Микроэкономика



бет4/70
Дата15.09.2023
өлшемі1,41 Mb.
#181200
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   70
Байланысты:
ef eiu mikro2 posobie kaz

TUn=U1+U2+…+Un,)
Мұнда Unсоңғы игіліктің пайдылылығыі;
n — икемділіктің соңғы номері, немесе икемділіктің жалпы саны.
Кез-келген игіліктің шекті пайдалылығы деп осы игіліктің қосымша (келесі) бірлігінен алынатын пайдалылықты айтады.
Тұтынушының талғамы өзгеріп үлгірмейтін аз уақыт аралығында қандай да бір тауардан немесе қызметтен алынатын пайдалылық осы игіліктің әрбір келесі данасын тұтынған сайын, одан түсетін пайдалылық кеми түседі. Осы құбылысты шекті пайдалылықтың кему заңы деп атайды. Шекті пайдалылық мынадай формула арқылы анықталады:
MUn = TUn-TUn-1


Пайдалылықты ең жоғары деңгейге көтерудің шарты немесе ережесі:
А өнімінің MU В өнімінің MU
-------------------------- = -----------------------
А өнімінің бағасы В өнімінің бағасы

мұндағы, где, MU – шекті пайдалылық .


Бюджет сызығы тұтынушының қолында бар ақшасына қандай да бір екі тауардың түрлі жиынтығын сатып ала алатын барлық мүмкіндігін көрсетеді.


  • Бюджет сызығының формуласы:

Рх х + Ру у = R
мұнда, Рх – Х тауарының бағасы, Ру – У тауарының бағасы, х,у сәйкесінше Х және У тауарларының саны, R –тұтынушылар бюджеті немесе тұтыныушының табысы.

  • Талғамсыздық қисығы тұтынушының екі түрлі тауарлардың қандай түрлі жиынтығын сатып алса да ол үшін айырмашылығы болмайтын жағдайды көрсетеді. Басқаша сөзбен айтқанда, талғамсыздық қисығындағы тауарлар жұбы тұтынушыны бірдей пайдалылықпен қамтамасыз етеді.

  • Талғамсыздық қисығының жиынтығы талғамсыздық картасын құрайды.

  • Талғамсыздық қисығының қасиеттері

    1. Талғамсыздық қисғы теріс көлбеу болып келеді;

    2. Бір жазықтықта жатқан бір адамның талғамсыздық қисықтары бір бірімен қилысспайды;

    3. Неғұрлым жоғары да жатқан талғамсыздық қисығы тұтынушыға пайдалылықты соғұрлым көбірек әкеледі;

    4. Талғамсыздық қисығы солдан оңға қарай жазыңқы болып келеді.

      • Қысқа мерзімді кезеңде өндіріс тұрақты (FC) және айнымалы (VC) шығындар және жалпы шығындар (ТС) болып бөлінеді.

      • Тұрақты шығындар (FC) деп - қысқа мерзімді кезеңде өнім шығару көлемінің өзгеруіне тәуелді болмайтын шығындарды айтамыз. Оларға мыналар жатады: амортизациялық өтемдер, жал төлемі, тұрақты салықтар, сақтандыру төлемдері, фирма басшыларының жалақасы т.б.

      • Айнымалы шығындар (VC) деп - шығарылатын өнім көлемінің өзгеруімен бірге өзгеретін (яғни оған тәуелді) шығындарды айтамыз. Айнымалы шығындарға : шикізатқа кеткен шығындар, жұмысшылардың жалақысы, салықтар, энергия мен отын ресурстарына, траснпорттық қызметтерді төлеуге кететін шығындар және т.б. жатқызамыз.

      • Тұрақты шығындар мен айнымалы шығындардың қосындысы жалпы шығындарды құрайды, яғни: ТС = FC + VC





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   70




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет