арада зерттеуге
мүмкіндік болмаған жағдайда бор қышқылымен консервіленеді. 
Әр малдан алынған үлгілер жеке-жеке целлофанға немесе
пергамент қағазға оралып, су өтпейтін ыдысқа (жәшік, шыны сауыт)
салынады. Материал лабораторияға жедел түрде жеткізілмеген
жағдайда, оны 30%-ды глицериннің судағы ерітіндісімен консервілейді.
Іш тастаған малдардың қаны бір аптаның ішінде тексерілуі керек.
Серологиялық зерттеуге Қан сарысуы мен сүт жіберіледі. Қан
сарысуын жаңа алған күйде тексеруге мүмкіндік болмаған жағдайда 5%-
ды фенол ерітіндісімен (1 мл қан сарысуына 0,5 мл 5%-ды фенол
қосады) немесе құрғақ бор қышқылымен (2-4%) консервілейді. 
Сүтпен қойылатын сақина реакциясына (СР) жаңа сауылған сүт (10-
15 мл) алынады. Зертханаға жіберер алдында сүттерге 10%-ды
формалин (5-10 мл сүтке 1 тамшы) қосады. Қажет жағдайда зерттеуге
шаруашылықтардан алынған су, топырақ, жүн, ірімшік, май, т.б. үлгілер
жіберіледі. Бактериологиялық диагноз қою үшін патологиялық
материалдардан арнайы қоректік орталарға (ЕПБС, БГГА, БГГС, картоп
қосылған агар, эритрит-агар немесе қан сарысуы қосылған декстрозды
агар) себінді жасайды және зертханалық жануарларға биосынама (теңіз
шошқалары) қойып, таза өсінділерді бөліп алады. 
Микроскопиясы.
Әр патологиялық материалдан 2 жағынды
дайындалып, біреуі Грам, ал екіншісі Козловский тәсілдерімен боялады.
139


Центрифугаланған сүттің тұнбасынан дайындалған жағындыны боярдан
бұрын, оны Никифоров қоспасымен майсыздандырады. 
Бруцеллалар өте ұсақ коккаларға ұқсас келген таяқша
(коккобактерия), дара, қосақтасып немесе жиналып орналасады,
ұзындығы-0,6-1,5 мкм, ені-0,3-0,5 мкм. Бруцеллалар өздігінен
қозғалмайды, спора түзбейді, кейбір жағдайларда қабықша түзуге
қабілетті, Грам-теріс. Козловский әдісімен ажырату үшін боялғанда
бруцеллалар сафранинмен боялған қызыл түсін сақтайды. Ал басқа
бактериялар бриллиант-грюнмен (немесе малахитпен) жасыл түске
боялады (58-сурет).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   277




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет